Архив доступен 698 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Какая разница, где покупать смартфон? Большая разница!

Купите смартфон и получите до 300 000 тенге на карту

Кешбэк за покупки до 37%

только до конца декабря!

Успей получить "Большую Разницу" сейчас!

Купить

реклама

fmobile.kz

Какая разница, где покупать смартфон? Большая разница!

Купите смартфон и получите до 300 000 тенге на карту

Кешбэк за покупки до 37%

только до конца декабря!

Успей получить "Большую Разницу" сейчас!

Купить

реклама

fmobile.kz

Русский сервер FPS-шутера CrossFire

Новый Русский Crossfire

Зарегистрироваться

реклама 16+

rpogaming.ru

Жанымды тыншытпайды сезім деген

Қалай жүр, япырау, төзіп денем?!

Қаншама күндер өтті дамылдамай

Қаншама түндер өтті көз ілмеген

Білмеймін, не іздейді сезім менен?!

Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы

Белгісіз, қайда апарып соқтырары.

He, сезім, мені бір күн от қылады

He, сезім, мені бір күн жоқ қылады!..

Қаншама көлденеңнен өтті қарғып

Әлемге әмір беріп, етті жарлық.

Ғаламдық заңдылықты мойындамай

Жүргені, барды жоқ қып.

Жоқты бар ғып.

...Адамның сезімінен сезіктенбе

Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.

Ақыл менен парасат бұғынады

Шынайы шын сезімге кезіккенде...

шай және искусство 18+

қайырлы таң!)

Calista Luxury Resort

Днём - море и бассейны, вечером - шоу и живая музыка.

Много пространства, спокойный premium-сервис, комфорт для семей.

Напишите в Telegram - подберём ваш вариант отдыха в Calista.

Написать в Telegram

реклама 16+

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!

Жылы, тәтті у тарады қаныма.

Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін

Патша тағы, бүкіл дүние малына.

Құшақтатып нәзік талдай беліңнен

Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.

Бой шымырлап, талықсиды жүрегім

Балқып денем, барам еріп деміңнен.

Кір қойныма, қыпша белің бұралып

Тарқат шашың, жатсын жібек оралып.

Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс

Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып.

махаббатхочу

шай және искусство 18+

BestCHANGE: канал о криптовалютах и обмене

BestChange — канал о том, как найти выгодный курс обмена электронных валют. Новости...

Узнать больше

реклама 16+

Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді.

Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.

Құштарлық - махаббат хабаршысы.

Құштарлықты көз айтып, тілекті тіл түсіндіреді.

Жүрегін махаббат мекендесе, ең сабырлы деген адамның өзі ересен мырза боп кетеді.

Әдемі әйелдің әлегі көп.

Сұлу әйел сорға бітеді.

Көрікті әйелдің күйеуінің көңілінен күдік арылмайды.

Сұлуға сұқтанушы көп.

Сорлының әйелі сұлу болады

шай және искусство 18+

Тым ащы айтсам, кейіме

ісінбей кет.

Тым тәтті айтсам мән берме

түсінбей кет.

Тәтті сөзден - ақыл, ой ауырады

тәтті жеген сәбидің тісіндей боп.

Тек тәтті сөз емес қой сүйікті етер

бәрін тәтті айта алман иіп бекер.

Тәттіге ылғи үйренсе таңдай байғұс

ащы татып бір күні күйіп кетер.

Пәк көңілге

бет-жүзге қарамай түк

ащы сөзді кейде мен қалам айтып.

Кезің болсын ол сенің ащы аңсаған

кезің болсын тәттіні қаламайтын.

Өкпелемен

мен емес "таза" жендет

тұзды сөзбен ойым жоқ жаза бермек.

Асыл жанның өзі де - бір жарақат

жарақатты ащымен жазады емдеп.

Жұмекен Нәжімеденов

шай және искусство 18+

— Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың? Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?

Абайша

шай және искусство 18+

Ойлы әлемнің әйелдерсіз күні бар ма көктеген

Әйтсе де мен әйелге ұқсас еркектерді жек көрем!

Еркектерге еліктеген әйелдің де аз табары

Иә, әр жыныс өз мінезін сақтауымен бағалы.

Жігіт жігіт санала ма бұғып жүрсе тасаңда

Өз пікірі жоқ еркектен қорқу керек қашанда!

Қанаттыны кері тартып, табандап

Ұшар кезде ұша алмайтын шабандап

Өз пікірі жоқ еркектер ел басқарса, не болмақ?!

Тоқтамайды еркектер мен телпектердің жарысы

Ойлан, қалқам, еркекті еркек етіп келген – намысы

шай және искусство 18+

Қ17. Ұят болсада айтайын маған гей ұлдар ұнайды, және болашақ күйеуім гей болса ғой деп тілеймін. Қазақстанда кәзір осы гей лгбт деген ге шектеу қойып тастады менің ойымша бұл дұрыс емес. Бұл жолға адамдар еріккеннен түспейді, мысалы мен бір оқиғаны білемін, и лучше айтып берейін естігенімді

“Бір еркек балалар үйінде өседі сол балалар үйінде күзетші бір апай бар, сол апай жанағы кішкентай баланы далее

Сол кезгі нән тракторды екі артқы дөңгелегінен көтеріп, жүргізбей қоятын, 15—20 еркек жабылып майыстыра алмайтын ұзынша жуан темірді мойнына галстук етіп орай салатын, күш өрісін әлі күнге дейін бірде-бір қазақ қайталай алмаған, құлагер рухты даламыздың ұлы палуаны Қажымұқан біздің үйге келгенде, әкем өзінің бес жасар перзентіне, яғни маған сауын етіп отырған жалғыз ешкіні атып ұрып, ауыл қарияларын түгел жинап, қонақасы берді.

Тым ерке әрі тентектеу болғандықтан ба, төрде жамбастап жатқан, 215 килолық «тay адам» — Қажымұқанның үстіне шығып сырғанақ ойнағаным есімде. Сонда бетінен оты шыға ұялып, «Түс, ойбай, мұның не?» — деп ренжіген анама Қажекең «Баланың батыл қиялына тосқауыл болмалық» деп, менің қимыл-харекетімді денесіне шыбын қонған құрлы көрмей, кеңк-кеңк күліп, ауыл қарияларымен әңгімесін жалғай бергені санамда тасқа басылғандай жазылып қалыпты.

Кешкілік Қажымұқанды шығарып салған соң, әкем анама ризалықпен бұрылып: «Басқа әйел болса, жалғыз ұлға талшық етіп отырған ешкіні сойғаның қалай?» — деп қарсыла-сар еді. Кез келген пенде айта алатын сол сөздің сенің аузыңнан шықпағанына бақыттымын. Елдегі ізгі даралықты мойындамаған адамның бәрі де өз ұлтының өсуіне кедергі келтіреді», — деді.

естелік

шай және искусство 18+

Қайда, қайда көңіл сырын көзден ұғар нәзіктік?

Үш өлшем бар

Биіктік пен тереңдік, кеңдік яки жазықтық.

Бұл үшеуін бағаламау көзсіздік һәм кереңдік.

Ал түсінбеу...

бақытсыздық болар ол.

Иә, адамдық қатынаста жоқ әлі де сара жол.

Оңай емес

оңай емес бұл егес

Қашан болсын бірлік жолы бұрыстау.

Керек десең, түсінбестік — кінә емес

Қылмыспен тең — түсінуге тырыспау.

шай және искусство 18+

«Қырғи жолдас бола алмайды кептермен

Себебі ол кептер етін жеп көрген.

Қой қоралас бола алмайды қасқырмен

Қасқырдан ол көресіні көп көрген.

Көбелектер бірге ұшпайды кептермен

Кептерлер де көбелекті жек көрген.

Мьісықтармен ойнамайды тышқандар

Ойнаймын деп омақасып текке өлген.

Тіршілікте тамақты кім жек көрген.

Қу тіршілік соныменен шектелген.

Қыбыр тауып, торғай жұтқан жыланды

Ебін тауып, құмырсқалар бөктерген»

Дейтін еді

Дейтін еді қарт ақын

Өзгелерге кінәні көп артатын

Оңашада шарап ішіп екеуміз

Өзі менен шылым сұрап тартатын.

шай және искусство 18+

Сұлулықты сезінуден қалған жан

Бәрінен де қалады.

Жер бетінде жел өшірген із аз ба

Жігерсіздің өрісі әркез тар болған.

Отызында кемпір болған қыз аз ба

Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?!

Кім жас

Кім қарт

Уақыт өзі іріктер

Ер көбейсін ат қып мінер қиялды.

Қарттық - оттың азаюы

оты азайған жігіттер

Қай кездеде коғам үшін зиянды.

Бақыттысың әр таң сайын көзіңді

Сұлулыққа суарудан қашпасаң.

Қартайдым деп алдай көрме өзіңді

Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан.

шай және искусство 18+