Архив доступен 1 203 сообщений С 2017 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Норвегияда шетелдік студенттер тегін оқи ма?

Кейінгі күндері әлеуметтік желіде Норвегиядағы тегін оқуға байланысты алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Ақпаратқа сенсек, қазір Норвегияның мемлекеттік университеттері әлемнің кез келген елінен студенттерді тегін оқытуға дайын екені жазылған. Алайда ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді.

ҮКІМ: МАНИПУЛЯЦИЯ

Норвегияның «Университеттер мен колледждер туралы» заңының 2.6-бөлімінде мемлекеттік университеттер мен колледждер Еуроодақ елдерінен басқа азаматтардан оқу ақысын алуға міндетті екені жазылған. Дегенмен бұл өзгеріс 2022-2023 оқу жылынан бастап күшіне енді, оған дейін расымен Норвегияда шетелдік студенттердің тегін білім алуына мүмкіндігі болған.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/norvegiyada-sheteldik-studentter-tegin-oqi-ma

SPF-крем тері обыры қаупін арттыра ма?

Әлеуметтік желіде күннен қорғайтын крем ракқа себеп болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Деректі таратушылар 470 мыңнан астам адам қатысқан зерттеуге сілтеп, күннен қорғайтын кремді жаққандар арасында кремді пайдаланбағандарға қарағанда тері обыры болу қаупі көп екендігі туралы айтады. Factcheck.kz редакциясы ақпаратты тексерді.

ҮКІМ: ЖАЛҒАН

Жазба авторлары сілтеп отырған зерттеуде күннен қорғайтын кремдер тері обыры болу қауіпін арттыратыны туралы айтылмайды, онда «күннен қорғайтын кремнің парадоксы» туралы айтылған. Күннен қорғайтын кремдер керісінше, рак болу қауіпін азайтады.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/spf-krem-teri-obyry-qaupin-arttyra-ma

Қазақстан мен Швейцарияның декрет жүйесі: қандай айырма бар?

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/qazaqstan-men-shveycariyanyn-dekret-zhuyesi-qanday-ayyrma-bar

Тұрғанов Дүйсенбайдың Каспий теңізінің тартылуы жайлы деректері рас па?

Экс-депутатттың Каспий теңізі жайлы осы және өзге де мәлімдемелерін Factcheck.kz тексеріп көрді.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/turganov-duysenbaydyn-kaspiy-tenizinin-tartyluy-zhayly-derekteri-ras-pa

Теңіз және кеме деректерін зерттеу: ашық дереккөзден нені анықтай аламыз?

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/teniz-zhane-keme-derekterin-zertteu-ashyq-derekkozden-neni-anyqtay-alamyz

Коронавирус қолдан жасалғанын әшкерелейтін құпия құжат туралы ақпарат рас па?

ҮКІМ: ДӘЛЕЛДЕНБЕГЕН

2026 жылдың 18 маусымында АҚШ-тың барлау қызметі расымен вирус жайлы тың құжаттарды жариялады. Десе де онда вирустың шығу тегін дәлелдейтін ешқандай дерек жоқ. Құжатта негізінен болжамдар ғана жазылған. АҚШ барлау қызметінің директоры Тулси Габбард Covid-19-ға қатысты негізгі ғылыми спикер болған Энтони Фаучи басшы болып тұрған кезде Ухань зертханасындағы коронавирусқа қатысты зерттеулерге бөлінген қаржыны Covid-19 пандемиясымен байланыстырып отыр.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/koronavirus-qoldan-zhasalganyn-ashkereleytin-qupiya-quzhat-turaly-aqparat-ras-pa

Мұнай орнына дата орталық: ЖИ Қазақстан экономикасын құтқара ала ма?

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/munay-ornyna-data-ortalyq-zhi-qazaqstan-ekonomikasyn-qutqara-ala-ma

Қазақстанға 14 мың шетел азаматы жұмыс істеуге келді ме?

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/qazaqstanga-14-myn-shetel-azamaty-zhumys-isteuge-keldi-me

интеллект көмегімен өңделген. Мұны бірінші болып әзіл ретінде басқа адам таратқан.

Lead Stories, Poligrafo, Estadao және басқа ресурстардың фактчекерлері де тексерді.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/erling-holannyn-oz-beynesinen-shoshygan-videosy-zhi-komegimen-zhasalgan

Берік Бейсенғалиевтің шетелдегі салық саясаты туралы сөзі рас па?

17 маусымда өткен Мәжілістің жалпы отырыснда депутат Берік Бейсенғалиев бірқатар елдегі салық саясатын мысалға келтіріп, Қазақстандағы жүйені сынады. Оның сөзінше, қазір шағын бизнес дамуға мән берудің орынына, бір айлықтан алынатын түрлі төлемді санаумен әлек. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/berik-beysengalievtin-sheteldegi-salyq-sayasaty-turaly-sozi-ras-pa

Медианың өзін-өзі басқару институттары мемлекеттік бақылауды азайта ала ма?

2012 жылдың 30 қазанында Қазақстан Журналистер одағы мен «Бас редакторлар клубы» бірлесіп журналист этикасы кодексін қабылдады. Бұл Қазақстандағы медианы өзін өзі реттеуге жасалған қадамдардың бірі болған. Алайда 14 жыл өтсе де ашық дереккөздерде бұл құжаттың іс жүзінде тәжірибеде қолданылғаны жайлы, ондағы өзгерістер туралы ақпарат жоқ.

Ал, 2024 жылы қабылданған Масс-медиа туралы заңның 4 бабында медиа өзін-өзі реттеуге ауысу алатыны жазылады. Сол жылы ақпарат министрі Аида Балаева журналистиканың этикасын қалыптастыру керек екені жайлы мәлімдеме жасады. Осыдан 14 жыл бұрынғы медиа өзін-өзі реттеуге үшін қабылданған этика кодексінің қазіргі уақытта жұмыс істеп, не істемей тұрғаны беймәлім. Factcheck.kz редакциясы Қазақстандағы медианың өзін өзі басқару жүйесі жайлы талдап, журналисткиадағы сөз бостандығына қалай әсер ететінін анықтап көрді.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/medianyn-ozin-ozi-basqaru-instituttary-memlekettik-baqylaudy-azayta-ala-ma

Тоқаевтың денсаулық сақтау нысандары жайында мәлімдемесі қаншалықты рас?

Президент Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін марапаттау барысында сөз сөйлеп, бірқатар мәлімдеме жасады. Тоқаевтің айтуынша, өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындап, кейінгі 3 жылда ана өлімі 35%-ке, сәби өлімі 24%-ке азайды. Президенттің осы және өзге де деректерін Factcheck.kz тексеріп көрді.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/toqaevtyn-densaulyq-saqtau-nysandary-zhayynda-malimdemesi-qanshalyqty-ras

«Еркін емес» Қазақстан: онлайн қыспақ пен цензура

Қазақстан Freedom House жүргізетін жыл сайынғы интернеттегі еркендік рейтиңінде дәстүрлі түрде «Еркін емес» деген таңба иеленіп келеді. Ұйымның кейінгі есебінде де мүмкін болған 100 ұпайдың 37-ін алып, осы статуста қалды. Бұл сандардың артында не жатыр? Интернеттегі еркіндік деген не және ол неге маңызды екенін Factcheck.kz талдауды жөн көрді.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/erkin-emes-qazaqstan-onlayn-qyspaq-pen-cenzura

Тыйым салынған ұйым мүшесінен сұхбат алу – қылмыс па?

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/tyyym-salyngan-uyym-mushesinen-suhbat-alu-qylmys-pa

Тегін стажировка – қаншалықты заңды?

Кейінгі күндері әлеуметтік желіде тағылымдамаға (стажировка) қатысты ақпарат тарап, халық арасында даулы тақырыпқа айналды. Бұл мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев тегін тағылымдаманың заңсыз екенін атап өтті. Министр Асқарбек Маратұлының айтуынша, жұмыс беруші еңбек шартына сай қызметкерді жұмысқа алады, ал ол жерде тегін тағылымдама туралы сөз қозғалмайды. Factcheck.kz аталған ақпаратты тексеріп көрді.

Үкім: ШЫНДЫҚ

ҚР Еңбек кодексінде тағылымдама және оның тегін/ақылы болуына қатысты арнайы бап жоқ. Тек 36-бапта еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы айтылады. Сынақ мерзімінің уақыты жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек шарты жасалғаннан кейін белгіленеді. Ал 24-бапқа сәйкес, еңбек шартын жасаған жұмыс беруші міндетті түрде қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуі тиіс.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/tegin-stazhirovka-qanshalyqty-zandy

Орташа айлық жалақы бойынша Ұлытау облысы көш басында ма?

Кейінгі бірнеше күнде өңірлердің орташа айлық жалақысы бойынша дерек тарап жатыр. Ақпаратқа сай, Ұлытау облысы 655 995 теңге орташа айлық жалақымен Алматы, Астана және мұнайлы Атырау сияқты бірқатар қалаларды басып озған. Расымен солай ма, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: ШЫНДЫҚ

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылдың І тоқсанындағы жағдайға сай Ұлытау облысы бойынша орташа айлық жалақы – 655 995 теңгеге жеткен. Бұл расымен де Алматы (574 162 теңге), Астана қаласы (609 725 теңге) мен Атырау облысынан (651 950 теңге) жоғары. Дегенмен Ұлытау облысы құрылғалы бері орташа айлық бойынша Алматы мен Астана қаласынан жоғары болған, ал Атырау облысынан тек 2026 жылдың І тоқсанында ғана озды.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/ortasha-aylyq-zhalaqy-boyynsha-ulytau-oblysy-kosh-basynda-ma

1 шілдеден бастап үйдің алдында көлік қоюға тыйым салына ма?

Кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желіде 1 шілдеден бастап өзгеретін талаптар жайында ақпарат тарап жүр. Соның ішінде көптеген сайт «шілдеден бастап аулаға көлік қоюға тыйым салынады» деген тақырып қойып, ақпарат таратып жатыр. Әлеуметтік желіде және түрлі сайттарда тарап жатқан ақпаратты Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: МАНИПУЛЯЦИЯ

1 шілдеден бастап күшіне енетін ережеге сәйкес автокөлікті тек арнайы қарастырылған автотұрақ орындарына ғана қоюға рұқсат беріледі. Ал тұрғын үйдің маңындағы тротуар, балалар ойнайтын алаңдар мен абаттандыру орындары және жасыл желекті учаскелерге қоюға тыйым салынады. Мәселен, үйінің алдында жасыл желектері бар немесе абаттандыру жүргізілген жер үйлердің маңына автокөлік қоюға болмайды. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 505-бабы бойынша айыппұл қарастырылған.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/1-shildeden-bastap-uydin-aldynda-kolik-qoyuga-tyyym-salyna-ma

Кеден және сауда деректерін қалай зерттейміз?

Глобусқа көз салсақ, әлем елдерін шекаралар бөліп тұр. Ал сауда қатынасы мен логистика жолдары бейнеленген картаға қарасақ, жер жаһан біртұтас ағза іспетті. Адам денесіндегі миллиондаған қантамырлар сияқты біте қайнасып жатқан тоқтаусыз қозғалыс. Бұл – әлем экономикасы. Оның ішінде шартты түрде заңды да, заңсыз да сауда-саттық жүріп жатыр. Зерттеуші журналистер үшін сауда деректерін зерттеу де маңызды бағыттың бірі. Factcheck.kz редакциясы осы саланы зерттеуге кіріспе ретінде нұсқаулық ұсынады.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/keden-zhane-sauda-derekterin-qalay-zertteymiz

Грекияда мысық асыраушыларға тегін баспана бере ме?

Instagram-да Грекияда мысық асыраушыларға тегін баспана беріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Желідегі жазбаларда “Жануарларды қорғаумен айналысатын Syroscats ұйымы 2027 жылға еріктілер іздеп жатыр” деп көрсетілген. Желідегі ақпаратты. Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: ЖАЛҒАН

Syroscats ұйымының сайтында мысық асыраушы еріктілерді жыл сайын қабылдайтыны жазылады. Десе де онда тегін үй жайлы ештеңе айтылмайды. Сондай-ақ, ұйым сайтындағы кейінгі қабылдау 2026 жылға жарияланғанын байқаймыз. Ал 2027 жылға өтінім беру биыл құркүйекте ғана ашылады.

Толығырақ — https://factcheck.kz/kz/articles/grekiyada-mysyqtarga-kutim-zhasaushylarga-tegin-baspana-beretini-ras-pa

Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде рас сөйледі ме?

Президенттің ауылдық жерлердегі медицина жайлы осы және өзге де мәлімдемелерін Factcheck.kz тексеріп көрді.

Шалғай ауылдарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Оларға бір реттік көтерме төлемдер берілуде. Атап айтқанда, былтыр 530 маманға жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, президент

ҮКІМ: ШЫНДЫҚ

Денсаулық сақтау министрлігі дерегіне сай 2025 жылы кемі 5 жыл жұмыс істеген 529 медицина қызметкеріне ең төменгі жалақының 100 еселенген (8,5 млн теңге) мөлшерінде біржолғы төлем берілген. 529-ды 8,5 млн теңгеге көбейтсек 4,49 млрд теңге болады. 2024 жылы мұндай төлемді 254 маман алған. 2025 жылы жалпы 1 760 дәрігерге әлеуметтік қолдау төленген.

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, президент

ҮКІМ: ШЫНДЫҚ

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек 2023–2025 жылдар аралығында жалпы республика бойынша 813 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, оның 655-і «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаның шеңберінде іске асырылды.

Қызығы жобаның алғашқы жоспары бойынша 32 заманауи ауданаралық көпбейінді орталық аурухананы жаңғырту жұмыстары 2025 жылы аяқталуы керек болған (2024 жылы – 7, 2025 жылы – 25). Десе де денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов та, президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл нысандардың жұмысы биыл бітетінін мәлімдеді.