Архив доступен 17 770 сообщений С 2018 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Касым-Жомарт Токаев наградил Рафаэля Гросси орденом «Достық» I степени за значительный вклад в укрепление сотрудничества между Республикой Казахстан и МАГАТЭ

t.me/aqorda_resmi

Қазақстанда жасөспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау күшейтілмек

Елімізде еңбек ететін жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Жаңа түзетулерге сәйкес, кәмелетке толмаған жұмысшыларды өндірістік жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қарастырылады.

Сондай-ақ 2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың сәуіріне дейін 100 мыңға жуық бала мен ата-ана арасында жүргізілген зерттеу бірнеше маңызды мәселені көрсетті.

– Жасөспірімдердің 70 пайыздан астамы ресми еңбек келісімшартынсыз жұмыс істейді. Олардың 51 пайызға жуығы кешкі немесе түнгі уақытта еңбек етеді. Ал 10 пайызы жалақының кешіктірілуі немесе мүлде төленбеуі сияқты мәселелерге тап болған, – деді министр Үкімет отырысында.

Павлодар облысында жер сілкінді

Қазақстан ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 11:28-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Баянауыл ауылы маңында орналасқан.

MSK-64 шкаласы бойынша Баянауылдағы есептік қарқындылық шамамен 2 баллды құрады.

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты қарастырылды

Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылына жалпы саны 89 457 грант бөлінген. Оның ішінде

бакалавриат бағдарламаларына – 75 371

магистратураға – 11 007

докторантураға – 3 079 грант.

Саясат Нұрбектің сөзінше, гранттардың басым бөлігі инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттарына берілген. Бұл салаларға жалпы грант санының 60%-ы тиесілі. Ал 21%-ы педагог мамандарды даярлауға арналған.

Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту

Елдің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, шаңды дауыл соғып, үсік жүруі ықтимал.

Кей аумақтарда желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

Сонымен қатар Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Алматы облыстары және өзге де аймақтарда жоғары әрі төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған баланың денесі табылды

26 мамыр күні таңғы сағат шамамен 05:00-де бұрын хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың мәйіті Қаратал өзенінен табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Алдын ала деректерге сәйкес, денеден зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды. Кішкентай бөбекті пакетке салып лақтырып кеткен.

Із-түзсіз жоғалып, өлі күйінде табылған Ерзат Егінбай жер қойнына тапсырылды. Дүйім жұрт болып жабыла іздеген жігіттің денесін Алматы облысындағы көлдердің бірінен балықшылар байқапты. Алғашында пакет екен деп ойлап, оның мәйіт екенін кейін аңғарған. Ал марқұмның отбасы ұлдарының нақты неден қайтыс болғанын біле алмай дал. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаса да, Ерзаттың өз-өзін өлтіруі мүмкін емес деп отыр. Қаза тапқан жігіттің жақындарымен КТК тілшісі сұхбаттасты.

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

Жеңіс Қасымбек

Астанада барлық басты экономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқын байқалатынын жеткізді.

Биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыз жоғары. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар.

Бүгінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұр. Елорданың қоғамдық көлік жүйесін жандандыру мақсатында жобаның екінші кезеңі пысықталуда.

әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын көркейту жөнінде айтты.

Соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отыр.

2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталмақ.

қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы, Smart City жобасының іске асырылуы туралы баяндады.

2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалап, елорданы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

Алматыда мектеп түлектерінің автокеруені тоқтатылып, 21 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Алматыда полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған мектеп түлектерінің автокөліктерін тоқтатты.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында түлектер қала көшелерінде автошеру ұйымдастырған.

Ведомство мәліметінше, мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны алдын ала ескертілген. Соған қарамастан, бір топ жасөспірім жол қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзып, автокортежбен жүрген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 21 кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы балаларын тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтау әуежайында шетел азаматы денесіне жасырылған 1 келіге жуық апиынмен ұсталды

Сәуір айынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі тасымалына қатысты 9 халықаралық және 2 өңірлік арнаның жолын кескен.

Соның бірі — Ақтау әуежайында тіркелді. Шетелдік азамат өз денесіне 114 капсула апиын жасырып өткізбек болған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрады.

Ал Астана әуежайында Оңтүстік Азия елдерінен 12 келі гашиш майын алып өтпек болған Қазақстан азаматы қолға түсті. Бұдан бөлек, күштік құрылымдар «көкнәр тұқымдас шөпті» заңсыз тасымалдау және тарату ісіне қатысы бар деген күдікпен топтың ұсталғанын мәлімдеді.

Жалпы операция барысында ондаған келі есірткі, 20 тонна көкнәр шөбі және 150 литрден астам прекурсор тәркіленді. Қазіргі уақытта 26 адам қамауға алынған.

27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Алматы облысында құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт бой көтереді

Үкімет «Алатау» арнайы экономикалық аймағында биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялық жобаны қолдады. Тиісті келісімге Денсаулық сақтау министрлігі мен Steppe pharmaceuticals компаниясы қол қойған. Қаулыны Премьер-министр Олжас Бектенов бекітті.

Жоба аясында 32,5 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылмақ. Кәсіпорында 20 түрлі дәрі-дәрмек шығару жоспарланған. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін дерттерге арналған препараттар, сондай-ақ жаңа буындағы иммунобиологиялық өнімдер бар.

Зауытты 2031 жылы іске қосу көзделіп отыр. Ал 2032 жылы кәсіпорын толық жобалық қуатына жетсе, 2034 жылдан бастап негізгі бағыттар бойынша толық өндірістік циклге өтеді.

Сонымен қатар зауыт жанында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, халықаралық GMP стандарттары енгізіледі. Мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға арналған жүйе де қарастырылған.

Вашингтондағы Ақ үй маңында атыс болды

АҚШ Құпия қызметінің хабарлауынша, сенбі күні кешке белгісіз ер адам Ақ үй жанындағы күзет бекетіне оқ атқан.

Қауіпсіздік қызметкерлері дереу қарымта оқ жаудырып, күдіктіні жаралаған. Кейін ол ауруханада көз жұмды.

Оқиға салдарынан бір бейбіт тұрғынның да жарақат алғаны белгілі болды.

Америкалық БАҚ дерегіне сәйкес, қаза тапқан адам — Мэриленд штатының 21 жастағы тұрғыны Насир Бест. Алайда тергеушілер оның бұған дейінгі атыс оқиғаларына қатысы бар-жоғын әзірге нақтылаған жоқ.

Атыс кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде болған. Оның зардап шекпегені хабарланды.

Қауіпсіздік шараларына байланысты Ақ үй аумағы уақытша жабылып, қызметкерлер мен журналистер арнайы қорғалған жерге эвакуацияланған.

Қазақстанда заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді

Полицияның мәліметінше, тәркіленген өнімнің ішінде 911 келіден аса бекіре тұқымдас балық және шамамен 1 келі қара уылдырық бар. Барлық өнім «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытына» өткізілген.

Жедел-профилактикалық шаралар басталғалы бері балықты заңсыз аулау, сақтау, тасымалдау және сату фактілері бойынша 152 құқық бұзушылық анықталған. Қазір жеті қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары заңсыз балық аулауға арналған 19 құралды және құқық бұзушылық кезінде қолданылуы мүмкін 10 жүзу құралын тәркілеген.

Ведомство өкілдері табиғи ресурстарды қорғау мен экологиялық қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Алматыда 25 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалды. Ерзат Егімбайды жақындары үш күннен бері іздеп жатыр. Бірақ ол туралы еш хабар жоқ.

Атырауда күйеуінің қолынан қаза болған ұстаздың өліміне қатысты сот процесі басталды. Әйелін пышақтады деген зейнеткерге адам өлтiру бабы бойынша айып тағылған. Бұрын-соңды арасында «кикілжің болғанын білмедік» деген жәбірленуші тарап әділ жаза талап етіп отыр.

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.

Ерлан Қошанов

Парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдағанын айтты.

Соның ішінде «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» және басқа да конституциялық заңдар бар.

Аталған жұмыс қоғам өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен ашық жүргізілді.

Жалпы, Мәжіліс сессиясы басталғаннан бері 89 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Олардың арасында Құрылыс, Цифрлық кодекстер, жасанды интеллект, банк және банк қызметі, құқықбұзушылықтың алдын алу, Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізу, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік наградалар, ғылым мәселелері, педагог мәртебесін көтеру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жеке сот орындаушылар қызметі және басқа да заңдар бар.

Қазір депутаттардың қарауында 80 заң жобасы жатыр. Оның қатарында жаңа Конституция қабылдауға байланысты рақымшылық жариялау, жол қозғалысындағы цифрландыру мен қауіпсіздік, жергілікті өзін-өзі басқару, телекоммуникация нарығын дамыту, машина жасау саласын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, нотариат және басқа да мәселелер туралы заң жобаларын айтуға болады.

Мәжіліс сессия соңына дейін Жоғары аудиторлық палата төрағасының ғылымды дамытуға бөлінген қаржыны орынды жұмсау, былтырғы республикалық бюджетті игеруге қатысты Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебін және депутаттардың аймақтарға сапары кезінде сайлаушылар тарапынан түскен өтініштердің нәтижелері бойынша Үкіметтің ақпаратын тыңдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Мәжіліс заң шығару ісінде ашықтыққа және сарапшылық топпен ынтымақтастыққа баса назар аударады.

Қоғамдық палата отырыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыс қорытындылары, атап айтқанда, ТүрікПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа парламентаралық ұйымдармен ықпалдастық жайында баяндады.

Токио губернаторы Мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын жеткізді

– Сіздің көшбасшылығыңызды, сондай-ақ экономикалық өсім, жасанды интеллект, цифрландыру және инвестиция тарту бағыттарын дамытуды көздейтін іргелі реформаларыңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан өңірдегі экономикасы ірі, ресурсы мол ел ретінде Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб рөлін нығайтып келеді, – деді Юрико Коикэ.

Президент пен губернатор цифрлық технология, инновация, халықаралық қаржы және білім беру секілді негізгі салаларда серіктестік орнату мүмкіндігін қарастырды.

Алматыда құтқарушылар баланың терезеден құлап кету қаупінің алдын алды

Оқиға 21 мамыр күні кешке Алатау ауданындағы «Мәдениет» шағынауданында тіркелген. ТЖД дерегінше, ата-анасы үйде болмаған сәтте 5 жастағы бала 6-қабаттағы ашық тұрған терезенің жанында болған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен баланы қауіпсіз жерге түсіріп алды. Құтқару шарасынан кейін бала полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

ТЖМ