Елімізге Грузия премьер-министрі ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.
Сообщений: 88 с 2026 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Елімізге Грузия премьер-министрі ресми сапармен келді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Грузияның әнұрандары шырқалды.
Алматыда әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанып қалды
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен кезде босану басталып кеткен. Дәрігерлердің көмегімен салмағы 3370 грамм қыз бала аман-есен дүниеге келді.
Қазір ана мен нәрестенің жағдайы тұрақты, екеуі де дәрігерлердің бақылауында. Желіде оқиға орнына аулада тұрған көліктердің көптігінен жедел жәрдемнің кіруі қиындағаны туралы ақпарат тарады.
Елімізде жаңа үлгідегі паспорт әзірленіп жатыр
Ішкі істер министрлігі жаңа дизайндағы төлқұжат әзірленіп жатқанын тағы да растады. Алайда құжаттың соңғы нұсқасы әлі бекітілмеген, сондықтан макеті әзірге жарияланбады.
Маңыздысы – жаңа паспорт айналымға енгізілсе де, қазіргі төлқұжаттарды міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ. Олар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін заңды күшінде болады.
2026 жылғы төлқұжат рәсімдеу құны
36 бет – 34 600 теңге
48 бет – 51 900 теңге
24 бет (16 жасқа дейін) – 17 300 теңге
Тоқаев Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
Президент түрікмен халқының ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан көз жұмғандар саны 1450 адамға жетті. Ең көп зардап шеккен өңір – Ла-Гуайра штаты.
Ресми дерекке сәйкес, 12 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалған. Сондай-ақ 774 ғимарат қираған.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Енді дипломсыз адам өзін психолог деп атай алмайды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, “Психологиялық қызмет туралы” заң Сенаттан өтіп, Президенттің қол қоюына жіберілді.
Жаңа заң күшіне енсе
жоғары білімі мен дипломы жоқ адамдарға өзін психолог деп атауға тыйым салынады
психологтар бірыңғай мемлекеттік тізілімде тіркелуі тиіс
әлеуметтік желіде білімі мен тіркеу нөмірін көрсету міндеттеледі
"2 апталық курс" оқып алып, өзін психолог ретінде жарнамалауға жол берілмейді
жалған уәде беріп, халықты алдағандар жауапқа тартылады.
Президент журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады
Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті.
Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды.
Зидан Франция құрамасына футбол аңызын қайтармақ
Франция құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер саналатын Зинедин Зидан өз бапкерлік штабын жасақтай бастағаны хабарланды.
L’Equipe мәліметінше, қазіргі бас бапкер Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қызметінен кетуі мүмкін. Оның орнына Зидан келуі ықтимал.
Дереккөз ақпаратына сүйенсек, Зидан өз штабына Франция құрамасының бұрынғы қақпашысы Фабьен Бартезді қосуды жоспарлап отыр.
Роналду Өзбекстанға қарсы: Бүгінгі матчта кім жеңеді?
Бүгін футбол жанкүйерлерін қызықты матч күтіп тұр. Әлем чемпионатының екінші турында Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Өзбекстанмен кездеседі.
Алғашқы ойында Португалия Конго ДР құрамасымен тең түсіп (1:1), жанкүйерлердің сынына қалған еді. Сондықтан бүгінгі матчта Роналду мен оның командасы жеңіске жетуге бар күшін салмақ.
Өзбекстан құрамасы Колумбиядан жеңілгенімен (1:3), өз тарихындағы әлем чемпионатындағы алғашқы голын соғып үлгерді.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Депутат 6 миллиард теңгеге "іздеу салды"
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай жол құрылысына бөлінген 6 миллиард теңгенің қайда кеткенін анықтауды талап етті.
Оның айтуынша, Қызылорда, Ақтөбе және Ақмола облыстарындағы жол жобаларына бюджеттен қаржы бөлінгенімен, құрылыс жүргізілмеген. Ал тендерді жеңіп алған компаниялардың шотына түскен миллиардтаған теңге заңсыз шешіліп, кейін кәсіпорындар әдейі банкрот деп жарияланған деген күдік бар.
Лионель Месси тағы бір тарихи рекордқа қол жеткізді
Аргентина құрамасының капитаны әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып, рекорд жаңартты. Аустрияға қарсы матчта екі гол соққан Месси мундиальдардағы гол санын 18-ге жеткізді.
Осылайша ол 16 голмен көш бастап тұрған Германия аңызы Мирослав Клозені басып озып, әлем чемпионаттары тарихындағы ең нәтижелі футболшы атанды.
Шайдоров көптен бергі арманы орындалғанын айтты
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2027 жылғы төрт құрлық чемпионатының Астанада өтетінін ресми түрде жариялады.
«Бұл – мен үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де үлкен жеңіс. Сол арманым ақыры орындалғанына қатты қуаныштымын», – деді Шайдоров.
Айта кетейік, төрт құрлық чемпионаты 2027 жылдың 9-14 ақпаны аралығында Астанада өтеді.
Шала туған сәбидің көзі сақталып қалды
Түркістан облысында дәрігерлер алғаш рет шала туған нәрестеге бірегей ота жасап, оның көру қабілетін сақтап қалды.
Бар-жоғы 27 аптада, салмағы 1245 грамм болып дүниеге келген сәбиге «шала туғандардың ретинопатиясы» диагнозы қойылған. Мамандардың айтуынша, дер кезінде ота жасалмаса, нәресте мүлде көрмей қалуы мүмкін еді.
Бір жарым сағатқа созылған күрделі операция сәтті өтіп, сәбидің көзі сақталып қалды.
Қазір ұл бала жансақтау бөлімінде ем алып жатыр
Қазақстан қоржынына 18 медаль!
Астанада басталған халықаралық Altaic Cup турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық таеквондошылар жарқын нәтиже көрсетті.
Ұлттық құрама 4 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, жарысты сәтті бастады. Алтын жүлдені Самирхон Абабакиров, Бейбарыс Қаблан, Айша Әділбекқызы және Назым Махмұтова иеленді.
Бүгін елордада жастар құрамалары арасындағы бәсекелер жалғасады.
Шымкентте үй өртеніп, сегіз баланың анасы ажал құшты
39 жастағы әйел ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Тілсіз жау отбасының баспанасы мен кәсібін де жалмап кеткен.
Көрпе-төсек тігіп, адал еңбегімен сегіз баласын асырап отырған отбасы бір күнде үйінен, нәпақасынан және аяулы анасынан айырылды.
Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Марқұмның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.
Үкім шықты: әл-Фарабидегі жол апаты бойынша Александр Пак 10 жылға сотталды
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот үкімі жарияланды.
Сот Александр Пакты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, марқұмдардың бірінің әкесіне моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелді.
Шілдеде қанша күн демалыс беріледі?
Жыл сайын 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. 2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан азаматтарды ұзақ демалыс күтіп тұр.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша
4 шілде (сенбі) - демалыс
5 шілде (жексенбі) - демалыс
6 шілде (дүйсенбі) - мереке.
Осылайша, қатарынан үш күн демалыс болады.
Астана тағы бір ірі халықаралық жарыстың орталығына айналады
Халықаралық конькишілер одағының шешімімен елорда 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатын өткізетін қала болып бекітілді.
9-14 ақпан аралығында өтетін дүбірлі додаға Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік спортшылары қатысады.
Қаза тапқан қыздың әкесі 100 млн теңге өтемақы талап етті
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот отырысында марқұмдардың туыстары сөз сөйледі.
Жәбірленушінің бірі – қаза тапқан қыздың әкесі айыпталушыдан 100 миллион теңге моральдық өтемақы өндіруді талап етті. Оның өкілінің айтуынша, бұл талап материалдық пайда табу үшін емес, қызының өлімінен кейінгі ауыр моральдық зардап пен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қойылған.
Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісіне 10 жыл сұрады
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бойынша сотта жарыссөз басталды.
Мемлекеттік айыптаушы Zeekr көлігінің жүргізушісін кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.