Текст материала отсутствует.
naryntany
Сообщений: 537 с 2026 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Атырауда өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 73 мекеме қатысты
Атырау қаласында «Жайық жағасындағы жәрмеңке» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға өңірдегі 73 кәсіпорын мен мекеме қатысып, жұмыс іздеушілерге 730 бос жұмыс орнын ұсынды. Оның 505-і жұмысшы мамандықтарына, 225-і инженерлік-техникалық бағыттарға арналды.
Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар, жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған және жазасын өтеп шыққан тұрғындар қатысты.
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасановтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 16 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 1491 адам қатысқан. Нәтижесінде 598 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.
Қазір Атырау облысында 18 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген. Оның 3 мыңнан астамы субсидияланатын жұмыс орындарына тартылған.
Хұсни ХАМЗА
Текст материала отсутствует.
Атырауда Бейбітшілік және келісім сарайының құрылысы тамыз айында аяқталады
Атырау қаласында салынып жатқан Бейбітшілік және келісім сарайының құрылысы биылғы жылдың тамыз айында толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жалпы аумағы 17 мың шаршы метрді құрайтын нысан жастар мен ересектердің басын қосатын ірі мәдени, рухани және креативті даму орталығына айналмақ.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың сәуір айында басталған. Нысан екі блоктан тұрады: А блогы төрт қабатты, ал В блогы екі қабатты болып жобаланған.
В блогында мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған акт залы мен кинотеатр орналасады. Сонымен қатар екінші қабатта екі хореографиялық зал және ардагерлерге арналған арнайы зал қарастырылған.
Ал А блогында Бейбітшілік және келісім сарайының негізгі бөлімдері орналасады. Сондай-ақ ғимаратта қалалық және облыстық архив мекемелерін орналастыру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында 400-ге жуық маман еңбек етуде.
Атырауда 50 қыз-келіншек көшбасшылық дағдыларын жетілдірді
Атырауда әйелдердің саяси көшбасшылығы мен қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасының кезекті бағдарламасы қорытындыланды.
Бес күнге созылған оқу бағдарламасына іріктеу нәтижесінде 50 қыз-келіншек қатысты. Олар көшбасшылық, жобалық басқару, тиімді коммуникация және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеріп, республикалық деңгейдегі сарапшылардан дәріс алды.
Жоба қоғам өміріне белсенді араласуға, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға және азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуға ниетті әйелдерге арналған.
Бағдарлама аясында қатысушылар тұлғалық даму, құқықтық, цифрлық және қаржылық сауаттылық бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуованың айтуынша, «TOMIRIS» жобасы өңірде төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Атырауда полицейлер зейнеткерді интернет-алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалды
Атырау қаласының 69 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының арбауына түсе жаздаған. Белгісіз адам өзін домофон жүйесіне техникалық қызмет көрсететін маман ретінде таныстырып, 1414 нөмірінен келген растау кодын сұратқан. Кейін өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқ зейнеткерне оның атына Kaspi Bank арқылы 2 млн теңге көлемінде несие рәсімделіп жатқанын айтып, сеніміне кіруге әрекет жасаған.
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен бірлесіп жүргізілген жедел іс-қимыл нәтижесінде күмәнді жағдай дер кезінде анықталып, бұл туралы полицияға хабарланған. Ақпарат түскен бойда Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті.
Тексеру барысында тұрғынның WhatsApp мессенджері арқылы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғамен байланыста болғаны анықталды.
Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті қолға түсті
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікке ілінген азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны басқарған Hyundai автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде ішінен есірткі заты салынған 75 zip-пакет орналасқан үш ірі орама анықталды.
Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында дәл осындай зат салынған тағы бір пакет пен 28 zip-пакет, сондай-ақ электронды таразы, кофе тартқыш, қаптама материалдары және изолента тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Есірткінің жалпы салмағы 570 грамды құрады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі интернет-дүкенінде "қоймашы" қызметін атқарған.
Атырауда мемлекеттік рәміздердің заңға сай қолданылуын 9 комиссия қадағалайды
Биыл өңірдегі 60-қа жуық мекемеде мемлекеттік рәміздердің қолданылуына мониторинг жүргізілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жұмыс тобы тексеру барысында Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның дұрыс орналастырылуы, техникалық жай-күйі және бекітілген стандарттарға сәйкестігін назарға алды.
Сонымен қатар тозған немесе бүлінген Тулардың пайдаланылмауы, ғимараттарда орнатылған Мемлекеттік Тудың түнгі уақытта жарықтандырылуы да бақылауға алынды.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және оларды заң талаптарына сәйкес пайдалану — әр азаматтың ортақ міндеті.
РәміздерРухы
КонституцияКүші
РәмізгеҚұрмет
МеніңТуымМеніңМақтанышым
ТуымызТөрімізде
Мәдениет пен өнерді қолдау – Жаңа Конституциядағы маңызды міндет
Елімізде мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттікті нығайтуға, сондай-ақ дарынды, отансүйгіш әрі білімді жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жүйелі реформалардың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда.
Жаңа Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі маңызды норма бекітілген. Бұл мәдениет саласын дамытуға айрықша мән үстеп, қолдауды мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындайды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, сала қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, шығармашылық білім беруді дамыту және жас таланттарды қолдаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Аталған шаралар мәдени қызметтер сапасын арттыруға, ұлттық мұраны сақтау мен отандық өнерді елімізде әрі халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеуге бағытталған.
Атырауда балалар қауіпсіздігіне бағытталған акция өтті
Атырау облысында 3-7 маусым аралығында "Жолдағы балалар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін арттыру.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері №43 жалпы білім беретін орта мектептің жас жол инспекторларымен және "Тәртіп қырандары" жасақтарының мүшелерімен бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Олар тұрғындарға жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты ақпараттық жадынамалар таратып, көшелер мен жолдарда сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ балалардың жолды дұрыс кесіп өтуі, жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалану мәдениеті және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ЗАҢМЕНТӘРТІП
«Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
«Жас сақшы» полиция сыныптарын құрудың басты мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және өз ісіне адал аға буын қызметін дәріптеу. Осы бағытта қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбы оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында полицейлер 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесі мен оқу жылының аяқталу кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін бұзбау, көшеде және қоғамдық орындарда сақ жүру, су айдындары мен қараусыз жерлерге бармау, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды кеңестер берілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.