Әскери қызметтің беделіне нұқсан келтірген азамат жауапкершілікке тартылды
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 2-бөлігі («Жалған ақпаратты орналастыру, тарату») бойынша кінәлі деп танылған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кету керек, 26 маусым күні @egovpress Telegram-арнасында жарияланған бейнематериалдарда азамат өзін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі ретінде көрсетіп, әскери қызметтің беделін түсіретін мәліметтер таратқан.
Қорғаныс министрлігі жүргізген тексеру нәтижесінде аталған азаматтың әскери қызметке қатысы жоқтығы және бұған дейін Қарулы Күштерде немесе өзге де әскери құралымдарында қызмет атқармағаны анықталды.
Тексеру материалдары ішкі істер органдарына жолданып, оның нәтижесі бойынша азамат жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызмет пен Қарулы Күштердің беделін түсіретін жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
За дискредитацию воинской службы гражданин привлечен к ответственности
Гражданин привлечен к административной ответственности по части 2 статьи 456-2 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях («Размещение, распространение ложной информации»). Ему назначен штраф в размере 20 МРП.
Основанием стала публикация, размещенная 26 июня в Telegram-канале @egovpress, в которой мужчина, изображенный на видеоматериалах, был необоснованно представлен как военнослужащий Вооруженных Сил Республики Казахстан, а сама публикация содержала утверждения, дискредитирующие воинскую службу.
Проведенной Министерством обороны проверкой установлено, что данный гражданин не является военнослужащим, не проходит воинскую службу и ранее не служил в Вооруженных Силах или иных воинских формированиях Республики Казахстан.
Материалы проверки были переданы в органы внутренних дел, по результатам чего гражданин привлечен к административной ответственности за распространение ложной информации.
Министерство обороны Республики Казахстан напоминает, что распространение недостоверных сведений, дискредитирующих воинскую службу и Вооруженные Силы, влечет ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан.
Armia.kz x.com Insta t.me YouTube FaceBook Aitu