ұқыппен жасау
ұқыптап жасау
Сообщений: 30 с 2026 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
ұқыппен жасау
ұқыптап жасау
журналиске оқу
учиться на
журналистің оқуын оқу
Ғимараттың лифтісімен үстіге шығып бара жатырғанда ешқандай ақаулық орын алмайды деп күтілген кезде, тосын оқиға туындап қалса, ол техникалық ескерілмеушіліктердің салдарлары болып табылады.
… күшіне енгені құтты болсын!
Бұқаралық жүгіріс.
Бұқаралық. Цундын бе? БҰҚАРАЛЫҚ.
69 мың
БАҚ қызметкерлері күнімен!
Сізді де!
сегіз апаттық шығу есіктері
Қазақ тілінің осы ережесі біртіндеп әдіре қалды, иә?
жолаушыларды 08 есігіне шығуды сұраймыз
просим кого? пассажиров
сұрау етістігі мына мағынада шығыс септікті меңгереді
қыздыру кезінде
при нагревании
қыздырғанда
ең ыстық күндерде
ең ыстық күндері
Ербол өзінің физикаға әуестігінің зор болғанын айтады.
Қыз кассаның неліктен уақытша жұмыс істемей тұрғанын түсіндіреді.
Мектеп бізге осылай сөйлем құратып, осылай сөйлем талдатады-ау деймін. Бастауыш, баяндауыш, ортасындағы түгел күрделі тура толықтауыш десе жақсы, көбіне ана жерде ілік бар ма, демек, анықтауыш, одан кейін пысықтауыш тұр, одан кейін толықтауыш деп түсіндіреді. Тұрлаусыз мүшелерді ажыратуды үйренсін деп, соған қатты мән бере ме екен...
Оның салдары — журналистер ілігін, Назгүл "бүлігін" қоймайтын болды)
Ербол физикаға әуестігі зор болғанын/Қыз касса неге жұмыс істемей тұрғанын
Сосын журналистер "ілікті жалғауға да болады, жалғамауға да болады" деген ережені бір жерден оқыпты-мыс. Негізінде, матасу деген сабақ түсіндірілгенде "мекеме ғимараты" деген сияқты тіркестерде ілік жасырын тұр дейтін болар, ол тек соған қатысты. Түсіп қалатын жері бар, түсіп қалмайтын да жері бар
Жаңа ғана қылмыс орнына келдік
Жаңа ғана болған қылмыстың орнына келдік
Орысша “почти” алда тұрғанымен, қазақшада “дерлік” соңынан тұрады.
Назгүл - дерлік ақылды адам
Назгуль почти умная
Назгүл - ақылды дерлік адам
Бәленбай ғасыр өткеннен кейін біреу мұрағаттан Qazsport комментаторының "Колумбия — Мексикаға дерлік көрші ел" дегенін тауып алып, "міне, көрдіңдер ме, байырғы қазақтар осылай депті, демек, дұрысы — сол" деуі әбден мүмкін ғой, иә?!)
география да, лексика-грамматика да әдірем қалды-ау, номиналдыалаңиелеріңніңаузынассс
Текст материала отсутствует.
шара қабылдаймын
приму меры
шара қыламын / жасаймын, амал қыламын, қарап отырмаймын, қарап қалмаймын
таяқпен жүреді
с палкой
таяқ ұстап/таянып жүреді
Көмектес септік деген - әуелде жап-жақсы өз тірлігі бар, бақшада өсіп тұратын шөп еді.
Бөтен споралар қосылып, гені түрленіп, арамшөпке айналып кетті.
концерттік маусым
концертный сезон
Концертный сезон - это сезон концертов
концерт маусымы
ный болғанның бәрі -ты-ті-ды-ді-лы-лі бола бермейтініне "көзтүрткі" мысал
бұлшықетті атрофия (бұлшық еттерлі десеңіз де өз еркіңізде)
мышечная атрофия
ну атрофияның қай жеріне бұлшықеті (ой, кешіріңіздер, бұлшық еттері) бар деп ойлайсыз?
мышечная атрофия - есть ни что иное, как атрофия мышц
бұлшықет (ой, кешіріңіздер, бұлшық еттер) атрофиясы
Осыдан кейін, садағаң ғана кетейін аудармашы, редактор, ғалым, мұғалім, оқулық жазушы, корректор, тағы қолында қаламы, тышқаны, клавиатурасы, әйтеуір мәтін енгізетін кез келген құралы бар креатор, автормын дейтін адам, құдай үшін, ный болғанның бәрі -ты-ті-ды-ді-лы-лі деп ұра салардың алдында, сәәәәәәәл ғана, "а бұл не еді өзі" деп ойлана салшы. Қиын нәрсе емес.
бәрі үшін шүкір
бәріне шүкір