Архив доступен 430 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Келесі матч

Венгрия — Қазақстан

9 маусым

22:00

Дебрецен қаласы

Надьердеи стадионы

Кристиан Эриксен матч кезінде есінен танып қалды

Кристиан Эриксен Украинаға қарсы матч кезінде есінен танып қалды — ойын тоқтатылды. Футболшы есін жиып, алаңнан өз аяғымен шығып кетті.

Бұған дейін Эриксен Еуро-2020 турнирінде Финляндияға қарсы ойында жүрегі тоқтап қалған еді.

құрама.

Құрамға қосар ойыншыларыңыз бар ма?

«Таркович біздің футболды әлі дұрыс білмейді»

ТКБ подкастында “Ақтөбенің” экс-ойыншысы Қуанышбек Орынтаев жергілікті бапкерлер Тарковичтен кем емес екенін айтты. Келісесіз бе?

Толық нұсқасы біздің YouTube арнамызда

«Ланс» пен «Комо» клубтарының скауттары Максим Самородовтың Армения қақпасына соққан әдемі голын стадионнан тікелей тамашалады

Негізі олардың басты назары Армения құрамасының жұлдызы Эдуард Сперцянға бағытталғаны анық. Дегенмен, бұл матчта Максим Самородов та ерекше көзге түсе білді

Иә, қазіргі таңда Сперцянның трансферлік бағасы жоғарырақ. Бірақ ойын деңгейі жағынан Самородовтың да әлеуеті кем емес екені байқалады.

Бәлкім, дәл осы матч пен осы гол Максимге Еуропаның үздік чемпионаттарына жол ашатын сәт шығар.

Арман Кеңесов – “Тұран” сапына ауысты

“Ақтөбе” сапынан кеткен жартылай қорғаушы Арман Кеңесов мансабын түркістандық “Тұран” клубында жалғастырады.

Арман “Ақтөбе” құрамында 92 матч өткізіп, 11 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ қызыл-ақтар сапында Қазақстан Кубогын жеңіп алған болатын.

Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі тоқтатылып, нәтижесіз деп танылды

Жалғас Жұмағұловтың OKTAGON 89 турниріндегі бразилиялық файтерге қарсы жекпе-жегі екінші раундта тоқтатылды.

Кездесу барысында бразилиялық спортшының соққысы төменгі аймаққа (пах тұсына) тиіп, Жалғас жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осы жағдайға байланысты айқас кейіннен нәтижесіз (өтпей қалған жекпе-жек) деп танылды.

Айта кетейік, бұл шешім төрешілер мен дәрігерлердің қорытындысына сәйкес қабылданды.

Дастан OKTAGON турнирінде жеңіске жетті

Бүгін Ақтөбе қаласының өкілі Дастан Амангелді Словакияның Братиславасында өткен OKTAGON 89 турнирінде Франциядан келген Моктар Бенкасиға қарсы жекпе-жекте төрешілердің басым шешімімен жеңіске жетті.

Дастан мен оның командасын осы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбірей берсін!

М.Самородов: Келесі ойында бұдан да жақсы болуға тырысамыз

“Ақтөбе” түлегі Максим Самородов Арменияға қарсы өткен жолдастық кездесуден кейін ойын туралы пікір білдірді.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы бапкерлер штабының тапсырмасын орындауға тырысқанын айтып, жіберілген қателіктермен жұмыс істеу қажет екенін атап өтті.

– Бас бапкер ойын алдында нақты тапсырма берді. Біз оның қойған талаптарын орындауға тырыстық. Өкінішке қарай, гол соққаннан кейін көп ұзамай жауап голын өткізіп алдық. Бұл жерде зейіннің жетіспеуі әсер етті деп ойлаймын. Қателіктермен жұмыс істеп, келесі матчта бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз, – деді Самородов.

А.Заруцкий: Команда өз ойынын біртіндеп таба бастады

“Ақтөбенің” қақпашысы Александр Заруцкий Арменияға қарсы өткен жолдастық кездесуден кейін сұхбат берді.

Қақпашы ұлттық құрамаға қайта шақырылғанына қуанышты екенін айтып, бапкерлер штабына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

– Ұлттық құрамаға біраз уақыттан кейін қайта шақырту алдым. Бапкерлер штабына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ойынның алғашқы минуттары қиын өтті, Армения құрамасы шабуылға белсенді кірісті. Бірақ біз қысымға төтеп беріп, кейін өз ойынымызды көрсете бастадық. Қарсыластың әлсіз тұстарын байқап, қарымта шабуылдарға шығуға мүмкіндік алдық, – деді Заруцкий.

Т.Байсуфинов: Жастарымыз жақсы деңгей көрсетіп, бізді қуантты

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Армениямен өткен жолдастық кездесуден кейін пікір білдірді.

Маман ұлттық құрамаға алғаш шақырылған жас футболшылардың ойынына жоғары баға беріп, олардың өз мүмкіндіктерін жақсы көрсете алғанын атап өтті.

– Әмір алғашқы ойынына қарамастан өте жақсы өнер көрсетті. Әрине, оған әлі уақыт керек, бірақ әлеуеті жоғары екенін бәріміз көріп отырмыз. Ал Әбинұр Нұрымбет пен Мақсат Абыраев алаңға шығып, жақсы ойын көрсетті. Ешқандай қысылу немесе толқу байқалмады. Бұл бізді қуантады, – деді Байсуфинов.

Н.Тикнизян: Самородов бұдан да мықты лигада ойнай алады

Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Наир Тикнизян Қазақстанға қарсы өткен жолдастық кездесуге баға беріп, Максим Самородовтың ойыны туралы пікір білдірді.

Тикнизян қазақстандық футболшылардың арасында Самородов, Нұралы Әліп және Дастан Сәтпаевты ерекше атап өтіп, олардың жоғары деңгейдегі ойыншылар екенін айтты.

Сондай-ақ армениялық футболшы Самородовтың соққан голына қатысты пікір білдіріп, оның шеберлігін мойындады.

– Максим саңылау тауып, мүмкіндігін шебер пайдаланды. Ол өте жоғары деңгейдегі футболшы. Болашақта бұдан да мықты клубта өзін сынап көреді деп сенемін. Тіпті Ресей чемпионатынан да деңгейі жоғары лигаға ауысуға әлеуеті жетеді, – деді Тикнизян.

Сырт алаңда тең есеп тіркелді

Самородов

Максимнің Армения қақпасына соққан керемет голы

Қазспорт Тв

Максим есеп ашты!!!

“Ақтөбе” түлегі Максим Самородов екінші таймның басында ойынның есебін ашты

АрменияҚазақстан-0:1

Яни Атанасов «Ақтөбеге» ауысуға жақын

Älişer Amanjol телеграм арнасының мәліметінше, 26 жастағы солтүстік македониялық жартылай қорғаушы Яни Атанасов жақын арада «Ақтөбе» сапын толықтыруы мүмкін. Футболшымен 2,5 жылдық келісімшарт жасалмақ.

Атанасов өткен маусымда Грекияның «Лариса» клубында ойнап, 35 матчқа қатысқан. Бұған дейін Польша чемпионатында да өнер көрсеткен.

Егер күтпеген жағдайлар орын алмаса, македониялық футболшы жақын күндері «қызыл-ақтардың» қатарына қосылады. Қазақстандық жанкүйерлер оны әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македония құрамасы сапында көрген болуы мүмкін.

Заруцкий бастапқы құрамда!

Арменияға қарсы жолдастық кездесуге Қазақстан ұлттық құрамасының бастапқы құрамы белгілі болды.

«Ақтөбе» қақпашысы Александр Заруцкий матчты негізгі құрамда бастайды. Сондай-ақ, «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі Максим Самородов та алғашқы минуттардан алаңға шығады.

Қазақстан U19 топта көш басына шықты

Еуро-2026/27 іріктеу турнирінің екі турынан кейін Қазақстан U19 құрамасы өз тобында бірінші орынға көтерілді.

Жасөспірімдер құрамасы келесі ойынын 9 маусым күні Грекия U19 құрамасына қарсы өткізеді. Бұл кездесу топтағы қорытынды орындарды анықтауда маңызды рөл атқарады.

Бір айда екінші ойыншы «Ақтөбе» сапынан кетті.

Трансферлік терезенің ашылуына санаулы уақыт қалды. Осы аралықта клуб құрамды күшейте ала ма — басты сұрақ осы

Арман Кеңесовтың жал уақыты бітті

Ал Жоао Виктор Гауденсио Нунеспен келісімшарт үзілді.

Бұл дұрыс шешім бе?

Әлде маусым ортасында мұндай өзгерістер командаға кері әсер ете ме?

Сіздердің пікірлеріңіз қандай?

Бүгін Ұлттық құрама Ереванда Армениямен жолдастық матч өткізеді!

Армения — Қазақстан

Жолдастық матч

06.06.2026 | 19:00

Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадион

Ереван, Армения

Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық!