Архив доступен 246 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Данные КИОР подтверждают важный тренд: в ключевых представлениях о благополучной семье казахстанское общество абсолютно солидарно.

88,8% опрошенных убеждены: взаимная любовь и уважение - это обязательное условие для благополучия.

86,5% ставят на первое место взаимопонимание и уважение между супругами.

85,2% поддерживают важность взаимопонимания между родителями и детьми. Крепкая семья строится на доверии и преемственности поколений.

Для казахстанцев чувства, уважение и теплота домашнего очага - главные ориентиры в укреплении семьи.

ҚҚДИ деректері маңызды трендті қуаттайды: қазақстандықтардың берекелі отбасы туралы түсініктері бір арнаға тоғысады.

Респонденттердің 88,8%-ы отбасылық бақ-берекенің басты шарты өзара сүйіспеншілік пен құрмет екеніне сенімді.

86,5%-ы ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты бірінші орынға қояды.

85,2%-ы ата-ана мен бала арасындағы түсіністіктің маңыздылығын қолдайды. Берік отбасы сенім мен ұрпақтар сабақтастығынан құралады.

Қазақстандықтар үшін шынайы сезім, өзара құрмет пен үй жылуы - отбасын нығайтудың басты бағдары.

Ко Дню государственных символов РК на факультете архитектуры и строительства ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, в кабинете имени Жандарбека Малибекова, состоялся круглый стол «Государственные символы и Конституция: преемственность правового государства и национального духа», в работе которого приняли участие эксперты отдела общественной дипломатии КИОР Айым Тлепберген и Жасмин Сагиданова.

В рамках мероприятия были обсуждены терминологические вопросы в сфере геральдики; в частности, была отмечена необходимость научной унификации понятий «рәміз» и «нышан», а также терминов «Елтаңба» и «Төлтаңба». В ходе встречи эксперт КИОР Айым Тлепберген выступила с предложением о введении модуля «вспомогательные исторические дисциплины» в курс истории Казахстана для всех специальностей.

Участники высказали предложение о проведении научно-экспертных встреч по вопросам геральдики и госсимволов на ежеквартальной основе, а также о начале подготовки к празднованию в следующем году 35-летия государственных символов Республики Казахстан.

ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетіндегі Жандарбек Мәлібеков атындағы кабинетте «Мемлекеттік рәміздер және Конституция: құқықтық мемлекет пен ұлттық рухтың сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына ҚҚДИ Қоғамдық дипломатия бөлімінің сарапшылары Айым Тлепберген мен Жасмин Сағиданова қатысты.

Іс-шара аясында геральдика саласындағы терминологиялық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «рәміз» және «нышан» ұғымдарын, сондай-ақ «Елтаңба» және «Төлтаңба» терминдерін ғылыми тұрғыдан біріздендіру қажеттілігі атап өтілді. Кездесу барысында ҚҚДИ сарапшысы Айым Тлепберген барлық мамандықтарға арналған Қазақстан тарихы курсына «қосалқы тарихи пәндер» модулін енгізу туралы ұсыныс білдірді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар геральдика және мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша осындай ғылыми-сарапшылық кездесулерді тоқсан сайын өткізуді, сондай-ақ келесі жылы ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 35 жылдығын мерекелеуге дайындықты бастауды ұсынды.

Бүгін ҚҚДИ-де коммуникация саласының сарапшылары Нұрлан Сахановпен және Рүстем Құдайбергеновпен кездесу өтті. Онда талдау жұмыстары мен зерттеу орталықтарын дамыту, қоғамдық процестерді қолданбалы талдау және ақпараттық кеңістік саласындағы өзекті трендтер талқыланды. Институт сарапшылары әдіснаманы одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ жария және қызметтік материалдардың практикалық маңыздылығын арттыруға бағытталған құнды тәжірибе мен ұсыныстар алды.

Сегодня в КИОР состоялась встреча с экспертами в сфере коммуникаций Нурланом Сахановым и Рустемом Кудайбергеновым. Были обсуждены актуальные тренды в сфере развития аналитической работы и исследовательских центров, прикладного анализа общественных процессов, информационного поля. Аналитики Института получили ценный опыт и рекомендации, направленные на дальнейшее совершенствование методологии и повышение практической значимости публичных и служебных материалов.

Сегодня - Всемирный день окружающей среды. По резултатам исследования КИОР экологическая культура становится фундаментом гражданственности в стране.

Казахстанцы видят прямую и неразрывную связь между экологической культурой и ответственностью подрастающего поколения. Приучение детей к поддержанию чистоты и порядка в местах своего проживания и общественного пользования прочно вошло в ТОП-3 самых эффективных мер, набрав весомые 39% голосов респондентов.

Бүгін - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. ҚҚДИ зерттеуінің нәтижелері бойынша, экологиялық мәдениет азаматтық кемелденудің негізіне айналуда.

Қазақстандықтар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі арасындағы тікелей және тығыз байланысты көріп отыр. Балаларды өздері тұратын және қоғамдық пайдалану орындарында тазалық пен тәртіпті сақтауға баулу респонденттер дауыстарының 39%-ын иеленіп, ең тиімді тәрбиелік шаралардың үштігіне енді.

ҚҚДИ зерттеуі Қазақстанда отаншылдық миллиондаған адам үшін шынайы саналы сезім екенін көрсетті.

Азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік мерекелерді елге деген құрмет және отансүйгіштік сынды терең ұғымдармен байланыстырады.

Толығырақ «Жетінші арнаның» сюжетінде.

Исследование КИОР показало, что патриотизм в Казахстане - искреннее, осознанное чувство для миллионов людей.

Для большинства граждан государственные праздники стали ассоциироваться с глубоким смыслом, гордостью за страну и патриотизмом.

Подробнее в сюжете «Седьмого канала».

На площадке Гражданского альянса Казахстана (ГАК) состоялась презентация проекта «Повышение потенциала общественных советов». Проект рассчитан на 2026-2027 г.г. и предусматривает внедрение прикладных инструментов по развитию института общественных советов в РК.

С приветственным словом выступила председатель Комитета по делам гражданского общества МКИ РК Г. Султанова. В обсуждении приняли участие представители госорганов, общественных советов, научно-экспертного сообщества и институтов гражданского общества.

Председатель правления КИОР Ж. Искакова проинформировала о ходе подготовки Национального доклада о деятельности общественных советов в РК и отметила значимость экспертного и общественного диалога в данном направлении.

Также была подчеркнута важность взаимодействия с ГАК и институтами гражданского общества в рамках подготовки Национального доклада.

Қазақстанның Азаматтық Альянсы (ҚАА) алаңында «Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» жобасының презентациясы өтті. Жоба 2026–2027 жылдарға жоспарланған және ҚР-дағы қоғамдық кеңестер институтын дамытуға бағытталған қолданбалы құралдарды енгізуді көздейді.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, қоғамдық кеңестердің, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың және азаматтық қоғам институттарының өкілдері тартылды. Сондай-қ, іс-шараға ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Г. Сұлтанова қатысты.

ҚҚДИ Басқарма төрағасы Ж. Ысқақова еліміздегі қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу барысы жөнінде ақпарат беріп, осы бағыттағы сарапшылық және қоғамдық диалогтың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Ұлттық баяндаманы әзірлеу аясында ҚАА және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау аясында Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа құрал - жеке мүдделер мен туыстық байланыстар туралы декларацияны енгізу мәселесі қарастырылуда. Құжат мемлекеттік сатып алулар мен кадрлық тағайындаулар кезіндегі жасырын мүдделер қақтығысын болдырмау үшін лауазымды тұлғалардың материалдық емес байланыстарын ашық көрсетуге бағытталған.

«Дневной формат» бағдарламасының эфирінде ҚҚДИ сарапшысы Дидар Тебаев түзетулердің құқықтық және әлеуметтік қырларын талқылады.

В рамках реформирования системы государственной службы в Казахстане рассматривается внедрение нового превентивного антикоррупционного инструмента - декларации о личных интересах и родственных связях. Документ направлен на раскрытие нематериальных связей должностных лиц для исключения скрытого конфликта интересов при проведении государственных закупок и кадровых назначений.

В эфире программы «Дневной формат» эксперт КИОР Дидар Тебаев обсудил правовые и социальные аспекты новых поправок.

Мемлекеттік рәміздер қоғамды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыруда, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікті нығайтуда ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік нышандарымызды құрметтеу - әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы.

Осынау айтулы күні халқымызға амандық, бірлік пен татулық тілейміз. Отанымыз - Қазақстан гүлдене берсін!

Государственные символы играют особую роль в консолидации вокруг единых ценностей, укреплении гражданской ответственности и патриотизма. Уважение к государственным символам - неоспоримый долг каждого гражданина.

В этот знаменательный день желаем мира, единства и согласия нашему народу! Пусть всегда процветает наш Казахстан!

ҚҚДИ әлеуметтік зерттеуінің нәтижелері Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны еліміздегі мерекелердің басты нышандары екенін көрсетті. Сауалнамаға қатысқан әрбір екінші қазақстандық мерекелерді ресми символикамен байланыстырады. ҚР Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында бұл дерек азаматтарымыздың отаншылдығы мен азаматтық санасының жоғары деңгейде екенін тағы бір айғақтайды.

Согласно социологическому исследованию КИОР, государственные Флаг, Герб и Гимн Республики Казахстан являются неоспоримыми символами праздников в стране. Каждый второй опрошенный связывает праздники с официальной символикой. В канун Дня государственных символов РК этот факт подчеркивает высокий уровень патриотизма и гражданского сознания наших граждан.

Қазақстандағы қазіргі демографиялық ахуал тарихи шарықтау шегіне жетті: жас ұрпақ өсімі соңғы 25 жылдағы жаңа рекордтық көрсеткішті жаңартты. Бұл бір жағынан оң үрдіс әрі әлеуметтік-экономикалық даму үшін тың мүмкіндіктер тудырады. Алайда халықтың күрт өсімі әлеуметтік инфрақұрылымға жүктемені арттырып, мемлекеттік жоспарлауда икемділікті талап ететіні анық.

Сарапшылардың айтуынша, бұл процесс уақытша сипатқа ие және әлеуметтік салаға жүктеме ұзаққа созылмайды.

ҚҚДИ сарапшысы Сәуле Дюсупова ағымдағы шарықтауды 1980 жылдардағы туу деңгейінің артуымен байланыстырады және үш жылдан соң бұл өсім табиғи жолмен төмендейді деп болжайды.

Современная демографическая картина Казахстана переживает исторический пик: показатели численности подрастающего поколения побили 25-летний рекорд. Это, с одной стороны, позитивный тренд и возможности для социально-экономического развития. С другой - резкий приток населения создает новые вызовы для социальной инфраструктуры, требуя гибкости в государственном планировании.

Традиционно лето - один из самых популярных периодов для регистрации браков.

Согласно исследованию КИОР, создание семьи для большинства казахстанцев напрямую связано с материальной стабильностью.

По результатам опроса, 66,7% респондентов считают экономические факторы важными или очень важными при создании семьи. Еще 19,6% оценивают их как умеренно важные.

Стоить отметить, что в городе гораздо чаще признавали значение экономического фактора для создания семьи, чем в сельской местности: 72,3% и 56,7% соответственно (по сумме ответов «очень важно» и «важно»)

Данные свидетельствуют о том, что большинство казахстанцев рассматривают создание семьи как осознанный шаг, требующий не только эмоциональной, но и финансовой готовности.

Дәстүрлі түрде жаз айлары - үйлену тойларының нағыз маусымы.

ҚҚДИ зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтар үшін отбасын құру материалдық тұрақтылықпен тікелей байланысты.

Сауалнама нәтижелері бойынша, отбасын құру кезіндегі экономикалық факторлардың маңыздылығын респонденттердің 66,7%-ы атап өтсе, тағы 19,6%-ы қатты маңызды емес деп бағалаған.

Қалада отбасын құру үшін экономикалық фактордың маңыздылығы ауылдық жерлерге қарағанда анағұрлым жиі таңдалған: тиісінше 72,3% және 56,7% («өте маңызды» және «маңызды» жауаптарының қосындысы негізінде).

Деректер көрсеткендей, қазақстандықтардың көпшілігі отбасын құруды тек эмоционалды ғана емес, сонымен бірге қаржылық дайындықты да талап ететін саналы қадам ретінде қарастырады.

Қазақстан IT-таланттар үшін жаңа хабқа айнала алады.

«Түскі формат» бағдарламасының эфирінде ҚҚДИ Деректер, цифрлық шешімдер және жасанды интеллект бөлімінің басшысы Әлия Жаукеева осындай пікір білдірді.

Сарапшы қазір отандық ІТ салада аса қажет мамандықтарды атап, осы ретте шетелден білікті кадрлар тарту үшін Қазақстан қолайлы жағдай жасай алатынына тоқталды.

Казахстан может стать новым хабом для IT-талантов.

Таким мнением в эфире программы «Түскі формат» поделилась руководитель Отдела данных, цифровых решений и искусственного интеллекта КИОР Алия Жаукеева.

Эксперт назвала наиболее востребованные на сегодняшний день специальности в отечественной IT-сфере. В этом контексте она подчеркнула, что Казахстан обладает всеми возможностями для создания максимально благоприятных условий с целью привлечения высококвалифицированных зарубежных кадров.

29 мая в Мажилисе Парламента РК состоялся круглый стол на тему «Защита семьи, материнства и детства как конституционный приоритет государства», в котором приняли участие депутаты Сената и Мажилиса, представители государственных органов, общественных организаций и экспертного сообщества.

В рамках мероприятия директор Центра по исследованиям семейной и гендерной политики КИОР Эльмира Отар выступила с докладом и презентовала результаты исследований, согласно которым 57,5% респондентов положительно оценивают государственную политику в сфере охраны материнства. Также затронула барьеры на рынке труда, где из-за невозможности совмещать работу с уходом за детьми были вынуждены увольняться 27% женщин и 11% мужчин.

Спикер отметила важность повышения цифровой грамотности граждан, внедрения принципов family-friendly policies в организациях и развития гибких форм занятости. Участники отметили высокую значимость экспертного сопровождения со стороны института для совершенствования государственной семейной политики.

29 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінде «Отбасын, ана мен баланы қорғау – мемлекеттің конституциялық басымдығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Онда ҚҚДИ Отбасылық және гендерлік саясатты зерттеу орталығының директоры Эльмира Отар баяндама жасап, институт зерттеулерінің нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 57,5%-ы ананы қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтынын хабарлады. Еңбек нарығындағы кедергілерді де атап, жұмысты бала күтімімен ұштастыра алмағандықтан әйелдердің 27%-ы, ерлердің 11%-ы жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын айтты.

Спикер азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, ұйымдарда отбасыға қолайлы саясат қағидаттарын ілгерілету және икемді жұмыспен қамту нысандарын дамыту қажеттігін жеткізді. Шараға қатысушылар мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру үшін институт тарапынан сараптамалық сүйемелдеудің маңыздылығын атап өтті.

Отбасы – бала үшін ең қауіпсіз орта.

Бүгінгі қарбалас заманда ата-аналар балаларына уақыт бөліп, сапалы тәрбие беріп үлгеріп жатыр ма?

Отбасы күніне орай шыққан ҚҚДИ-дің жаңа подкаст шығарылымында қазіргі уақытта ата-ана болудың өзекті қиындықтары мен мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау шаралары туралы да сөз қозғадық.

Толық нұсқасын институттың YouTube арнасынан көре аласыздар.

Семья - это самая безопасная среда для ребенка.

Успевают ли родители в загруженных буднях уделять время детям и давать им качественное воспитание?

В подкасте КИОР мы обсудили актуальные трудности современного родительства, а также меры поддержки, предусмотренные со стороны государства.

Полную версию смотрите на YouTube-канале института.