Ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған жеңілдіктер
Конституциялық Сот 2023 жылғы 25 қыркүйекте «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 13-бабының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы» №30-НҚ нормативтік қаулысын шығарды.
Конституциялық Сотқа Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен деп танылған азамат жүгінді. Ол бұрын экологиялық апат аймағында тұрып, жұмыс істеген. Бірақ кейін Алматыға көшіп келіп, осы уақытқа дейін жұқтырған деп танылған аймақтарда тұратындар үшін қарастырылған жалақыға үстемақының және қосымша демалыстың тоқтатылғанын айтып шағымданды. Азамат «зиянды» аймақтарда тұратындарға ғана жеңілдіктер беру туралы норма оған қатысты кемсітушілік болып табылады деп есептейді.
Осы істі қарастыру барысында Конституциялық Сот тек құқық мәселелерімен ғана айналыспай, бұрын радиациялық тәуекел аймақтар деп танылған жерлер қазір қандай жағдайда деген мәселемен де айналысуына тура келді. Бұл аумақтардағы радиоэкологиялық жағдай едәуір жақсарғаны және ол аймақтарда тұру фактісі сынақтардан келтірілген зиянды бағалау кезінде анықталмайтыны белгілі болды.
Бірақ конституциялық іс жүргізу барысында Семей ядролық сынақ полигонымен байланысты аумақтардың радиациялық ластану тұрғысынан толығымен қолайлы екендігіне, ал оларда тұратын адамдардың теріс экологиялық факторлардың әсеріне ұшырамайтындығына дәлелдер келтірілген жоқ. Жағдай барлық жердей бірдей әрі тұрақты емес және мұқият зерттеу мен бақылауды қажет ететіні анықталды. Заң бойынша бұл аумақтар әлі де экологиялық апат аймағы болып саналады.
Мұндай жағдайларда КС экологиялық апат аймағынан тыс жерлерге кетіп қалған және сол жерде тұрып жатқан адамдардың жағдайы тең емес деп есептеді, сондықтан бұл кемсітушілік деп саналмайды.
Мұнымен қатар, КС іс жүргізу материалдарына сүйене отырып, радиоактивті ластанудан туындаған салдар тек тұрғылықты жеріне ғана емес, сонымен бірге алынған сәулелену дозасына және тиісті зиянға байланысты екенін және ұзақ мерзімділікпен сипатталатынын атап өтті, бұл әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және тиісті құқықтық реттеу кезінде ескерілуі керек.
Сондай-ақ, КС заңда әлеуметтік қорғау деңгейі біртіндеп төмендегенін, көмек алушылар қатыранын қызметкер болып табылмайтын азаматтардың (жеке кәсіпкерлер, тәуелсіз қызметкерлер) алынып тасталғаны, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді жұмыс берушілерге артып қойғанын байқады.
КС көрсетілетін көмек түрлерін, сондай-ақ оның көлемін, мөлшерін, сондай-ақ көмек алушылардың тізбегін кеңейту керек екенін айтты. Бірақ жұқтырған аумақтардағы қазіргі радиоэкологиялық жағдайды, осы аумақтарда да, одан тыс жерлерде де тұратын иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшыраған халық үшін медициналық зардаптарды, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық, демографиялық, медициналық және өзге де факторларды ескере отырып, әлеуметтік қорғаудың жаңа қағидаттары мен тәсілдері зерделеніп, ұсынылуы тиіс деді.
Норма Конституцияға сәйкес деп танылғанымен, Үкіметке ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды ұсынылды.
Мәтін КС судьясы Р.А.Подопригораның телеграмм-арнасынан аударылды.
Instagram Facebook TikTok
@ConstitutionalCourt_KZ