Архив доступен 1 927 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстан Қара теңізде мұнай тиеу операцияларын тоқтатты және мұнай өндіруді уақытша азайтты

Бұған Қара теңіздегі қауіпті ахуал себеп. Бұл жөнінде энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік «кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында» осындай шешім қабылдаған.

«Бұл ретте консорциумның (Каспий құбыр консорциумынының – ред.) барлық өндірістік және техникалық нысандары жарамды жағдайда, штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жағдай қалыпқа келген бойда шикізатты қайта тиеуді дереу бастауға дайын», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан энерегетика министрлігі резервуарларда мұнай шектен тыс толып кетпеуі үшін мұнай өндіруші компаниялар өндіріс көлемін азайту туралы шешім шығарған.

«Бұл шара технологиялық сипатқа ие және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған», – делінген энергетика министрлігінің мәлімдемесінде.

Қазір құндылықтар өзгеріп келеді. Осыдан 10-15 жыл бұрын ата-аналар балаларын жаппай спорт бөлімдеріне, спорт үйірмелеріне тасыса қазір оқу орталықтарына апаратын болған. Балаға салған қаржыңыз болашаққа салынған инвестиция.

Ал, Нұркен Асанов ағамыз болса, "Сенімен Болашаққа" жобасы арқылы тұтас Елдің балаларын жарқын келешекке жетелеуге бел буған. "Сөйлесе сөздің шешені" Нұрекең егеменді елдің етек-жеңін жинап, есік-тесігін бүтіндейтін балаларды қазірден тәрбиелеуіміз керек деп атқан қонған, қаржысын осы мақсатқа жұмсап жүрген саусақпен санарлық аз кәсіпкердің бірі. Бірегейі.

Мұхтар Әуезов "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" дей ме? Ендеше Нұрекеңдердің мақсаты кешегі Ахаңдардың "Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін" деген мақсат жолындағы парасат майданы.

Ресей басып алған жерлерін Украинаға қайтармаймыз деді. Су жаңа Бас қолбасшы Драпатый бермесе тартып аламыз деп мәлімдеді.

«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін бекітті.

Ұсынылған кандидаттардың қатарында партия төрағасы Айбек Дадебай, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерлан Қарин, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласының, депутаттық корпустың және сарапшылық қауымдастықтың танымал өкілдері бар.

Олардың қатарында

Раушан Қажыбаева

Наталья Годунова

Асхат Аймағамбетов

Константин Авершин

Марат Башимов

Александр Данилов

Гүлзира Атабаева

Сұңғат Есімханов

Снежанна Имашева

Бағдат Мусин

және басқа да кандидаттар бар

Бұған дейін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысатын партияларды тіркеген болатын. (tengrinews.kz)

Украина түнде ресейлік 14 кемеге соққы жасады!

Ресми: Саратов мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты.

Біз мына жақта Еркебұлан Тоқтар, Мұхит пен Әнуарбектің бойларын айлап, жылдап күтіп жүрсек, Ресейде жанармай бекеттерінің жанында бой без правил күнде болып жатыр)

Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевке (төрт адамды өлтірді деп айыпталуда) өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Ал оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тергеу кінәсін дәлелдей алмады.

ЕРЕВАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ, БІР ТУДЫҢ АСТЫНА ЖИНАЛАЙЫҚ!

Семейлік «Елімай» өз тарихындағы ең маңызды белестердің біріне қадам басты! Еурокубоктағы алғашқы матчта командамызға қолдау көрсету үшін барша жанкүйерді бір тудың астына бірігуге шақырамыз.

Ереван қаласы

ФФА Техникалық орталығының «Аван» стадионы

9 шілде

21:00 (Астана уақыты)

Арменияда тұратын және Ереванда болатын барлық қазақстандықтарды, сондай-ақ түркі тілдес бауырларымызды стадионға келіп, «Елімайға» қолдау көрсетуге шақырамыз!

Билет бойынша байланыс

+7 747 110 01 53

Бірге болайық! Бір тудың астына жиналайық!

Алға, Елімай!

Қазақстан жағармай экспортына тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартпақ!

Қазақстанның Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін сыртқа шығаруға тыйым салуды тағы алты айға ұзарту туралы бұйрық жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 22 қарашадан бастап 2027 жылғы 22 мамырға дейін бензинді, дизель отынын және басқа да бірқатар мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен, соның ішінде ЕАЭО елдеріне экспорттауға тыйым салу ұсынылады.

Сондай-ақ, 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиакеросинді, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын шығаруға тыйым салу жоспарлануда.

Энергетика министрлігі бұл шара ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.

Қазақстан Үкіметінің мәліметінше, енді шекаралас мемлекеттерден келетін жүк және жеңіл автокөліктер Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайды. Бұл шараның негізгі мақсаты – елден жанармайдың заңсыз шығарылуын шектеу.

Вице-энергетика министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша

шекарадан көліктің кіруі тәулігіне бір ретпен шектеледі

қосымша жанармай бактары орнатылған көліктерге ерекше бақылау жүргізіледі

заңсыз жанармай тасымалын анықтау жұмыстарын ІІМ, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп атқарады.

ФИФА футболды бардак жасады. Кеше ғана Босния және Герцоговинияға қарсы матчта қызыл қағаз алған АҚШ футболшысы Фоларин Балогун Бельгияға қарсы ойынға қатысатын болды.

Ақ үй тікелей FIFA-ға хабарласып, Балогунның қызыл қағазының мәселесін қайта қарауды сұраған.

Дональд Трамп болса FIFA-ға әділ шешімдері үшін алғыс айтты.

Die Welt: Әли Хаменеиді жерлеу және қоштасу рәсімінде 3 мыңға жуық адам көз жұмуы мүмкін. Иран билігі арнайы штаб құрды. Ал Бехешт-е Захра зиратында мыңдаған адамды жерлеуге дайындық басталып кеткен. Күннің ыстығынан және адамдардың бір-бірін таптап тастау ықтималдылығын ескере отырып, Тегеран тарапы 1-3 мың арасында адам көз жұмуы мүмкін деп болжауда.

Бұған дейін генерал Сүлейманиді жерлеу рәсімінде 56 адам көз жұмған еді.

Петерборлық Иван Червинский қалай Қазақстан азаматтығын алып жүр? Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ұйықтамаймыз! Шұғыл тексеріс жасап, азаматтық бергендерді жазалаңдар. Әйтпесе, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Ираннан келген қандастар азаматтық ала алмай тентіреп жүреді де, мына Ивандар қалай көк паспортқа қол жеткізеді? Блогер болса өзіне блогер. Мен үшін қаңғып келген Иваннан өзімнің Мұрат Әбілдәмның блогерлігі мың есе артық!

Осыдан 3-4 жыл бұрын жекеме Қарағандыдан бір жігіт жазды. Үйіне ремонт жасатуға тәжіктерді жалдаған ғой, сөйтсе әлгі 3 тәжік те Қазақстан азаматтығын сатып алыпты. Онысын өздері жасырмай адам басына 800 мың теңгеден жасаттық депті. Соны жазшы, қаным қайнап отыр естіп дейді.

Жаздық. Шу болды. Астанадан Көші-Қон комитетінен замы ма, бастығы ма бір кісі хабарласты. Қарағандыдағы жігіттің телефонын сұрады, бердім. Қарағандыға тапсырма бердік, кінәлілерді жазалаймыз деді. Жігіт екен, сөзінде тұрды. Жаңағы тәжіктерді жалдаған қазақты жазалап, штраф салып беріпті. 400 мың теңге. Мигранттарға заңсыз жұмыс істеттің деп. Ана жігіт звондайды. 400 мың теңге үшін қиналып тұрған жоқпын. Көк құжатты сатқандардың сатқындығына қынжылып тұрмын деп.

Көк құжатты сату - Отаныңды сату!

40 жастағы Жозимар Жозе Эвора Диаш, көпшілікке Возинья деген атпен танымал қақпашы, қазір еркін агент.

Ол Аргентинаға қарсы матчта 8 керемет сейв жасап, жанкүйерлерді таңғалдырды.

Бұл әлем чемпионатында Возинья 4 матчта жалпы 18 сейв жасап, барлық қақпашылар арасындағы аралық рейтингте үшінші орынға көтерілді.

Испанияға қарсы матч (0:0) — 7 сейв!

Еуропа чемпиондарын гол соқтырмай тоқтатты.

Аргентинамен өткен кездесуде (қосымша уақытта 2:3) — 8 сейв жасады. Оның төртеуі әлем чемпионы Лионель Мессидің аса қауіпті соққыларынан кейін тіркелді.

Матчтың соңғы 60 минутында Возинья Мессидің соққыларынан кейін төрт бірдей керемет сейв жасады. Оның үшеуі негізгі уақыттың екінші таймында, ал біреуі қосымша уақытта орын алды.

Осы әлем чемпионатынан кейін Возиньяның Instagram-дағы жазылушыларының саны шамамен 50 мыңнан 20 миллионға жуық адамға дейін өсті.

Возинья Месси туралы былай деді

«Мессиге қарсы ойнау — үлкен мәртебе. Кез келген футболшы үшін бұл ерекше сәт, ал қақпашы үшін — өте үлкен сынақ».

«Әрине, оны тағы бірнеше рет тоқтатқым келді. Бірақ дәл осындай деңгейдегі футболшыға қарсы ойнаудың өзі — зор құрмет».

«Біз әлем чемпиондарымен соңғы секундқа дейін тең дәрежеде күресе алатынымызды дәлелдедік».

530 мың ғана халқы бар Африканың шағын арал мемлекеті — Кабо-Верде қазіргі әлем чемпиондарын сенсация алдында қалдырды.

Олар өздерінің тұңғыш әлем чемпионатындағы 1/8 финал матчында негізгі уақытта жеңілген жоқ.

Егер қосымша уақыттағы автогол болмағанда…

Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы ең ірі сенсациялардың біріне айналар еді.

Кабо-Верденің дебюттік әлем чемпионатындағы ертегідей сапары аяқталды. Бірақ бұл жол футбол жанкүйерлерінің жадында мәңгі сақталады.

Футболды дәл осындай ғажайып оқиғалары үшін сүйеміз!

Аргентина тарихи сенсациядан бір қадам ғана алыста болды ма?

Ал 40 жастағы Возиньяны енді Еуропаның топ-клубтарының бірі шақыра ма?

Ресейдің дәл қазіргі жағдайы. Сурет те сөйлейді)

Ресейліктер ел ішінде жазғы саяхаттан жаппай бас тарта бастады — жолға шығатын көлікке жанармай тапшы.

Қонақүйлердегі броньдар жаппай күшін жойып жатыр. «Адамдар тіпті Мәскеу облысына барудан қорқады. Жолда жанармайсыз қалып қоямыз ба деп алаңдайды», — деп жазады «Известия».

Ресей тұрғындарының жазғы сапарларының басым бөлігі жеке автокөлікпен жасалатын. Алайда биыл көпшілігіне үйде қалуға тура келетін сияқты.

Сарапшылар “Орешник” зымыраны жайлы мифті тас-талқан етті.

Z-қауымдастық зымыранды “Гаражник” деп атауда.

Факт: Зымырандағы зақымдаушы элементтер тесіп өту қабілетін қамтамасыз етуі мүмкін болаттан немесе вольфрамнан емес, қарапайым шойыннан жасалғаны анықталды.

Путин бұл зымыранды қалай әспеттеді? Зымыран соққыларының салдары қалай болды? Сарапшылар зымыран туралы қандай ақпараттарға қол жеткізді?

«Алакөл алаулары – 2026» фестивалінде Конституцияның күшіне енуіне орай бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды

«Алакөл алаулары – 2026» фестивалі аясында өткен мерекелік концерт барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының күшіне енуіне арналған бейнеролик көрсетілді.

Ата Заң ел тәуелсіздігін нығайту жолында, құқықтық мемлекет қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде, сондай-ақ қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, бейнеролик арқылы заң үстемдігі, ел бірлігі, отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік құндылықтары кеңінен насихатталды.

Аталған бейнероликті көпшілік назарына ұсыну арқылы мерекелік іс-шараның рухани мазмұнын толықтырып, Конституцияның қоғам өміріндегі орны мен маңызын кеңінен насихаттауға ықпал етті.

Жалпы, ашық аспан астындағы мерекелік шараға бес мыңға жуық көрермен жиналды.