Архив доступен 345 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Сегодня, 5 июня, во Всемирный день окружающей среды, школы Костанайской области приняли участие к самой масштабной в мире акции по установке домиков для насекомых, инициированной ОФ «Экологический клуб «NECO».

В экологической инициативе приняли участие более 40 школ области. Акция направлена на сохранение биоразнообразия, поддержку насекомых-опылителей и формирование экологической ответственности у подрастающего поколения.

Учащиеся, педагоги и родители своими руками изготовили домики для насекомых и установили их на территориях школ. Такие домики создают безопасные условия для полезных насекомых, играющих важную роль в сохранении экосистем и опылении растений.

Каждый установленный домик — это небольшой, но важный вклад в сохранение природы и заботу о будущем нашей планеты.

ТазаҚазақстан

Бүгін, 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қостанай облысының мектептері «NECO» экологиялық клубы» қоғамдық қоры бастамашы болған жәндіктерге арналған үйшіктер орнату бойынша әлемдегі ең ауқымды акцияға қатысты.

Экологиялық бастамаға облыстың 40-тан астам мектебі қатысты. Акцияның мақсаты – биоалуантүрлілікті сақтау, тозаңдандырушы жәндіктерді қолдау және өскелең ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру.

Оқушылар, педагогтер және ата-аналар өз қолдарымен жәндіктерге арналған үйшіктер жасап, оларды мектеп аумақтарына орнатты. Мұндай үйшіктер экожүйені сақтауда және өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды рөл атқаратын пайдалы жәндіктер үшін қауіпсіз орта қалыптастырады.

Орнатылған әрбір үйшік – табиғатты қорғауға және планетамыздың болашағына қамқорлық жасауға қосылған шағын, бірақ маңызды үлес.

В Управлении образования состоялась встреча по вопросам государственной службы

В Управлении образования акимата Костанайской области состоялась встреча с руководителем Управления по делам государственной службы Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области Асланом Есболатовичем Ембергеновым.

В ходе встречи были даны разъяснения по новому Закону Республики Казахстан «О государственной службе», который будет вводиться поэтапно. Отмечено, что с 1 июля 2026 года вступят в силу основные положения закона, предусматривающие внедрение новых принципов государственной службы, цифровой кадровой системы и стандартов клиентоориентированности.

Также участникам встречи разъяснено, что с 1 января 2027 года начнут действовать нормы, направленные на подготовку будущих кадров, развитие системы целевого обучения и обязательной отработки специалистов.

Особое внимание было уделено вопросам совершенствования социальных гарантий государственных служащих. Рассмотрены нововведения, предусматривающие дополнительные дни к трудовому отпуску, механизмы горизонтального карьерного продвижения, а также меры, направленные на повышение привлекательности государственной службы и создание условий для профессионального развития сотрудников.

В ходе открытого диалога сотрудники получили ответы на интересующие вопросы и обсудили практические аспекты реализации новых законодательных норм.

Подобные встречи способствуют повышению правовой грамотности государственных служащих и укреплению принципов профессионализма, эффективности и ответственности в государственном управлении.

Білім басқармасында мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кездесу өтті

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Аслан Есболатұлы Ембергеновпен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметтің жаңа қағидаттарын, цифрлық кадрлық жүйені және азаматтарға бағдарланған қызмет көрсету стандарттарын енгізуді көздейтін заңның негізгі нормалары күшіне енетіні айтылды.

Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап болашақ кадрларды даярлауға, мақсатты оқыту жүйесін дамытуға және мамандардың міндетті еңбек өтеуіне қатысты нормалар қолданысқа енгізілетіні түсіндірілді.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Еңбек демалысына қосымша күндер беру, көлденең мансаптық ілгерілету тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға және қызметкерлердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар талқыланды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жаңа заңнамалық нормаларды іске асырудың практикалық қырларына тоқталды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі кәсібилік, тиімділік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Балаларды қорғау күні – балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударатын күн!

Қостанай облысы прокуратурасының бастамасын қолдай отырып, өңірде балалардың цифрлық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «SimKids» жобасы іске қосылады.

Жоба баланың орналасқан жерін бақылауға, зиянды контенттен, интернеттегі алаяқтардан қорғауға және гаджеттерді қауіпсіз пайдалануға көмектеседі.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.

В День защиты детей — о безопасности! Поддержав инициативу прокуратуры Костанайской области, в регионе внедряется проект «SimKids», направленный на защиту детей в цифровом пространстве.

Контроль местоположения ребенка, защита от нежелательного контента и мошенников, помощь в формировании безопасного использования гаджетов. Безопасность детей — наша общая ответственность.

«ПРОТЯНИ РУКУ ЖИЗНИ!» – ВМЕСТЕ РАДИ ГЛАВНОГО

Более 115 тысяч детей и взрослых Костанайской области стали участниками ежегодной акции «Протяни руку жизни!», которую Региональный центр психологической поддержки традиционно проводит в рамках Международного дня защиты детей.

В Костанае в акции приняли участие студенты пяти колледжей: педагогического, сферы услуг, индустриального, автомобильного и цифровой индустрии. Они вместе со специалистами центра прошли увлекательный квест «Навигатор доверия».

Интерактивные станции, задания, QR-коды и новые открытия помогли участникам не только интересно провести время, но и научиться важным жизненным навыкам: распознавать буллинг, решать конфликты мирным путём, выстраивать доверительные отношения и поддерживать друг друга и так далее.

В этот день по всей области было распространено более 13 тысяч листовок и визиток с информацией о Региональном центре психологической поддержки и телефоне доверия. Возможно, именно одна из них станет для кого-то первым шагом к получению необходимой помощи!

Финал мероприятия получился особенно ярким и запоминающимся: оригинальный флешмоб от каждой группы студентов, общий танцевальный флешмоб и награждение участников этого замечательного действа.

Главный посыл акции остаётся неизменным: в трудной ситуации не нужно оставаться наедине со своими переживаниями. Помощь рядом. Важно помнить, что жизнь – самая большая ценность, а обратиться за поддержкой – значит сделать шаг навстречу решению проблемы.

«ӨМІРГЕ ҚОЛ ҰШЫН БЕР!» – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ҮШІН БІРГЕ

Қостанай облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде өткізілетін «Өмірге қол ұшын бер!» акциясына 115 мыңнан астам бала мен ересек қатысты. Акцияны Өңірлік психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырды.

Қостанай қаласында шараға педагогикалық, қызмет көрсету, индустриалдық, автомобиль және цифрлық индустрия колледждерінің студенттері қатысты. Олар орталық мамандарымен бірге «Сенім навигаторы» атты қызықты квесттен өтті.

Интерактивті алаңдар, түрлі тапсырмалар, QR-кодтар мен жаңа ақпараттар қатысушылардың уақытын қызықты өткізуіне ғана емес, сонымен қатар маңызды өмірлік дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік берді. Олар буллингті тануды, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуді, сенімді қарым-қатынас орнатуды және бір-біріне қолдау көрсетуді үйренді.

Акция аясында облыс бойынша Өңірлік психологиялық қолдау орталығы мен сенім телефоны туралы ақпарат қамтылған 13 мыңнан астам жадынама мен визитка таратылды. Бәлкім, солардың бірі біреу үшін қажетті көмекті алуға жасалған алғашқы қадам болар.

Іс-шараның қорытындысы ерекше әсерлі өтті: студенттік топтардың шығармашылық флешмобтары, барлығы бірге орындаған би флешмобы және қатысушыларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Акцияның басты идеясы өзгермейді: қиын жағдайда өз мәселелеріңізбен жалғыз қалмаңыз. Көмек әрқашан жақын. Өмір – ең үлкен құндылық екенін ұмытпай, қолдау сұрау мәселені шешуге жасалған маңызды қадам екенін есте сақтаған жөн.

В Международный день защиты детей Костанай наполнился звонким детским смехом, яркими красками и атмосферой настоящего праздника. Для юных жителей города и их родителей была подготовлена насыщенная программа, объединившая творчество, спорт, познавательные активности и развлечения.

Одной из самых популярных площадок стала выставка специальной техники Департамента по чрезвычайным ситуациям и пожарной службы. Ребята с интересом знакомились с работой спасателей, рассматривали современное оборудование и пожарные машины, а также примеряли на себя роль настоящих защитников и героев.

На протяжении всего дня дети участвовали в спортивных эстафетах и веселых соревнованиях, демонстрируя ловкость, скорость и командный дух. Самые активные участники получали сладкие призы и памятные подарки.

Особый интерес у юных гостей вызвали многочисленные мастер-классы. Ребята знакомились с основами робототехники, создавали поделки в технике квиллинг, изучали элементы национальных орнаментов и раскрывали свои творческие способности под руководством опытных педагогов и наставников.

По доброй традиции одной из самых любимых площадок стал конкурс рисунков на асфальте. Вооружившись разноцветными мелками, дети превратили площадь в настоящую галерею под открытым небом, украсив ее яркими изображениями солнца, семьи, мира, дружбы и счастливого детства.

Праздничное настроение создавали лучшие детские творческие коллективы города. На сцене звучали песни, исполнялись танцевальные номера и музыкальные композиции, подарившие зрителям множество положительных эмоций и незабываемых впечатлений.

Праздник детства вновь напомнил о том, что счастливое детство, забота о подрастающем поколении и создание условий для развития каждого ребенка остаются важнейшими ценностями общества. Международный день защиты детей в Костанае стал ярким событием, объединившим семьи, подарившим детям радость, новые открытия и самые теплые воспоминания о первом дне лета.

Балаларды қорғау халықаралық күні Қостанайда шаттыққа, қуанышқа және балғын күлкіге толы ерекше мерекеге ұласты. Қаладағы балалар мен олардың ата-аналары үшін шығармашылықты, спортты, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларын тоғыстырған ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерекенің ең тартымды алаңдарының бірі Төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөндіру қызметінің арнайы техникалары көрмесі болды. Балалар құтқарушылардың қызметімен танысып, заманауи құрал-жабдықтар мен өрт сөндіру көліктерін қызығушылықпен тамашалады. Көпшілігі өздерін нағыз құтқарушының орнында сезініп, мамандықтың ерекшеліктері туралы тың мағлұмат алды.

Күні бойы ұйымдастырылған спорттық эстафеталар мен көңілді жарыстар да мерекенің көркін қыздырды. Балалар ептілік пен жылдамдықтарын сынап, командалық рухтың үлгісін көрсетті. Белсенді қатысушылар тәтті сыйлықтар мен естелік тартуларға ие болды.

Шеберлік сабақтары да балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар робототехника әлеміне саяхат жасап, квиллинг өнерінің қыр-сырын меңгерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ерекшеліктерімен танысты және өз қолдарымен түрлі шығармашылық жұмыстар орындады.

Дәстүр бойынша ең сүйікті алаңдардың бірі асфальтқа сурет салу байқауы болды. Түрлі-түсті борларды қолға алған балалар айналаны жарқын бояуларға бөлеп, бақытты балалық шақты, достықты, бейбіт өмірді, отбасы жылуын және шуақты күнді бейнелейтін суреттер салды.

Мерекелік көңіл күйді қаланың үздік балалар шығармашылық ұжымдарының концерті толықтырды. Сахна төрінде әсем әндер шырқалып, көрермендерге әсерлі би қойылымдары мен музыкалық нөмірлер ұсынылды. Жас өнерпаздардың өнері көпшілікке көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Балалар мерекесі тағы бір мәрте бақытты балалық шақтың, жас ұрпаққа деген қамқорлықтың және әр баланың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың қоғам үшін маңызды құндылық екенін көрсетті. Қостанайдағы Балаларды қорғау халықаралық күні балаларға шаттық пен қуаныш сыйлап, алғашқы жаз күнінің ең жарқын әрі есте қаларлық оқиғаларының біріне айналды.

Победителей научных состязаний наградили на церемонии «Ты лучший!» в Костанае

В Международный день защиты детей в Костанае состоялась торжественная церемония награждения победителей международных и республиканских олимпиад и конкурсов научных проектов «Ты лучший!».

Праздник стал ярким подтверждением того, что интеллектуальный потенциал Костанайской области продолжает уверенно заявлять о себе на самых престижных образовательных площадках страны и мира.

Главными героями церемонии стали талантливые школьники, которые в 2025–2026 учебном году достойно представили регион на международных и республиканских олимпиадах и конкурсах проектов.

Сертификаты на денежные премии получили 80 призеров, а 69 педагогов, подготовивших победителей и призеров, были отмечены благодарственными письмами от имени акима Костанайской области.

С приветственным словом к участникам мероприятия обратилась исполняющая обязанности руководителя управления образования акимата Костанайской области Данагуль Жаппасбаевна Сюндикова. Она поздравила ребят с выдающимися достижениями и подчеркнула важность поддержки одаренных детей и развития интеллектуального потенциала региона.

Среди ярких побед – золото Международной Жаутыковской олимпиады по математике, физике и информатике учащихся лицея-интерната «Білім-Инновация» для одаренных детей Әбдіқадыр Таира и Өжентай Абзала. Более того, Таир буквально на днях пополнил копилку своих достижений бронзовой медалью 26-й Международной Азиатской олимпиады по физике – одной из самых сложных и престижных предметных олимпиад мира.

«Для меня каждая олимпиада – это не только соревнование, но и возможность проверить свои силы, познакомиться с талантливыми ребятами из разных стран и получить новый опыт. Я благодарен своим учителям, родителям и друзьям за поддержку. Эти победы вдохновляют двигаться дальше и ставить перед собой еще более высокие цели», – поделился своими впечатлениями Әбдіқадыр Таир.

Впервые в истории области ученик школы-лицея имени Абая Житикаринского района Тургумбаев Кирилл представил регион на Азиатско-Тихоокеанской лингвистической олимпиаде, где завоевал бронзовую медаль. Благодаря этому успеху он получил право представлять Казахстан на Международной олимпиаде по лингвистике, входящей в число семи крупнейших международных олимпиад мира.

Весомый вклад в общий успех внесли и участники международных конкурсов научных проектов. По итогам международных соревнований в копилке области – 10 призовых мест. Среди наиболее ярких достижений – победа учащихся школы №15 города Костаная Есмагамбетова Давида и Ермекұлы Арсена, занявших первое место на Международных научных соревнованиях по космическим исследованиям «Открываем мир науки».

Каждая победа наших школьников – это результат огромного труда, целеустремленности и искреннего стремления к знаниям и поддержка наставника, который помогает раскрыть талант, поддерживает в минуты волнения и вдохновляет на новые достижения.

Особых слов признательности заслуживают педагоги, подготовившие сразу нескольких призеров. Среди них учителя лицея «Білім-Инновация» Ибрахим Саттығұлұлы Қадыр, Шахрухбек Улуғбекұлы Сатилханов и Шухрат Полатжанович Турсунов, а также педагоги лицея «Озат» Карина Ансагановна Нугуманова и Айгерим Прмановна Баймаганбетова.

Радует, что высокие результаты демонстрируют и педагоги из районов области. Значительный вклад в подготовку талантливых школьников внесли Нурай Каирбековна Жианшенова из Троебратской школы Узункольского района и Марина Доскалиевна Бекмухамедова из школы-лицея имени Абая Житикаринского района.

Церемония «Ты лучший!» стала настоящим праздником знаний, таланта и упорства. Успехи костанайских школьников и педагогов подтверждают: будущее региона находится в надежных руках молодых, целеустремленных и талантливых людей, способных достойно представлять Казахстан на международной арене.

Балаларды қорғау халықаралық күні Қостанайда халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттауға арналған «Сен үздіксің!» салтанатты рәсімі өтті. Бұл мереке Қостанай облысының зияткерлік әлеуеті елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелер көрсетіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Салтанатты жиынның басты кейіпкерлері 2025-2026 оқу жылында халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында өңір намысын абыроймен қорғаған дарынды оқушылар болды. Барлығы 80 жүлдегерге ақшалай сыйақы сертификаттары табысталды. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған 69 педагог Қостанай облысы әкімінің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға қатысушыларды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данагуль Жаппасбаевна Сюндикова құттықтап, өңірдегі дарынды балаларды қолдау мен олардың зияткерлік әлеуетін дамыту жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

Облыс мақтанышына айналған оқушылардың қатарында дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Әбдіқадыр Таир мен Өжентай Абзал бар. Олар математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасында алтын медаль иеленді. Сонымен қатар Таир жуырда ғана әлемдегі ең күрделі әрі беделді білім сайыстарының бірі саналатын 26-шы Азия халықаралық физика олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

«Мен үшін әр олимпиада –- өз мүмкіндіктерімді сынап көруге, жаңа білім алуға және әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жастармен танысуға мүмкіндік. Осы жетістіктерім үшін ұстаздарыма, ата-анама және маған сенім артқан жандарға алғыс айтамын. Бұл жеңістер мені жаңа мақсаттарға ұмтылуға жігерлендіреді», – дейді Әбдіқадыр Таир.

Биыл алғаш рет Жітіқара ауданы Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Тургумбаев Кирилл Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында Қостанай облысының намысын қорғап, қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістік оған әлемдегі ең ірі жеті халықаралық олимпиаданың қатарына кіретін Халықаралық лингвистика олимпиадасында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетуге жол ашты.

Өңір қоржыны халықаралық ғылыми жобалар байқауларындағы 10 жүлделі орынмен толықты. Солардың ішінде Қостанай қаласындағы №15 мектеп оқушылары Есмагамбетов Давид пен Ермекұлы Арсеннің жетістігі ерекше. Олар «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғарыштық зерттеулер ғылыми жарысында бірінші орын иеленді.

Оқушылардың әрбір жеңісі – үлкен еңбек пен табандылықтың, білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Ал осы жетістіктердің артында жас таланттардың қабілетін шыңдап, бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздардың еңбегі жатыр.

Бірнеше жүлдегерді дайындаған педагогтердің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Олар – «Білім-Инновация» лицейінің мұғалімдері Ибрахим Саттығұлұлы Қадыр, Шахрухбек Улуғбекұлы Сатилханов, Шухрат Полатжанович Турсунов, сондай-ақ «Озат» лицейінің педагогтері Карина Ансагановна Нугуманова мен Айгерим Прмановна Баймаганбетова.

Өңірлердегі ұстаздардың да жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқаны қуантады. Дарынды оқушыларды тәрбиелеуге Ұзынкөл ауданындағы Троебрат мектебінің мұғалімі Нурай Каирбековна Жианшенова мен Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің педагогі Марина Доскалиевна Бекмухамедова зор үлес қосты.

«Сен үздіксің!» салтанатты рәсімі білім мен ізденістің, талант пен табандылықтың мерекесіне айналды. Қостанайлық оқушылар мен педагогтердің жетістіктері өңірдің жарқын болашағын айқындап, Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттыра түсуде.

Балаларды қорғау халықаралық күні Қостанайда «Сен үздіксің!» атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті!

В Международный день защиты детей в Костанае чествовали лучших из лучших!

Пять школьников Костанайской области стали участниками уникальной поездки в столицу Казахстана, приуроченной к Международному дню защиты детей. Ребята вошли в число ста лучших школьников страны, приглашенных в Астану для участия в традиционной экскурсии в Акорду – резиденцию Президента Республики Казахстан.

Ежегодное мероприятие организовано Министерством просвещения Республики Казахстан и объединяет детей в возрасте от 10 до 15 лет со всех регионов страны. В этом году участниками стали отличники учебы, победители предметных олимпиад, спортивных соревнований и творческих конкурсов, а также школьники, проявившие мужество и активную гражданскую позицию.

Костанайскую область на этом значимом мероприятии представили Жанали Есенгазин, учащийся ОШ имени Абая Карасуского района, Елена Мазур, ученица ОШ №13 города Рудного, Данил Извеков из ОШ №21 г. Костаная, Карина Миронюк из Боровской школы-гимназии имени А. Чутаева Мендыкаринского района и Малика Багирова, ученица Урицкой школы-лицея Сарыкольского района.

Программа пребывания в столице была насыщенной и познавательной. Ребята познакомились с главными достопримечательностями Астаны, посетили монумент «Байтерек», прониклись особой атмосферой современного мегаполиса и открыли для себя новые страницы истории и культуры страны.

Основные мероприятия состоялись 30 мая. Для участников были организованы экскурсии в Акорду и Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai.

Особенным событием стало посещение резиденции Президента Республики Казахстан. Школьники побывали в величественных залах для официальных приемов, заглянули в библиотеку Главы государства, а также прогулялись по цветущему саду на территории резиденции. Экскурсия позволила ребятам не только увидеть один из главных символов казахстанской государственности, но и глубже осознать значение независимости, единства и патриотизма.

Завершилась встреча приятным сюрпризом – всем участникам были вручены памятные подарки от имени Президента Республики Казахстан.

Поездка в Астану стала для костанайских школьников ярким событием, подарившим незабываемые впечатления, новые знания и чувство сопричастности к истории своей страны.

Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Қостанай облысының бес оқушысы Қазақстан астанасына ерекше сапарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға дәстүрлі экскурсияға шақырылған еліміздің үздік 100 оқушысының қатарына енді.

Жыл сайын өткізілетін бұл игі шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады. Жобаға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Биылғы қатысушылар қатарында оқу озаттары, пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, сондай-ақ батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген оқушылар бар.

Қостанай облысының атынан бұл маңызды шараға Қарасу ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жанали Есенгазин, Рудный қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Елена Мазур, Қостанай қаласындағы №21 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Данил Извеков, Мендіқара ауданындағы А. Чутаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының оқушысы Карина Миронюк және Сарыкөл ауданындағы Урицкий мектеп-лицейінің оқушысы Малика Багирова қатысты.

Елордадағы бағдарлама мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті. Оқушылар Астананың көрікті орындарымен танысып, еліміздің басты нышандарының бірі саналатын «Бәйтерек» монументін тамашалады. Сонымен қатар заманауи мегаполистің ерекше тынысын сезініп, Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы тың мәліметтерге қанықты.

Негізгі іс-шаралар 30 мамыр күні өтті. Қатысушылар үшін Ақордаға және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Сапардың ең әсерлі сәттерінің бірі Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға бару болды. Оқушылар ресми қабылдаулар өткізілетін айбынды залдарды аралап, Мемлекет басшысының кітапханасын көрді және резиденция аумағындағы гүл жайнаған бақта серуендеді. Бұл экскурсия балаларға қазақстандық мемлекеттіліктің маңызды нышандарының бірін өз көздерімен көріп қана қоймай, Тәуелсіздік, бірлік және отансүйгіштік құндылықтарының мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесу соңында барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Астанаға жасалған бұл сапар Қостанай облысының оқушылары үшін жарқын әсерлерге, жаңа білімге және өз елінің тарихына жақын болу сезіміне толы ерекше оқиғаға айналды.

В Акорде провели экскурсию для школьников со всего Казахстана

В честь Международного дня защиты детей – 1 июня резиденция Президента открыла свои двери для 100 школьников из всех регионов страны.

В Акорде побывали победители и призеры олимпиад, отличники учебы, лауреаты творческих конкурсов и спортивных первенств.

Для юных гостей провели увлекательную экскурсию, рассказав об истории возведения Акорды и ее архитектурных особенностях.

Учащиеся осмотрели величественные залы для официальных приемов, заглянули в библиотеку Главы государства и прогулялись по цветущему саду на территории резиденции.

Благодаря этой экскурсии школьники смогли прикоснуться к истории Казахстана и осознать всю важность ценностей Независимости.

В завершение детям вручили памятные подарки от имени Президента.

t.me/aqorda_resmi

t.me/aqorda_resmi

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

t.me/aqorda_resmi

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Международным днем защиты детей

– Поздравляю соотечественников с Международным днем защиты детей! Защита прав и здоровья юных граждан, создание надлежащих условий для их гармоничного развития – общенациональная задача, конституционная обязанность. Опора счастливого детства – это дружные, сплоченные семьи. Поэтому поддержка института семьи стала одной из важнейших норм новой Конституции. Созидательный потенциал подрастающего поколения огромен, о чем наглядно говорят достижения в учебе, спорте, творчестве наших детей.

В рамках моей инициативы «Нацфонд – детям» каждый ребенок получает поддержку от государства. С этого года начался процесс реализации концепции «Дети Казахстана». Поддержка юных соотечественников будет всегда в центре внимания Казахстана – Справедливого, Прогрессивного государства, – написал Президент на странице в Instagram.

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

– Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде.

Менің бастамаммен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады, – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

t.me/aqorda_resmi

Қостанай облысынан келген 5 оқушы Астана қаласына Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға экскурсияға қатысу үшін келді. Бүгін олар үшін қала бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды, оның аясында елорданың басты символы – Бәйтерек монументі де тамашаланды.

Для 5 школьников Костанайской области, прибывших в Астану для участия в экскурсии в Акорду – резиденцию Президента Республики Казахстан, сегодня прошла познавательная экскурсия по городу, включающая посещение главного символа столицы – Байтерека.