Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының төрағасы қызметінен кетті
"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев партия съезі кезінде қызметінен кететінін мәлімдеді.
"Осы шешімді қолдауды және оған қарсы шықпауды сұраймын. Сондай-ақ уақытты жоғалтпай, жағдайға белгісіздік туғызбау үшін съездің қарауына жаңа төраға лауазымына кандидат ұсынамын.
Менің ойымша, жаңа төрағаның өз идеясы мен харизмасы, стилі мен партиямыздың болашағына деген көзқарасы болуы керек. Қалай болғанда да, ол сырттан келген адам бола алмайды. Ол табысты тұлға, қоғам мен сайлаушыларға "Ақ жолдың" көшбасшыларының бірі ретінде танымал, біздің партиямен тікелей байланысты адам болуы керек. Мен вице-спикер Дания Еспаеваны ұсынамын", - деді ол.
t.me/kaznurkz