Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады.
Елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда кей жерде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Батыс пен оңтүстік-батыста аптап ыстық сақталады. Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы біртіндеп төмендейді.