Архив доступен 279 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ

Маркетинг және PR департаментінің директоры Нұрлан Берікұлы аймақтық «Бірінші Қарағанды» телеарнасының «BAGYT» бағдарламасының кезекті шығарылымында техникалық мамандықтарға даярлаудың өзектілігі тақырыбында сұхбат берді.

Эфир барысында инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың маңызы, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, талапкерлерге ұсынылатын мүмкіндіктер және техникалық білімнің ел дамуына қосатын үлесі туралы айтылды.

Сондай-ақ, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, халықаралық мүмкіндіктер және студенттерге жасалған қолайлы жағдайлар жөнінде кеңінен сөз қозғалды.

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ

«Студенттер жарады»

Saginov Technical University-дің футзал құрамасы Республикалық студенттік спорт лигасының күміс жүлдегері атанды.

Студенттерімізді жарқын жетістігімен құттықтаймыз!

Толығырақ: https://arqaaqshamy.kz/studentter-zharady/

2026 жылғы 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қарағанды қаласындағы болашақ «Жасыл парк» экопаркының аумағында экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық бастамаларды қолдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Мехтиев Али Джаванширович — Басқарма мүшесі – Ғылым және инновация жөніндегі проректор қоршаған ортаны қорғау саласына қосқан үлесі, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамалары және экология бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытудағы еңбегі үшін Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл марапат экологиялық ағартуды дамытуға, ғылыми және инновациялық жобаларды қолдауға, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жоғары бағаланғанын көрсетеді.

Saginov Technical University ұжымы Мехтиев Али Джаваншировичті лайықты марапатымен құттықтап, ғылыми, инновациялық және экологиялық бастамаларды жүзеге асыру жолында жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейді!

Проректор Saginov Technical University награжден Благодарственным письмом акима Карагандинской области

5 июня 2026 года, во Всемирный день охраны окружающей среды, на территории будущего экопарка «Жасыл парк» в городе Караганде состоялось торжественное мероприятие, посвященное развитию экологической культуры, охране окружающей среды и поддержке экологических инициатив.

В ходе мероприятия Мехтиев Али Джаванширович — Член Правления — Проректор по науке и инновациям был награжден Благодарственным письмом акима Карагандинской области за значительный вклад в охрану окружающей среды, реализацию инициатив по формированию экологической культуры и развитие научно-исследовательской деятельности в сфере экологии.

Данная награда является признанием высокой эффективности системной работы, направленной на развитие экологического просвещения, поддержку научных и инновационных проектов, а также формирование ответственного отношения к окружающей среде.

Коллектив Saginov Technical University поздравляет Али Джаваншировича Мехтиева с заслуженной наградой и желает дальнейших успехов, новых достижений и реализации значимых научных, инновационных и экологических проектов!

Saginov Technical University проректоры Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ

Ермеков есімі ұлықталды

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Saginov Technical University-де «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткері, қазақтың тұңғыш профессор-математигі, қоғам және мемлекет қайраткері Әлімхан Ермековтің 135 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Әлімхан Ермековтің қоғамдық-саяси қызметі, қазақ жерінің тұтастығын сақтаудағы тарихи рөлі, ғылым мен білім саласына қосқан үлесі жан-жақты талқыланды.

Дөңгелек үстелде ғалымдар, оқытушылар мен зерттеушілер тарихи тұлғаның мұрасы мен оның тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны туралы мазмұнды баяндамалар жасады.

Толығырақ: https://arqaaqshamy.kz/ermekov-esimi-ly-t

3. Конституционный закон «О Қазақстан Халық Кеңесі»

Конституционный закон определяет правовой статус, полномочия, порядок образования, формирования состава и организации деятельности Қазақстан Халық Кеңесі.

Қазақстан Халық Кеңесі является высшим консультативным органом. Создается в целях обеспечения общенационального диалога и участия гражданского общества в формировании внутренней политики страны, обладает широким спектром полномочий, в том числе законодательной инициативной и правом инициировать проведение всенародного референдума.

Состав формируется из граждан Республики Казахстан на паритетной основе по 42 человека от этнокультурных объединений, общественных объединений, а также от маслихатов и общественных советов столицы, областей и городов республиканского значения и утверждается Президентом Республики Казахстан.

Руководство Қазақстан Халық Кеңесі осуществляет Председатель. Срок полномочий Халық Кеңесі 4 года.

4. Конституционный закон «О статусе столицы Республики Казахстан»

Конституционный закон регулирует общественные отношения в области функционирования столицы, определяет правовые, экономические и организационные основы ее деятельности.

Документ четко разграничивает полномочия маслихата, органов местного самоуправления и местного исполнительного органа под руководством Акима города.

Закон устанавливает обязательные требования к единому архитектурному облику и дизайн-коду города, а также закрепляет полномочия подведомственных организаций по жизнеобеспечению и инфраструктурному развитию столицы.

5. Конституционный закон «Об административно-территориальном устройстве»

Конституционный закон определяет порядок образования и упразднения административно-территориальных единиц, установления и изменения их границ, учета и регистрации, наименования и переименования административно-территориальных единиц.

Целью государственного регулирования общественных отношений в административно-территориальном устройстве является обеспечение рациональной территориальной организации Республики Казахстан для эффективного государственного управления.

t.me/aqorda_resmi

Главой государства подписаны конституционные законы в целях реализации положений Конституции, принятой 15 марта 2026 года

1. Конституционный закон «О Президенте Республики Казахстан»

Закон определяет правовое положение, полномочия и порядок обеспечения деятельности Президента и правовое положение Вице-Президента РК.

Ключевой новеллой закона стало учреждение института Вице-Президента. По поручению Главы государства Вице-Президент представляет его интересы при взаимодействии с госорганами и выполняет функции, определенные Президентом.

2. Конституционный закон «О Курултае Республики Казахстан и статусе его депутатов»

Конституционный закон определяет организацию и деятельность Курултая, законодательный процесс и другие формы осуществления полномочий Курултая, правовое положение его депутатов.

Курултай является высшим представительным органом, осуществляющим законодательную власть.

Курултай состоит из 145 депутатов, избираемых по партийным спискам. Срок полномочий депутатов Курултая – 5 лет.

Возглавляет орган Председатель, избираемый из числа депутатов, свободно владеющих государственным языком, тайным голосованием, большинством голосов.

Законом определен широкий круг полномочий Курултая, в том числе по даче согласия на назначение Вице-Президента, Премьер-Министра, судей Конституционного Суда, членов Центральной избирательной комиссии, Высшей аудиторской палаты, по избранию и освобождению от должностей по представлению Президента Республики Казахстан судей Верховного Суда, лишению неприкосновенности судей Конституционного Суда, судей Верховного Суда; по назначению выборов Президента, по утверждению отчетов Правительства и Высшей аудиторской палаты об исполнении республиканского бюджета.

t.me/aqorda_resmi

3. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңы

Конституциялық заң Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесін, өкілеттігін, құрылу тәртібін, құрамын қалыптастыруды және қызметін ұйымдастыруды белгілейді.

Қазақстан Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган саналады. Жалпыхалықтық диалогты және азаматтық қоғамның елдегі ішкі саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Кең ауқымдағы өкілеттікке, соның ішінде заңнамалық бастама көтеруге және жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынуға құқығы бар.

Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.

Кеңес құрамында тепе-теңдік қағидаты негізінде этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан 42 адамнан өкілдік етеді, оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Халық Кеңесіне Төраға басшылық жасайды. Халық Кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл.

4. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» конституциялық заңы

Конституциялық заң астананың жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

Құжатта мәслихаттың, жергілікті өзін өзі басқару органының және қала әкімі жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органның өкілеттіктері нақты белгіленген.

Заң шаһардың бірыңғай сәулеттік келбеті мен дизайн кодына қойылатын міндетті талаптарды айқындайды, сондай-ақ елорда тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілеттіктерін бекітеді.

5. «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» конституциялық заң

Конституциялық заң әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, әкімшілік-аумақтық бірліктерді есепке алу және тіркеу, атаулар беру мен атауларды өзгерту тәртібін айқындайды.

Әкімшілік-аумақтық құрылымдағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты – тиімді мемлекеттік басқару үшін Қазақстан Республикасының ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды

1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңы

Заң Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

Заңның басты жаңалығы – Вице-Президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды.

2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңы

Конституциялық заң Құрылтайды ұйымдастыру мен оның қызметін, заң шығару процесін және Құрылтайдың өкілеттіктерін жүзеге асырудың өзге де нысандарын, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін белгілейді.

Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган.

Құрылтай партиялық тізім бойынша сайланған 145 депутаттан тұрады. Құрылтай депутатының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл.

Органды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланатын Төраға басқарады.

Заңда Құрылтай өкілеттіктерінің кең ауқымы, соның ішінде Вице-Президентті, Премьер-Министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім беру, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың судьяларын қолсұғылмаушылық құқынан айыру, Президент сайлауын тағайындау, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін бекіту айқындалады.

t.me/aqorda_resmi

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Бұл атаулы күн 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген. Аталған күннің басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Таза ауа, мөлдір су, жасыл табиғат – келер ұрпаққа аманат.

Қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты бірге қорғайық!

——————————————————

5 июня — Всемирный день охраны окружающей среды

Этот день был учреждён решением Генеральной Ассамблеи ООН в 1972 году. Его главная цель — привлечь внимание общества к вопросам охраны окружающей среды и формированию экологической культуры.

Забота о природе — общая ответственность каждого из нас.

Чистый воздух, прозрачная вода и зелёная природа — бесценное наследие, которое мы должны сохранить для будущих поколений.

Проявляйте бережное отношение к окружающей среде и вместе сохраняйте природу!

Поддержка науки и молодых ученых

Также в стране сформирована комплексная система поддержки молодых ученых, охватывающая подготовку научных кадров, финансирование исследований, международные стажировки и решение социальных вопросов. Принимаемые меры направлены на привлечение молодежи в науку, создание условий для проведения исследований и формирование нового поколения высококвалифицированных специалистов.

Для подготовки научных кадров ежегодно расширяются возможности получения послевузовского образования. На 2025–2026 учебный год на подготовку докторантов выделено 2919 образовательных грантов. Дополнительно по механизму индустриального PhD предусмотрено 110 грантов для подготовки специалистов по приоритетным направлениям экономики.

Продолжает действовать программа грантового финансирования «Жас ғалым», в рамках которой ежегодно выделяется тысяча грантов на реализацию научных проектов молодых исследователей. На законодательном уровне учреждена ежегодная премия «Лучший молодой ученый», направленная на поддержку перспективных исследователей и популяризацию науки среди молодежи.

Особое внимание уделяется международному сотрудничеству и повышению квалификации ученых. С 2021 года реализуется программа «250 научных стажировок», позволяющая проходить обучение и стажировки в ведущих университетах и научных центрах мира. За период с 2021 по 2025 годы на зарубежные научные стажировки направлены 1543 казахстанских ученых. Более 62% участников программы составляют молодые исследователи.

Параллельно усиливаются меры социальной поддержки научного сообщества. С 1 сентября 2023 года объем финансирования подготовки одного докторанта увеличен в среднем на 17%, что позволило расширить возможности для проведения исследований и подготовки научных кадров.

Оказывается поддержка в решении жилищных вопросов. На сегодняшний день жильем обеспечены 722 молодых ученых. Из них 584 человек получили возможность приобрести собственное жилье благодаря совместной программе Министерства науки и высшего образования и АО «Отбасы банк», еще 138 молодых ученых получили квартиры на безвозмездной основе.

Комплекс реализуемых мер направлен на формирование современной научной среды, развитие исследовательского потенциала молодежи, укрепление кадрового потенциала науки и повышение конкурентоспособности Казахстана в глобальном научно-технологическом пространстве.

@KZgovernment

Ғылым мен жас ғалымдарды қолдау

Соңғы жылдары Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлауды, зерттеулерді қаржыландыруды, халықаралық тағылымдамаларды және әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтитын жас ғалымдарды қолдаудың кешенді жүйесі қалыптасты. Қабылданып жатқан шаралар жастарды ғылымға тартуға, зерттеулер жүргізу үшін жағдай жасауға және жоғары білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.

Ғылыми кадрларды даярлау үшін жыл сайын жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктері кеңейтілуде. 2025-2026 оқу жылына докторанттарды даярлауға 2919 білім беру гранты бөлінді. Индустриялық PhD тетігі бойынша экономиканың басым бағыттары бойынша мамандар даярлау үшін қосымша 110 грант көзделген.

«Жас ғалым» гранттық қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда, оның шеңберінде жыл сайын жас зерттеушілердің ғылыми жобаларын жүзеге асыруға мың грант бөлінеді. Заңнамалық деңгейде перспективалы зерттеушілерді қолдауға және ғылымды жастар арасында насихаттауға бағытталған жыл сайынғы «Үздік жас ғалым» сыйлығы бекітілді.

Халықаралық ынтымақтастық пен ғалымдардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2021 жылдан бері әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында оқу мен тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін «250 ғылыми тағылымдама» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2021-2025 жылдар аралығында шетелдік ғылыми тағылымдамаларға 1543 қазақстандық ғалым жіберілді. Бағдарламаға қатысушылардың 62%-дан астамын жас зерттеушілер құрайды.

Сонымен қатар ғылыми қоғамдастықты әлеуметтік қолдау шаралары да күшейтілуде. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бері бір докторантты даярлауды қаржыландыру көлемі орта есеппен 17%-ға ұлғайды, бұл зерттеулер жүргізу және ғылыми кадрлар даярлау үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.

Тұрғын үй мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда 722 жас ғалым баспанамен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 584 адам Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ-ның бірлескен бағдарламасының арқасында баспана сатып алуға мүмкіндік алды, тағы 138 жас ғалым өтеусіз негізде пәтер алды.

Жүзеге асырылып жатқан шаралар кешені заманауи ғылыми ортаны қалыптастыруға, жастардың зерттеу әлеуетін дамытуға, ғылымның кадрлық әлеуетін нығайтуға және Қазақстанның жаһандық ғылыми-технологиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

@KZgovernment

«Болашақ» және дарынды жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер

Жастарды қолдау жүйесінде халықаралық «Болашақ» бағдарламасының орны ерекше. Соңғы үш жылда әлемнің жетекші университеттерінде 994 стипендиат білім алды. Экономика үшін сұранысқа ие бағыттар, оның ішінде ақпараттық технологиялар, инженерлік мамандықтар, машина жасау, медицина, қаржы және құқық салалары бойынша мамандар даярлалануда.

Қосымша 342 маман шетелдік жетекші ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтті. Бағдарламаны дамытудың жаңа кезеңі 2026 жылы халықаралық олимпиадалардың, ғылыми конкурстардың және шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары үшін бакалавриат бағыты алғаш рет ашылған кезде басталды.

«Болашақ» и новые возможности

Особое место в системе поддержки молодежи занимает международная программа «Болашақ». За последние три года обучение в ведущих университетах мира прошел 994 стипендиат. Подготовка ведется по востребованным направлениям экономики, включая информационные технологии, инженерные специальности, машиностроение, медицину, финансы и право.

Дополнительно 342 специалиста прошли профессиональные стажировки в ведущих зарубежных организациях. Новый этап развития программы начался в 2026 году, когда впервые было открыто направление бакалавриата для победителей международных олимпиад, научных конкурсов и творческих состязаний.

@KZgovernment

Доступное образование для молодежи

Правительством также реализуется комплекс мер по расширению доступа молодежи к качественному образованию. За последние пять лет количество образовательных грантов увеличено с 65,1 тыс. до более чем 93,2 тыс. Таким образом, тысячи молодых казахстанцев получили возможность бесплатно обучаться в высших учебных заведениях.

Дополнительно реализуются специальные программы поддержки. Для молодежи отдельных регионов выделяются дополнительные гранты, предоставляются образовательные возможности через местные исполнительные органы, фонд «Қазақстан халқына», бизнес-сообщество и сами высшие учебные заведения.

Одновременно проводится работа по повышению социальной поддержки студентов. За последние годы размеры государственных стипендий существенно увеличены: по сравнению с 2020 годом стипендии студентов бакалавриата выросли в два раза – с 26,2 тыс. до 52,4 тыс. тенге, в том числе для обучающихся по педагогическим специальностям – с 42 тыс. до 84 тыс. тенге. Стипендии магистрантов и докторантов за этот период увеличены в 1,75 раза.

Важным направлением остается создание комфортных условий для обучения студентов. Только в 2025 году введено 30 новых общежитий более чем на 10 тыс. мест. Кроме того, государством компенсируются расходы на проживание в общежитиях студентам-сиротам и лицам с инвалидностью I и II групп.

@KZgovernment

Жастар үшін қолжетімді білім беру

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Үкімет жастардың сапалы білім алуға қолжетімділігін кеңейту бойынша ауқымды шаралар кешенін жүзеге асыруда. Соңғы бес жылда білім беру гранттарының саны 65,1 мыңнан 93,2 мыңға дейін ұлғайды. Осылайша, мыңдаған жастар жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алды.

Қосымша арнайы қолдау бағдарламалары іске асырылуда. Жекелеген өңірлердің жастары үшін қосымша гранттар бөлінеді, жергілікті атқарушы органдар, «Қазақстан халқына» қоры, бизнес-қоғамдастық және жоғары оқу орындарының өздері арқылы білім алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Сонымен қатар студенттерге әлеуметтік қолдауды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары мемлекеттік шәкіртақылардың мөлшері айтарлықтай ұлғайтылды. 2020 жылмен салыстырғанда бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы екі есеге өсіп, 26,2 мың теңгеден 52,4 мың теңгеге жетті. Ал педагогикалық мамандықтарда білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеден 84 мың теңгеге дейін көбейді. Осы кезеңде магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,75 есеге артты.

Студенттердің оқуына қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Тек 2025 жылы 10 мыңнан астам орынға арналған 30 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар мемлекет ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер мен I және II топтағы мүгедектігі бар студенттердің жатақханада тұру шығындарын өтейді.

@KZgovernment

Saginov Technical University-де Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Saginov Technical University-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған флешмоб өтті.

Толығырақ: https://www.kstu.kz/saginov-technical-university-de-memlekettik-r-mizder-k-ni-atalyp-tti/

В Saginov Technical University отметили День государственных символов

В Saginov Technical University состоялся флешмоб, посвященный Дню государственных символов.

Подробнее: https://www.kstu.kz/v-saginov-technical-university-otmetili-den-gosudarstvennyh-simvolov/?lang=r

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухтың жарқын көрінісі.

Сондай-ақ мереке қарсаңында Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қызметкерлері марапатталды.

Атап айтқанда, «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының ассистент-профессоры, PhD докторы Сәрсембеков Бауыржан Қобыланұлы және Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Ибрайбеков Жанболат Ғабитұлы жоғары марапатқа ие болды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, кәсіби қызметтеріңіз табысты болып, жаңа жетістіктер мен толағай белестерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қарағанды қаласындағы Ту тұғыр алаңында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Елдік пен бірліктің нышанына айналған бұл шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген зор құрметтерін білдірді.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтары мен ұлттық мақтанышы. Олар халқымыздың бай тарихын, мәдени мұрасын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын айшықтайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды

Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді

Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз

Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді

Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие

Еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады

Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы

Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу

Халқымыз Әділетті, Мәдениетті, Таза және Қауіпсіз елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан жұртымыз тәртіп бұзушылыққа, заңсыздыққа тұтас қоғам болып тосқауыл қоюда

Туымыз әрдайым көкте желбіресін!

Қазақ елі мәңгі болсын!

@ptrkkz

Президент принял участие в церемонии поднятия Государственного флага

Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественной церемонии поднятия Государственного флага в этномемориальном комплексе «Атамекен» в Астане.

Начальник роты почетного караула отдал Президенту рапорт о готовности к церемонии.

Затем прозвучал Государственный гимн и был поднят Государственный флаг Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi