Архив доступен 3 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

«Bolashaq» қауымдастығының Медициналық клубы (Bolashaq Medicine Club) аясында «Медицина қызметкерінің мәртебесі: кәсіби бағалау, құқық, жауапкершілік, қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында медицина саласындағы кадр тапшылығы, мамандардың құқықтық қорғалуы, кәсіби жауапкершілігі мен эмоционалдық қажуы секілді өзекті мәселелер талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, оларды жауапты мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.

Шараның өтуіне қолдау көрсеткен Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне және барлық спикерлер мен қатысушыларға алғысы айтамыз.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті медицина қызметкерлері!