Архив доступен 13 554 сообщений С 2019 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Ұлытау облысында қонақүйден өрт шықты

Не болды?

Ұлытау облысында қонақүйден өрт шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қаражал қаласының Жәйрем кентінде бес қабатты қонақүйдің шатыры мен жиһаздары өртенді. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, қызыл жалынды сөндірді. Алайда ғимараттың шатыры мен жиһаздарының ашық жанып кетті.

Ғимараттан 40 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Семейдегі Жамақаев көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерден өрт шыққан еді.

Толығырақ: https://baribar.kz/270264/ulytau-oblysynda-qonaquiden-ort-shyqty/

Биыл Астанада 16 адам электросамокаттан жарақат алды

Не болды?

Жыл басынан бері Астанада 16 адам электросамокаттан жарақат алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана полиция департаментінің мәліметінше, биыл 1200 электросамокатшы жол қозғалысы ережелерін бұзды. Самокатшылар ереже сақтамай жүргендіктен қалада 14 жол апаты тіркеліп, 16 адам әртүрлі жарақат алған. Мәселен, екі кәмелетке толмаған жасөспірім бір электросамокатпен қарқынды жолға шығып, бір сәтте бірнеше ереже бұзған. Полиция 16 жасқа толған жасөспірімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларын тәрбиелеуге қатысты міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Контекст

Естеріңізге салайық, 1 шілдеден бастап Астана полияциясы тәртіп бұзған самокатшыларды«Сергек» камерасы арқылы бақылайды

Толығырақ: https://baribar.kz/270260/biyl-astanada-16-adam-elektrosamokattan-zharaqat-aldy/

Сот арқылы азаматтардың жұмысқа қайта орналасу құқығы қорғалады

Не болды?

Қазақстан азаматтары Конституциялық сотқа Еңбек кодексі мен Азаматтық процестік кодекстің кейбір баптарын қайта қарау жайлы өтініш келіп түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Азаматтар Конституциялық сотқа Еңбек кодексінің 160-бабы бесінші бөлігі бірінші және екінші абзацтары, Азаматтық процестік кодекстің 455-бабы екінші және үшінші бөліктеріне қатысты шағым жолдаған.

«Уақтылы арыз бермедің»

Бірінші мәселе бойынша, ішкі істер органдары бір қызметкерін жұмыстан шығарған. Жұмыстан шыққан азамат сотқа шағымданып, жұмысқа қайта орналасуды талап еткен. Алайда сот «уақтылы арыз бермедің» деп, талабын қанағаттандырмаған. Кейін қылмыстық іс қаралған кезде азаматтың кінәсі жоқ екені анықталған. Дегенмен әлі де іс қайта қаралмаған.

“Бұл істі қайта қарауға негіз жоқ”

Екінші мәселе бойынша, тағы бір азамат сот шешімдері бір-біріне қарама-қайшы екенін айтып, әділдік қаулы бекітілмегенін жеткізген. Алайда…

Елімізде Швецияның IKEA жиһаз дүкені ашылуы мүмкін

Не болды?

Қазақстан мен Швеция сауда, өнеркәсіп пен инвестициялық жобалар мәселесін талқылады. Кездесу барысында швед компаниясы елімізде IKEA дүкендерін ашуға қызықғушылық білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Швецияның сауда жөніндегі хатшысы Диана Янсе кездесіп, екі ел нарығындағы өнімдерді арттырып, техникалық кедергілерді жойып, логистикалық және кедендік мәселені шешуді талқылады. Швед компаниясы Қазақстан нарығындағы үлесін кеңейту үшін елімізде IKEA дүкендерін ашуға мүдделі екенін жеткізді.

Қазақстан отандық шикізат емес өнімдердің Швеция және Еуропалық Одақ нарықтарына экспортын кеңейтеді. Екі тарап Hyundai Trans Almaty мен Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды құптады, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, мемлекет басшысы Швеция королі XVI Карл ГуставтыҰлттық күнмен құттықтаған еді.

Толығырақ:…

Астанадағы автобустарда туристік карталар іске қосылды

Не болды?

Енді Астанаға келген қонақтар мен туристер әуежайдан арнайы карта алып, қоғамдық көлікте туристік карта арқылы төлем жасай алады. Бұл туралыBaribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Астана әкімдігінің мәліметінше, туристік картаны әуежайдан сатып алып, бірден қала ішінде серуендей беруге болады. Туристердің таңдауына қарай 5, 10 және 15 сапарға арналған карталар бар. Ал қала тұрғындары қоғамдық көліктерде Avtobys төлем планшеті арқылы төлем жасайды. Бұл қолданбада маршрут құру мүмкіндігі де бар.

Әуежайдың халықаралық рейстер келетін аймағында туристік ақпараттық аймақ бар. Мұнда қала қонақтары Астана туралы, туристік нысандар мен жүріп-тұру бағыты жайлы ақпарат алып, туристік көлік картасын пайдалану тәртібімен таныса алады, — делінген хабарламада.

5 сапарға арналған ызғылт сары картаның бағасы – 1 550 теңге

10 сапарға арналған көгілдір картаның бағасы – 2 110 теңге

15 сапарға жарамды көк түсті картаның бағасы 2 650…

Атыраудағы қанды қылмыс: айыпталушы қылмысты алдын ала жоспарлағанын айтты

Атырау облысында резонанс тудырған қос кісі өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот барысында тергеу кезінде түсірілген бейнежазбалар көрсетіліп, онда айыпталушы Сұлтан Сарсемәлиев бұрынғы қайын атасы мен енесін қалай өлтіргенін егжей-тегжейлі баяндаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, бейнежазбада күдікті бұрынғы енесі Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіру үшін арнайы барғанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, әйел қорада жүрген кезде алдын ала дайындаған пышақпен алдымен мойын тұсына, кейін жүрек тұсына соққы жасаған. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болған.

Сарсемәлиев сонымен қатар бұрынғы қайын атасы Мақсот Қарабалинді де әдейі өлтіруді жоспарлағанын мойындаған. Тергеу видеосында ол қылмысқа саналы түрде барғанын айтып, әрекетінің ауыр екенін түсінгенін жеткізеді.

Айыпталушының айтуынша, қылмысты жасағаннан кейін мәйіттерді қораға көміп, қолданған пышақты жуып,…

Түркістанда әкесі көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген

Түркістан облысында жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің көлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында белгілі болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері жарияланған бейнематериалдарды тексеру кезінде Toyota маркалы автокөліктің тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғанын анықтаған.

Тексеру нәтижесінде жасөспірімнің көлік жүргізуге құқығы жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар оның әкесі ұлының жүргізуші куәлігі жоқ екенін біле тұра, автокөлікті басқаруға рұқсат беріп, дүкенге жібергені анықталған. Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге және оның заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды. Ал көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды, — делінген хабарламада.

Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы…

«Қазақ-қырғыз – бір туған». Тоқаев жогорку кенеш төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы жогорку кенешінің төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған…

Әкімдік басқармасы кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салмақ болған

Алматыда 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы прокуратураның араласуымен қорғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қадағалау органы сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан кәсіпкерлерге қатысты заң бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді.

Прокуратураның мәліметінше, кәсіпкерлер бизнес нысандарына сыртқы жарнама орналастыру үшін басқармаға тиісті хабарламалар жолдаған. Алайда лауазымды тұлғалар өтініштерді қараудың заңда белгіленген төрт жұмыс күндік мерзімін сақтамаған. Кей жағдайларда жауаптар 6-15 жұмыс күні аралығында ғана берілген.

Тексеру барысында басқарма мемлекеттік кірістер органдарына кәсіпкерлерге жарнаманы «хабарламасыз орналастырды» деген негізбен салықтың екі еселенген мөлшерлемесін қолдану жөнінде бастама көтергені анықталды. Нәтижесінде 2331 кәсіпкерден жалпы сомасы 1,2 миллиард теңге өндіріп алу қаупі туындаған. Кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура уәкілетті органдарға…

Оңтүстік Кореяның экс-президенті тағы 30 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге қатысты тағы бір қатаң үкім шықты. Сеул округтік соты оны Солтүстік Корея аумағына заңсыз дрон ұшыруға қатысы бар деп танып, қосымша 30 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылғы қазанда Юн Сок Ёль Солтүстік Корея бағытына дрон жіберу туралы бұйрық берген. Айыптау тарапының пайымдауынша, бұл әрекет көрші елді арандатып, әскери шиеленісті күшейту арқылы Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай енгізуге негіз қалыптастыру мақсатында жасалған.

Сот бұрынғы президентпен бірге бірнеше жоғары лауазымды шенеунікті де кінәлі деп таныды. Атап айтқанда, экс-қорғаныс министрі Ким Ён Хён 30 жылға, ал әскери қарсы барлау қолбасшылығының бұрынғы басшысы Ё Ин Хён 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға «мемлекетке опасыздық жасау» және «билікті асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған.

Юн Сок Ёльдің қорғаушылары бұл әрекеттер Солтүстік…

Павлодарда мемлекет қорғауындағы су ресурсы жеке қолға беріле жаздады

Павлодар облысында мемлекет қорғауындағы су ресурстарын заңсыз жеке меншікке беру әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бас прокуратура мәліметінше, Ақтоғай ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында су объектілері мен су қорғау аймақтары орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру кезінде заң талаптарының сақталмағаны анықталған.

Атап айтқанда, тұщы және тұзды көлдер, сонымен қатар тұз өндіруге пайдаланылатын су айдындары орналасқан үш жер учаскесі конкурсқа шығарылған. Алайда құжаттарды әзірлеу барысында мемлекеттік орган Су кодексінде көзделген міндетті рәсімдерді өткізбей, қажетті келісімдерді алмаған, — делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, бұл жағдай мүдделі тұлғаларға тек жер учаскелеріне ғана емес, жалпы аумағы 60 гектардан асатын ерекше маңызы бар су ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік беруі мүмкін еді.

Прокурорлық қадағалау…

Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған 13 адам сотталды

Қазақстанда биыл сәуір-мамыр айларында террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, сотталғандардың бірі – Астана тұрғыны. Ол әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттап, айналасындағы адамдарды террористік белсенділік аймақтарына шығуға үгіттеген. Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар Шымкент тумасы терроризм идеяларын таратып, Қазақстан аумағында теократиялық мемлекет құруға шақырғаны үшін жеті жылға сотталды.

ҰҚК дерегіне сәйкес, осы кезеңде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында терроризм мен экстремизмге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталған. Олардың арасында екі шетел азаматы және шетелден экстрадицияланған үш Қазақстан азаматы бар.

Олар интернет…

Бір жылдан бері өтпей тұрған «Байсат» базары әкімдікке берілуі мүмкін

Алматыдағы «Байсат» базарының әлі күнге дейін сатылмауына сұраныстың төмендігі себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде журналистер бір жылдан бері сатылымға шығарылған нысанның неге өтпей жатқанын және сатып алушы табылмаған жағдайда оның әрі қарайғы тағдыры қандай болатынын сұрады.

Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбековтің айтуынша, базардың сатылмауы инвесторлардың қызығушылығының төмендігімен немесе әлеуетті сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігімен байланысты болуы ықтимал.

Оның сатылмай жатқанының негізгі себебі сұраныстың немесе инвесторларда жеткілікті қаржының болмауы шығар. Егер нысан алдағы уақытта да сатылмаса, оны Алматы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесі қарастырылуы мүмкін, — деді Нұрмахан Әділбеков.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жекешелендіруге…

Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер

Демалыс маусымы, туыстарға қонаққа бару, спорттық жарыстарға қатысу немесе басқа қалада білім алу – балалардың өз бетінше сапарға шығуына түрлі себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайда ата-аналарды жиі толғандыратын сұрақтың бірі – кәмелетке толмаған бала ересектердің еріп жүруінсіз ұша ала ма?

Baribar.kz FlyArystan рейстерімен балалардың қай жастан бастап өздігінен ұша алатынын, қандай жағдайларда «Жетелеушісі жоқ балалар» қызметін рәсімдеу қажет екенін және сапар алдында ескерілуге тиіс маңызды талаптарды түсіндірді.

16 жастан асқан жасөспірімдер өздігінен саяхаттай алады

16 мен 18 жас аралығындағы жолаушылар FlyArystan рейстеріне әуебилетті өз бетінше сатып алып, ересектердің жетелеуінсіз ұша алады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескерген жөн. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының» 26-тармағына сәйкес, 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан…

Алматыда әжесі мен немересі алаяқтарға алданып, үйсіз қалды

Әлеуметтік желілерде тараған 12 жастағы қыздың видеосы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бейнежазбада ол 75 жастағы әжесімен бірге алаяқтардың әрекетінен жалғыз баспанасынан айырылып, қиын жағдайға тап болғанын айтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жарияланған ақпарат бойынша, оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Қыздың айтуынша, үйден шығарылғаннан кейін егде жастағы әжейдің денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген.

Бейнежазбада жасөспірім балалардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың бірінен көмек сұрағандарын, алайда күткен қолдауды ала алмағандарын жеткізеді. Оның сөзіне қарағанда, ұйым өкілдерінің бірі отбасының жағдайына түсіністік танытпаған.

Оқиға әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланғаннан кейін жағдайға Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл араласты. Тараған мәліметтер бойынша, уәкіл Динара Зәкиева аталған істі жеке бақылауына алған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы…

Әлемдік шоу Алматыда: Cirque du Soleil OVO премьерасын ұсынды

11 маусым күні Алматыда әлемдік цирк өнерінің ең танымал жобаларының бірі – Cirque du Soleil ұсынған OVO шоуының көптен күткен премьерасы өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Almaty Arena сахнасында қойылған әйгілі шоу оңтүстік астана тұрғындарына алғаш рет жол тартып, мыңдаған көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Қазақстан OVO халықаралық гастрольдік туры өткен 47-ел атанса, Алматы аты аңызға айналған цирк ұжымын қабылдаған еліміздегі екінші қала болды. Бұған дейін шоу Астана көрермендерінің жоғары бағасына ие болған еді.

Көрерменге жабық әлемнің есігі ашылды

Премьера қарсаңында халықаралық шығармашылық топ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнайы экскурсия ұйымдастырып, қойылымның сахна сыртындағы өмірін көрсетті.

Журналистер артистердің дайындық барысын бақылап, техникалық мамандардың, костюмерлердің және музыканттардың күнделікті жұмысымен танысты. Қонақтар үшін әдетте көрермен кіре алмайтын арнайы аймақтар…

ӘЧ-2026 ашылу матчындағы рекорд: төреші 3 қызыл қағаз көрсетті

Мехикодағы «Ацтека» стадионында өткен Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы әлем чемпионатының ашылу матчы тарихи рекордпен есте қалды.

Кездесуде бас төреші үш қызыл қағаз көрсетіп, әлемдік мундиальдар тарихындағы жаңа көрсеткіш тіркелді.

Ойынның 49-минутында бразилиялық төреші Вилтон Сампайо мексикалық Бриан Гутьерреске қарсы соңғы үміт ережесін бұзғаны үшін ОАР құрамасының жартылай қорғаушысы Сфифело Ситхоулуды алаңнан қуды.

Арада көп уақыт өтпей, VAR жүйесінің көмегімен эпизодты қайта қарап шыққан төреші дөрекі ойыны үшін оңтүстікафрикалық Темба Званеге де тікелей қызыл қағаз көрсетті.

Ал матчтың қосымша уақытында, нақтырақ айтқанда 90+2-минутта, гол соғудың айқын мүмкіндігін тоқтатқан Мексика құрамасының капитаны Сесар Монтес те қызыл қағаз алып, алаңды мерзімінен бұрын босатты.

Осылайша әлем чемпионаттарының ашылу матчтары тарихында алғаш рет үш футболшы алаңнан қуылды.

Бұған дейін мұндай…

Бүгін еліміздің 2 қаласында ауа сапасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

12 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Талдықорған қаласында, түнде Алматы қаласында төмендеуі мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толығырақ: https://baribar.kz/270192/bugin-elimizdin-2-qalasynda-aua-sapasy-tomendeidi/

«9 жерден пышақтаған». Алматыда жасөспірімдер арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

Алматыда 12 жастағы баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жасөспірімге бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. Оқиға туралы алғаш болып баланың әпкесі әлеуметтік желіде жазба жариялаған.

12 жастағы жиенімді өлтіріп кетті. 13 жастағы екі жасөспірім оған тоғыз рет пышақ сұққан, – деп жазды ол.

Алматы полиция департаменті аталған деректі растады. Ведомствоның мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 13 жастағы қала тұрғыны ұсталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бір-бірін бұрыннан таныған. Тергеудің бастапқы нұсқасына сәйкес, қайғылы жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазір күдікті арнайы мамандандырылған мекемеге орналастырылды, — делінген хабарламада.

Полиция аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық…

12 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

12 маусымда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәдіметінше, елдің солтүстігінде, орталығында және батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ал оңтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +28…+30°C.

Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.…