Архив доступен 10 546 сообщений С 2021 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстанда 4 млн-ға жуық оқушы оқу жылын аяқтайды

Қазақстанда он бірінші сынып оқушылары үшін мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тек білім беру ұйымдарының базасында көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Министрдің мәліметінше 25 мамырда барлық білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары!» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, оқу жылы қорытындыланды.

Биыл елімізде 3,9 млн оқушы білім алды. Оның ішінде мектеп қабырғасында 343 мың оқушы – 9-сыныпты, 215 мың оқушы – 11-сыныпты аяқтайды. «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 13 175, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны 11 сыныпта – 18 555, 9 сыныпта – 31 181 оқушыны құрайды. Биылғы оқу жылында 763 колледжде 168 мың студент оқуын аяқтайды. Алдағы уақытта – 29 мамыр мен 15 маусым аралығында 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды аттестаттауы өтеді. Емтихандардың ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында материалдар білім беру ұйымдарына тікелей емтихан күні жолданады.

«11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 17–18 маусым күндеріне жоспарланған. Іс-шараларды тек білім беру ұйымдарының базасында өткізу тапсырылды. Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы қабылданды. Әкімдіктер бұл мәселені ішкі істер органдарымен бірлесіп қатаң бақылауда ұстауы өзекті»

— деп атап өтті министр.

Учебный год в Казахстане завершают почти 4 млн школьников

В Казахстане проведение выпускных мероприятий для одиннадцатиклассников предусмотрено исключительно на базе организаций образования. Об этом на заседании Правительства доложила министр просвещения Жулдыз Сулейменова.

По ее словам, учебный год завершился 25 мая во всех организациях образования едиными классными часами на тему «Закон и порядок - ценности Народной Конституции!».

В текущем году в стране обучались 3,9 млн школьников. Из них 343 тыс. учащихся завершают 9 класс, 215 тыс. – 11-ый. Количество претендентов на знак «Алтын белгi» составляет 13 175 человек, а на аттестат с отличием – 18 555 выпускников 11 классов и 31 181 учащийся 9-ых. Также обучение в 763 колледжах завершают 168 тыс. студентов. Итоговая аттестация выпускников школ пройдет с 29 мая по 15 июня текущего года. В целях обеспечения прозрачности и академической честности материалы экзаменов будут направляться в организации образования в день проведения экзамена.

«Торжественная церемония вручения аттестатов выпускникам 11 классов запланирована на 17-18 июня. Проведение выпускных мероприятий предусмотрено исключительно на базе организаций образования. Запрещена организация выпускных вечеров в ресторанах, кафе, банкетных залах, а также незаконный сбор денежных средств. В этой связи принят совместный приказ Министерства просвещения и местных исполнительных органов. Акиматам необходимо держать данный вопрос на строгом контроле совместно с органами внутренних дел»

— подчеркнула министр.

@KZgovernment

Үкімет 3,2 млн баланы мектептер мен лагерьлер жанындағы жазғы демалыс бағдарламасымен қамтамасыз етеді

Қазақстанда жазғы демалыс кезінде 11 135 демалыс орталығы жұмыс істейтін болады, олар 3,2 млн баланы бос уақытымен және сауықтырумен қамтиды. Үкімет отырысында жазғы маусымды ұйымдастыру жоспарлары туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Оның айтуынша, түрлі бағдарлама дайындалған: мектептер жанындағы демалыс орталықтарында 3 млн-ға жуық бала уақыт өткізеді, тағы 168 мың оқушы маусымдық орталықтарда, ал 44 мыңнан астамын – жыл бойғы орталықтар қабылдайды.

Әлеуметтік осал санаттағы балаларға ерекше көңіл бөлінді: аз қамтылған отбасылардан шыққан 729 мың бала және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 53 мың бала демалыспен қамтылады.Республикалық «Балдәурен», «Бөбек» орталықтарында халықаралық, республикалық пәндік және IT-олимпиадалардың, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан 5 мың бала сауықтыру және дамыту шараларына қатысады. Ал өңірлерде осындай қолдау 370 мың дарынды балаға ұйымдастырылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық нысандарға полиция инспекторлары тағайындалды, ал қызметкерлердің соттылығы тексерілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жан-жақты дамуы мен қолайлы ортада демалуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осыған байланысты Президенттің 100 оқушылар сарайы мен өнер мектебін, 50 балалар сауықтыру орталығын ашу туралы тапсырмасына сәйкес 3 жылда 24 мың орынға арналған 44 қосымша білім ұйымы салынды. Жылдың соңына дейін 3 800 орындық 10 объектінің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, осы кезеңде 2 800 орынға арналған 15 балалар сауықтыру орталығы ашылды және биыл 840 орындық 4 сауықтыру орталығы пайдалануға беріледі»

— деп атап өтті министр.

Жаңа қосымша білім беру ұйымдары робототехника кабинеттері, IT зертханалары, ойын алаңдары және балалардың бос уақытын тиімді қамтамасыз етуге арналған басқа да заманауи құралдармен жабдықталған.

Правительство обеспечит 3,2 млн детей программой летнего отдыха при школах и лагерях

В Казахстане во время летних каникул будут функционировать 11 135 центров отдыха, которые охватят досугом и оздоровлением 3,2 млн детей. О планах по организации летнего сезона на заседании Правительства доложила министр просвещения Жулдыз Сулейменова.

По ее словам, подготовлена разнообразная программа: в центрах отдыха при школах проведут время почти 3 млн детей, еще 168 тыс. школьников примут сезонные лагеря, а более 44 тыс. – круглогодичные центры. Особое внимание уделено детям из социально уязвимых категорий: отдых организуют для 729 тыс. детей из малообеспеченных семей и 53 тыс. ребят с особыми образовательными потребностями. В республиканских центрах «Балдаурен» и «Бобек» путевками поощрят 5 тыс. победителей олимпиад и конкурсов, а в регионах аналогичную поддержку получат 370 тыс. одаренных ребят. Для обеспечения безопасности за всеми объектами закреплены инспекторы полиции, а персонал прошел проверку на судимость.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание вопросам всестороннего развития детей и обеспечения их отдыха в комфортных условиях. В этой связи, в соответствии с поручением Президента об открытии 100 дворцов школьников и школ искусств, а также 50 детских оздоровительных центров, за 3 года построены 44 организации дополнительного образования на 24 тыс. мест. До конца года будет завершено строительство еще 10 объектов на 3,8 тыс. мест. Кроме того, за этот период открыто 15 детских оздоровительных центров на 2,8 тыс. мест, и в текущем году будут введены в эксплуатацию еще 4 оздоровительных центра на 840 мест»

— подчеркнула министр.

Новые организации дополнительного образования оснащены кабинетами робототехники, IT-лабораториями, игровыми площадками и другими современными средствами, предназначенными для эффективной организации досуга детей.

@KZgovernment

Қазақстанда балалардың жазғы демалысы кезінде жедел көмек пен кері байланыс тетіктері күшейтіледі

Жазғы маусымды сапалы ұйымдастыру мақсатында демалыс орталықтарында жұмыс істеу үшін педагогтар мен еріктілерді жұмылдырады, сондай-ақ оқушыларға жедел көмек көрсету үшін кері байланыс арналарын іске қосады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Оның айтуынша Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарына 120 мың педагог-ұйымдастырушы, сондай-ақ 12 мыңнан астам студент пен еріктілер жіберіледі. Олардың біліктілігін арттыру үшін «Балдәурен» және «Бөбек» орталықтарының базасында арнайы оқыту курстары мен семинарлар ұйымдастырылды. Барлық білім беру ұйымдарында балалардың тікелей көмек сұрауына арналған QR-кодтар орналастырылған. Сонымен қатар білім басқармаларының жанынан құрылған колл-орталықтар жазғы демалысқа қатысты азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын тәулік бойы қарайды.

«Демалыс орталықтарында жұмыс істейтін мамандардың сапалық құрамына мән берілген, әрбір қызметкердің соттылығы тексеріледі. Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру мақсатында кері байланыс және жедел көмек көрсету тетіктері де күшейтілді.Атап айтқанда, білім басқармаларының жанынан құрылған колл-орталықтар жазғы демалысқа қатысты азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын қарайды. Сонымен қатар, «111» байланыс орталығы жазғы кезеңде күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады»

— деп атап өтті министр.

Механизмы оперативной помощи и обратной связи в период летнего отдыха детей усилят в Казахстане

В целях качественной подготовки летнего сезона для работы в центрах отдыха мобилизуют педагогов и волонтеров, а также запустят каналы обратной связи для оперативной помощи школьникам. Об этом на заседании Правительства доложила министр просвещения Жулдыз Сулейменова.

По ее словам, к организации детского досуга направят 120 тыс. педагогов-организаторов, а также более 12 тыс. студентов и волонтеров. Для повышения их квалификации на базе центров «Балдаурен» и «Бобек» организованы специальные обучающие курсы и семинары. Кроме того, во всех организациях образования страны уже размещены QR-коды для прямого и конфиденциального обращения детей за помощью в случае необходимости. Параллельно при региональных управлениях образования созданы круглосуточные колл-центры для оперативного рассмотрения любых вопросов граждан, касающихся летней кампании.

«Особое внимание уделено качественному составу специалистов, работающих в центрах отдыха: проводится проверка каждого сотрудника на судимость. В целях безопасной и качественной организации летнего отдыха детей усилены механизмы обратной связи и оперативной помощи. В частности, колл-центры, созданные при управлениях образования, рассматривают обращения и вопросы граждан, связанные с летним отдыхом. Кроме того, контакт-центр "111" в летний период будет работать в усиленном режиме»

— подчеркнула министр.

@KZgovernment

Президент Жарлығын жүзеге асыру аясында білім беру жүйесіне ЖИ енгізу: Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігі жұмысына назар аударды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шеңберінде орта білім беру жүйесіне ЖИ енгізу мәселесіне назар аударды.

«12 мамыр күні Мемлекет басшысы білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Аталған құжат қалай жүзеге асырылуда?»

— деді Олжас Бектенов.

Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік тиісті жұмыстар бастағанын баяндады.

Бірінші. 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Құжат белгіленген тәртіппен Үкіметке енгізіледі.

Кешенді жоспарда мектептердің цифрлық және инфрақұрылымдық дайындығын дамыту; педагог кадрларды даярлау; білім беру процесінде AI-шешімдерді қолдану көзделген.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пилоттық жобаға қатысуға дайын 500 мектептің тізімі қалыптастырылды, оның ішінде 250 шағын жинақты мектеп; 150 жалпы білім беретін мектеп; 100 «Келешек мектептері».

Қазіргі таңда мектептердің цифрлық инфрақұрылымына, жоғары жылдамдықты интернет сапасына, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуіне, кадрлық әлеуетке және білім беру ұйымдарының AI-шешімдерді енгізуге дайындығына талдау жүргізілді.

Екінші. Педагогтерді даярлау. Бүгінде 350 мыңнан астам педагог оқу процесінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша арнайы оқытудан өтті. Сонымен қатар OpenAI компаниясының GPT-edu платформасын пайдалану үшін 100 мың педагогқа лицензия берілді. Қазіргі таңда мұғалімдер жасанды интеллектіні оқу процесінде белсенді қолданып, оқу контентін бейімдеп тиімді пайдалануда.

Қосымша ретінде, жазғы кезеңде пилоттық мектептердің педагогтерін цифрлық педагогика, заманауи оқыту әдістемелері және білім беру процесінде AI-құралдарын практикалық тұрғыда қолдану бағыттары бойынша кезең-кезеңімен оқыту жоспарлануда. Бұл бастамалар педагогтердің цифрлық құзыреттерін арттыруға, оқыту сапасын жетілдіруге және білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Үшінші. Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Кай-Фуд Лидың ұсынымдарын ескере отырып, білім беру процесіне AI-шешімдерді енгізу бойынша жеке жобаны іске асыру жоспарлануда.

І кезең (2026 жылғы 1 қыркүйек – 26 қазан)

қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 10 шағын жинақты пилоттық мектепте жобаны іске қосу

пилоттық өңірлер ретінде Қызылорда және Павлодар облыстары айқындалды

апробация 4-сыныптарда «Ана тілі», «Математика», «Цифрлық сауаттылық» және «Жасанды интеллект» пәндері бойынша жүргізіледі.

ІІ кезең (2026 жылғы 3 қараша – 23 желтоқсан): пилотты 50 мектепке дейін кеңейту.

ІІІ кезең (2027 жылғы 8 қаңтар – 24 мамыр): қосымша тағы 300 мектепті қамту.

Төртінші. Сонымен бірге, дербестендірілген оқытуды, бейімделген тапсырмаларды әзірлеуді, білім нәтижелерін нақты уақыт режимінде талдауды және білім алушылардың оқу олқылықтарын уақтылы анықтауды қамтамасыз ететін ұлттық AI-білім беру платформасы енгізілетін болады.

Бесінші. Кешенді жоспардың жеке бөлімі цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану мәселелеріне арналған.

Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану стандарттарын, академиялық адалдық тетіктерін, балалардың дербес деректерін қорғауды, сондай-ақ цифрлық білім беру контентіне міндетті сараптама жүргізу жүйесін енгізу көзделуде.

«Бұл – өте маңызды құжат. Президенттің барлық тапсырмасын уақтылы әрі сапалы орындау қажет»

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

@KZgovernment

Реализация Указа Президента по внедрению ИИ в образовательный процесс: Премьер-министр акцентировал внимание Минпросвещения

На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов акцентировал внимание на внедрению ИИ в систему среднего образования в рамках Указа Главы государства Касым-Жомарта Токаева.

«12 мая Глава государства подписал Указ о внедрении искусственного интеллекта в систему образования. Как ведется его реализация?»

— отметил Олжас Бектенов.

Жулдыз Сулейменова доложила, что во исполнение поручений Главы государства по внедрению технологий искусственного интеллекта в образовательный процесс Министерством начата соответствующая работа.

Первое. Разработан проект Комплексного плана по внедрению технологий искусственного интеллекта в систему среднего образования на 2026 - 2029 годы. В установленном порядке документ будет внесен в Правительство.

Комплексный план предусматривает развитие цифровой и инфраструктурной готовности школ; подготовку педагогических кадров; применение AI-решений в образовательном процессе.

Совместно с местными исполнительными органами сформирован перечень из 500 школ, готовых к участию в пилотном проекте, из них 250 малокомплектных школ; 150 общеобразовательных школ; 100 Келешек мектептері.

Проведен анализ уровня цифровой инфраструктуры, качества высокоскоростного интернета, обеспеченности компьютерной техникой, кадрового потенциала и готовности организаций образования к внедрению AI-решений.

Второе. Подготовка педагогов.На сегодняшний день более 350 тысяч педагогов прошли обучение по вопросам применения искусственного интеллекта в учебном процессе.

Дополнительно в летний период планируется организация обучения педагогов пилотных школ по направлениям: цифровая педагогика; методики обучения; практическое применение AI-инструментов в образовательном процессе.

Третье. С учетом рекомендаций члена Совета по развитию искусственного интеллекта Ли Кай-Фу планируется реализация отдельного проекта по внедрению AI-решений в образовательный процесс.

I этап (1 сентября – 26 октября 2026 года)

запуск проекта в 10 малокомплектных пилотных школах с казахским и русским языками обучения

определены пилотные регионы: Кызылординская и Павлодарская области

апробация будет проводиться в 4-х классах по предметам: ана тілі, Математика, цифровая грамотность и ИИ.

II этап (3 ноября – 23 декабря 2026 года): расширение пилота до 50 школ.

III этап (8 января – 24 мая 2027 года): дополнительный охват еще 300 школ.

Четвертое. Параллельно будет внедряться национальная AI-платформа образования, обеспечивающая персонализированное обучение, адаптивные задания, аналитику образовательных результатов в режиме реального времени и своевременное выявление образовательных дефицитов обучающихся.

Пятое. Отдельный блок Комплексного плана посвящен вопросам цифровой безопасности и безопасного применения искусственного интеллекта.

Предусматривается внедрение стандартов применения искусственного интеллекта в образовании, механизмов академической честности, защиты персональных данных детей, а также системы обязательной экспертизы цифрового образовательного контента.

«Это очень важный документ. Все поручения Президента необходимо выполнять своевременно и качественно»

— подчеркнул Олжас Бектенов.

@KZgovernment

Жулдыз Сулейменова приняла участие в торжественной линейке по случаю окончания учебного года в селе Талапкер

Министр просвещения РК Жулдыз Сулейменова поздравила выпускников страны с окончанием учебного года. В этот день глава ведомства вместе с акимом Акмолинской области Маратом Ахметжановым приняла участие в торжественной линейке, посвященной Последнему звонку, в школе-гимназии села Талапкер Целиноградского района Акмолинской области.

В этом году 11 класс окончили 215 тысяч выпускников, 9 класс завершили более 343 тысяч школьников. В школе-гимназии села Талапкер с родной школой прощаются 32 выпускника, среди них 2 претендента на «Алтын белгі» и 3 претендента на аттестат с отличием.

В своем поздравлении министр отметила, что будущее страны связано с образованной, ответственной и инициативной молодежью.

«Дорогие выпускники! Будущее нашей страны в ваших руках. В какой бы сфере вы ни работали, будьте гражданами, которые самоотверженно трудятся во имя развития родной страны, честно относятся к своему делу, проявляют настойчивость и высокую ответственность. Глава государства Касым-Жомарт Токаев дал вам возможность учиться в «Келешек мектебі», отвечающей современным требованиям и открывающей путь к новым возможностям. Пусть эта возможность станет прочной основой ваших будущих достижений и золотой ступенью к новым высотам»

сказала Жулдыз Сулейменова.

В ходе мероприятия министр вручила благодарственные письма учителям и учащимся за достижения в сфере образования.

Школа-гимназия села Талапкер открыта в 2024 году в рамках национального проекта «Келешек мектептері», реализуемого по инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева. Учебное заведение рассчитано на 1200 мест. Сегодня здесь обучаются 598 детей и работают 65 педагогов.

В школе созданы условия для качественного обучения и всестороннего развития детей. Здесь работают кабинеты робототехники, STEM, физики, химии, биологии, инклюзии и хореографии, библиотека с читальным залом, спортивные залы и творческие пространства.

В рамках визита Жулдыз Сулейменова ознакомилась с проектом победителей международного конкурса «Робототехника-2026», выставкой «Қолөнер», работой кружков домбры, шахмат и «Эко әлем». Министр также посетила классные часы на тему «Заң және тәртіп - халықтық Конституция құндылықтары» и встретилась с педагогическим коллективом школы.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Жұлдыз Сүлейменова Талапкер ауылында оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиынға қатысты

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ел түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Бұл күні ведомство басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен бірге Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының мектеп-гимназиясында өткен соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынға қатысты.

Биыл 11-сыныпты 215 мың түлек аяқтады, 9-сыныпты 343 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Талапкер ауылының мектеп-гимназиясында 32 түлек туған мектебімен қоштасып отыр. Олардың ішінде 2 оқушы «Алтын белгіге», 3 оқушы үздік аттестатқа үміткер.

Өз құттықтауында министр ел болашағы білімді, жауапты әрі бастамашыл жастармен байланысты екенін атап өтті.

«Құрметті түлектер! Еліміздің ертеңі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан қай салада жүрсеңіздер де, туған елдің дамуына аянбай еңбек ететін, өз ісіне адал, табанды әрі жауапкершілігі жоғары азамат болыңыздар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сіздерге заманауи талаптарға сай білім алып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын «Келешек мектептерінде» білім алуға мүмкіндік сыйлады. Сол мүмкіндік сіздердің болашақтағы үлкен жетістіктеріңізге бастар берік негіз, биік белестерге жетелейтін алтын баспалдақ болсын»

деді Жұлдыз Сүлейменова.

Іс-шара барысында министр білім саласындағы жетістіктері үшін мұғалімдер мен оқушыларға алғыс хаттар табыстады.

Талапкер ауылының мектеп-гимназиясы 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылды. Білім беру ұйымы 1200 орынға арналған. Бүгінде мұнда 598 бала білім алып, 65 педагог еңбек етеді.

Мектепте сапалы білім алуға және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Мұнда робототехника, STEM, физика, химия, биология, инклюзия және хореография кабинеттері, оқу залы бар кітапхана, спорт залдары мен шығармашылық кеңістіктер жұмыс істейді.

Сапар аясында Жұлдыз Сүлейменова «Робототехника-2026» халықаралық байқауы жеңімпаздарының жобасымен, «Қолөнер» көрмесімен, домбыра, шахмат және «Эко әлем» үйірмелерінің жұмысымен танысты. Министр «Заң және тәртіп халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбындағы сынып сағаттарына қатысып, мектептің педагогикалық ұжымымен кездесті.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

КҮН САНЫ

3,9 млн астам қазақстандық оқушы 2025-2026 оқу жылын тәмамдайды, оның ішінде мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

_

instagramfacebooktiktokwebsite

ЦИФРА ДНЯ

Более 3,9 млн казахстанских школьников завершают 2025-2026 учебный год, из них более тысяч - выпускники 11 классов.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Казахстанские школьники завоевали более 1 000 медалей на международных олимпиадах и научных конкурсах

В 2025-2026 учебном году Казахстан усилил поддержку одаренных школьников. В более чем 80 республиканских интеллектуальных соревнованиях приняли участие около 1,6 млн учащихся.

На международном уровне страну представили 5 052 школьника. Они участвовали в 37 олимпиадах и научных конкурсах и завоевали 1 026 медалей, из них 190 золотых, 332 серебряные и 504 бронзовые. Еще 56 участников получили специальные награды.

Отдельно стоит отметить достижения по математике. Сборная Казахстана стала абсолютным лидером European Mathematical Olympiad в Вильнюсе. На Balkan Mathematical Olympiad в Салониках команда заняла 6-е место в общекомандном зачете среди стран с сильными математическими школами.

Казахстанские школьники также приняли участие в Regeneron ISEF, крупнейшей мировой научно-инженерной выставке в Финиксе. Один из участников получил специальную награду и образовательный грант зарубежного университета за проект по раннему выявлению онкологических заболеваний с использованием искусственного интеллекта.

На международных соревнованиях по робототехнике в Хьюстоне казахстанские школьники завоевали 12 наград среди более чем 50 тысяч участников. До конца осени школьники страны планируют выступить еще более чем на 10 международных соревнованиях.

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева победители и призеры международных олимпиад и научных конкурсов получают единовременные выплаты. За золотую медаль предусмотрено 1500 месячных расчетных показателей, за серебряную 1000, за бронзовую 500. Педагоги-тренеры получают стимулирующие выплаты от 8,5 до 26,5 базового должностного оклада.

Напомним, в августе 2025 года Глава государства впервые встретился с победителями олимпиад в Акорде. В рамках Августовского совещания он также отметил их наставников государственными наградами.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда 1 000-нан астам медаль жеңіп алды

2025-2026 оқу жылында Қазақстан дарынды оқушыларды қолдау жұмысын күшейтті. 80-нен астам республикалық зияткерлік жарысқа 1,6 млн-ға жуық оқушы қатысты.

Халықаралық деңгейде ел намысын 5 052 оқушы қорғады. Олар 37 олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, 1 026 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 190 алтын, 332 күміс және 504 қола медаль бар. Тағы 56 қатысушы арнайы марапаттарға ие болды.

Математика бағытындағы жетістіктерді бөлек атап өткен жөн. Қазақстан құрамасы Вильнюсте өткен European Mathematical Olympiad жарысында абсолютті көшбасшы атанды. Салоники қаласында өткен Balkan Mathematical Olympiad жарысында команда мықты математикалық мектептері бар елдер арасында жалпыкомандалық есепте 6-орын алды.

Қазақстандық оқушылар Финиксте өткен әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік көрме Regeneron ISEF-ке де қатысты. Қатысушылардың бірі жасанды интеллектіні қолдану арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтау жобасы үшін арнайы марапат пен шетелдік университеттің білім грантын алды.

Хьюстонда өткен робототехника бойынша халықаралық жарыстарда қазақстандық оқушылар 50 мыңнан астам қатысушы арасында 12 наградаға ие болды. Күздің соңына дейін ел оқушылары тағы 10-нан астам халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері біржолғы төлем алады. Алтын медаль үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш, күміс медаль үшін 1000, қола медаль үшін 500 айлық есептік көрсеткіш қарастырылған. Педагог-жаттықтырушылар 8,5-тен 26,5-ке дейінгі базалық лауазымдық айлықақы көлемінде ынталандыру төлемдерін алады.

Еске салайық, 2025 жылғы тамызда Мемлекет басшысы олимпиада жеңімпаздарымен алғаш рет Ақордада кездесті. Тамыз кеңесі аясында ол олардың тәлімгерлерін де мемлекеттік наградалармен марапаттады.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

В столице наградили лучших участников республиканской олимпиады для 7–8 классов

В Астане, в Государственном академическом казахском музыкально-драматическом театре им. Калибека Куанышбаева, прошла церемония награждения победителей и призеров республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам среди учащихся 7-8 классов.

В заключительном этапе олимпиады приняли участие 547 школьников из всех регионов страны. По итогам состязания 240 учащихся стали призерами.

В торжественной церемонии закрытия приняли участие вице-министр просвещения РК Шынар Акпарова, директор Республиканского научно-практического центра «Дарын» Тимур Давлет, ученые высших учебных заведений, а также представители региональных центров «Дарын».

Олимпиада проходила по естественно-математическому и общественно-гуманитарному направлениям.

Главная цель состязания заключалась в повышении интереса школьников к предметным олимпиадам, популяризации научных знаний, выявлении одаренных детей и развитии их интеллектуального потенциала. Кроме того, олимпиада направлена на отбор и подготовку учащихся к международным интеллектуальным соревнованиям, а также повышение престижа образования в стране.

По итогам четырехдневной олимпиады победители и призеры были награждены дипломами I, II и III степени, а также золотыми, серебряными и бронзовыми медалями.

В результате 45 учащихся заняли I место, 76 учащихся стали обладателями II места, 119 учащихся заняли III место.

В командном зачете определены лучшие команды по двум направлениям.

В общественно-гуманитарном направлении Гран-при завоевала команда АОО «NIS». I место заняла команда города Алматы, II место получили команды Туркестанской и Жетысуской областей, III место присуждено командам города Шымкента, Павлодарской, Мангистауской и Акмолинской областей.

В естественно-математическом направлении Гран-при получила команда Атырауской области. I место присуждено командам АОО «NIS» и НАО «РФМШ» города Алматы. II место заняли команды Павлодарской и Мангистауской областей, III место получили команды города Астаны и Актюбинской области.

Итоги олимпиады показали эффективность системы поддержки одаренных школьников в стране и высокий уровень качества образования в регионах.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Елордада 7-8 сыныптарға арналған республикалық олимпиада үздіктері марапатталды

Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 547 оқушы қатысып, нәтижесінде 240 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Салтанатты жабылу рәсіміне ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлет, жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай-ақ өңірлік «Дарын» орталықтарының өкілдері қатысты.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың пәндік олимпиадаларға қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, дарынды балаларды анықтау және олардың зияткерлік әлеуетін дамыту. Сонымен қатар, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу мен даярлау, елімізде білім беру беделін арттыру көзделген.

Төрт күнге созылған білім додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.

Нәтижесінде 45 оқушы I орын, 76 оқушы II орын, 119 оқушы III орын иегері атанды.

Командалық есеп бойынша екі бағытта да үздік командалар анықталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта Гран-при «NIS» ДББҰ командасына бұйырды. I орын – Алматы қаласы командасына, II орын – Түркістан және Жетісу облыстары командаларына, III орын – Шымкент қаласы, Павлодар, Маңғыстау және Ақмола облыстары командаларына берілді.

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Гран-при Атырау облысы командасына табысталды. I орын «NIS» ДББҰ және Алматы қаласындағы КеАҚ «РФММ» командаларына берілді. II орын – Павлодар және Маңғыстау облыстары командаларына, III орын – Астана қаласы және Ақтөбе облысы командаларына бұйырды.

Олимпиада қорытындысы еліміздегі дарынды оқушыларды қолдау жүйесінің тиімділігін және өңірлер арасындағы білім сапасының жоғары деңгейін көрсетті.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Казахстанские школьники завоевали шесть медалей на международной биологической олимпиаде OIBO-2026

С 15 по 22 мая 2026 года на федеральной территории «Сириус» Российской Федерации прошла Открытая международная биологическая олимпиада (OIBO-2026).

В престижном интеллектуальном соревновании приняли участие более 100 юных биологов из 17 стран мира.

Сборная Казахстана была представлена шестью школьниками и показала 100-процентный результат, завоевав 2 золотые, 3 серебряные и 1 бронзовую медаль.

Обладатели золотых медалей

Ерсултан Кайркен – ученик 11 класса специализированного лицея-интерната «Білім-Инновация» Павлодарской области

Софья Желтова – ученица 11 класса NIS Медеуского района города Алматы.

Обладатели серебряных медалей

Нурали Билялов – ученик 10 класса специализированного лицея-интерната «Білім-Инновация» Павлодарской области

Дарын Мукашев – ученик 11 класса специализированного лицея-интерната «Білім-Инновация» Восточно-Казахстанской области

Нурасыл Адилгали – ученик 9 класса лицея-интерната «Білім-Инновация» Мангистауской области.

Бронзовую медаль завоевала

Евгения Меженина – ученица 10 класса NIS города Караганды.

Руководитель команды – Динмухаммед Уразбаев, призёр республиканских и международных олимпиад, ныне студент 4 курса НАО «Astana Medical University».

OIBO включала теоретический, практический и командный проектный туры. Участники выполняли сложные задания по молекулярной биологии, генетике, биохимии и физиологии, а также проводили лабораторные работы по ботанике, зоологии и биоинформатике.

Олимпиада оценивала не только теоретические знания школьников, но и их навыки исследования, анализа информации и применения междисциплинарных связей.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық биология олимпиадасында алты медаль жеңіп алды

2026 жылғы 15-22 мамыр аралығында Ресей Федерациясының «Сириус» федералды аумағында Open International Biology Olympiad (OIBO-2026) халықаралық ашық биология олимпиадасы өтті.

Беделді білім додасына әлемнің 17 елінен 100-ден астам жас биолог қатысты.

Қазақстан құрамасы олимпиадаға 6 оқушымен қатысып, нәтижесінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.

Алтын медаль иегерлері

Қайркен Ерсұлтан – Павлодар облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы

Желтова Софья – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Күміс медаль иегерлері

Билялов Нурали – Павлодар облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы

Мұқашев Дарын – Шығыс Қазақстан облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы

Әділғали Нұрасыл – Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері

Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы.

Команда жетекшісі – Дінмұхаммед Уразбаев, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері, қазіргі уақытта «Astana Medical University» КеАҚ-ның 4-курс студенті.

OIBO олимпиадасы теориялық, практикалық және командалық жобалық турлардан тұрды. Қатысушылар молекулалық биология, генетика, биохимия және физиология бағыттары бойынша күрделі тапсырмалар орындап, ботаника, зоология және биоинформатика салаларында зертханалық жұмыстар жүргізді.

Олимпиада оқушылардың теориялық білімін ғана емес, зерттеу жүргізу, ақпаратты талдау және пәнаралық байланыстарды қолдану дағдыларын да бағалауға бағытталды.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Назначен руководитель департамента по обеспечению качества в сфере образования Мангистауской области

Приказом министра просвещения Жулдыз Сулейменовой руководителем департамента по обеспечению качества в сфере образования Мангистауской области Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения РК назначена Светлана Дүмбайқызы.

Светлана Дүмбайқызы родилась в 1967 году в селе Жетыбай Каракиянского района Мангистауской области. В 1988 году окончила Казахский государственный университет имени С. Кирова по специальности «Физика».

Трудовую деятельность начала в 1988 году учителем физики в средней школе №8 Каракиянского района. В разные годы работала учителем физики, заместителем директора по воспитательной и учебной работе, а также директором Экономического лицея города Актау.

В 2014-2021 годах занимала должность руководителя отдела образования города Актау. В 2021-2022 годах возглавляла Управление образования Мангистауской области.

В 2023-2026 годах работала в региональных структурах партии «Ауыл» по Мангистауской области.

С мая 2026 года назначена руководителем департамента по обеспечению качества в сфере образования Мангистауской области Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения РК.

Общий трудовой стаж составляет более 36 лет. Награждена нагрудным знаком «Ы. Алтынсарин».

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бұйрығымен Светлана Дүмбайқызы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы болып тағайындалды.

Светлана Дүмбайқызы 1967 жылы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. 1988 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Қарақия ауданындағы №8 орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болып бастады. Әр жылдары физика пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие және оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Ақтау қаласындағы Экономикалық лицейдің директоры қызметтерін атқарды.

2014–2021 жылдары Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы болды. 2021–2022 жылдары Маңғыстау облысының білім басқармасын басқарды.

2023–2026 жылдары Маңғыстау облысы бойынша «Ауыл» партиясының өңірлік құрылымдарында жұмыс істеді.

2026 жылғы мамырдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы болып тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі 36 жылдан асады. «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Казахстанские школьники получили международное признание в сфере искусственного интеллекта

Всего пять дней назад казахстанский школьник, разработавший систему выявления рака с помощью искусственного интеллекта, был удостоен награды на крупнейшем мировом конкурсе научных проектов Regeneron ISEF 2026 в США. Сегодня ещё два проекта казахстанских школьников получили специальные награды Association for the Advancement of Artificial Intelligence (AAAI), одной из ведущих международных организаций в сфере искусственного интеллекта.

Проект KazLib, цифровая платформа для академического планирования и моделирования учебной успеваемости, получил награду AAAI Student Membership. Авторами разработки являются учащиеся Талдыкорганского специализированного лицей-интерната «Білім-Инновация» Аслан Башаров и Болысбай Нұркелді.

Второй проект, Neuralese, визуально-интерактивная платформа для разработки нейронных сетей был удостоен сразу двух специальных наград, AAAI Membership и School Library Membership. Проект представили учащиеся Казахстанско-Российской школы-лицея №54 имени Панфилова города Алматы Михаил Исаков и Рахим Нұрмұханбетов.

Новые награды стали ещё одним подтверждением высокого уровня подготовки казахстанских школьников и растущего потенциала страны в сфере искусственного интеллекта и цифровых инноваций. Сегодня казахстанские учащиеся участвуют в крупнейших научных соревнованиях мира, их проекты получают признание международного экспертного сообщества и демонстрируют конкурентоспособность отечественного образования на глобальном уровне.

Отметим, что Regeneron ISEF является крупнейшим в мире конкурсом научных и инженерных проектов школьников, ежегодно объединяющим лучших юных исследователей из десятков стран. В этом году конкурс прошёл в американском городе Финикс, где Казахстан представил пять научных проектов. Три из них были удостоены специальных наград международного конкурса.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды

Осыдан бес күн бұрын АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 әлемдегі ең ірі ғылыми жобалар байқауында жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақстандық оқушы марапатқа ие болған еді. Бүгін қазақстандық оқушылардың тағы екі жобасы жасанды интеллект саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі Association for the Advancement of Artificial Intelligence, қысқаша AAAI, арнайы марапаттарына ие болды.

KazLib жобасы академиялық жоспарлау және оқу үлгерімін модельдеуге арналған цифрлық платформа ретінде AAAI Student Membership марапатын алды. Жобаның авторлары Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары Аслан Башаров пен Болысбай Нұркелді.

Екінші жоба Neuralese нейрондық желілерді әзірлеуге арналған визуалды-интерактивті платформа ретінде бірден екі арнайы марапатқа ие болды. Олар AAAI Membership және School Library Membership марапаттары. Жобаны Алматы қаласындағы Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-лицейінің оқушылары Михаил Исаков пен Рахим Нұрмұханбетов ұсынды.

Жаңа марапаттар қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және еліміздің жасанды интеллект пен цифрлық инновациялар саласындағы әлеуеті артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгінде қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі ғылыми жарыстарға қатысып қана қоймай, олардың жобалары халықаралық сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары бағаланып, отандық білімнің жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр.

Айта кетейік, Regeneron ISEF әлемдегі ең ірі оқушыларға арналған ғылыми және инженерлік жобалар байқауы болып саналады. Ол жыл сайын ондаған елден үздік жас зерттеушілерді біріктіреді. Биыл байқау АҚШ-тың Финикс қаласында өтті. Биыл Қазақстан атынан бес ғылыми жоба ұсынылып, олардың үшеуі халықаралық конкурстың арнайы марапаттарына ие болды.

_

instagramfacebooktiktokwebsite

Министр просвещения Жулдыз Сулейменова провела общественный прием граждан

В ходе приема рассмотрены обращения и предложения граждан по вопросам образования. В частности, речь шла о кадровых вопросах, порядке проведения конкурсов на вакантные должности, квалификационных категориях педагогов и соблюдении трудовых прав.

Также были затронуты организация учебного процесса, система оценивания, состояние сельских школ и работа детских лагерей.

По всем обращениям гражданам были даны разъяснения в рамках действующего законодательства. Вопросы, требующие дополнительного изучения, взяты на контроль министра.

Жулдыз Сулейменова дала конкретные поручения руководителям профильных комитетов и структурных подразделений ведомства.

Напомним, министр принимает граждан в офлайн и онлайн форматах. Общественный прием регулярно проходит в специализированном центре приема граждан, расположенном в 16 подъезде Дома министерств по адресу: город Астана, проспект Мәңгілік Ел, 8.

_

instagramfacebooktiktokwebsite