Архив доступен 258 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

OtyrarTV – Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында жеңімпаз атанды

KazInform– Қызылордалық оқушы көзге көрінер-көрінбес астероидтарды анықтайтын ЖИ жүйесін ойлап тапты

KazInform – Школьница из Кызылорды разработала систему ИИ для обнаружения малозаметных астероидов

Ұлан газеті – Жүзу – тек спорт емес, психологиялық демалыс

Ұлан газеті – Арнұрдың жобасы АҚШ-та топ жарды

ЮКинформ – Школьники из Шымкента победили на международном турнире по робототехнике в США

SaryarqaTV – Диалог поколений

Ақжайық телеарнасы – Награды лучшим

Панорама Шымкента – Более 100 учащихся Шымкента приняли участие в патриотическом флешмобе

Semeynews.kz – Школьники, которые меняют мир: юные таланты области Абай добиваются высоких результатов на международной арене

Ustinka.kz – Казахстанские школьники выиграли престижные инженерные награды в США

Vapress.kz – Казахстанские школьники стали победителями международных турниров по робототехнике в США

Zhaikpress.kz– Казахстанские школьники стали победителями международных турниров по робототехнике в США

Standard.kz – Школьники из Казахстана взяли высшие награды на турнирах по робототехнике в США

Profit.kz– Школьники из Казахстана взяли высшие награды на турнирах по робототехнике в США

Altainews.kz – Школьники из Казахстана взяли высшие награды на турнирах по робототехнике в США

Top-news.kz – Ученица НИШ Костаная Айдана Марденова стала «Учеником года» и получила грант на обучение в Катаре

Ernur.kz – Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күніне орай 100-ден астам оқушы қатысқан патриоттық флешмоб өтті

Shymkent_kelbeti – Оқушылар Туға құрмет көрсетті

Ortalyq Qazaqstan – Аймақта алғаш рет «Әкелер форумы» өтті

QogamTV – "Pауан" бағдарламасында қонақта Қызылордадағы NIS-тің педагог-кураторы Бағдат Тұрарұлы және "Алтын белгіге" үміткер Надира Атымтай

Orkenlinkmedia – Как 15-летняя школьница из Казахстана вошла в международное исследовательское сообщество Гарварда и Оксфорда

Qyzyljar – Киіз басу өнері

IrbisTV – Педагог из Павлодара одержал убедительную победу на республиканском турнире «Ұстаз барысы – 2026»

NIS жетістіктері – БАҚ назарында! NIS на страницах СМИ!

Дайджест

1-7 маусым | 1-7 июня

24KZ – Астанада «InnovАrt: болашақ өнері» желілік арт-фестивалі өтті

KhabarTanym– «Оян!» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы: Жас таланттар алаңы

Nazarmedia.kz – NIS оқушылары «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалінде бас қосты

Nazarmedia.kz – NIS оқушылары АҚШ-та өткен беделді робототехника турнирлерінде басты марапаттарға ие болды

Новое поколение – В Астане проходит арт-фестиваль «Innovart: Болашақ өнері»

АЙҚЫН– Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен беделді робототехника турнирлерінде басты марапатқа ие болды

Егемен Қазақстан – Әлемдік додада топ жарды

АЙҚЫН – Күнделікті өмірді жеңілдететін технологиялық шешім жасауға қызығамын

Казахстанская правда – Школьники взяли главные награды на престижных турнирах по робототехнике в США

BAQ.kz – Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника турнирінде топ жарды

KazInform – Kazakh school students sweep top robotics awards in U.S.

Inbusiness.kz – Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен беделді робототехника жарысында үздіктер қатарына кірді

AstanaTV – Золото в США: казахстанские школьники победили на турнирах по робототехнике

Новое поколение – Ученики NIS завоевали главные награды на престижных турнирах по робототехнике в США

Smartnews.kz– Ученики NIS завоевали главные награды на престижных турнирах по робототехнике в США

Naizanews – Юные инженеры из Казахстана завоевали престижные награды в США

Qumash.kz – Казахстанцы стали лучшими на престижном турнире по робототехнике в США

DigitalBusiness.kz – Школьники из Алматы обошли 200 команд со всего мира и забрали все главные награды ИТ-турнира в США

Turanaqparat.kz – NIS оқушылары АҚШ-та өткен беделдіробототехника турнирлерінде бастымарапаттарға ие болды

Turanaqparat.kz – Ученики NIS завоевали главные награды на престижных турнирах по робототехнике в США

Литер – Казашка покоряет Париж: путь от школьной выпечки до лучших кондитерских Франции

BAQ.kz – Қызылордалық оқушы астероидтарды анықтайтын ЖИ ойлап тапты

В Астане завершился сетевой арт-фестиваль Назарбаев Интеллектуальных школ «InnovArt: Болашақ өнері»

Традиционная творческая площадка в этом году была организована на базе NIS Астана-Нура и объединила 242 ученика из разных регионов страны. В фестивале приняли участие учащиеся 21 Назарбаев Интеллектуальной школы и International Steppe School of Astana.

Программа двухдневного фестиваля позволила участникам раскрыть свой творческий потенциал в таких направлениях, как мюзикл, социальный ролик, Sand Art и ручная поделка.

В направлении «Мюзикл» участники представили музыкально-сценические постановки с использованием элементов ИИ, где объединились вокал, музыка, театр, хореография и эстрадное искусство. В формате социального ролика школьники раскрыли тему служения обществу через визуальные истории и авторские видеоработы.

Одним из ярких направлений фестиваля стала песочная живопись – «Sand Art». Ученики создавали художественные изображения с помощью песка, опираясь на произведения проекта «100 книг, рекомендованных для чтения учащимся Интеллектуальных школ». В категории «Ручная поделка» участники представили изделия, созданные своими руками с учетом традиций национальных ремесел: из дерева, ткани, кожи, глины и бисера, а также в техниках вышивки и канзаши.

Почетными гостями фестиваля стали Советник Президента Республики Казахстан Алексей Цой, Министр просвещения Жулдыз Сулейменова и Председатель Правления АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Ануар Жангозин. В своих выступлениях они обратились к юным талантам с напутственными словами.

По итогам фестиваля были определены лучшие работы в каждом направлении, и награждены их авторы.

Полный список победителей опубликован на официальном сайте nis.edu.kz.

Астанада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалі өз мәресіне жетті

Биыл дәстүрлі шығармашылық алаң NIS Астана-Нұра мектебінің базасында ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 242 оқушының басын қосты. Фестивальге 21 Зияткерлік мектеп пен International Steppe School of Astana оқушылары қатысты.

Екі күнге созылған фестиваль аясында қатысушылар мюзикл, әлеуметтік бейнеролик, Sand Art және қолөнер бағыттары бойынша өз шеберліктерін таныстырды.

Мюзикл бағыты бойынша оқушылар жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, музыка, театр, хореография және вокалды үйлестірген сахналық қойылымдарын ұсынды. Әлеуметтік бейнероликтерде қоғамға қызмет ету, жауапкершілік және азаматтық ұстаным тақырыптары кеңінен көрініс тапты.

Ал Sand Art бағытының қатысушылары Зияткерлік мектептердің «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасына енген шығармалар негізінде құммен әсерлі көркем композициялар жасады. Қолөнер номинациясында оқушылар ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі шеберлікті дәріптейтін туындыларын таныстырды. Олар ағаш, мата, тері, саз балшық және моншақтан түрлі бұйымдар әзірлеп, кесте мен канзаши техникасындағы жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.

Фестивальдің жабылу салтанатына ҚР Президентінің кеңесшісі Алексей Цой, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысып, жас өнерпаздарға ізгі тілектерін білдірді.

Фестиваль қорытындысы бойынша әр бағыттағы үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

Жеңімпаздардың толық тізімі nis.edu.kz сайтында жарияланған.

В NIS стартовал сетевой арт-фестиваль «InnovArt: Болашақ өнері»

Сегодня в столице состоялось открытие сетевого арт-фестиваля «InnovArt: Болашақ өнері» – одного из знаковых творческих мероприятий Назарбаев Интеллектуальных школ.

В этом году творческая площадка объединила 242 учащихся из разных регионов страны. В фестивале принимают участие ученики из 21 Интеллектуальной школы, а также учащиеся International Steppe School of Astana.

В 2026 году мероприятие организовано на базе NIS Астана – Нура. Двухдневная программа предусматривает активный обмен опытом, демонстрацию результатов проектно-творческой деятельности и презентацию новаторских идей.

Участникам предстоит продемонстрировать свои способности в таких направлениях, как мюзикл, социальный видеоролик, Sand Art и декоративно-прикладное искусство.

Желаем всем участникам успехов и ярких впечатлений!

NIS оқушылары «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалінде бас қосты

Бүгін елордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі шараларының бірі – «InnovArt: Болашақ өнері» желілік арт-фестивалі басталды.

Шығармашылық алаң биыл еліміздің түкпір-түкпірінен келген 242 оқушыны біріктірді. Фестивальге 21 Зияткерлік мектеп пен International Steppe School of Astana мектебінің оқушылары қатысуда.

Биыл фестиваль NIS Астана–Нұра мектебінің базасында ұйымдастырылуда. Екі күн бойы жас өнерпаздар өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық ізденістері мен тың идеяларын ортаға салады.

Қатысушылар мюзикл, әлеуметтік бейнеролик, Sand Art және қолөнер бағыттары бойынша бақ сынап, өнердегі шеберліктерін паш етеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік, шабыт және жарқын әсер тілейміз!

Назарбаев Интеллектуальные школы искренне поздравляют всех казахстанцев с Днем государственных символов Республики Казахстан!

Флаг, Герб и Гимн Казахстана являются неотъемлемыми атрибутами Независимости, олицетворяющими единство народа и патриотический дух страны. Пусть уважение к государственным символам станет основой для мира и благополучия в стране, укрепляя наше общее стремление к высоким целям и устойчивому будущему Казахстана.

Назарбаев Зияткерлік мектептері баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды!

Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – Тәуелсіздігіміздің айшықты нышандары, халқымыздың бірлігі мен елдік рухын дәріптейтін қастерлі құндылықтар. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет әр азаматтың жүрегінде отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін нығайтып, жарқын болашаққа деген сенімді арттыра берсін.

Представители Министерства образования и науки Татарстана ознакомились с опытом NIS

Сегодня в Астане состоялась встреча АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» с представителями Министерства образования и науки Республики Татарстан.

Делегация во главе с заместителем министра Алсу Асадуллиной посетила Назарбаев Интеллектуальную школу Астана–Нура, где ознакомилась с образовательной средой, инфраструктурой школы и проектами, направленными на развитие учеников.

В ходе встречи заместитель Председателя Правления NIS Жанбота Кабдыкаримова представила основные направления деятельности организации, включая разработку образовательных программ, профессиональное развитие педагогов, трансляцию опыта, управление школами, а также другими инициативами NIS.

Особое внимание представители Татарстана уделили вопросам обеспечения благополучия учащихся. Делегации рассказали о системе комплексной поддержки в NIS, в том числе о программе «Берік отбасы», антибуллинговом проекте KiVa, психологическом и медицинском сопровождении, индексе благополучия учеников, а также практики, направленных на формирование безопасной образовательной среды.

Кроме того, гости ознакомились с деятельностью Ассоциации школьных психологов Центральной Азии, созданной по инициативе Интеллектуальных школ. Ассоциация направлена на обмен профессиональным опытом, развитие нетворкинга, проведение семинаров и супервизий, а также расширение доступа к методическим материалам и психологическим инструментам.

Татарстан Білім және ғылым министрлігінің өкілдері NIS тәжірибесімен танысты

Бүгін Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Татарстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өкілдерін қабылдады.

Министр орынбасары Алсу Асадуллина бастаған делегация NIS Астана–Нұра мектебінде болып, Зияткерлік мектептердің білім беру ортасымен, оқу үдерісімен және оқушыларды дамытуға бағытталған жобаларымен танысты.

Сондай-ақ кездесу барысында NIS Басқарма төрағасының орынбасары Жанбота Кабдыкаримова ұйым қызметінің негізгі бағыттары – білім беру бағдарламаларын әзірлеу, педагогтердің кәсіби дамуы, тәжірибе тарату жұмыстары, мектептерді басқару және NIS-тің өзге де тәжірибелері туралы ақпарат берді.

Татарстан өкілдері білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытына айрықша назар аударды. Делегацияға Зияткерлік мектептердегі кешенді қолдау жүйесі, оның ішінде «Берік отбасы» бағдарламасы, KiVa антибуллинг жобасы, психологиялық және медициналық сүйемелдеу, оқушылардың әл-ауқат индексі, сондай-ақ қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған бастамалар туралы баяндалды.

Сонымен қатар меймандар Зияткерлік мектептердің бастамасымен құрылған Орталық Азиядағы мектеп психологтері қауымдастығының қызметімен танысты. Қауымдастық кәсіби тәжірибе алмасуға, нетворкингке, семинарлар мен супервизияларға, сондай-ақ әдістемелік материалдар мен психологиялық құралдарға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.

NIS и Казахстанская федерация бадминтона подписали меморандум о сотрудничестве

Автономная организация образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» и Казахстанская федерация бадминтона подписали меморандум о сотрудничестве, направленный на популяризацию бадминтона среди школьников и поддержку массового спорта.

Соглашение было заключено при участии вице-президента Казахстанской федерации бадминтона Айбека Рахимова и заместителя Председателя Правления АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Сабыржана Садуакасова.

В рамках партнерства Казахстанская федерация бадминтона передала специальное спортивное оборудование 23 школам системы NIS. В комплект вошли ракетки, воланы и сетки. Инвентарь будет использоваться на уроках физической культуры, тренировках и внутришкольных спортивных мероприятиях.

Кроме того, федерация планирует проводить профессиональные тренинги для учителей физической культуры NIS, а также оказывать школам методическую поддержку.

– Для NIS важно не только давать качественное образование, но и создавать условия для полноценного развития школьников – укрепления здоровья, формирования полезных привычек и повышения их благополучия. Это партнёрство станет ещё одним шагом в нашей системной работе по продвижению здорового образа жизни и развитию массового спорта в школах, – отметил Сабыржан Умиртаевич.

Стороны намерены и дальше реализовывать совместные проекты, направленные на всестороннее развитие учеников, продвижение массового спорта и популяризацию здорового образа жизни.

NIS пен Қазақстан бадминтон федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Қазақстан бадминтон федерациясы оқушылар арасында бадминтонды кеңінен таныту және бұқаралық спортты қолдау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім Қазақстан бадминтон федерациясының вице-президенті Айбек Рахимов пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасовтың қатысуымен жасалды.

Серіктестік аясында Қазақстан бадминтон федерациясы NIS жүйесіне кіретін 23 мектепке арнайы спорттық құрал-жабдықтар табыстады. Олардың қатарында ракеткалар, воландар мен торлар бар. Бұл жабдықтар дене шынықтыру сабақтары, жаттығулар және мектепішілік спорттық іс-шаралар кезінде пайдаланылмақ.

Сонымен қатар федерация NIS-тің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған кәсіби тренингтер өткізіп, мектептерге әдістемелік қолдау көрсетуді көздеп отыр.

– NIS сапалы білім берумен қатар, оқушылардың жан-жақты дамуына, денсаулығын нығайтуға және әл-ауқатын арттыруға ерекше мән береді. Бұл серіктестік – салауатты өмір салтын ілгерілетуге және мектептерде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болмақ, – деп атап өтті Сабыржан Өміртайұлы.

Тараптар алдағы уақытта оқушылардың жан-жақты дамуына, бұқаралық спортты ілгерілетуге және салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Ученики NIS завоевали главные награды на престижных турнирах по робототехнике в США

В США завершились два крупных международных турнира по робототехнике, проходящих в рамках программы FIRST Tech Challenge. Учащиеся Назарбаев Интеллектуальных школ успешно представили Казахстан и завоевали главные награды соревнований.

Одним из ключевых событий стал турнир Western Edge Premier Event 2026, прошедший в Лос-Анджелесе, штат Калифорния, и объединивший 88 команд из более чем 10 стран. Команда PHOBOS, представляющая НИШ Алматы-Медеу, стала абсолютным лидером турнира и завоевала четыре главные награды

Winning Alliance Captain и Inspire Award Winner в общем зачете Western Edge Premier Event

Winning Alliance Captain и Inspire Award Winner в дивизионе «Sea Division».

Еще один значимый результат был достигнут на международном турнире «Run for the Robots», который прошел в городе Лексингтон, штат Кентукки. В соревновании приняли участие более 70 команд из 25 штатов США, а также Пуэрто-Рико, Бразилии и Казахстана, что подчеркивает высокий международный уровень турнира. Казахстан на соревновании представила команда Atomic Heart, в состав которой вошли учащиеся Назарбаев Интеллектуальной школы Шымкент-Абай. По итогам соревнований шымкентские школьники стали обладателями высшей судейской награды – Inspire Award 1.

Напомним, FIRST Tech Challenge – международная программа для школьников, направленная на развитие у участников навыков проектирования, тестирования и презентации собственных технических решений.

NIS оқушылары АҚШ-та өткен беделді робототехника турнирлерінде басты марапаттарға ие болды

АҚШ-та өткен FIRST Tech Challenge аясындағы беделді халықаралық робототехника жарыстары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін айтулы жеңістермен аяқталды. Қазақстандық жас инженерлер бұл додаларда жоғары дайындық деңгейін, командалық үйлесімін және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетті.

Лос-Анджелес қаласында өткен Western Edge Premier Event 2026 халықаралық турнирінде NIS Алматы-Медеу мектебінің PHOBOS командасы үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың абсолютті көшбасшысы атанды. 10-нан астам елден 88 команда қатысқан беделді додада NIS оқушылары төрт басты марапатқа ие болды

Western Edge Premier Event жалпы есебінде Winning Alliance Captain және Inspire Award Winner

Sea Division дивизионында Winning Alliance Captain және Inspire Award Winner.

Тағы бір маңызды жетістік NIS Шымкент-Абай мектебінің оқушыларына тиесілі. Кентукки штатының Лексингтон қаласында өткен Run for the Robots халықаралық турнирінде мектептің Atomic Heart командасы жоғары нәтиже көрсетіп, қазылар алқасының ең жоғары марапаты – Inspire Award жүлдесін иеленді. Халықаралық додаға АҚШ-тың 25 штатынан, Пуэрто-Рико, Бразилия және Қазақстаннан 70-тен астам команда қатысты.

Айта кетейік, FIRST Tech Challenge — оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау, робототехника, командалық жұмыс және жобалық мәдениет дағдыларын дамытуға бағытталған халықаралық бағдарлама.

Gurk.kz– Карагандинская школьница завоевала бронзу на международной олимпиаде по биологии

Ekaraganda – Карагандинская школьница завоевала бронзу на международной олимпиаде по биологии

Mangystau.news – Ақтауда NIS оқушылары бірыңғай домбыра сабағында күй орындады

Taldykorgan-online.kz – Жас түлек — 2026: Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Tech-news.kz – Школьники из Кызылорды создали ИИ-платформу для оповещения о ЧС

OpenNews.kz – Қызылордалық оқушылар төтенше жағдай платформасын жасады

Shymkent-city – Серебро и бронза для Казахстана: как школьницы покорили мировую олимпиаду по программированию

Kz.vesti.news – Подготовка в NIS – по авторской методике

Life09.kz – Қарағандылық мектеп оқушысы биологиядан халықаралық олимпиадада қола жүлдеге ие болды

Life09.kz – Карагандинская школьница завоевала бронзу на международной олимпиаде по биологии

Life09.rus – Ученица 10-го класса Назарбаев Интеллектуальной школы Караганды Евгения Меженина завоевала бронзовую медаль на Open International Biology Olympiad

InKaragandy.kz – Школьница из Караганды вошла в число лучших юных биологов мира

Reg.tv – Карагандинская школьница завоевала бронзу на международной олимпиаде по биологии

Vecher.kz – Карагандинская школьница завоевала бронзу на международной олимпиаде по биологии

Kstnews.kz – Торжественно прошёл праздник последнего звонка Назарбаев Интеллектуальной школе Костаная

Taraz24 – Таразский выпускник получил приглашения из 20 ведущих университетов мира

Дружные ребята – Юные гении и умные машины

NIS жетістіктері – БАҚ назарында! NIS на страницах СМИ!

Дайджест

25-31 мамыр | 25-31 мая

АЙҚЫН – "Мектепте алған білім өмірімді түбегейлі өзгертті" — Аружан Ашаманова

Жетінші арна – Инклюзивті ортаға арналған IT-жобалар ойлап тапқан шымкенттік оқушылар АҚШ-тан жеңіспен оралды

tv7_kz – Школьники из Шымкента создали технологии для людей с инвалидностью

TRT Kazakistan Temsilciliği – Kazak Çocuklar Türkiye'yi Tanıttı

Anadolu ajansi – Kazakistanlı çocuklar, derslerinde Türk kültürü ve geleneklerini canlandırdı

Бірінші арна – АҚШ-та топжарған қазақ жастары

1TV.kz – Старшеклассники разработали проекты для незрячих и слабослышащих людей

Oyankhabar – Елордалық оқушылар медицина мен технологияны біріктірген тың жобаны таныстырды

KazInform – Карагандинская школьница завоевала бронзу на международной олимпиаде по биологии

Tengrinews.kz – Казахстанские школьницы привезли серебро и бронзу с европейской олимпиады по информатике

InBusiness.kz – Қызылордалық оқушылар төтенше жағдайды уақытында хабарлайтын платформа ойлап тапты

DigitalBusiness.kz – Школьник из Павлодара создал умные очки для незрячих

Halyqline.kz – Қызылордалық оқушылар төтенше жағдайды уақытында хабарлайтын платформа ойлап тапты

OntustikTV – Дана Өмірби - Италияда өткен қыздар арасындағы еуропалық информатика олимпиадасының қола жүлдегері

Elemnews.kz – Казахстанские школьницы завоевали медали на EGOI-2026 в Италии

Қостанай таңы – Мектеп түлектері алтын ұясына ерекше із қалдырды

Infohub.kz – Қарағандылық оқушы қыз биологиядан халықаралық олимпиадада қола жүлдегер атанды

В NIS прозвенел последний звонок

Сегодня в 21 Назарбаев Интеллектуальной школе и школах International Steppe School, входящих в экосистему NIS, прозвенел последний звонок.

В этом году Назарбаев Интеллектуальные школы окончили 2 770 выпускников. По традиции около 80% из них планируют продолжить обучение в казахстанских вузах. Вместе с тем среди выпускников есть и те, кто уже получил образовательные гранты и предложения о зачислении от ведущих университетов мира.

Последний звонок знаменует завершение важного школьного этапа и начало нового пути. Желаем выпускникам твердо идти к своим целям, уверенно принимать решения и достигать больших результатов.

NIS-те соңғы қоңырау соғылды

Бүгін NIS экожүйесіне кіретін 21 Назарбаев Зияткерлік мектебі мен International Steppe School мектептерінде соңғы қоңырау соғылды.

Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептерін 2770 түлек аяқтады. Әдеттегідей, түлектердің шамамен 80%-ы білімін отандық жоғары оқу орындарында жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар әлемнің жетекші университеттерінен білім гранттары мен қабылдау ұсыныстарын иеленген түлектеріміз де бар.

Бүгінгі соңғы қоңырау – мектеппен қоштасу ғана емес, жаңа белеске бастайтын маңызды сәт. Барша түлектерге сәттілік тілейміз!

Ученики NIS завоевали 21 призовое место на республиканской олимпиаде

В Астане прошёл заключительный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам среди учеников 7–8 классов.

В интеллектуальном состязании приняли участие более 500 школьников из всех регионов страны. По итогам олимпиады учащиеся NIS завоевали 21 призовое место – 3 золотые, 7 серебряных и 11 бронзовых медалей.

Сборная команда NIS показала высокие результаты в общекомандном зачёте, завоевав Гран-при по предметам общественно-гуманитарного направления и I место по предметам естественно-математического направления.

I место

Радмир Бровко – NIS Astana, казахский язык в школах с русским языком обучения

Ильяс Суйндыков – NIS Astana-Nura, биология

Бегимсулу Марат – NIS Kyzylorda, казахский язык и литература

II место

Айбек Акшабаев – NIS Almaty-Medeu, математика

Заманбек Сыбайлас – NIS Almaty-Nauryzbay, физика

Динмухаммед Бекслян – NIS Taldykorgan, география

Дилькарим Ерболсын – NIS Astana-Nura, физика

Бекет Аманжол – NIS Astana-Nura, география

Амира Мараткызы – NIS Taraz, английский язык

Мадина Зухриддинова – NIS Turkistan, казахский язык в школах с русским языком обучения

III место

Абзал Арзанбай – NIS Aktau, биология

Мерей Кунанбай – NIS Aktau, история Казахстана

Сабина Жумабекова – NIS Almaty-Medeu, русский язык и литература

Тимур Альяр – NIS Almaty-Nauryzbay, химия

Адель Талгат – NIS Astana, английский язык

Исмет Ислам – NIS Astana-Nura, математика

Ерлибек Торгаев – NIS Pavlodar, химия

Абдугани Галымжанулы – NIS Shymkent-Abay, информатика

Ерасыл Таубузар – NIS Shymkent-Karatau, история Казахстана

Алуа Молдахан – NIS Taraz, русский язык и литература

Эльяна Камилханова – NIS Turkistan, казахский язык и литература

Главная цель олимпиады – повышение интереса школьников к предметным олимпиадам, популяризация научных знаний, выявление одарённых детей и развитие их интеллектуального потенциала. Кроме того, состязание направлено на отбор и подготовку учеников к международным интеллектуальным соревнованиям, а также на повышение престижа образования в стране.

NIS оқушылары республикалық олимпиадада 21 жүлделі орын иеленді

Астанада 7–8-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Білім бәйгесінде еліміздің барлық өңірінен 500-ден астам оқушы қатысты. Республикалық олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары 21 жүлделі орын иеленіп, NIS қоржыны 3 алтын, 7 күміс және 11 қола медальмен толықты.

NIS құрама командасы жалпыкомандалық есепте жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Гран-при, ал жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша бірінші орын иеленді.

1-орын

Радмир Бровко – NIS Астана, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін)

Ильяс Суйндыков – NIS Астана-Нұра, биология

Бегімсұлу Марат – NIS Қызылорда, қазақ тілі мен әдебиеті

2-орын

Айбек Ақшабаев – NIS Алматы-Медеу, математика

Заманбек Сыбайлас – NIS Алматы-Наурызбай, физика

Дінмұхаммед Бекслян – NIS Талдықорған, география

Ділкәрім Ерболсын – NIS Астана-Нұра, физика

Бекет Аманжол – NIS Астана-Нұра, география

Амира Маратқызы – NIS Тараз, ағылшын тілі

Мадина Зухриддинова – NIS Түркістан, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін)

3-орын

Абзал Арзанбай – NIS Ақтау, биология

Мерей Құнанбай – NIS Ақтау, Қазақстан тарихы

Сабина Жұмабекова – NIS Алматы-Медеу, орыс тілі мен әдебиеті

Тимур Альяр – NIS Алматы-Наурызбай, химия

Адель Талғат – NIS Астана, ағылшын тілі

Исмет Ислам – NIS Астана-Нұра, математика

Ерлібек Торғаев – NIS Павлодар, химия

Абдуғани Ғалымжанұлы – NIS Шымкент-Абай, информатика

Ерасыл Таубұзар – NIS Шымкент-Қаратау, Қазақстан тарихы

Алуа Молдахан – NIS Тараз, орыс тілі мен әдебиеті

Эльяна Камилханова – NIS Түркістан, қазақ тілі мен әдебиеті

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың пәндік олимпиадаларға қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді кеңінен насихаттау, дарынды балаларды анықтап, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту. Сонымен қатар бұл зияткерлік сайыс оқушыларды халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыстарға іріктеу және даярлау, сондай-ақ елдегі білім беру саласының беделін арттыруға бағытталған.