Архив доступен 1 396 сообщений С 2020 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Агенттік азаматтарға кредит шарттары бойынша міндеттемелерді қоса қарыз алушы ретінде қабылдауға мұқият қараудың маңыздылығын еске салады.

Қоса қарыз алушы – қарыз алушымен бірге банктік қарыз шартына қол қоятын және ол бойынша міндеттемелердің орындалуына бірдей жауапты тұлға.

Қоса қарыз алушы болуға келіспес бұрын, шарттың талаптарымен мұқият танысып, негізгі қарыз алушының қарызды өтеуде қиындықтары туындаған жағдайда өзінің қаржылық мүмкіндіктерін объективті бағалауға, сондай-ақ міндеттемелер қоса қарыз алушылардың санына қарамастан шарт талаптары толық орындалғанға дейін сақталатынын ескеруге кеңес беріледі.

Агентство напоминает гражданам о важности внимательного подхода к принятию обязательств по кредитным договорам в качестве созаемщика.

Созаемщик – это лицо, которое наряду с заемщиком подписывает договор банковского займа и несет равную ответственность за выполнение обязательств по нему.

Перед тем как согласиться стать созаемщиком, рекомендуется внимательно ознакомиться с условиями договора, объективно оценить свои финансовые возможности на случай возникновения трудностей с погашением займа у основного заемщика, а также учитывать, что обязательства сохраняются до полного исполнения условий договора независимо от количества созаемщиков.

Агенттікте 15.03.2026ж өткен республикалық референдумда қабылданған Конституциясының ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында Агенттік қызметкерлері 01.07.2026ж бастап күшіне енген елдің Негізгі заңындағы басты өзгерістер мен жаңалықтармен танысып, сондай-ақ олардың мемлекеттік институттар мен Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі дамытудағы маңыздылығын талқылады.

В Агентстве состоялся семинар на тему «Основные новеллы Конституции Республики Казахстан», организованный в рамках реализации Плана мероприятий по разъяснению положений Конституции, принятой на республиканском референдуме 15.03.2026г.

В ходе семинара сотрудники Агентства ознакомились с ключевыми изменениями и нововведениями Основного закона страны, вступившего в силу с 01.07.2026 г, а также обсудили их значение для дальнейшего развития государственных институтов и правовой системы Казахстана.

Агенттік азаматтарға әлеуметтік инженерия әдістеріне негізделген алаяқтық схемалардың таратылып жатқаны туралы ескертеді.

Әлеуметтік инженерия – адамдарды айла-шарғымен басқару арқылы олардың деректері мен қолма-қол ақшасына қол жеткізу тәсілі.

Қазіргі уақытта алаяқтардың басты мақсаты – компьютерлік жүйелер емес, адамдар. Сондықтан сақтық, келіп түсетін ақпаратқа мұқият болу және цифрлық қауіпсіздік қағидаттарын сақтау қаржылық алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолдары болып қала береді.

Агентство предупреждает граждан о распространении мошеннических схем, основанных на методах социальной инженерии.

Социальная инженерия – способ получения доступа к данным и денежным средствам путем манипулирования людьми.

Главной целью мошенников сегодня становятся не компьютерные системы, а люди. Именно поэтому внимательность, критическое отношение к поступающей информации и соблюдение правил цифровой безопасности остаются наиболее эффективной защитой от финансового мошенничества.

Агенттік алаяқтардың азаматтардан ақшалай қаражат жымқыру үшін психологиялық ықпал етудің түрлі тәсілдері мен заманауи технологияларды пайдалануды жалғастырып жатқанын еске салады.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

SMS-кодтарды, PIN-кодтарды, банк картасының CVV-кодын және басқа да деректерді ешкімге хабарламаңыз

Логин мен құпиясөзді енгізер алдында сайттың мекенжайын тексеріңіз

Күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз

Қосымшаларды тек ресми қолданбалар дүкендерінен орнатыңыз

Агентство напоминает, что мошенники продолжают использовать различные способы психологического воздействия и современные технологии для хищения денежных средств граждан

Как себя защитить?

Не сообщайте никому коды из SMS, PIN-коды, CVV с карты и другие данные

Проверяйте адрес сайта перед вводом логина и пароля

Не переходите по ссылкам из подозрительных сообщений

Устанавливайте приложения только из официальных магазинов

Қазақстан банк секторының 2026 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы

Банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк бар, оның ішінде 10 еншілес банк.

Секторының активтері 73 трлн теңгені құрады, айлық өсім – 2,3%

Міндеттемелері 62 трлн теңгені құрады, айлық өсім – 2,6%

Меншікті капиталы 11,1 трлн теңгені құрады, 0,7%-ға азайды.

Толығырақ: Агенттік сайтында

О состоянии банковского сектора Казахстана на 1 июня 2026 года

Банковский сектор представлен 23 банками второго уровня, в том числе 10 дочерних банков.

Активы сектора - 73 трлн тенге, рост за месяц – на 2,3%

Обязательства составили 62 трлн тенге, рост за месяц - на 2,6%

Собственный капитал банков составил 11,1 трлн тенге, уменьшившись за месяц - на 0,7%

Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы

Сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.

Активтері 4,2 трлн теңге құрады, айлық өсім – 2,4%

Міндеттемелері 3,1 трлн теңге құрады, айлық өсім – 2,9%

₸ Меншікті капиталы 1,1 трлн теңгені құрады, 2,3%-ға өсті

Сақтандыру сыйлықақылары 129 млрд теңгені құрады, 2,6%-ға төмен.

О состоянии страхового сектора Казахстана на 1 июня 2026 года

Страховой сектор представлен 25 страховыми организациями, из них 10 – по страхованию жизни

Активы увеличились до 4,2 трлн тенге, рост - на 2,4%

Обязательства достигли 3,1 трлн тенге, увеличение - на 2,9%

₸ Собственный капитал - 1,1 трлн тенге, увеличение - на 1,2%

Страховые премии составили 129 млрд тенге, меньше на 2,6%

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы

Акциялар нарығын капиталдандыру 47,4 трлн теңгені құрады, бір айдығы өсім – 0,6%

Акциялармен сауда-саттық көлемі 29,7 млрд теңгені құрады, бір айдағы өсім – 3,2 есе

Қатысушылардың активтері 637,9 млрд теңгені құрады, бір айдағы өсім – 2,6%.

О состоянии рынка ценных бумаг Казахстана на 1июня 2026 года

Капитализация рынка акций составила 47,4 трлн тенге, рост за месяц – 0,6%

Объем торгов акциями составил 29,7 млрд тенге, рост за месяц - в 3,2 раза

Активы участников составили 637,9 млрд тенге, показав рост на 2,6% за месяц.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2026 жылғы 1 маусымдағы жұмыс қорытындысы

Агенттік 13,2 мың жолданымын қарады, 24,2%-ға төмен

Жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына – 49,3%, микроқаржы ұйымдарына – 33,6%, коллекторлық агенттіктерге – 8,7% тиесілі.

Қаржы нарығының субъектілеріне қадағалап ден қоюдың 20 ұсынымдық шарасы, 4 жазбаша нұсқама және жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама бойынша 21 әкімшілік айыппұл қолданылды.

Об итогах работы в сфере защиты прав потребителей финансовых услуг на 1 июня 2026 года

Агентством рассмотрено 13,2 тыс. обращений, на 24,2% меньше

Наибольшая доля обращений приходится на банковский сектор – 49,3%, микрофинансовые организации – 33,6%, коллекторские агентства – 8,7%.

К субъектам финансового рынка применены 20 рекомендательных мер надзорного реагирования, 4 письменных предписания и 21 административный штраф по 22 протоколам об административных правонарушениях на сумму 10,6 млн тенге.

Астана күні құтты болсын!

С днем столицы!

Агентство обращает внимание граждан на то, что после запуска единой платформы по урегулированию долгов по кредитам Finkelisim.kz появились посредники, предлагающие «помощь» в урегулировании задолженности.

С момента запуска платформы Finkelisim.kz более 5 тысяч заемщиков подали заявления на коллективное урегулирование задолженности. На этом фоне появились отдельные граждане, которые предлагают платные услуги по подаче заявлений и сопровождению процедуры.

Агентство напоминает, что подача заявки через платформу бесплатная и граждане могут самостоятельно воспользоваться сервисом.

подавайте заявление самостоятельно через официальный сайт finkelisim.kz

не передавайте персональные данные третьим лицам, коды подтверждения и доступ к личным кабинетам

не доверяйте обещаниям гарантированного одобрения или ускоренного рассмотрения

внимательно изучайте документы перед их подписанием

оценивайте свои финансовые возможности и соблюдайте условия достигнутых соглашений.

Помните: заявление на платформе подается самим заемщиком и не требует участия посредников или оплаты каких-либо услуг.

Агенттік кредиттер бойынша берешекті реттеуге арналған бірыңғай Finkelisim.kz платформасы іске қосылғаннан кейін берешекті реттеуге «көмек» ұсынатын делдалдардың пайда болғанына назар аударады.

Платформа іске қосылғаннан 5 мыңнан астам қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеуге өтініш берді. Осыған байланысты өтініш беру және рәсімді сүйемелдеу бойынша ақылы қызметтер ұсына бастаған жекелеген азаматтар пайда болды.

Агенттік платформа арқылы өтініш беру тегін екенін, азаматтардың сервисті өз бетінше пайдалана алатынын еске салады.

өтінішті finkelisim.kz ресми сайты арқылы өз бетінше беріңіз

дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз

өтініштің міндетті түрде мақұлданатыны/жедел қаралатыны туралы уәделерге сенбеңіз

құжаттарға қол қоймас бұрын мұқият оқып шығыңыз

қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалап, қол жеткізілген келісімдердің шарттарын сақтаңыз.

Есте сақтаңыз: платформада өтінішті қарыз алушының өзі береді, ол үшін делдалдардың қатысуы/қандай да бір қызметтерге ақы төлеу талап етілмейді.

Агенттік қарызды өтеуде қиындықтар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы еске салады.

Егер қарыз алушы қаржылық жағдайының нашарлауына тап болса және қарыз шарты бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мүмкіндігі болмаса, кредиторға қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен дереу жүгіну ұсынылады.

Кредитор қарыз алушының жолданымын оны алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарауға және қарау нәтижелері туралы жазбаша жауап беруге міндетті.

Агентство напоминает о порядке действий при возникновении трудностей с погашением займа.

Если заемщик столкнулся с ухудшением финансового положения и не имеет возможности своевременно исполнять обязательства по договору займа, рекомендуется незамедлительно обратиться к кредитору с заявлением о реструктуризации займа.

Кредитор обязан рассмотреть обращение заемщика в течение 15 календарных дней и предоставить письменный ответ о результатах рассмотрения.

Ипотекалық қарыздар бойынша ЖТСМ белгілеудің сараланған тәсілі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

Тиісті өзгерістер Агенттік пен Ұлттық Банктің бірлескен қаулысында көзделген.

Негізгі өзгеріс – 01.01.2027ж бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті мөлшерін белгілеуге қарыз мөлшерінің кепіл нысанасының құнына қатынасы коэффициентіне (Loan-to-Value, LTV) байланысты сараланған тәсілді енгізу.

Дифференцированный подход к установлению ГЭСВ по ипотечным займам будет введен с 1 января 2027 года

Соответствующие изменения содержатся в совместном постановлении Агентства и Национального Банка.

Основное изменение - введение с 1 января 2027 года дифференцированного подхода к установлению предельного размера ГЭСВ по ипотечным жилищным займам в зависимости от коэффициента соотношения размера займа к стоимости предмета залога (Loan-to-Value, LTV)

Алматыда капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Қатысушылар Қазақстанның капитал нарығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын, оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелерін, нарықтық тетіктер арқылы экономиканы қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуді, сондай-ақ реттеуді жетілдіру, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және жаңа қаржы құралдарын енгізу жөніндегі бастамаларды талқылады.

В Алматы состоялся круглый стол по обсуждению ключевых инициатив развития рынка капитала

Участники обсудили ключевые направления дальнейшего развития рынка капитала Казахстана, вопросы повышения его инвестиционной привлекательности, расширения возможностей финансирования экономики через рыночные механизмы, а также инициативы по совершенствованию регулирования, развитию рыночной инфраструктуры и внедрению новых финансовых инструментов.

Кредиттік алаяқтықтан қалай қорғануға болады?

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдеп алмауы үшін

eGov.kz порталы немесе кредиттік бюро арқылы «Стоп-кредит» қызметін қосыңыз.

Ешкімге SMS арқылы келетін растау кодтарын, PIN-кодтарды және растау құпиясөздерін айтпаңыз.

Бейтаныс адамдардың өтінішімен ешқандай қосымшаны орнатпаңыз.

Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Өзіңіздің кредиттік есебіңізді тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.

Толығырақ: Агенттіктің ресми сайтында.

Как защититься от кредитного мошенничества?

Чтобы мошенники не смогли оформить кредит на ваше имя

Подключите услугу «Стоп кредит» через eGov.kz или кредитное бюро.

Никому не сообщайте СМС-коды, PIN-коды и пароли подтверждения.

Не устанавливайте приложения по просьбе незнакомых людей.

Не переходите по подозрительным ссылкам.

Регулярно проверяйте свой кредитный отчет.

Подробнее: на сайте Агентства

Сақтандыру компанияларының тәуекелдері жаңа тәсілмен бағаланатын болады

Жаңа SRES (Supervisory Risk Evaluation System) қадағалау моделі Solvency II қағидаттары мен Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (ХҚЕС 17) талаптарына сәйкес әзірленді. Аталған халықаралық стандарттар тәуекелдерді басқару мен бағалау тәсілдерін, сондай-ақ сақтандыру міндеттемелерін қалыптастыру және есептеу қағидаттарын түбегейлі өзгертеді.

Толығырақ Агенттіктің сайтында.

Риски страховых компаний будут оцениваться по-новому

Новая надзорная модель SRES (Supervisory Risk Evaluation System) разработана в соответствии с принципами Solvency II и МСФО 17. Данные стандарты кардинально меняют подход к управлению и оценке рисков, а также к формированию и расчету страховых обязательств.

Подробнее на сайте Агентства.

«Бейнеу» кредиттік серіктестігі» ЖШС лицензиясының қолданылуы тоқтатылды

Бұған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне есептілікті бірнеше рет ұсынбау, Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылуы негіз болды.

Ұйымға заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жаңа микрокредит беру туралы шарттар жасасуға және қолданыстағы микрокредит беру шарттарының талаптарына өзгерістер енгізуге уақытша тыйым салынды.

Толығырақ Агенттіктің сайтында.

Действие лицензии ТОО «Кредитное товарищество «Бейнеу» приостановлено

Основанием стали неоднократное непредставление отчетности Национальному Банку, нарушения требований законов РК, а также нормативных правовых актов уполномоченного органа, Национального Банка

Организации временно запрещено заключать новые договоры и изменять условия действующих договоров о предоставлении микрокредита, за исключением случаев, предусмотренных законом.

Подробнее на сайте Агентства.

Банк секторы орнықты – қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері

Қадағалап стресс-тестілеу күйзеліс сценарийі жағдайында банк секторының орнықтылығын растады.

Қадағалап стресс-тестілеу активтердің сапасын бағалау (AQR) шеңберіне кіретін 11 ірі банкті қамтыды.

Олардың жиынтық активтері мен кредиттік портфелі банк секторының жиынтық активтері мен кредиттік портфелінің тиісінше 86%-ын және 87%-ын құрайды.

Толық нәтижелермен Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған Есептен танысуға болады.

Банковский сектор устойчив – результаты надзорного стресс-тестирования

Надзорное стресс-тестирование подтвердило устойчивость банковского сектора в стрессовом сценарии.

НСТ охватило 11 крупных банков, входящих в периметр оценки качества активов (AQR). Их совокупные активы и кредитные портфели составляют 86% и 87% активов и кредитного портфеля банковского сектора, соответственно.

Подробные результаты доступны в Отчете на сайте Агентства.

МҚҰ жабылған жағдайда берешекпен не болады?

Қызметті тоқтату қарызды есептен шығаруды білдірмейді.

Қарыз алушының қаражат пен пайыздарды қайтару жөніндегі міндеттемелері шартқа сәйкес сақталады.

Микрокредит бойынша талап ету құқығы басқа кредит берушіге берілуі мүмкін.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында.

Что происходит с задолженностью при закрытии МФО?

Прекращение деятельности не означает списание долга.

Обязательства заемщика по возврату средств и процентов сохраняются в соответствии с договором.

Права требования по микрокредиту могут быть переданы другому кредитору.

Подробнее: на сайте Агентства.

"АбайАгро" кредиттік серіктестігі" ЖШС лицензиясының қолданылуы 2 ай мерзімге тоқтатылды

Бұған пруденциалық нормативтерді және заңнаманың өзге де міндетті талаптарын бірнеше рет бұзу негіз болды.

Ұйымға заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жаңа микрокредит беру шарттарын жасасуға және қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге уақытша тыйым салынады.

Толығырақ: Агенттіктің сайтында

Действие лицензии ТОО «Кредитное товарищество «АбайАгро» приостановлено сроком на 2 месяца

Основанием стали неоднократные нарушения пруденциальных нормативов и иных обязательных требований законодательства.

Организации временно запрещено заключать новые договоры микрокредитования и изменять условия действующих договоров, за исключением случаев, предусмотренных законом.

Подробнее: на сайте Агентства