Архив доступен 294 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

baitursynuly_university

университет_байтұрсынұлы

кру_костанай

мықты_жоо

лучший_вуз

В пединституте Baitursynuly University состоялся необычный праздник, который подарил ребятам яркие эмоции, а будущим педагогам - ценный профессиональный опыт.

В рамках Международного дня защиты детей в пединститут пригласили младших школьников с особыми образовательными потребностями из школ Костаная №8, 14 и 21 вместе с родителями и педагогами.

Организаторами выступили Центр инклюзивного образования и психологической поддержки КРУ, кафедра педагогики, психологии и специального образования пединститута КРУ и Совет матерей Ассамблеи народа Казахстана Костанайской области.

Гостей ждал насыщенный день, полный новых знакомств и открытий.

Начался он с animal-терапии. Главной любимицей ребят стала дружелюбная собака по кличке София.

Участники познакомились с основами общения с животными, а уже через несколько минут София стала главным другом и любимицей ребят.

Затем участников ждали тематические площадки.

На интерактивных площадках «Волшебная сенсорика», «НейроПарк» и «Умная игротека» студенты 3 и 4 курсов – Арина Злодеева, Елизавета Фабер, Мария Севергина, Надежда Полуносик, Полина Куприянчик, Елдана Болатова, Мадина Нугманова, Айман Амалмабекқызы, Ақерке Орынбек и Дариға Бекова - провели для детей развивающие игры и упражнения, подарив им новые впечатления, яркие эмоции и атмосферу доброжелательности.

Все задания были адаптированы под особенности каждого ребенка.

По словам руководителя Центра инклюзивного образования и психологической поддержки КРУ Татьяны Зуевой, проект оказался полезным как для детей, так и для будущих специалистов.

– Наша задача – поддержать детей и одновременно дать студентам возможность получить практический опыт. Сегодня они самостоятельно организовали работу площадок, подготовили программу и выступили в роли волонтеров. Это отличный пример того, как теория превращается в реальные профессиональные навыки.

Инклюзия начинается с простого человеческого общения, внимания и поддержки. А для будущих педагогов такие встречи становятся важным шагом на пути к профессии, где главное – понимать, принимать и помогать каждому ребенку раскрывать свои возможности.

@sultangazin_institute

@animal.therapy.kst

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, пединститутқа Қостанай қаласындағы №8, 14 және 21 мектептерден ерекше білім беру қажеттіліктері бар бастауыш сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен ұстаздары қонаққа шақырылды.

Бұл ізгі шараны ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы, пединституттың педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасы мен Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі бірлесе ұйымдастырды.

Қонақтар үшін бұл күн жаңа таныстықтар мен қызықты жаңалықтарға толы болды.

Мереке animalтерапиядан басталды. Балалардың ең сүйікті досына айналған София есімді ақылды әрі мейірімді ит жиналғандардың ықыласына бөленді. Балалар жануарлармен қалай тіл табысу керектігін үйреніп, санаулы минуттардан кейін-ақ Софиямен етене араласып кетті.

Сонан соң балалар арнайы тақырыптық алаңдарға бөлінді. «Сиқырлы сенсорика», «НейроПарк» және «Ақылды ойынхана» атты интерактивті алаңдарда 3-4 курс студенттері – Арина Злодеева, Елизавета Фабер, Мария Севергина, Надежда Полуносик, Полина Куприянчик, Елдана Болатова, Мадина Нугманова, Айман Амалмабекқызы, Ақерке Орынбек и Дариға Бекова балаларға арнап дамытушы ойындар мен жаттығулар ұйымдастырды. Олар кішкентай қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл-күй мен жылылыққа толы ерекше атмосфера тарту етті.

Барлық тапсырмалар әр баланың жеке ерекшелігіне сай бейімделіп дайындалған.

ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Татьяна Зуеваның пікірнше, бұл жобаның балалар үшін де, болашақ мамандар үшін өзектілігі жоғары.

«Мақсатымыз – балаларға қолдау көрсетумен қатар, студенттердің іс жүзінде тәжірибе жинауына жағдай жасау. Бүгін олар алаңдардың жұмысын өздері ұйымдастырып, бағдарлама әзірледі және ерікті ретінде белсенділік танытты. Бұл – теориялық білімнің нақты кәсіби дағдыға қалай ұласатынының үлгісі».

Инклюзия – қарапайым адами қарым-қатынастан, жылылық пен шынайы қолдаудан басталады.

@sultangazin_institute

@animal.therapy.kst

Baitursynuly University пединститутында балаларға ерекше қуаныш сыйлап, болашақ мұғалімдерге құнды кәсіби тәжірибе берген тағылымды шара өтті.

baitursynuly_university

университет_байтұрсынұлы

кру_костанай

мықты_жоо

лучший_вуз

Шымкент төрінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында өткен он күндік басқосуда оқытушыларымыз Université de Poitiers (Франция) белгілі профессорларынан еуропалық озық әдістемелерді үйреніп, тәжірибе алмасты.

Бұл алқалы жиында ҚӨУ-ді мықты маман, білікті ұстаздардан құралған топ қорғады: пединституттың шетел тілдері кафедрасынан Анна Сухова мен Гүлнар Жанбуршинова, шетел филологиясы кафедрасынан Сәуле Абишева және филология және практикалық лингвистика кафедрасынан Қуаныш Құсқадамова.

– Ұйымдастырушылар бізге «ҚӨУ-ді жақсы білеміз, сіздерде байырғыдан қалыптасқан, еліміздегі ең мықты француз тілі мектептерінің бірі бар» деп ашық айтты.

Шынымен де, түлектеріміз бүгінде халықаралық ірі компаниялар мен елшіліктерде абыроймен қызмет етіп жүр. Мұндай жоғары баға ұстаз ретінде ерекше қанат бітіреді екен, – дейді аға оқытушы Қуаныш Құсқадамова.

– Біз елге үлкен шабытпен және дәрістерімізге енгізіп жатқан соны идеялармен оралдық, – деп қорытындылады Анна Сухова.

_

Команда филологов Baitursynuly University вернулась с Х Международной летней школы для учителей французского языка.

В Шымкенте на базе Южно-Казахстанского университета им. М. Ауэзова наши коллеги перенимали передовые европейские методики от профессоров Université de Poitiers (Франция).

КРУ представляла мощная команда преподавателей: Анна Сухова и Гульнар Жанбуршинова (кафедра иностранных языков), Сауле Абишева (кафедра иностранной филологии) и Куаныш Кускадамова (кафедра филологии и практической лингвистики).

Внимание к нашим преподавателям со стороны посольства Франции и дирекции Института Сорбонна-Казахстан было особенным.

– Организаторы открыто говорили: мы знаем КРУ, у вас исторически одна из сильнейших школ французского языка в республике.

Наши выпускники работают в посольствах и крупных международных компаниях.

Это признание невероятно окрыляет, – отмечает старший преподаватель Куаныш Кускадамова.

– Мы вернулись с горящими глазами и багажом новых кейсов, которые уже внедряем в КРУ, – резюмирует Анна Сухова.

Baitursynuly University филологтары француз тілі мұғалімдеріне арналған Х Халықаралық жазғы мектептен олжалы оралды.

baitursynuly_university

университет_байтұрсынұлы

кру_костанай

мықты_жоо

лучший_вуз

Делегация Baitursynuly University во главе с ректором Сеитбеком Куанышбаевым приняла участие в областном форуме «Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет».

Масштабное мероприятие прошло в честь Дня государственных символов Республики Казахстан и объединило представителей госорганов, депутатского корпуса, общественных организаций, молодежи, волонтеров, экспертов и жителей региона.

Работа форума утром началась с торжественной церемонии награждения победителей конкурса «Патриот – 2026». С обеда в SMART-центре «IQostanay» участники встретились на тематических площадках: «Конституция және азамат», «Креативный патриотизм: как культура формирует нацию», «Волонтёры будущего: Таза Қазақстан».

baitursynuly_university

ҚӨУ_Қостанай

КРУтой_вуз_Костанай

Baitursynuly University ректоры Сеитбек Қуанышбаев бастаған делегация «Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет» атты облыстық форумға қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған ауқымды шараға мемлекеттік орган өкілдері, депутаттар, қоғамдық ұйымдар, белсенді жастар, еріктілер, сарапшылар мен аймақ тұрғындары жиналды.

Форум жұмысы таңертең «Патриот – 2026» байқауы жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімімен басталды. Ал түстен кейін қатысушылар «IQostanay» SMART-орталығында «Конституция және азамат», «Креативті патриотизм: мәдениет ұлтты қалай қалыптастырады», «Болашақ еріктілері: Таза Қазақстан» атты тақырыптық алаңдарда бас қосып, өзекті мәселелерді талқылады.

baitursynuly_university

ҚӨУ_Қостанай

КРУтой_вуз_Костанай

baitursynuly_university

университет_байтұрсынұлы

кру_костанай

мықты_жоо

лучший_вуз

Сегодня на ученом совете Baitursynuly University были высоко отмечены заслуги наших коллег.

Ректор КРУ Сеитбек Куанышбаев вручил нагрудные знаки «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» ассистенту профессора кафедры теории языков и литературы пединститута Алмагул Безаубековой и заместителю декана по воспитательной работе факультета социально-гуманитарных наук Руслану Жусупову.

Отметим, эту награду вручают за особый вклад в развитие языковой политики и активное участие в совершенствовании сферы развития языков.

Кроме того, старший преподаватель кафедры журналистики и коммуникационного менеджмента Гульшат Маркабаева отмечена нагрудным знаком «Ахмет Байтұрсынұлы».

ПОЗДРАВЛЯЕМ коллег! Гордимся вами!

baitursynuly_university

ҚӨУ_Қостанай

КРУтой_вуз_Костанай

Бүгін Baitursynuly University ғылыми кеңесінде әріптестеріміздің ерен еңбегі жоғары бағаланды.

ҚӨУ ректоры Сеитбек Қуанышбаев пединституттың тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының ассистент-профессоры Алмагүл Безаубекова мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Руслан Жүсіповке «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті. Бұл марапат тіл саясатын өркендетуге айрықша еңбек сіңірген және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсене атсалысқан тұлғаларға беріледі.

Сонымен қатар, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Гүлшат Марқабаева «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды.

Әріптестерімізді айтулы марапаттарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сіздерді мақтан тұтамыз!

Не упустите возможность провести ЛЕТО с пользой

ЛЕТНЯЯ школа журналистики при @baitursynuly_university - это больше чем кружок.

Знакомства с яркими личностями

Легкое погружение в увлекательную профессию

Навыки, которые помогут в жизни

быстро собраться с мыслями и аргументированно выразить свою позицию

не бояться общения, но уметь держать личную границу

при необходимости взять слово перед аудиторией

развивать критическое мышление и легко распознавать фейки

подходить к любому делу с креативом и творчеством

это больше чем профориентация, при поступлении на журфак мы точно в помощь

Да и просто у нас ПОЗНАВАТЕЛЬНО, ВЕСЕЛО и ЛЕГКО

ПОТОРОПИТЕСЬ! Количество мест ограничено!

Пишите на WhatsApp +7-705-450-30-55

Все подробности здесь @kst_journalists_team

baitursynuly_university

ҚӨУ_Қостанай

КРУтой_вуз_Костанай

Канал @qostanaitv в честь Дня защиты детей пригласил к себе в гости ребят из нашей Летней школы журналистики. СПАСИБО!!!

Напомним, на этой неделе стартует новый сезон занятий в ЛЕТНЕЙ Школе журналистики при КРУ. Мы приготовили много интересного. Лето у наших учеников точно не будет скучным

Принять участие могут все желающие от 7 до 25 лет.Первое пробное занятие бесплатное.

Все подробности здесь @kst_journalists_team

baitursynuly_university

ҚӨУ_Қостанай

КРУтой_вуз_Костанай

baitursynuly_university

университет_байтұрсынұлы

кру_костанай

мықты_жоо

лучший_вуз

В Baitursynuly University на этой неделе принимают делегацию из Китая. Цель встречи – усилить международное сотрудничество в сфере науки.

В рамках программы «Зарубежный ученый» в КРУ с курсом лекций приехал Shan Weixing, профессор, доктор PHD Северо-Западного университета сельского и лесного хозяйства (NWAFU, China).

Известный китайский ученый в сфере агрономии нацелен обсудить возможные совместные проекты и консультировать наших докторантов и магистрантов.

Вместе с профессор в Костанай приехали эксперты - представители сельскохозяйственных компаний Китая: Li Jinyang (GuangHua Farm) и Chen Yuanyin (Shaanxi Zhonggong Industrial Group Co., LTD).

Вместе с учеными КРУ гости на этой неделе объезжают регион, знакомятся с аграриями нашей области. Напомним, результатом сотрудничества Baitursynuly University и NWAFU уже стал ряд успешных международных исследований по сортоиспытаниям и обмену опытом.

В планах эту работу продолжать и усиливать. В частности, об этом шла речь во время посещения сельскохозяйственной опытной станции Заречного. Обсуждали сотрудничество КРУ, китайского вуза и ученых станции по сортоиспытаниям различных культур: картофеля, сои, кукурузы, пшеницы.

Ученые посетили уже несколько крестьянских хозяйств. Запланировано большое исследование и совместная работа для устойчивого развития сельского хозяйства обеих стран.

@kru_international

@agricultural.institute

baitursynuly_university

ҚӨУ_Қостанай

КРУтой_вуз_Костанай

«Шетелдік ғалым» бағдарламасы аясында ҚӨУ-ге Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU, China) профессоры, PHD докторы Shan Weixing арнайы дәріс оқуға келді. Агрономия саласында танымал қытайлық ғалым бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылап, оқу орнының докторанттары мен магистранттарына бағыт-бағдар беріп, кеңес айтуды көздеп отыр.

Профессормен бірге Қостанайға Қытайдың ауыл шаруашылығы компанияларынан да білікті сарапшылар келді. Олардың қатарында Li Jinyang (GuangHua Farm өкілі) және Chen Yuanyin (Shaanxi Zhonggong Industrial Group Co., LTD компаниясынан) бар.

Қонақтар ҚӨУ ғалымдарымен бірге осы аптада өңірді аралап, облыстағы диқандармен, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен танысуда. Еске сала кетсек, Baitursynuly University мен NWAFU арасындағы серіктестіктің арқасында бұған дейін де сорт сынау және тәжірибе алмасу бағытында бірнеше сәтті халықаралық зерттеулер жүргізілген болатын.

Алдымыздағы уақытта бұл жұмыстың ауқымын кеңейтіп, одан ары жандандыру жоспарлануда. Дәл осы мәселе Заречный ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясына барған сапар барысында сөз болды. Кездесуде ҚӨУ, қытайлық жоғары оқу орны және станция ғалымдары бірлесе отырып, картоп, соя, жүгері және бидай сияқты түрлі дақылдардың сорттарын сынақтан өткізу жайын талқылады.

Ғалымдар бірнеше шаруа қожалығын аралап үлгерді. Алдағы уақытта екі елдің ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында үлкен зерттеулер мен бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

@kru_international

@agricultural.institute

baitursynuly_university

ҚӨУ_Қостанай

КРУтой_вуз_Костанай

Осы аптада Baitursynuly University қабырғасында Қытайдан келген делегация қонақта болып жатыр. Студенттер мен оқытушылардың кездесудегі негізгі межесі – ғылым саласындағы халықаралық байланысты нығайту.