Бұрынғы депутат бюджеттің 2,6 миллиард субсидиясын жымқырып, 170 миллионды казинода шашқан
Тергеу амалдарына сай, қылмыстық схеманы Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты ұйымдастырған. Ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен мемлекеттік субсидиялау тетіктерін жетік білетін ол бюджет қаражатын заңсыз алудың тұрақты схемасын құрған.
Оны іске асыру үшін ұйымдастырушы өзіне бағынысты кәсіпорындар мен Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелген 29 шаруа қожалығын пайдаланған.
Заңсыз алынған субсидияның 491 млн теңгесі қор нарығында операциялар жүргізуге бағытталған. Осы мақсатта күдіктінің жұбайының атына брокерлік шот ашылып, ол арқылы қазақстандық және шетелдік компаниялардың бағалы қағаздары сатып алынған.
Сондай-ақ күдікті ұрланған қаражаттың 170 млн теңгесін Қонаев қаласындағы казинода құмар ойындарға жұмсаған.
Сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтеріне, 3 автокөлігіне, жеке тұрғын үйіне және бағалы қағаздарына тыйым салынды.
Сайт| Instagram | Facebook | YouTube | TikTok