АСТАНА ЖҮК ХАБЫ РЕТІНДЕ КҮШЕЙЕДІ: CARGOLUX АВИАКОМПАНИЯСЫ РЕЙСТЕРДІ АРТТЫРМАҚ
Астана халықаралық әуежайында әуежай басшылығы мен Люксембургтің жүк тасымалдаушы әуе компаниясы Cargolux топ-менеджменті арасында кездесу өтті. Бұл компания әлемдегі ең ірі жүк әуе тасымалдаушыларының бірі.
Сапар барысында Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Бекен Сейдахметов пен Cargolux компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі төраға орынбасары Максим Штраус қазіргі өзара іс-қимылды, ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ серіктестік қатынастарды дамытудың жаңа бағыттарын талқылады.
Тараптар болашақ бірлескен жобаларға қатысты өз көзқарастарымен алмасып, жүк тасымалы көлемін арттыру және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мүмкіндіктерін қарастырды. Әсіресе Астанада жүк хабын дамыту және Қазақстан астанасының халықаралық жүк әуе тасымалы нарығындағы позициясын нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделілігін растады. Сондай-ақ серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту мен өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Cargolux әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайы арқылы рейстерін қайта бастады. Бастапқы кезеңде тасымалдаушы әуе кемелеріне жанармай құю және техникалық қызмет көрсету мақсатында техникалық аялдамалармен аптасына 14 рейске дейін орындады. Ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті мен жүк әуе тасымалына деген сұраныстың артуына байланысты 2026 жылғы шілдеден бастап рейстер санын аптасына 21-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Қазіргі уақытта тараптар толыққанды коммерциялық жүк тасымалын ұйымдастыруды және Астана халықаралық әуежайы базасында жүк өңдеу қызметтерін дамытуды қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін де қарастыруда.
CARGOLUX ДЕЛАЕТ СТАВКУ НА АСТАНУ
ЧАСТОТА РЕЙСОВ ВОЗРАСТЕТ ДО 21 В НЕДЕЛЮ
В Международном аэропорту Астаны состоялась встреча руководства аэропорта с топ-менеджментом люксембургской грузовой авиакомпании Cargolux — одного из крупнейших грузовых авиаперевозчиков мира.
В ходе визита Председатель Правления АО «МАНН» Бекен Сейдахметов и заместитель Председателя по коммерческим вопросам Cargolux Максим Штраус обсудили текущее взаимодействие, перспективы расширения сотрудничества, а также новые направления развития партнерских отношений.
Стороны обменялись видением будущих совместных проектов, рассмотрели возможности увеличения объемов грузоперевозок и повышения качества предоставляемых услуг. Особое внимание было уделено перспективам развития грузового хаба в Астане и укреплению позиций столицы Казахстана на международном рынке грузовых авиаперевозок.
По итогам встречи участники подтвердили заинтересованность в долгосрочном и взаимовыгодном сотрудничестве, отметив важность дальнейшего развития партнерских отношений и совместной работы по расширению транспортно-логистических возможностей региона.
Напомним, что с 1 июня 2026 года авиакомпания Cargolux возобновила выполнение рейсов через Международный аэропорт Астаны. На первоначальном этапе перевозчик выполнял до 14 рейсов в неделю с техническими остановками для дозаправки и технического обслуживания воздушных судов.
В связи с высоким потенциалом сотрудничества и растущим спросом на грузовые авиаперевозки с июля 2026 года количество рейсов планируется увеличить до 21 рейса в неделю.
В настоящее время стороны также рассматривают возможности дальнейшего расширения сотрудничества, включая организацию полноценных коммерческих грузовых перевозок и развитие услуг по обработке грузов на базе Международного аэропорта Астаны.