Қазақстан билігі ипотекалық несие пайызы бойынша салықтан шегерімді қайта енгізуді жоспарлап отыр.
Салықтан шегерім деген не?
Ипотекасы барларға арналған салықтан шегерім — жалақыдан ұсталатын жеке табыс салығын (10%) азайту мүмкіндігі.
Бұл жағдайда адам бүкіл жалақыға емес, банкке ипотека бойынша төлеген пайызды шегергеннен кейінгі сомаға салық төлейді.
Мысалы, төлем — 400 000 тг
250 000 тг — негізгі қарыз
150 000 тг — пайыз.
Демек шегерім 150 000 теңгеден жасалады.
Яғни, ай сайын 150 мың теңгенің 10%-ы — 51 мың теңге үнемдеуге болатын. Бұл соманы ипотека төлеуші жалақы арқылы қайтарып алатын.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша салықтан шегерімді алып тастағаннан кейін халықтың ипотека төлеуге кететін шығыны артып, несие алу қиындады.
Енді үкімет 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар аясында бұл жеңілдікті қайта енгізу және басқа қолдау шараларын қарастырып жатыр.
Дереккөз: Krisha.kz | Жаңалықтар