Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан халықаралық деңгейдегі «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясының қызметімен танысты.
Мемлекет басшысы еліміздің әр түкпірінен жиналған 116 бала жаттығып жатқан академияның жатақханасы мен FIFA талаптарына сай келетін футбол алаңын аралап көрді. Испандық бапкерлердің іріктеуінен өткен жас футболшылар үшін мұнда толыққанды оқу мен жаттығуға барлық жағдай жасалған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа академияның инфрақұрылымын кеңейту жоспары таныстырылды. Алдағы уақытта екі ашық футбол алаңын, 500 орындық жабық манеж бен жаңа әкімшілік ғимарат салу көзделіп отыр.
Іс-шараға Испанияның Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, «Атлетико Мадрид» клубының өкілі Давид Вилья және академияның халықаралық даму жөніндегі директорының орынбасары Мария Тереса Кириви қатысты.
t.me/insports_kz арнасына