Архив доступен 9 957 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Жатақхана мәселесі жүйелі шешімін тауып келеді: нәтижелер мен жаңа бастамалар

Студенттерді жайлы әрі қауіпсіз жатақханамен қамтамасыз ету – еліміздегі жоғары білім саласының маңызды басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік деңгейде заңнамалық және стратегиялық құжаттармен бекітілген.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін Министрлік бірнеше бағытта жұмыстар жүргізді. Жыл сайын ведомство жатақханаға деген тапшылыққа талдау жүргізіп, студенттердің өңірлер бойынша контингентін зерделеп, әлеуметтік жағдайлары бойынша талдау жүргізеді.

2018-2025 жылдар аралығында 72 мыңнан астам орынға арналған 281 жатақхана пайдалануға берілді. Соның ішінде жоғары оқу орындарының студенттері үшін 51 323 орындық 182 жатақхана, колледж студенттері үшін 20 802 орындық 99 жатақхана ашылды.

Толығырақ: gov.kz

Проблема студенческих общежитий находит системное решение: результаты и новые инициативы

Обеспечение студентов комфортными и безопасными общежитиями является одним из ключевых приоритетов в сфере высшего образования Казахстана. Работа в этом направлении закреплена на государственном уровне и осуществляется в соответствии с законодательными и стратегическими документами.

Для решения вопроса обеспечения студентов местами в общежитиях Министерство реализовало комплекс мер. Ежегодно ведомство проводит анализ потребности в местах, изучает региональное распределение студенческого контингента и оценивает социальное положение обучающихся.

В период с 2018 по 2025 год в эксплуатацию введено 281 общежитие общей вместимостью свыше 72 тысяч мест. Из них для студентов высших учебных заведений открыто 182 общежития на 51 323 места, а для студентов колледжей – 99 общежитий на 20 802 места.

Подробнее: gov.kz

Қазақстанда білім алған индонезиялық түлектер өз әсерлерімен бөлісіп, тегін білім алу мүмкіндігін ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне шынайы алғыстарын білдірді.

Олардың айтуынша, Қазақстандағы студенттік кезең тек кәсіби білім алумен шектелмей, тұлғалық тұрғыдан қалыптасуына, жан-жақты дамуына елеулі ықпал еткен маңызды өмірлік тәжірибе болды. Сондай-ақ олар алдағы уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарын таңдайтын индонезиялық студенттердің қатары арта түсетініне сенім білдіріп, екі ел арасындағы академиялық ынтымақтастықтың кеңеюі Индонезияда білім алуға қызығушылық танытатын қазақстандық жастар үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Выпускники из Индонезии, получившие образование в Казахстане, поделились своими впечатлениями и выразили искреннюю благодарность Правительству Республики Казахстан и Министерству науки и высшего образования за возможность бесплатного обучения.

По их словам, годы учебы в Казахстане стали ценным этапом не только в профессиональном, но и в личностном развитии. Они выразили уверенность, что в будущем все больше индонезийских студентов будут выбирать казахстанские университеты, а академическое сотрудничество между двумя странами будет расширяться, открывая новые возможности и для казахстанской молодежи, заинтересованной в обучении в Индонезии.

Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Рахман қазақстандық тарапқа Индонезия азаматтарының білім алуына қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс білдіріп, министрдің халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға және екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өтті.

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Индонезия в Республике Казахстан и Республике Таджикистан Мохамад Рахман выразил искреннюю признательность казахстанской стороне за создание благоприятных условий для обучения индонезийских граждан, а также отметил личный вклад министра в развитие международного образовательного сотрудничества и укрепление связей между двумя государствами.

Ғылым және жоғары білім министрі Индонезия Елшісімен білім және ғылым саласындағы серіктестікті талқылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Рахманмен екіжақты кездесу өткізіп, еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан индонезиялық студенттермен және түлектермен жүздесті.

Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ еліміздіңжоғары оқу орындарында оқуын сәтті аяқтаған Индонезия Республикасының түлектерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Толығырақ: gov.kz

Министр науки и высшего образования обсудил с послом Индонезии партнерство в области образования и науки

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек провел двустороннюю встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Индонезия в Республике Казахстан и Республике Таджикистан Мохамадом Рахманом, а также встретился с индонезийскими студентами и выпускниками казахстанских высших учебных заведений.

В ходе мероприятия были обсуждены актуальные вопросы двустороннего сотрудничества в области высшего образования и науки, а также состоялась торжественная церемония чествования выпускников из Индонезии, успешно завершивших обучение в высших учебных заведениях Республики Казахстан.

Подробнее: gov.kz

Жас зерттеушілерге жаңа мүмкіндіктер: ШҚТУ-да халықаралық ғылыми-білім беру апталығы өтті

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Германияның Рур университеттері альянсы өкілдерінің қатысуымен «Халықаралық білім беру STEMCamp» атты Халықаралық білім және ғылым апталығы өтті. Альянс құрамына Бохумдағы Рур университеті, Дортмунд техникалық университеті және Дуйсбург-Эссен университеті кіреді. Бұл жоғары оқу орындары халықаралық академиялық ынтымақтастық пен бірлескен ғылыми жобаларды белсенді дамытып келе жатқан Германияның жетекші ғылыми-білім беру орталықтары болып саналады.

Толығырақ: gov.kz

Новые возможности для молодых исследователей: в ВКТУ прошла международная научно-образовательная неделя

В Восточно-Казахстанском техническом университете имени Д.Серикбаева состоялась Международная научно-образовательная неделя «Международный образовательный STEMCamp» с участием представителей Альянса Рурских университетов Германии, в состав которого входят Рурский университет Бохума, Технический университет Дортмунда и Университет Дуйсбург-Эссен. Это ведущие научно-образовательные центры Германии, активно развивающие международное академическое сотрудничество и совместные исследовательские проекты.

Подробнее: gov.kz

Ғылым – қоғам игілігіне: қазақстандық ғалымдардың жаңа әзірлемесі ұшқышсыз технологиялардың әлеуетін арттырады

«Ғылым – қоғам игілігіне» айдары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық ғалымдардың ғылыми жобалары туралы бейнематериалдар легін ұсынады.

Сәтбаев университетінің ғалымдары әуеде ұзақ уақыт жұмыс істеуге арналған біріктірілген ұшқышсыз мультикоптерлік платформаны әзірлеу бойынша ғылыми жобаны сәтті аяқтады. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.

Толығырақ: gov.kz

Наука – во благо общества: новая разработка казахстанских ученых расширит возможности беспилотных технологий

Министерство науки и высшего образования РК представляет серию видеоматериалов о научных проектах казахстанских ученых в рамках рубрики «Наука – во благо общества».

Ученые Satbayev University успешно завершили научный проект по созданию привязной мультикоптерной платформы с кабельным электропитанием, предназначенной для длительной непрерывной работы в воздухе. Проект был реализован при поддержке Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК.

Подробнее: gov.kz

KMG Digital Hackathon 2026: атыраулық студенттер мұнай-газ саласына арналған AI шешімдерін ұсынды

Атырау мұнай және газ университетінде республикалық KMG Digital Hackathon-2026 өтті. Екі күн бойы 20 командадан құралған 80-нен астам қатысушы мұнай-газ саласындағы өндірістік міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық жобалар әзірледі.

Қатысушылар жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау технологияларын пайдалана отырып, «Геология» және «Адами ресурстарды басқару (HR)» бағыттары бойынша өз идеяларын ұсынды.

Толығырақ: gov.kz

KMG Digital Hackathon 2026: атырауские студенты представили AI-решения для нефтегазовой отрасли

В Атырауском университете нефти и газа состоялся республиканский KMG Digital Hackathon 2026. В течение двух дней более 80 участников, объединившихся в 20 команд, разрабатывали инновационные проекты, направленные на решение производственных задач нефтегазовой отрасли.

Используя технологии искусственного интеллекта, машинного обучения и анализа данных, участники представили свои идеи по направлениям «Геология» и «Управление человеческими ресурсами (HR)».

Подробнее: gov.kz

Shakarim University оқытушысы дүниежүзілік рекордтар кітабына енді

Абай облысында қазақтың дәстүрлі ән өнерін халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған мәдени іс-шара өтті. Нәтижесінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, Shakarim University «Өнер» кафедрасының оқытушысы, университеттің Құрметті профессоры Қайрат Қабышев этномәдениет бағыты бойынша Азия мен Африканың дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.

Рекордты тіркеу қорытындысы бойынша өнер иесіне ресми сертификат пен Күміс медаль табысталды. Қайрат Арқашұлы рекорд орнату барысында қазақтың 102 дәстүрлі әнін 5 сағат 29 минут бойы орындады. Рекорд талаптарына сәйкес әр 25 әннен кейін 15 минуттық үзіліс жасау мүмкіндігі қарастырылғанымен, орындаушы бұл құқықты пайдаланған жоқ. Барлық шығармалар нотасыз, мәтінсіз, фонограммасыз және орындаушының өз аспаптық сүйемелдеуімен орындалды.

Толығырақ: gov.kz

Преподаватель Shakarim University включен в мировую книгу рекордов

В области Абай состоялось культурное мероприятие, направленное на продвижение казахского традиционного песенного искусства на международном уровне. По его итогам преподаватель кафедры «Искусство» Shakarim University, Почетный профессор университета, отличник сферы культуры РК Кайрат Кабышев вошел в мировую книгу рекордов Азии и Африки в области этнокультуры.

По результатам регистрации рекорда исполнителю были вручены официальный сертификат и Серебряная медаль. В ходе установления рекорда Кайрат Аркашевич исполнил 102 казахские традиционные песни в течение 5 часов 29 минут. Согласно регламенту после каждых 25 произведений предусматривалась возможность 15-минутного перерыва, однако исполнитель этим правом не воспользовался. Все произведения были исполнены без нот, текстового сопровождения и фонограммы, под собственный инструментальный аккомпанемент.

Подробнее: gov.kz

Қазақстандық жоғары оқу орнының тәжірибесі Бостонда өткен Coursera саммитінде әлемдегі үздік тәжірибелер қатарында таныстырылды

АҚШ-тың Бостон қаласында өткен Coursera-ның «Жоғары білім берудің болашағы» атты саммитінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) әлемдік білім беру қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланды.

Пленарлық отырыс барысында Coursera компаниясының бас директоры Грег Харт IITU-ды онлайн оқытуды білім беру үдерісіне табысты ықпалдастырған әлемдегі жетекші үлгілердің бірі ретінде атап өтті.

Толығырақ: gov.kz

Опыт казахстанского вуза представлен среди лучших мировых практик на Саммите Coursera в Бостоне

На Саммите Coursera «Будущее высшего образования», проходящем в городе Бостон (США), Международный университет информационных технологий (IITU) получил высокое признание со стороны мирового образовательного сообщества.

В ходе пленарной сессии генеральный директор Coursera Грег Харт отметил IITU как один из ведущих мировых примеров успешной интеграции онлайн-обучения в образовательный процесс.

Подробнее: gov.kz

Шымкентте Қорқыт ата университетінің өңіраралық кеңсесі жұмысын бастады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің алғашқы өңіраралық кеңсесі Шымкент қаласында пайдалануға берілді. Кеңсенің негізгі мақсаты – Шымкент қаласы, Түркістан облысы және шекаралас өңірлердегі білім беру ұйымдарымен байланысты нығайту, талапкерлерге кәсіби бағдар беру, бизнес қауымдастықпен серіктестікті дамыту және университеттің білім беру мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру.

Толығырақ: gov.kz

В Шымкенте начал работу межрегиональный офис университета имени Коркыт ата

В городе Шымкент открылся первый межрегиональный офис Кызылординского университета имени Коркыт ата. Основная цель представительства – укрепление связей с образовательными учреждениями Шымкента, Туркестанской области и приграничных регионов, профориентация абитуриентов, развитие партнерства с бизнес-сообществом и широкое освещение образовательных возможностей университета.

Подробнее: gov.kz

Правительство в 2025 году продолжило развитие промышленности и цифровизации

В 2025 году Правительство продолжило реализацию проектов в промышленности, транспорте, энергетике, цифровизации и глубокой переработке. В числе ключевых направлений – развитие автомобилестроения, искусственного интеллекта и технологической экосистемы. Об этом заявил Министр финансов Мади Такиев в ходе выступления на пленарном заседании Мажилиса.

«Правительство продолжает работу по развитию промышленности, транспорта, энергетики, цифровизации и глубокой переработки. В автомобилестроении запущены два крупных автозавода: завод KIA в Костанайской области и мультибрендовый завод «Астана Моторс» в городе Алматы. Ежегодный выпуск 160 тыс. автомобилей позволит существенно развить эту отрасль»

— сказал Мади Такиев.

В сфере цифровизации и искусственного интеллекта открыт Международный центр искусственного интеллекта Alem.AI. В рамках концепции центра планируется подготовка тысячи специалистов в области ИИ, а также поддержка сотен стартапов и десятков исследовательских проектов ежегодно.

«На базе 20 вузов начата подготовка специалистов по искусственному интеллекту. Внедрена отдельная квота по программе «Болашак». Astana Hub продолжает развиваться как площадка для технологических компаний и стартапов. В нем зарегистрировано более 2 200 IT-компаний, в том числе более 500 компаний с иностранным участием»

— отметил министр финансов.

@KZgovernment

Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп пен цифрландыруды дамытуды жалғастырды

Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Негізгі бағыттардың бірі – автомобиль жасау, жасанды интеллект және технологиялық экожүйені дамыту. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

«Үкімет өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Автомобиль жасау саласында, Қостанай облысындағы KIA зауыты және Алматы қаласындағы «Астана Моторс» мультибренд зауыты іске қосылды. Жалпы, жыл сайын шығарып отырған 160 мың автомобиль, бұл саланы едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді»

— деді Мәди Такиев.

Цифрландыру және жасанды интеллект саласында Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Alem.AI тұжырымдамасы шеңберінде Жасанды интеллект саласында мыңдаған мамандар даярлау, жыл сайын жүздеген стартаптар мен ондаған зерттеу жобаларын қолдау жоспарланып отыр.

«20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталса, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілді. Astana Hub – технологиялық компаниялар мен стартаптарға арналған алаң ретінде дамуын жалғастыруда. Онда 2 200-ден астам IT-компания, оның ішінде 500-ден астам шетелдік компаниялар тіркелген»

— деді қаржы министрі.

@KZgovernment

Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды

Жарлықтың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Главой государства подписан Указ «Об утверждении Общенациональной стратегии масштабной цифровизации и тотального внедрения технологий искусственного интеллекта «Digital Qazaqstan» до 2029 года»

Текст Указа публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті.

Басқосу барысында білім мен ғылым саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалып, бірлескен жобаларды іске асыру тетіктері талқыланды.

Кездесу түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға серпін берді.

В городе Туркестан состоялось IX заседание министров образования государств – членов Организации тюркских государств.

В ходе встречи были определены приоритетные направления многостороннего сотрудничества в сфере образования и науки, а также обсуждены механизмы реализации совместных проектов.

Заседание придало новый импульс дальнейшему укреплению стратегического партнерства между тюркскими государствами.

Қазақстандағы инженерлік білімнің болашағы: талқылаудан нақты шешімдерге дейін

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында «Болашақ инженерлік білім: ұлттық модельді дамыту және енгізу» атты республикалық стратегиялық сессия және «Инженерлер даярлаудағы дуалды білім беру: құзыреттерден өндірістік шешімдерге дейін» тақырыбындағы халықаралық DualEdu Forum сараптамалық платформасы өтті.

Технологиялық дамудың қарқынды үдеуі, экономиканың цифрлық трансформациясы және жоғары білікті инженер кадрларға деген сұраныстың артуы жағдайында инженерлік білім беруді жаңғырту мәселесі елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды факторына айналып отыр. Стратегиялық сессия мен халықаралық форум жұмысы дәл осы өзекті мәселелерге арналды.

Толығырақ: gov.kz

Будущее инженерного образования Казахстана: от обсуждения к практическим решениям

Республиканская стратегическая сессия «Инженерное образование будущего: развитие и внедрение национальной модели» и Международная экспертная платформа DualEdu Forum «Дуальное образование в инженерной подготовке: от компетенций к индустриальным решениям» прошли на базе Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева

В условиях стремительного технологического развития, цифровой трансформации экономики и растущей потребности в высококвалифицированных инженерных кадрах вопросы модернизации инженерного образования становятся стратегически важными для обеспечения конкурентоспособности страны. Именно этим вопросам были посвящены работа стратегической сессии и международного форума.

Подробнее: gov.kz

Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев түркі әлемінің бірыңғай білім кеңістігін қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде дипломдарды өзара тану, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу тетіктерін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді дамыту және зерттеу қызметін қаржыландырудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

«Бүгінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткіздік. Дегенмен жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты, студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын одан әрі дамыту қажет. Бұл ортақ тарихи тамырымыз бен бай мәдени мұрамызға негізделген ортақ бірегейлікті қалыптастыру үшін аса маңызды», - деп атап өтті Эмин Амруллаев.

Министр сондай-ақ Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді. Ол екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы белсенді өзара іс-қимылды, бірлескен жобалардың жүзеге асырылып жатқанын және академиялық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін білім көрмелерінің тұрақты ұйымдастырылатынын атап өтті.

Министр науки и образования Азербайджанской Республики Эмин Амруллаев отметил важность совместной работы по формированию единого образовательного пространства тюркского мира. По его словам, сегодня особое внимание уделяется взаимному признанию дипломов, совершенствованию механизмов аккредитации образовательных программ, развитию научных исследований и созданию новых подходов к финансированию исследовательской деятельности.

«У нас уже есть определенные достижения, однако необходимо и дальше развивать сотрудничество в сфере высшего образования, академической мобильности студентов и ученых. Это имеет важное значение для формирования общей идентичности, основанной на наших исторических корнях и богатом культурном наследии», - подчеркнул Эмин Амруллаев.

Министр также высоко оценил уровень сотрудничества между Азербайджаном и Казахстаном в образовательной сфере. Он отметил активное взаимодействие высших учебных заведений двух стран, реализацию совместных проектов и проведение образовательных выставок, способствующих расширению академических связей.

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жастардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау және олардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттердің стратегиялық басымдықтарының қатарында. Осы тұрғыда елдер арасындағы тәжірибе алмасу жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және кадрлар даярлау деңгейін жетілдіруге елеулі ықпал етеді.

Сондай-ақ ол Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту ортақ білім беру кеңістігін қалыптастыруға және жастардың академиялық ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Генеральный секретарь Организации тюркских государств Кубанычбек Омуралиев отметил, что развитие сотрудничества в сферах образования и науки в рамках Организации тюркских государств является одним из важных направлений взаимодействия между странами-участницами.

По его словам, обеспечение молодежи качественным образованием и расширение доступа к образовательным возможностям остаются стратегическими приоритетами государств. В этой связи обмен опытом, лучшими практиками и передовыми подходами между странами способствует повышению качества высшего образования, развитию научно-исследовательской деятельности и совершенствованию системы подготовки квалифицированных кадров.

Он также подчеркнул, что укрепление сотрудничества между государствами-членами Организации тюркских государств создает благоприятные условия для формирования общего образовательного пространства, расширения академической мобильности студентов и преподавателей, а также реализации совместных научных и образовательных проектов.

Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев түркі әлемі елдерінің білім беру және ғылыми мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бірлескен жұмыстың маңызды бағыты болып қала беретінін атап өтті.

«Орхун» бағдарламасының жұмысын жандандыру, студенттер мен оқытушылар алмасуын кеңейту, сондай-ақ жоғары оқу орындарын Түркі әлемі университеттерінің лигасына біріктіретін құрылым құру жөнінде ұсыныстар енгізілді. Бұл қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерінің тиімділігін арттырып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін өте маңызды шаралар», - деді ол.

Оның айтуынша, отырыс барысында университеттер арасындағы байланысты нығайтуда және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруда маңызды рөл атқаратын «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Түркі академиясының президенті қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында түркі мемлекеттерінің ортақ білім беру кеңістігін дамыту стратегиялық маңызға ие екенін де атап өтті.

«Білім беру саласының маңызы айрықша әрі шешуші. Өйткені бұл – түркі мемлекеттерінің жас ұрпағын тәрбиелейтін маңызды орта. Білім беру жүйелеріміздің, оқу бағдарламаларымыздың жақындасуы және ғылыми ынтымақтастықтың дамуы елдер арасындағы өзара түсіністік пен серіктестікті одан әрі нығайтудың берік негізін қалайды», - деді ол.

Президент Тюркской академии Шахин Мустафаев отметил, что важным направлением совместной работы остается совершенствование механизмов взаимодействия между образовательными и научными учреждениями стран тюркского мира.

«Внесены предложения по активизации программы «Орхун», расширению обмена студентами и преподавателями, а также созданию структуры, объединяющей наши вузы в Лигу университетов тюркского мира. Это очень важные меры, которые позволят сделать существующие механизмы сотрудничества более функциональными», - подчеркнул Шахин Мустафаев.

По его словам, особое внимание в ходе заседания уделяется развитию программы академической мобильности «Орхун», которая играет ключевую роль в укреплении связей между университетами и повышении мобильности студентов и преподавателей.

Президент Тюркской академии также отметил, что развитие образовательного пространства тюркских государств имеет стратегическое значение в условиях современных глобальных вызовов.

«Сфера образования имеет исключительное и ключевое значение, потому что это школа воспитания молодых поколений наших тюркских государств. Сближение наших систем образования, учебных программ и развитие научного сотрудничества создают прочную основу для дальнейшего укрепления взаимопонимания и партнерства между нашими странами», - отметил он.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің IX отырысында түркі елдері арасында жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, бүгінде түркі мемлекеттерінде жастар саны қарқынды өсіп, жоғары білімге сұраныс артып келеді. Осыған байланысты білім беру жүйелерін жақындастыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және дипломдарды өзара тану бағытындағы жұмыстар күшейтілмек.

«Әлемде жоғары білім беру кеңістігін интеграциялау үдерістері қарқынды жүріп жатыр. Еуропадағы Болон процесі соның жарқын мысалы. Енді осындай ықпалдастықты Түркі мемлекеттері ұйымы аясында дамытуға мүмкіндік бар», - деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, кездесуде жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды шешім қабылданды. Атап айтқанда, «Орхун» стипендиялық бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын кеңейту, сондай-ақ жас ғалымдарға ғылыми тағылымдамалар мен бірлескен зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерін арттыру көзделіп отыр.

Министр бұл бастамалар түркі елдерінің ғылыми-білім беру кеңістігін нығайтып, адами капиталды дамытуға жаңа серпін беретінін атап өтті.

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек отметил, что на IX заседании министров образования государств – членов Организации тюркских государств, прошедшем в городе Туркестан, был дан старт новому этапу сотрудничества тюркских стран в сфере высшего образования и науки.

По словам министра, сегодня в тюркских государствах наблюдается высокий демографический рост и увеличивается число молодых людей, что способствует повышению спроса на высшее образование. В этой связи планируется активизировать работу по сближению образовательных систем, развитию академической мобильности и взаимному признанию дипломов.

«Во всем мире активно развиваются процессы интеграции в сфере высшего образования. Ярким примером этого является Болонский процесс в Европе. Сегодня у нас есть возможность развивать подобное сотрудничество и в рамках Организации тюркских государств», - отметил Саясат Нурбек.

Он подчеркнул, что в ходе встречи был принят ряд важных решений, направленных на углубление взаимодействия в сфере высшего образования и науки. В частности, предусматривается расширение академического обмена студентов и преподавателей в рамках стипендиальной программы «Орхун», а также создание дополнительных возможностей для молодых ученых по прохождению научных стажировок и участию в совместных исследовательских проектах.

Министр отметил, что данные инициативы будут способствовать укреплению общего научно-образовательного пространства тюркских государств и придадут новый импульс развитию человеческого капитала.

Қазақстандық студенттер «Эко-заковат» халықаралық байқауында күміс жүлдеге ие болды

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өткен халықаралық «Эко-заковат» экологиялық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді.

Халықаралық байқау 6-9 маусым аралығында ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан мемлекеттерінен және Өзбекстан Республикасының барлық өңірлерінен келген жастар командалары қатысты. Байқау барысында қатысушылар экология, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша білімдері мен кәсіби даярлықтарын көрсетті. Сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.

Толығырақ: gov.kz

Казахстанские студенты завоевали серебро на международном конкурсе «Эко-заковат»

Студенты Карагандинского национального исследовательского университета имени академика Е.А.Букетова заняли второе место на международном экологическом конкурсе «Эко-заковат», который прошел в городе Самарканд Республики Узбекистан.

Международный конкурс состоялся с 6 по 9 июня. В мероприятии приняли участие молодежные команды из Казахстана, Кыргызстана, Таджикистана, Туркменистана, Азербайджана, а также всех регионов Республики Узбекистан. В ходе конкурса участники продемонстрировали свои знания и профессиональную подготовку в области экологии, охраны окружающей среды, устойчивого развития, рационального использования природных ресурсов и изменения климата. Кроме того, были обсуждены актуальные вопросы обеспечения экологической безопасности и достижения целей устойчивого развития.

Подробнее: gov.kz