Архив доступен 201 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп ұстаздары мен оқушылар Мемлекеттік Гимнді орындады

Бүгін, 4 маусым күні Мұнайлы ауданындағы №20 мектептің ұстаздары мен оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті.

Іс-шара барысында білім ордасының ұжымы мен оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірлесе орындап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді.

АҚТАУДА КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАЛАРЫН ЦИФРЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін, 4 мусым күні Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде «Цифрлық трансформация: колледж кітапханаларының қызметін заманауи жаңғырту» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Ауқымды іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметін цифрлық технологиялар арқылы жетілдіру, инновациялық тәжірибелермен алмасу және кітап оқу мәдениетін жаңа форматта дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Газимова, республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана қызметкерлері, колледж бссшылары, Астана қаласы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы және еліміздің өзге де өңірлерінен кітапхана меңгерушілері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен сала мамандары қатысты.

Жалпы қатысушылар саны 120-ға жуық адамды құрады.

Іс-шара аясында кітапхана саласындағы цифрлық шешімдер, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, электрондық ресурстарды дамыту және заманауи кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа бағыттары талқыланды.

Семинардың маңызды бөлігінің бірі – «Кітап – рухани құндылық» республикалық шығармашылық жобасы аясында ұйымдастырылатын Цифрлық буктрейлер республикалық байқауы.

Байқау кітап оқу мәдениетін насихаттауға, жастардың шығармашылық және цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Аталған байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 50-ге жуық студент қатысып, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалана отырып әзірленген шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Республикалық семинар тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының заманауи даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай білім басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік Гимнді орындады

Бүгін, 4 маусым күні білім басқармасының ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті.

Шара барысында ұжым мүшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірлесе орындап, елге деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін білдірді.

Іс-шараны ашқан білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Қызылғұлова әріптестерін мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын қасиетті құндылықтар екенін атап өтті.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн – халқымыздың тарихын, мәдениетін және егемендігін бейнелейтін басты нышандар. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы әрі Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Рәміздер күні құтты болсын!

_

С Днем государственных символов Республики Казахстан!

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ҮЗДІК 100 СТУДЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

2026 жылғы 10 маусым күні «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтетіндігін хабарлайды.

Облыстық кезеңге колледжішілік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

Конкурстың мақсаты - талантты жастарды қолдауға, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және техникалық әрі кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыруға бағытталған.

Конкурс барысында қазылар алқасы қатысушылар ұсынған материалдарға кешенді бағалау жүргізеді. Бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

– «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» құндылықтары мен қағидаттарын ұстануы

– волонтерлік және қоғамдық қызметке қатысу белсенділігі

– цифрлық дағдыларды қолдану деңгейі

– академиялық үлгерімі мен кәсіби жетістіктеріне жүргізілген өзіндік талдау

– WorldSkills чемпионаттарына және кәсіби шеберлік байқауларына қатысу тәжірибесі.

Конкурс білімді, бастамашыл және кәсіби дамуға ұмтылатын жастарды анықтауға, олардың жетістіктерін насихаттауға және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттерін қолдауға мүмкіндік береді.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Биыл, Ақтау қаласындағы Білім-инновация лицейінің 8 түлегі әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алып, халықаралық білім кеңістігінде өз білімдерінің жоғары деңгейін дәлелдеді.

Керімбаев Ақарыс – The Hong Kong Polytechnic University, The Chinese University of Hong Kong

Саясат Айбек – The Hong Kong Polytechnic University

Темиров Алишер – The Hong Kong Polytechnic University

Айдын Нарбол – The Hong Kong Polytechnic University

Ерсұлтан Абылай – The Chinese University of Hong Kong, Hong Kong Baptist University, The Education University of Hong Kong

Нуруллах Пирнепесов – The Education University of Hong Kong

Амирхан Хайруллин – The Education University of Hong Kong

Абдрахман Алишер – The Education University of Hong Kong

Айрықша жетістікке қол жеткізген Амирхан Хайруллин Full Ride Scholarship толық грантының иегері атанды. Бұл грант студенттің оқу ақысын ғана емес, жатақхана мен тамақтану шығындарын да толық қамтиды.

QS халықаралық рейтингі бойынша

The Education University of Hong Kong – Education бағыты бойынша әлемде 7-орын, Азияда 2-орын

The Chinese University of Hong Kong – әлемде 32-орын, Азияда 7-орын

The Hong Kong Polytechnic University – әлемде 54-орын, Азияда 10-орын

Hong Kong Baptist University – әлемде 240-орын, Азияда 53-орын.

Дарынды түлектерімізді жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы оқу жолында толағай табыс пен биік белестер тілейміз!

Подводя итоги заседания, аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай поручил ответственным управлениям обеспечить качественную и своевременную реализацию запланированных проектов, а также усилить работу по развитию транспортно-логистического потенциала региона, цифровизации сферы образования и сохранению стабильности цен.

Пресс-служба акима Мангистауской области

Маңғыстауда көлік-логистика, білімді цифрландыру және азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелері қаралды

Бүгін, 2 маусымда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Кеңесте өңірдегі көлік-логистика саласының дамуы, білім беру жүйесін цифрландыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар қаралды.

Жиында көлік және логистика саласында оң динамика сақталып отырғаны айтылды. Биылғы төрт айда саладағы нақты көлем индексі 111,1%-ды құрады. Өңірде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, автомобиль жолдарын жөндеу, Ақтау халықаралық әуежайы базасында авиациялық хаб құру, Кендірлі әуежайының құрылысы, сондай-ақ Ақтау және Құрық порттарын дамыту бағытындағы ірі жобалар жүзеге асырылуда.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша білім беру саласын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары талқыланды. Қазіргі таңда облыстағы барлық мектептер электронды журнал жүйесімен жұмыс істейді және интернет желісімен қамтамасыз етілген. Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылып, өңірдегі 16 мектеп жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі пилоттық жобаға енгізілген.

Сонымен қатар жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған Mangystau Hub IT-хабының жұмысы және өңірде Tomorrow School мен TUMO жобаларын іске асыру жоспарлары таныстырылды.

Кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары да сөз болды. Бағаға тұрақты мониторинг жүргізіліп, сауда үстемесін төмендету жөнінде меморандумдар жасалған. Сондай-ақ тұрақтандыру қоры арқылы тауарлар жеткізіліп, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда.

Жиын қорытындысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты басқармаларға жоспарланған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, білім беру саласын цифрландыру және баға тұрақтылығын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

В Мангистау рассмотрели вопросы развития транспортно-логистической отрасли, цифровизации образования и стабилизации цен на продукты

Сегодня, 2 июня, под председательством акима Мангистауской области Нурдаулета Килыбая состоялось аппаратное совещание. В ходе заседания были рассмотрены вопросы развития транспортно-логистической сферы региона, цифровизации системы образования и работы по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

На совещании отмечено, что в сфере транспорта и логистики сохраняется положительная динамика. За первые четыре месяца текущего года индекс физического объема в этой сфере составил 111,1%.

В регионе реализуются крупные проекты по модернизации железнодорожной инфраструктуры, ремонту автомобильных дорог, созданию авиационного хаба на базе международного аэропорта Актау, строительству аэропорта Кендерли, а также развитию портов Актау и Курык.

По второму вопросу повестки дня обсуждены цифровизация сферы образования и внедрение технологий искусственного интеллекта. В настоящее время все школы Мангистауской области работают с системой электронных журналов и обеспечены доступом к интернету. Реализуются проекты, направленные на повышение цифровых компетенций педагогов. 16 школ региона включены в пилотный проект по внедрению технологий искусственного интеллекта.

Кроме того, была представлена работа IT-хаба Mangystau Hub, направленного на развитие цифровых навыков молодежи и озвучены планы по реализации в регионе проектов Tomorrow School и TUMO.

На совещании также были рассмотрены меры по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары. В регионе ведется постоянный мониторинг цен, заключены меморандумы по снижению торговой надбавки. Через стабилизационный фонд осуществляется поставка продукции и регулярно проводятся сельскохозяйственные ярмарки.

Бүгін, 2 маусым күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде Hackathon республикалық идеялар конкурсының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту облыстық орталығы» МКҚК директорының міндетін атқарушы Талғат Утебаев, Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Ерлан Жарланов, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект факультетінің академиялық істер және ғылыми жұмыстар жөніндегі вице-деканы Мақсым Орынбасар, сондай-ақ менторлар қатысты.

Конкурстың мақсаты – робототехника, мехатроника және бағдарламалау салаларында дарынды студенттерді анықтау және қолдау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инновациялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту.

Іс-шара аясында колледж студенттерінің қолынан шыққан инновациялық жобалар мен техникалық өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында қатысушылар мен қонақтар студенттердің шығармашылық және техникалық әлеуетімен танысты.

Сондай-ақ «Науайы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, шараның көркін аша түсті. Бағдарлама аясында конкурсқа қатысушы командалар, менторлар және комиссия мүшелері таныстырылды.

Қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы, заманауи зертханалары мен оқу кабинеттерін таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихан басталды

Бүгін, 2 маусым күні облыс бойынша 10 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсыруды бастады.

Мемлекеттік емтихандар 2-15 маусым аралығында өткізіледі.

Мектеп бітіруші түлектер бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде емтихан.

Бүгін 11-сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан тапсыруда.

Қалған емтихандар төменде көрсетілген мерзімде өтеді.

5 маусымда алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан тапсырады

9 маусым күні қазақ тілі/орыс тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан орындайды

12 маусым күні таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын), информатика пәндер бойынша тапсырады

15 маусымда орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан тапсырады.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

2026 жылдың 1 маусым күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау облысының білім басқармасы Облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының ұйымдастыруымен Білім басқармасына қарасты «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ білім алушылары арасында спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Шара барысында Білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Газимова құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жылы лебізін білдіріп, зор денсаулық, бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ тіледі.

Шараның мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Іс-шараға 40 білім алушы қатысып, түрлі спорттық жарыстар мен белсенді ойындарда өзара бақ сынасып, келесі спорттық ойындарға қатысты.

Балалар спорттық эстафеталық жарыстарға қатысып, арқанмен секіру, доппен жүгіру, туннель арқылы кедергілерден өту және дартс ату секілді түрлі спорттық сайыстарда бақ сынады.

Шара барысында балалар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, спорттық белсенділіктерін көрсетті.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында маңғыстаулық студенттер үздіктер қатарынан көрінді

Ресей Федерациясының Нижний Новгород қаласында өткен креативті индустриялар мен IT бағытындағы «Профессионалы» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті.

Әлемнің 15 елінен келген 250 қатысушы 12 құзыреттілік бойынша бақ сынаған беделді додада Маңғыстау облысының студенттері Қазақстан намысын лайықты қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша

«Виртуалды әлемдерді әзірлеу» құзыреттілігі бойынша II орын – Дербаскин Артем, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі

«Моушн-дизайн» құзыреттілігі бойынша II орын – Өтелген Манас, Ақтау технологиялық колледжі

«Ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі қатерлерінен корпоративтік қорғау» құзыреттілігі бойынша II орын – Имаев Антон, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі

«Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша II орын – Базаров Ренат, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі

«Ақпараттық модельдеу технологиясы (BIM)» құзыреттілігі бойынша III орын – Алтыбаев Қуандық, Жаңаөзен қызмет көрсету колледжі.

Сонымен қатар, командалық есепте «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша өнер көрсеткен Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Алферьев Артемий II орын иеленді.

Маңғыстаулық студенттердің бұл жетістігі – олардың кәсіби даярлығы мен шеберлігінің, сондай-ақ өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сапалы жұмысының нәтижесі.

Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата берулеріне тілектестік білдіреміз.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР АҚОРДАДА ЭКСКУРСИЯДА БОЛДЫ

2026 жылғы 30 мамырда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорда ғимаратында арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Танымдық шараға пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылар қатысты.

Экскурсия барысында балалар Ақорда ғимаратының салыну тарихымен және сәулеттік ерекшеліктерімен танысып, ресми қабылдаулар өтетін залдарды, Мемлекет басшысының кітапханасын аралады. Сондай-ақ резиденция аумағындағы бақта серуендеп, елдің басты мемлекеттік нысандарының бірі туралы мол мағлұмат алды.

Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінен 5–8 сыныптар аралығындағы дарынды, түрлі олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүрген 5 оқушы қатысты. Олар

Бейнеу ауданы Қалдығараев атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Қалымбет Иманғали

Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Қовлан Айдос Нұрболұлы

Маңғыстау ауданы Ә. Жангелдин атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Қартбаев Бақдәулет Табылдыұлы

Түпқараған ауданы Форт-Шевченко мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Қайырбаев Аят Асқарұлы

Қарақия ауданы №4 мектептің 8-сынып оқушысы Түгелбай Исламбек Тасқынбайұлы.

Экскурсия соңында оқушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан естелік сыйлықтар табысталды.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Нұрдәулет Қилыбай халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздарымен кездесті

Денсаулық сақшылары: бірге дамимыз» тақырыбында жас мамандар арасында team building өтті

2026 жылғы 29 мамыр күні облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығының іс-шарпалар жоспарына сәйкес «Кендірлі» демалыс аймағында Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Денсаулық сақшылары: бірге дамимыз» атты team building (тимбилдинг) өтті.

Мақсаты: Жас мамандардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, командалық рухты қалыптастыру, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және тәжірибе алмасу алаңын құру.

Аталған шараға 9 колледжден 9 команда қатысып, team building ережесіне сәйкес бірнеше кезеңнен тұратын түрлі командалық ойындар мен қызықты тапсырмалар орындап, өздерінің ұйымшылдығын, белсенділігін және шығармашылық қабілеттеріін көрсете білді.

Шара достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, жас мамандарға жаңа серпін мен ерекше әсер сыйлады.

Шара қорытындысында

І орынды М.Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжі

ІІ орынды «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі

ІІІ орынды Маңғыстау туризм колледжі иеленді.

Қалған командаларға түрлі номинациялар табысталды.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

В ходе мероприятия учащимся, добившимся высоких результатов на международном и республиканском уровнях, были вручены денежные сертификаты от имени акима области.

Стоит отметить, что в 2025–2026 учебном году школьники Мангистауской области завоевали в общей сложности 270 медалей на международных и республиканских олимпиадах и конкурсах. Среди достижений — победы на международных олимпиадах по математике, информатике и биологии, конкурсах научных проектов, а также международных чемпионатах по робототехнике.

Пресс-служба акима Мангистауской области

Маңғыстау облысының әкімі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздарымен кездесті

Бүгін, 1 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай халықаралық пән олимпиадаларының, ғылыми жоба конкурстары мен робототехника чемпионаттарының жеңімпаздарымен кездесті.

Кездесу барысында өңір басшысы дарынды жастарды жетістіктерімен құттықтап, олардың табыстары облыстағы білім беру сапасының нақты көрсеткіші екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім сапасы табысты ұлт қалыптастырудың басты шарттарының бірі екенін үнемі айтып келеді. Бүгінгі жетістіктеріңіз – еңбектің, табандылықтың және білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздер өңіріміздің ғана емес, еліміздің де мақтанышысыздар. Алдағы уақытта да ғылым мен білім жолында жаңа белестерді бағындырып, Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қосады деп сенемін. Білімді болыңыздар, өздеріңізге сеніңіздер, әрдайым еңбектенуден жалықпаңыздар. Себебі үлкен жетістіктерге апарар жол үздіксіз ізденіс пен қажырлы еңбек арқылы қалыптасады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар облыс әкіміне мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік, жетістікке жетудегі тәртіп пен таланттың рөлі, өмірдегі маңызды шешімдер, қазіргі жастардың ерекшеліктері және жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері туралы сауалдарын қойды.

Сондай-ақ дарынды жастар өз жетістіктері мен алдағы мақсаттары жөнінде айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Аймақ басшысы әрбір қатысушының пікірін мұқият тыңдап, ақыл-кеңесін бөлісті.

Кездесу соңында оқушылар атынан сөз сөйлеген дарынды жастар өңірде білім мен ғылым саласына көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Шара барысында халықаралық және республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушыларға облыс әкімінің атынан ақшалай сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылында Маңғыстау облысының оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқауларда жалпы саны 270 медаль жеңіп алды. Олардың қатарында математика, информатика, биология пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары, сондай-ақ робототехникадан халықаралық чемпионаттар бар.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аким Мангистауской области встретился с победителями международных олимпиад и научных проектов

Сегодня, 1 июня, аким Мангистауской области Нурдаулет Килыбай встретился с победителями международных предметных олимпиад, конкурсов научных проектов и чемпионатов по робототехнике.

В ходе встречи глава региона поздравил талантливую молодежь с успехами и отметил, что их достижения являются наглядным показателем высокого качества образования в области.

— Глава государства Касым-Жомарт Токаев неоднократно подчеркивает, что качество образования является одним из главных условий формирования успешной нации. Ваши сегодняшние достижения — результат труда, настойчивости и стремления к знаниям. Вы — гордость не только нашего региона, но и всей страны. Уверен, что и в дальнейшем вы будете покорять новые вершины в науке и образовании, внося свой вклад в развитие Казахстана. Будьте образованными, верьте в себя и никогда не уставайте трудиться. Ведь путь к большим достижениям строится через постоянное стремление к новым знаниям и упорный труд, — отметил Нурдаулет Килыбай.

Встреча прошла в формате открытого диалога. Школьники задали акиму области вопросы об ответственности на государственной службе, роли дисциплины и таланта в достижении успеха, принятии важных жизненных решений, особенностях современной молодежи, а также о возможностях применения искусственного интеллекта.

Талантливые учащиеся также рассказали о своих достижениях и планах на будущее, поделились предложениями и инициативами. Глава региона внимательно выслушал каждого участника и дал свои рекомендации.

В завершение встречи одаренные школьники от имени всех участников выразили благодарность за поддержку, оказываемую в регионе сферам образования и науки.

«БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАЙЫҚ, СПОРТТЫ ҚОЛДАЙЫҚ!» СПОРТТЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ШАРАСЫ

Бүгін, 1 маусым күні Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығы және 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Маңғыстау облыстық білім басқармасының Дене тәрбиесі және туризм орталығы мен Маңғыстау облысы Полиция департаменті жанынан құрылған нашақорлыққа қарсы ұйымның ұйымдастыруымен «Балаларды қорғайық, спортты қолдайық!» тақырыбында өткізілетін жағалау аумағында ауқымды спорттық-әлеуметтік шара өтті.

Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың зиянын түсіндіру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды спорт арқылы тәртіпке, рухани және физикалық дамуға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында қатысушылар Ақтау қаласындағы «I LOVE AKTAU» алаңынан Амфитеатр алаңына дейінгі 3 км шақырымдық жүгіру марафонына қатысты.

Жүгірушілер легінің алдында ұйымдастырушылардың туын ұстаған 2 мотоцикл бастап жүрді. Олардың артынан 300 жас спортшы 3 км шақырымдық марафон бағыты бойынша жүгіріп өтті.

Марафон аяқталғаннан кейін Амфитеатр алаңында шараның қорытынды бөлімі өтіп, қатысушыларды Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Сүйіндік Риза, Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкері, полиция капитаны Ақылбек Зиноллин, МО Киокушинкай-кан каратэ федерациясының құрметті президенті Ержан Қожаев және МО Киокушинкай-кан каратэ федерациясының атқарушы директоры Бекжан Сайлау құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Құрметті балалар!

Қадірлі ата-аналар!

Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – балалардың қуанышы мен бақытына арналған ерекше күн. Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, бақытты балалық шақ тілеймін!

Құрметті ата-аналар! Бала тәрбиесіне, олардың дамуы мен жетілуіне қосқан өлшеусіз үлестеріңізге зор алғыс білдіремін.

Қадірлі жас достар! Жазғы демалыстарыңызды тиімді өткізіп, жаңа оқу жылына тың күшпен келулеріңізге тілектеспін.

Балаларымыздың болашағы жарқын, дені сау, арманы биік болсын!

Сіздерге – сабыр мен сүйіспеншілік, отбасыңызға – шаттық пен береке тілеймін!

Құрметпен

Амантай Кумбаев

Білім басқармасының басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

– Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде.

Менің бастамаммен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады, – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Международным днем защиты детей

– Поздравляю соотечественников с Международным днем защиты детей! Защита прав и здоровья юных граждан, создание надлежащих условий для их гармоничного развития – общенациональная задача, конституционная обязанность. Опора счастливого детства – это дружные, сплоченные семьи. Поэтому поддержка института семьи стала одной из важнейших норм новой Конституции. Созидательный потенциал подрастающего поколения огромен, о чем наглядно говорят достижения в учебе, спорте, творчестве наших детей.

В рамках моей инициативы «Нацфонд – детям» каждый ребенок получает поддержку от государства. С этого года начался процесс реализации концепции «Дети Казахстана». Поддержка юных соотечественников будет всегда в центре внимания Казахстана – Справедливого, Прогрессивного государства, – написал Президент на странице в Instagram.