Архив доступен 2 059 сообщений С 2024 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Buzyq жауапқа тартылды. Бұзық болғанда... Мен - Ілияс. Құрылтайға қатысты сауалнама өткізгенім үшін 32 437 теңге айыппұл төледім.

Кандидаттар мен партия атауларын жазбасам ештеңе етпейді деп ойладым. Олай да болмайды екен.

P.S. Бұған дейін, қателеспесем, жауапқа 2 рет тартылғанмын: универ маңында темекі шеккенім үшін (шекпеңдер, бұл зиян) және жолды рұқсат етілмеген жерден өткенім үшін.

Прокурор Шерханның Нұрайды қалай өлтіргенін айтып берді.

Мұны оқудың өзі ауыр.

11 қаңтар... Шерхан "Сделано в России" деген жазуы бар пышақты алып, Нұрайды үйінің қасында тосып тұрады. Дүкенге шыққан Нұрайды көріп, тоқтатып, саябаққа шақырады. Нұрай келіспей, үйіне қарай беттейді. Шерхан артынан барып, денесіне 5 рет пышақ сұғады. Нұрай айқайлайды. Шерхан біреудің жақындап келе жатқанын байқап, қаша жөнеледі. Бірақ көп ұзамай қайта келіп, куәгердің көзінше Нұрайды тағы 30 рет пышақтайды. Полиция оны екі күннен кейін айдалада (Шымкенттен 10 км жерде) ұстайды.

Астана полициясының су жаңа формасы

Гүлді көрсеңіз, жұлмай-ақ қойыңыз. Қандай гүл болса да, қай жерде өсіп тұрса да... Тиіспеңіз.

Сотта Б. ханым "я казахские песни тоже слушаю" деп өзін ақтауға тырысыпты. Дегенмен, сот оның cөздерін "Ұсақ бұзақылық" деп танып, 8 тәулік берді.

Көкшетаудағы Black Style деген барбершопта болған жағдай (өжі жабылып қалған сияқты).

Қазақ әндерін "дерьмо" деп бағалаған барбер-әйел 8 күнге қамалды.

Прокурор Сұлтанды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұған дейін оның өз отбасы мүшелерінің өліміне қатысы жоқ екені айтылған. Сұлтанның соты жүріп жатыр.

Аса ауыр қылмысты жасырғанын дәлелдейтін айғақ (пруф) табылмады дейді Атырау прокуратурасы.

Ақбаянды соттамайтын болдық.

Міне. Ұсталған кездегі фотосы. Мас болған сияқты.

Астанада болған жағдай. Достық көшесінде ұсталды.

Toyota Land Cruiser'мен бірнеше көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кетіпті.

Бәрі де медиатұлғалар. Мандат алып қалса, халықтың сенімін ақтайды деп үміттенеміз енді... Не дейміз тағы.

Бір жақсысы, қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келе жатыр

Мыналарың расымен де қазақ тілін үйреніп алыпты. Мама-папаларыңа айтып қойыңдар... Алаяқтар қазақша сөйлей бастады.

Айтпақшы)

2036 жылы 83 жаста бола ма?

Демек Тоқаевтің президенттік мерзімі 17 жыл 8 айға дейін созылуы мүмкін. 2019 жылдың 20 наурызынан бастап санасақ.