Архив доступен 14 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!

Шындықтың шырағын сөндірмей, қоғамның тамыр бүлкілін дәл басып, уақыттың үнін келер ұрпаққа аманаттайтын қалам иелері мен ақпарат майданының майталмандары шынайы құрметке лайық.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ еліміздің білім мен ғылым саласындағы маңызды бастамаларын, халықаралық бағдарламалар мен жаңа мүмкіндіктерді жұртшылыққа кәсіби әрі шынайы жеткізіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ризашылығын білдіреді.

Сіздердің ізденімпаздықтарыңыз, зерделіліктеріңіз, ұстанымға адал еңбектеріңіз қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді байланысты нығайтып, ел дамуына қызмет етіп келеді.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз салмақты, ұстанымдарыңыз берік, шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройларыңыз арта берсін!

Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

28 июня – День работников средств массовой информации. Поздравляем с профессиональным праздником!

Именно вы ежедневно помогаете обществу видеть объективную картину происходящего, улавливать пульс времени и сохранять для будущих поколений летопись важнейших событий.

АО «Центр международных программ» выражает признательность представителям средств массовой информации за профессиональное, объективное и ответственное освещение важных инициатив в сфере образования и науки, международных программ и новых возможностей для граждан Казахстана.

Благодаря вашему профессионализму, принципиальности и преданности своему делу укрепляется доверие между обществом и государством, а объективная информация становится надежной основой для развития страны.

От всей души желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, ярких творческих идей, профессиональных успехов и новых достижений. Пусть каждое ваше слово остается весомым, а каждый материал находит отклик у аудитории. Благополучия, признания и дальнейших успехов в вашей важной и ответственной работе!

С уважением, АО «Центр международных программ»

Бауржан Ильясов - выпускник программы «Научные стажировки», PhD, ассоциированный профессор, директор Школы интеллектуальных систем Astana IT University. Сегодня он занимается развитием научных исследований в области органической электроники, новых функциональных материалов и интеллектуальных систем, а также подготовкой молодых ученых и инженеров.

Научный путь Бауржана начался еще в школьные годы. Интерес к физике и естественным наукам постепенно перерос в стремление не только изучать существующие знания, но и создавать новые. Сегодня в его научном портфолио более 50 публикаций в международных рецензируемых изданиях, а исследования посвящены перспективным технологиям будущего — органическим электрохимическим транзисторам, сенсорным системам и биоэлектронике.

В рамках программы «Научные стажировки» Бауржан Ильясов прошел стажировку в Институте передовых материалов (INAM) Университета имени Хауме I в Испании. Работа с ведущими мировыми учеными позволила ему освоить новые исследовательские подходы, получить доступ к современным научным методикам и заложить основу для дальнейшего международного сотрудничества.

Сегодня ученый возглавляет исследовательский проект по изучению переходных процессов в органических электрохимических транзисторах и разработке новых материалов для электроники и сенсорных технологий. Результаты исследований могут найти применение в медицине, экологическом мониторинге и высокотехнологичной промышленности.

Особое внимание Бауржан Ильясов уделяет развитию молодых исследователей. Он регулярно проводит научные семинары и открытые лекции, вовлекает студентов в исследовательскую деятельность и способствует развитию международного научного сотрудничества.

«Научная стажировка укрепила мою уверенность в том, что казахстанские ученые способны успешно работать на международном уровне и вносить вклад в развитие мировой науки», — отмечает выпускник программы.

Бауржан Ильясов – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Astana IT University Интеллектуалды жүйелер мектебінің директоры. Бүгінде ол органикалық электроника, жаңа функционалдық материалдар және интеллектуалды жүйелер салаларындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ жас ғалымдар мен инженерлерді даярлауға үлес қосып келеді.

Бауржанның ғылым жолы мектеп қабырғасынан бастау алған. Физика мен жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы уақыт өте келе бар білімді меңгерумен ғана шектелмей, жаңа білім қалыптастыруға деген ұмтылысқа ұласты. Қазіргі таңда оның ғылыми қоржынында халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарық көрген 50-ден астам мақала бар. Ғалымның зерттеулері болашақтың перспективалы технологияларына – органикалық электрохимиялық транзисторларға, сенсорлық жүйелер мен биоэлектроникаға арналған.

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында Бауржан Ильясов Испаниядағы Хауме I атындағы университеттің (Jaume I University) Жетілдірілген материалдар институтында (INAM) ғылыми тағылымдамадан өтті. Әлемнің жетекші ғалымдарымен бірлескен жұмыс оған жаңа зерттеу тәсілдерін меңгеруге, заманауи ғылыми әдістемелерге қол жеткізуге және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз қалауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта ғалым органикалық электрохимиялық транзисторлардағы өтпелі үдерістерді зерттеу және электроника мен сенсорлық технологияларға арналған жаңа материалдарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жобаны басқарады. Зерттеу нәтижелері медицинада, экологиялық мониторингте және жоғары технологиялық өнеркәсіпте кеңінен қолданылуы мүмкін.

Бауржан Ильясов жас зерттеушілерді дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ол тұрақты түрде ғылыми семинарлар мен ашық дәрістер өткізіп, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартады және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

«Ғылыми тағылымдама қазақстандық ғалымдардың халықаралық деңгейде табысты еңбек етіп, әлемдік ғылымның дамуына өз үлесін қоса алатынына деген сенімімді нығайтты», – дейді бағдарлама түлегі.

НАГРАЖДЕНЫ АМБАССАДОРЫ ПРОГРАММЫ «БОЛАШАК»

При поддержке Министерства науки и высшего образования РК, АО «Центр международных программ» и Ассоциации «Bolashaq» состоялась онлайн-встреча с амбассадорами программы «Болашак» по итогам 2025–2026 учебного года.

С приветственными словами к участникам обратились и.о. председателя Правления АО «Центр международных программ» Абай Рахмет и председатель Ассоциации «Bolashaq» Жанибек Катренов. В своих выступлениях они отметили значительный вклад амбассадоров в продвижение программы «Болашак» и укрепление положительного имиджа Казахстана на международной академической арене.

В рамках встречи были подведены итоги проекта «Амбассадоры программы «Болашак»» за 2025–2026 учебный год и награждены наиболее активные участники, внесшие вклад в развитие казахстанских студенческих сообществ за рубежом.

По итогам года трое амбассадоров были награждены благодарственными письмами Министра науки и высшего образования РК. Еще четыре участника получили благодарственные письма от и.о. председателя Правления АО «Центр международных программ» и председателя Ассоциации «Bolashaq».

Кроме того, в честь 25-летия Ассоциации «Bolashaq» лучшим амбассадорам были вручены памятные подарки. В частности, обладатели наград получили юбилейные худи, предоставленные отечественным брендом Tashmak.kz, основанным выпускницей программы «Болашак» и предпринимателем Айнур Ташмаковой.

В завершение встречи участники обсудили дальнейшее развитие движения амбассадоров, укрепление взаимодействия между казахстанскими студентами за рубежом и новые инициативы по продвижению положительного имиджа Казахстана на международной образовательной арене.

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және «Bolashaq» қауымдастығының қолдауымен 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша «Болашақ» бағдарламасының амбассадорларымен онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Абай Рахмет пен «Bolashaq» қауымдастығы төрағасы Жәнібек Катренов сөз сөйлеп, амбассадорлардың халықаралық академиялық ортада Қазақстан мен «Болашақ» бағдарламасының беделін арттыруға қосқан үлесін атап өтті.

Онлайн кездесудің негізгі бөлігінде 2025–2026 оқу жылындағы Амбассадорлар жобасының қорытындылары шығарылып, шетелдегі қазақстандық студенттік қауымдастықтардың қызметін дамытуға үлес қосқан үздік және белсенді амбассадорлар марапатталды.

Жыл қорытындысы бойынша 3 амбассадор ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен, ал 4 амбассадор «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы мен «Bolashaq» қауымдастығы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ «Bolashaq» қауымдастығының 25 жылдық мерейтойына орай үздік амбассадорларға арнайы естелік сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, марапат иелеріне «Болашақ» бағдарламасының түлегі, кәсіпкер Айнұр Ташмакованың отандық Tashmak.kz бренді ұсынған мерейтойлық худилер сыйға берілді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар амбассадорлар қозғалысын одан әрі дамыту, шетелдегі қазақстандық студенттердің ынтымақтастығын нығайту және Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіндегі оң имиджін ілгерілету мәселелерін талқылады.

Опубликованы списки обладателей международной стипендии «Болашак» и программы «Научные стажировки»

Завершился конкурс по международной стипендии «Болашак» и программе «Научные стажировки», открывающим для казахстанцев возможности обучения и профессионального развития в ведущих университетах и научных центрах мира.

По решению Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом обладателями международной стипендии «Болашак» стали 184 гражданина Казахстана. Из них 137 человек будут обучаться по программам магистратуры, 10 – докторантуры, а 37 специалистов пройдут профессиональные стажировки. Кроме того, 51 казахстанец получил возможность пройти научную стажировку в ведущих научно-исследовательских центрах мира.

На заседании Республиканской комиссии рядом международных конкурсов исполнителей дополнен Перечень международных олимпиад по общеобразовательным предметам, международных конкурсов научных проектов и международных конкурсов исполнителей для претендентов на получение степени «бакалавр» в рамках программы «Болашак», а также рассмотрен ряд вопросов, направленных на дальнейшее совершенствование программы.

Список обладателей грантов опубликован на официальном сайте АО «Центр международных программ»: https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/opublikovany-spiski-obladatelej-mezhdunarodnoj-stipendii-bolashak-i-programmy-nauchnye-stazhirovki