Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы Атырау облыстық спартакиадасында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің командасы волейбол ойынынан І орынға ие болды.
Бұл жеңіс команданың жыл сайын бесінші жеңісі болып, олардың облыстың бес дүркін волейбол чемпионы атануына мүмкіндік берді. Департамент командасын жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!