Архив доступен 3 157 сообщений С 2021 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Жасұлан Әмір: Бірінші күннен дайындықты бастап кеттік

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жасұлан Әмір Шымкентте басталған оқу-жаттығу жиыны туралы пікірін айтты.

BizdinJigitter

Әбинұр Нұрымбет: Ұлттық құрама жейдесін кию арманым еді

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Әбинұр Нұрымбет Шымкентте басталған оқу-жаттығу жиыны туралы пікірін айтты.

BizdinJigitter

Талғат Байсуфинов: Ұлттық құрамада жастарға мүмкіндік береміз

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Шымкентте басталған оқу-жаттығу жиыны туралы пікірін айтты.

BizdinJigitter

Кеш жарық!

Ұлттық құрама Шымкентте бас қосып, алғашқы жаттығуын өткізді

Талғат Байсуфиновтың шәкірттері маусымдағы жолдастық ойындарға Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда дайындалады

Оқу-жаттығу жиыны 5 маусымға дейін жалғасып, артынша Арменияға жолға шығады

BizdinJigitter

Жетісу облысының «Малайсары» командасы – жағажай футболынан ҚР Суперкубогының иегері

Павлодар қаласында жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогының матчтары өтті.

Екі кездесуден тұрған тартысты бәсекенің қорытындысымен Жетісу облысының «Малайсары» ұжымы павлодарлық «Арман» командасынан басым түсті.

Алғашқы матчта «Малайсары» қарсыласын 3:5 есебімен, екінші кездесуде 5:4 есебімен жеңді.

Суперкубок матчтарының үздік ойыншысы болып «Малайсары» командасының шабуылшысы Мехди Ширмохаммади атанды.

Жеңіс құтты болсын!

Жағажай футболының Суперкубогы сарапқа салынуда!

Павлодарда жағажай футболынан ҚР Суперкубогы өтіп жатыр. Биылғы трофей үшін ел чемпионы әрі Кубок иегері павлодарлық «Арман» мен Кубоктың күміс жүлдегері жетісулық «Малайсары» командалары таласуда.

Жеңімпаз екі жеңіске дейінгі серия қорытындысы бойынша анықталады. Бүгін алғашқы матч сағат 11:00-де басталды, екінші ойын 18:00-де өтеді.

Ойындар KFF Jastar YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Егер есеп тең болса, үшінші шешуші матч ұйымдастырылады.

Blind футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи жеңіске жетті

АҚШ-тың Сиэтл қаласында Вlind футболдан (көру қабілеті бұзылған жандар арасындағы) халықаралық турнир өтті.

Турнирге АҚШ, Перу және Қазақстан ұлттық құрамалары қатысты.

Ұлттық құрама алғашқы ойында АҚШ құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті. Ал шешуші ойында Оңтүстік Американың мықты құрамаларына қарсы сәтті өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі Перу командасын 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз жеңіс голын Болат Жанымхан соқты.

Сондай-ақ ұлттық құраманың қақпашысы бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып, тарихи жеңіске үлкен үлес қосты.

Бұл - Қазақстанның Вlind футбол тарихындағы алғашқы халықаралық трофей.

Жеңіс құтты болсын!

Барша қазақстандықтарды Қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!

Құрбан айт – мейірімділік пен рақымшылдық мерекесі. Құрбан айт мерекесі – адамгершіліктің, бірлік пен келісімнің тұрақты құндылықтарының негізі.

Қазақстан футбол федерациясы қасиетті мерекенің жарқын күнінде еліміздің тұрғындарына зор денсаулық, бақыт, береке, бейбітшілік, мейірімділік пен келісім тілейді!

KFFTeam |

Разъяснения отдельных игровых ситуаций матчей 11-го тура Премьер-лиги по футболу

Директор департамента судейства и инспектирования КФФ Нуну Алешандре Паррейра де Каштру опубликовал разъяснения по отдельным игровым эпизодам матчей 11-го тура Премьер-лиги 2026, согласно Правил игры.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжан құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық кездесу өткізеді

Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Қос кездесу де Әзербайжанның Габала қаласында өтеді.

Ойындар кестесі

6 маусым

Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17

9 маусым

Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17

KFFJastar

Маусымда ұлттық құрамалар футболы қайта оралады

Күнтізбені сақтап, матчтарды өткізіп алмаңыз

BizdinJigitter

Абраев, Әмір, Сатанов және Сәтпаев – нақты тізімде!

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы Армения және Мажарстанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Бапкерлер штабы

Талғат Байсуфинов – бас бапкер

Иван Азовский – бас бапкердің көмекшісі

Марат Еслямов – бас бапкердің көмекшісі

Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі

Юрий Новиков – қақпашылар жаттықтырушысы

Мұхтар Ерімбетов – дене даярлығы бапкері

Оқу-жаттығу жиыны 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында өтеді.

6 маусым

Армения Қазақстан

Вазген Саркисян атындағы республикалық стадион, Ереван

9 маусым

Мажарстан Қазақстан

«Надьердеи» стадионы, Дебрецен

BizdinJigitter

Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар

ҚФФ төрешілік және қадағалау департаменті 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур матчтарына қызмет көрсететін төрешілер құрамын анықтады.

27 мамыр

«Алтай» – «Астана»

Бас төреші: Сәкен Байымбет (Тараз)

Қапталдағы төрешілер: Амангелді Жүсіпов (Тараз), Антон Сысоев (Көкшетау)

Қосалқы төреші: Нұржан Жұмашев (Қызылорда)

VAR: Антон Кучма (Көкшетау)

AVAR: Наргис Магау (Алматы)

Инспектор: Сергей Пасько (Алматы)

«Ертіс» – «Ұлытау»

Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана)

Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Ринат Якбаров (Семей)

Қосалқы төреші: Дмитрий Вишняков (Семей)

VAR: Георгий Чеховский (Астана)

AVAR: Данил Горда (Көкшетау)

Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы)

28 мамыр

«Оқжетпес» – «Ақтөбе»

Бас төреші: Александр Затула (Өскемен)

Қапталдағы төрешілер: Станислав Лесив (Семей), Артем Волков (Атырау)

Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда)

VAR: Нариман Талапкеров (Орал)

AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды)

Инспектор: Елеш Құсайынов (Астана)

«Қызылжар» – «Жетісу»

Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда)

Қапталдағы төрешілер: Данияр Серікболов (Семей), Әлішер Мыңбаев (Тараз)

Қосалқы төреші: Владимир Никлевич (Петропавл)

VAR: Марат Ысқақов (Астана)

AVAR: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)

Инспектор: Анатолий Вишниченко (Қостанай)

«Атырау» – «Тобыл»

Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана)

Қапталдағы төрешілер: Евгений Филипчук (Шымкент), Нұржан Жүнісов (Астана)

Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана)

VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған)

AVAR: Иван Навроцкий (Астана)

Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)

«Жеңіс» – «Каспий»

Бас төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе)

Қапталдағы төрешілер: Иван Гриценко (Қостанай), Евгений Карлов (Павлодар)

Қосалқы төреші: Диас Құстаев (Орал)

VAR: Денис Измайлов (Талдықорған)

AVAR: Дмитрий Филоненко (Тараз)

Инспектор: Виктор Заякин (Семей)

«Қайсар» – «Елімай»

Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Тараз)

Қапталдағы төрешілер: Алексей Шабанов (Алматы), Виктор Стасенко (Талдықорған)

Қосалқы төреші: Ерәділ Тілеуов (Қызылорда)

VAR: Антон Молтусинов (Өскемен)

AVAR: Кирилл Ткачев (Алматы)

Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы)

«Ордабасы» – «Қайрат»

Бас төреші: Болат Сәриев (Орал)

Қапталдағы төрешілер: Денис Лабашов (Атырау), Сергей Калачев (Атырау)

Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды)

VAR: Денис Тевяшов (Орал)

AVAR: Арман Есмұратов (Астана)

Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

Бұл жеңіс әлі ұмытылған жоқ

Былтыр Қазақстан U-19 құрамасының элиталық кезеңге жолдама алған тарихи сәтін еске түсірейік

BizdinJigitter |

Отандық футболда алғаш рет!

KFF YouTube-арнасында отандық төрешілердің жұмысы туралы арнайы репортаж шығады. Бас кейіпкер – FIFA санатындағы төреші Болат Сәриев.

Матч алдындағы дайындық, VAR-мен жұмыс, төрешілердің ішкі атмосферасы және алаң сыртындағы өмір – бәрі бір видеода.

Дәл қазір KFF YouTube-арнасында!

Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеудің лигасында бақ сынайды

2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасының 6-тобында Қазақстан жасөспірімдер Португалия, Сербия және Грекия құрамаларына қарсы ойнайды. Барлық матчтар Грекияның Салоники қаласында өтеді.

Қақпашылар

Никита Килджиев

Камиль Гайнуллин

Данила Буч

Қорғаушылар

Санат Нұрболат

Райымбек Кеңесбеков

Абдулазиз Мамедов

Алан Аракельянц

Әкежан Қалиқұлов

Шыңғыс Қалиев

Данил Соболев

Хасен Артурұлы

Әлихан Жексенбек

Жартылай қорғаушылар

Нұрхан Қағазбаев

Даниял Назаров

Төре Исмағұлов

Аламгир Смақов

Әлиден Мұсайыпов

Евгений Петрик

Арафат Молдағалиев

Шабуылшылар

Абылай Төлеухан

Исмаил Бекболат

Дәулет Орынбасар

Ермұхаммад Керімхан

Виталий Латурнус

Дінмұхамед Махмұдов

Алдияр Нұрғали

Ойындар кестесі

3 маусым | 14:00

Португалия – Қазақстан

6 маусым | 14:00

Сербия – Қазақстан

9 маусым | 20:00

Қазақстан – Грекия

BizdinJigitter |

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстандағы Technogym брендінің ресми дистрибьюторы – Wellness Solution ЖШС-мен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастық заманауи спорт инфрақұрылымын дамытуға және жас футболшыларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Келісім аясында Wellness Solution ЖШС Талғар қаласында салынып жатқан FIFA Talent Academy базасын дайындықтың халықаралық стандарттарына сай келетін Technogym компаниясының жоғары технологиялық спорттық жабдықтарымен қамтамасыз етеді.

Базаны заманауи құрылғылармен жабдықтау жаттығу үдерісіне жаңа деңгейге көтеруге, ойыншылардың физикалық дайындық сапасын арттыруға және дарынды жас футболшылармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін енгізуге септігін тигізеді.

Бұл серіктестік Қазақстанның футбол инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғыртудағы және отандық футболшылардың болашақ буынын даярлаудағы негізгі жобалардың бірі – FIFA Talent Academy-ді дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.

𝗚𝗥𝗪𝗠 𝗕𝗼𝗹𝗮𝘁 𝗦𝗮𝗿𝗶𝘆𝗲𝘃

Болат Сәриев ҚПЛ матчына қалай дайындалады?

KFF

Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Чебурин Беларусьпен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған футболшылар тізімін жариялады

Команданың оқу-жаттығу жиыны 30 мамырда Алматыда басталады. Құрам қатарына 25 ойыншы енді.

Қақпашылар

Дулат Талыспаев («Кеге», Дания)

Шерхан Қалмырза («Қайрат»)

Мирас Рихард («Ертіс»)

Қорғаушылар

Сұлтан Асқаров («Қайсар»)

Әли Тұрғанов («Ордабасы»)

Әмірбек Базарбаев («Қайрат»)

Данияр Ташпулатов («Қайрат»)

Санжар Әнуаров («Астана»)

Сергей Иванов («Алтай»)

Сағи Мәлікайдар («Ұлытау»)

Рамазан Кәрімов («Ертіс»)

Жартылай қорғаушылар

Мирас Оматай («Ертіс»)

Тамерлан Ағиманов («Ертіс»)

Нұрдәулет Байбосынов («Ертіс»)

Шыңғыс Дүйсенбек («Қайрат»)

Мұхамедәлі Әбіш («Қайрат»)

Олжас Байбек («Қайрат»)

Азамат Тұяқбаев («Қайрат»)

Димаш Серікұлы («Қайсар»)

Сэйф Попов («Алтай»)

Жансұлтан Мұхаметханов («Оқжетпес»)

Шабуылшылар

Рамазан Бағдат («Қайрат»)

Ян Труфанов («Атырау»)

Артем Литош («Шахтер»)

Мансұр Бірқұрманов («Жетісу»)

Бапкерлер штабы

Владимир Чебурин – аға бапкер

Дмитрий Карпов – аға бапкердің көмекшісі

Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі

Валерий Ситало – қақпашылар бапкері

Рустам Усманов – дене даярлығы бапкері

Біржан Хабит – сарапшы бапкер

5 маусым | 19:00

Беларусь U-21 – Қазақстан U-21

Қала стадионы, Барановичи

8 маусым | 20:00

Беларусь U-21 – Қазақстан U-21

«Трактор» стадионы, Минск

BizdinJigitter |

Футболдан Премьер-лиганың 10-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 10-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді.

«Ордабасы» - «Жетісу»

90+3-минутта айып алаңындағы эпизод қарастырылады. Доп қапталдан айып алаңына әуелете жеткізілген сәтте шабуылшы допқа ойнау үшін жоғары секіреді. Ал қорғаушы допқа ұмтылмай, оң қолын созып, қарсыласының мойын тұсына тиеді.

Бұл эпизодта қорғаушының әрекеті қарсыласын айқын бұғаттау ретінде бағаланады. Сондықтан төреші дұрыс шешім қабылдап, пенальти белгіледі.

Қорытынды: пенальти дұрыс тағайындалды.

«Қызылжар» - «Алтай»

50-минутта айып алаңындағы тағы бір тартысты сәт талданады. Қорғаушы мен шабуылшы допқа таласқа түседі. VAR жүйесінің төменгі оң жақ мониторындағы қайталауда қорғаушының алдымен доппен ойнағаны және аяғымен қарсыласына қарай қосымша қимыл жасамағаны анық көрінеді.

Керісінше, шабуылшы қозғалыс кезінде қорғаушының аяғын өзі басып кетеді. Төреші эпизодты монитордан қайта қарап, дұрыс шешім қабылдады.

Қорытынды: VAR қаралымынан кейін қабылданған шешім дұрыс.

«Қайсар» - «Тобыл»

59-минутта айып алаңындағы тағы бір жағдай қарастырылады. Бұрыштама добы ойынға енгізілер алдында қорғаушы шабуылшыны бұғаттауға тырысып, оның іш тұсына соққы жасайды. Қайталаудан бұл әрекеттің шамадан тыс күшпен жасалмағаны көрінеді.

Эпизод доп ойынға енгізілмей тұрып болғандықтан, пенальти немесе айып добы тағайындалмайды. Алайда қорғаушының әрекеті тәртіптік тұрғыда бағалануы керек еді.

Қорытынды: пенальти тағайындалмайды, бірақ ойыншыға сары қағаз көрсетілуі тиіс еді.