Архив доступен 308 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

«ЖАСТАР – ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ»

Талғар қаласында «Қоғамдық келісім және даму орталығы» Талғар аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Жастар – қоғамдық келісімнің сенімді тірегі» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Талғар ауданы прокуратурасының прокуроры Аида Алмасаева, ҚҚБ Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Гүлнар Тохтахунова, Мемлекеттік құпияларды қорғау, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы Бакрахун Баудин қатысып, өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.

Спикерлер жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы, заң талаптарын сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық тәртіпті нығайту және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Қонаев қаласындағы орталық алаңда Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында арнайы тікұшақ Көк Туымызды көк аспанда қалықтатып, жиналған қауымның рухын оятты. Әнұранымыз әуелете шырқалып, Елтаңбаның тәуелсіздігіміздің символы ретіндегі мән-маңызы насихатталды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдап, облыстың даму жолында аянбай еңбек еткен жандар марапатталды.

Осылайша, егемендік айшығы болған Мемлекеттік рәміздер күні Алматы облысында мәні терең, көңілге рухани серпіліс сыйлайтын мазмұнды шарамен жоғары деңгейде аталып өтті.

Қарасай аудандық Ассамблея жастары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерге құрмет – елге құрмет» тақырыбында блиц-сауалнама өткізді.

Іс-шара барысында жастардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдері мен пікірлері сұралды. Қатысушылар Ту, Елтаңба және Әнұранның ел тәуелсіздігі мен бірлігінің басты нышандары екенін атап өтті.

«МЕМЛЕКЕТТТІК РӘМІЗДЕР - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ»

Балқаш ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай танымдық іс-шара өтті. Шараға «Қоғамдық келісім және даму орталығының» жетекші сарапшысы, Отбасын қолдау орталығының мамандары және жастар қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, қатысушылар ел рәміздеріне деген құрмет пен патриоттық сезімдерін білдірді.

Шараның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Кездесуге «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің Ұйғыр аудандық бөлімінің қызметкерлері, аудандық ұйғыр этномәдени орталығының мүшелері, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігін айқындайтын маңызды нышандар екені ерекше атап өтілді. Қатысушыларға рәміздерді дұрыс қолдану және оларды күнделікті өмірде құрметтеу мәдениеті туралы жан-жақты түсіндірме берілді. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының мәні мен мағынасы, тарихи қалыптасу жолы туралы кеңінен айтылды.

«РӘМІЗДЕР - ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ»

Шонжы ауылы, Әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың мәжіліс залында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер - елдігімнің белгісі» тақырыбында аудандық ұйғыр этномәдени орталығының мүшелерімен және жастармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - Мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттап, оларды құрметтеуге тәрбиелеу және қатысушылардың патриоттық сезімін нығайту болды.

«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – РУХ ПЕН БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ»

Еңбекшіқазақ ауданының «Қоғамдық келісім және даму орталығының» ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік Рәміздер – рух пен бірліктің белгісі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстандық жас патриоттар академиясының Алматы және Жетісу облыстары филиалының директоры Жанаткүл Бутимбаева, Есік қаласы әкімі аппараттының жетекші маманы Шерхан Жолдасбай, сондай-ақ аудан жастары мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік рәміздердің маңызы талқыланып, жастар патриотизм, елге деген құрмет және азаматтық жауапкершілік тақырыптарында пікір алмасты.

«ЕЛ РӘМІЗДЕРІ – ЕЛДІГІМНІҢ РЕҢІ, ТЕҢДІГІМНІҢ ТІРЕГІ»

Ұйғыр ауданындағы Шонжы политехникалық колледжінде 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және колледж ұжымымен бірлесе «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты этнос жастарының қатысуымен тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің Ұйғыр аудандық бөлімінің басшысы Асқар Құсайынов мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Мейір Киргизбекова сөз сөйлеп, қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел тарихы мен егемендігін танытатын маңызды құндылықтар екенін жастарға жеткізді. Сондай-ақ, жастарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанға адал қызмет етуге және патриоттық рухты жоғары ұстауға шақырды.

Кеш барысында этнос жастары қазақ ақындарының ел мен жерге, туған Отанға деген сүйіспеншілікті арқау еткен өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриоттық әндер орындады.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, олардың қоғамдағы орны мен ұлттық бірегейлікті сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін арттыру мәселелері талқыланды.

Шара барысында қатысушылар Мемлекеттік Әнұранның орындалуының маңыздылығына, Ту мен Елтаңбаның еліміздің тарихы мен болашағын бейнелейтін қасиетті рәміздер екеніне ерекше назар аударды. Өз кезегінде мектеп ұжымы мен этномәдени орталық мүшелері жастарды елін, жерін сүюге, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге тәрбиелеу – баршаның ортақ міндеті екенін атап өтті.

«МЕМЛЕКТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ»

Қарасай ауданы Жандосов ауылдық округі Жандосов орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ахыска» түрік этномәдени орталығының жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мектеп ұжымы, этномәдени орталық мүшелері қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Қатысушылар мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышаны екенін атап өтіп, олардың тарихи маңызы мен тәрбиелік мәніне кеңінен тоқталды.

Шараға Грек жексенбілік мектебінің оқушылары белсенді қатысты. Бағдарлама аясында мемлекеттік рәміздер тақырыбында балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз туындылары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Сондай-ақ қатысушылар үшін «Рәміздерді іздеу» атты танымдық квест өткізіліп, оқушылар мемлекеттік рәміздерге, еліміздің тарихына, мемлекеттік мерекелер мен көрнекті тұлғаларға қатысты тапсырмаларды орындады. Квест барысында оқушылар білімдерін шыңдап қана қоймай, ұйымшылдық пен тапқырлықтарын да таныта білді.

2026 жылдың 3 маусым күні Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің №17 орта мектепте «Элефтерия» Алматы облысының гректер қоғамы» ҚБ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызын насихаттауға арналған «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбиені нығайту, еліміздің тарихы мен құндылықтарын дәріптеу.

2026 жылдың 31 мамыр күні Талғар ауданы Қайнар ауылдық округіне қарасты Жаңалық ауылында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өткенге тағзым» тақырыбында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарында жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына тағзым ету, тарихи әділеттілікті дәріптеу және өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.

Шара барысында қатысушылар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Еске алу рәсіміне мемлекеттік мекеме ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, этнос өкілдері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты.

В программе фестиваля были организованы концерт с участием детских творческих коллективов, ярмарка мастеров народного творчества, мастер-классы для детей, мастер-класс по игре на деревянных ложках и мастер-классы по народным танцам.

Почетным гостем мероприятия был депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, председатель ОЮЛ «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций Казахстана» Сергей Пономарев. Он подвел итоги фестиваля и выразил благодарность организатором и участникам.

В городе Конаев в рамках Дней славянской письменности и культуры состоялся II Международный фестиваль детских творческих коллективов ложкарей Казахстана «Музыкальная ложка», посвященный 35-летию Независимости Республики Казахстан.

В фестивале приняли участие творческие коллективы из различных регионов Казахстана: городов Кызылорда, Орал, Тараз, Алматы, Алматинской области и области Жетісу, а также хор школы искусств «Меруерт» города Конаев, творческий коллектив «Элегия» города Алатау и ансамбль балалаечников из города Барнаул Российской Федерации.

Фестиваль бағдарламасында балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт, халық шығармашылығы шеберлерінің жәрмеңкесі, балаларға арналған шеберлік сыныптар, ағаш қасықта ойнау шеберлік сыныбы, халық биі бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

Іс-шараның құрметті қонағы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Пономарев фестиваль қорытындысын шығарып, қатысушыларға алғысын білдірді.

Қонаев қаласында славян жазуы мен мәдениеті күндері аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған Қазақстан қасықшылар (ложкари) балалар шығармашылық ұжымдарының "Музыкальная ложка" II халықаралық фестивалі өтті.

Фестивальға Қазақстанның әр өңірінен: Қызылорда, Орал, Тараз, Алматы қалаларынан, Алматы және Жетісу облыстарынан шығармашылық ұжымдар, сонымен қатар Қонаев қаласындағы «Меруерт» өнер мектебінің хоры, Алатау қаласының «Элегия» шығармашылық ұжымы және Ресей Федерациясының Барнауыл қаласынан балалайкашылар ансамблі қатысты.

Бүгінде облыста 105 этнос өкілі мен тіркелген 34 этномәдени бірлестік бар. Жаңа ғимарат осы ұйымдардың басын біріктіретін шаңыраққа айналады. Мұнда бірлескен жобалар жүзеге асырылып, мәдени-ағартушылық іс-шаралар, форумдар мен кездесулер өткізілетін ашық диалог алаңы қалыптасады.

Нысан құрылысы үш ай бойы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

2026 жылдың 30 мамыр күні Алматы облысында жаңа «Достық үйі» ғимараты іргетасының капсуласын салу рәсімі өтті.

Өңірдегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған бұл маңызды жобаны жергілікті ірі кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда.

Аталған шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қоғам өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы бұл нысанның бой көтеруі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында берген нақты тапсырмасының аясында жүзеге асып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол өңір экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып, ғимарат құрылысына демеушілік жасаған кәсіпкерлерге азаматтық жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенділік танытып, қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарды абаттандыру және сенбілік жұмыстарына тұрақты түрде қатысудың маңыздылығы сөз болды.

Кездесудің мақсаты - қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау жолында этнос өкілдерінің ынтымақтастығын арттырып, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын кеңінен насихаттау.