Йохан Кройф
«Егер сізде «Барселонада» ойнауға қатысты қандай да бір күмән болса, сіз бізге бұдан былай керек емессіз».
@fcb_qazaq
Сообщений: 862 с 2026 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Йохан Кройф
«Егер сізде «Барселонада» ойнауға қатысты қандай да бір күмән болса, сіз бізге бұдан былай керек емессіз».
@fcb_qazaq
Марк Касадоның болашағы Жоау Канселудың «Барселонаға» қайта оралуымен байланысты болуы мүмкін. Жартылай қорғаушыны «Әл-Хилал» Канселу бойынша келіссөздерде ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастырып жатыр.
Марк Касадо осы жазда «Барселонадан» кетуге жақын. Клуб пен ойыншы трансфер мәселесінде ортақ келісімге келген, қазір үстелде екі ұсыныс бар. Мәміле 30 маусымға дейін аяқталуы мүмкін.
Карлос Монфорт
@fcb_qazaq
Менің ойымша, Бернарду Силва «Барселонаға» басынан-ақ қажет ойыншы емес еді!
Біріншіден, ол қазіргі таңда өзінің формасында емес. Осы маусымда 50 матч өткізіп, небәрі 4 гол және 5 нәтижелі паспен шектелді. Шабуылшы не креативті жартылай қорғаушы үшін бұл өте төмен көрсеткіш. Оның бір матчтағы орташа бағасы 6.82.
Екіншіден, статистикасына қарасақ, Бернардудың әлсіз тұстары анық байқалады. Дриблинг, шешуші пастар және шабуылдағы тиімділігі бұрынғы деңгейінен төмендеген. Қорғаныстағы көрсеткіштері болса командаластарның арасындағы ең нашарларының бірі, әсіресе доп тартып алу мен физикалық күрес жағынан.
Әрине, оның жақсы жақтары да бар. Бернарду тәжірибелі ойыншы, техникалық деңгейі жоғары, допты жақсы ұстайды және бірнеше позицияда ойнай алады. Бірақ қазіргі «Барселонаға» болашаққа жұмыс істейтін, жасырақ әрі қарқыны жоғары футболшылар көбірек қажет сияқты.
Үшіншіден, оның жасы да маңызды фактор. Биыл 32 жасқа келеді. Иә, ол еркін агент ретінде келуі мүмкін, сондықтан трансферлік төлем қажет болмайды. Бірақ мұндай жастағы ойыншыға жоғары жалақы мен бірнеше жылдық келісімшарт ұсыну клуб үшін тәуекел болып қала береді. Сондықтан меніңше, «Барселона» Бернарду Силвадан гөрі жас әрі әлеуеті жоғары ойыншыларға назар аударғаны дұрыс.
Каталондық Агент
@fcb_qazaq
Ашылуында Трамп сөз сөйлейді ма? Әлде Мехико президенті сөйлейді ма?
@fcb_qazaq
Мексикадағы «Ацтека» стадионында 2026 жылғы Әлем Чемпионатының ашылу салтанаты басталды!
Керемет эмоциялар сыйлайтын дода болады деп сенеміз.
Қай құрама чемпион болса кім не істейді келісіп алайық басынан?
@fcb_qazaq
Ламин Ямал ОРАЛДЫ!
Ол Испания құрамасымен толық құрамдағы жаттығуды қайта бастады және әлем чемпионатындағы алғашқы ойынға 100% дайын болады деп күтілуде.
Mundo Deportivo
@fcb_qazaq
@fcb_qazaq
Бернарду Силва «Реал Мадридке» ауысуға жақын
Рамон Альварес
@fcb_qazaq
Марк Касадо «Барселонадан» кетуге келісім берді. Ойыншының қолында бір еуропалық клубтан және бір саудиялық клубтан ұсыныс бар.
«Барселона» оны алғысы келетін клубтар үшін бағасын 25 млн еуро деп белгіледі. Клуб трансферді 30 маусымға дейін аяқтауды мақсат етіп отыр.
Луис Рохо/Марка
@fcb_qazaq
Әлем Чемпионатында қай ұлттық құрамаға жанкүйер боласыз?
PS: Мен Португалия мен Нидерландыға. Қызық болсын Испания мен Аргентинаны тізімнен алып тастайық
@fcb_qazaq
«Барселона» 2029 жылғы Чемпиондар лигасының финалын өткізуге ресми түрде өтінім берді. Финал мақұлданған жағдайда жаңартылған «Камп Ноуда» өтеді.
@fcb_qazaq
Ойындар аяқталды.
Гордон Коста-Рикаға қарсы матчта негізгі құрамда өнер көрсетіп, гол+пас жасап көзге түсті және ойынның 71-ші минутында алаңдағы орнын Маркус Рэшфордқа босатып берді.
Ал Канселу Нигерияға қарсы матчта 2-ші таймда алаңға шығып ассист авторы атанды.
@fcb_qazaq
Гордон негізгі құрамда
Англия құрамасы сапында Коста Рикаға қарсы жолдастық ойынды бірінші минуттан бастайды. Ал, Рэшфорд қосалқы құрамда қалып қойды.
Ойын Астана уақытымен 01-00-де басталады.
@fcb_qazaq
Канселу қосалқы құрамда
Португалия құрамасы сапында Нигерияға қарсы жолдастық ойында негізгі құрамға енбеді.
Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады.
@fcb_qazaq
La Vanguardia: «Барселона» «Атлетиконың» туиттеріндегі посттарға жарияланған суреттерге қарсы арыз жазудан бас тартып отыр, себебі бұл Хулиан Альварес бойынша келіссөздерге әсер тигізуі мүмкін деген қауіп бар.
Алайда суретте тұрған ойыншылар арыз жазам деп шешсе, клуб басшылығы толықтай қолдайды.
@fcb_qazaq
«Манчестер Сити» Алехандро Бальдені сатып алу үшін 70 млн еyро көлемінде ұсыныс дайындап жатыр.
MARCA
@fcb_qazaq
@fcb_qazaq
Маркус Рэшфорд клубтан кетеді
«Барселона» басшылығы ресми 30 миллион еуроға сатып алмайтыны жайлы мәлімдеме жасады.
Алайда манчестерлік клубтың басшылығы тағы бір маусым жалға алуға рұқсат берсе, каталондық клуб тағы бір маусымға алып қалуға дайын.
@fcb_qazaq
Хулиан Альварес өз тарапынан қысым көрсетпесе, «Барселонаға» «Атлетикомен» келіссөз жүргізу өте қиын болады. Ойыншы «Барселонамен» келіссөз жүргізуге клубты итермелеуі керек.
Ашраф Бен Аяд
@fcb_qazaq
Жоан Лапорта Хулиан Альварестің трансфері бойынша келіссөздерге жеке араласып, ойыншының агентімен байланысқа шықты. «Барселона» аргентиналық шабуылшының «Атлетикодан» кетсе, дәл өздерін таңдауға дайын екенін біледі, бірақ әзірге ойыншыдан трансферді жеделдететін нақты қадам күтуде.
Каталондық клубтың жоспары — Хулиан Альварес үшін 120 млн еуро + бонустар ұсыну. Сонымен қатар, ойыншының жақын ортасының айтуынша, ол ешқашан «Реал Мадридке» ауысуды қарастырмаған. Егер Альварес «Атлетикодан» кетсе, оның басты таңдауы — «Барселона», тіпті оған ПСЖ мен «Арсенал» қызығушылық танытып отырса да.
Карлос Монфорт
@fcb_qazaq