БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі
Ақорда
Церемония награждение работников СМИ
Акорда
t.me/oskemencitykz
Сообщений: 795 с 2025 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі
Ақорда
Церемония награждение работников СМИ
Акорда
t.me/oskemencitykz
Токаев сегодня напомнил, что 1 июля вступит в силу новая Конституция Казахстана и наша страна "откроет новую эпоху своего развития". Еще наш Президент анонсировал, что примет участие в совместном заседании палат Парламента.
"Подведу итоги работы, проделанной в этот исторический период, и остановлюсь на основных целях и задачах нового этапа развития страны".
t.me/oskemencitykz
Зайсанда аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығу жиыны өтті
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында аумақтық қорғаныс күштерінің әскери міндеттілеріне арналған 10 күндік оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған 1-атқыштар ротасы, 10-батальонның 78 әскери міндеттісі қатысты.
Жиын барысында қатысушылар тактикалық және арнайы дайындық, атыс дайындығы, әскери топография және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білімдерін жетілдірді. Практикалық кезеңде РПГ-7 гранатометі мен Макаров тапаншасынан оқу атыстары өткізілді.
Қорытынды кезеңде шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру және Зайсан әуежайын қорғау сценарийлері пысықталды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов оқу-жаттығу нәтижелерімен танысып, жеке құрамның дайындық деңгейіне оң баға берді.
t.me/oskemencitykz
В Зайсанском районе продолжается строительство нового аэропорта
Масштабный объект уже готов на 75%, а работы на площадке идут без остановки, ежедневно задействованы более 310 рабочих и 75 единиц техники.
Главная часть проекта взлетно-посадочная полоса длиной 2200 метров уже полностью готова. Также завершено строительство перрона для приема воздушных судов.
По предварительной информации, первый технический самолет может приземлиться в Зайсане уже в конце июня. Для района это станет по-настоящему историческим событием.
Запуск аэропорта позволит значительно сократить время в пути, улучшит транспортное сообщение и откроет новые возможности для туризма и развития экономики региона.
t.me/oskemencitykz
V Еуразиялық экономикалық форум
V Евразийский экономический форум
Астана
t.me/oskemencitykz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың брифингте сөйлеген сөзінен
Сауда-саттық көлемі 30 миллиард долларлық межеге жетеді деп болжанып отыр.
Экономикалық ынтымақтастық аясындағы бастамалар тізіміне 177 перспективті жоба кірді, оның 122-сі операциялық циклге өтті, яғни іске асырылды.
Былтыр Ресейдің номиналды ішкі жалпы өнімі 2,5 триллион доллардан асты. Бұл – керемет нәтиже.
Соңғы бес жылда тек агроөнеркәсіп саласындағы екіжақты сауда-саттық көлемі 1 миллиард долларға ұлғайды.
Жалпы инвестиция көлемі 29 миллиард доллардан асты. Ал Қазақстанның Ресей экономикасына салған инвестициясы 9 миллиард долларға жетті.
Қазақстанда ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан астам компания табысты жұмыс істейді.
Жүк тасымалы тұрақты түрде артып келеді, былтырғы қорытынды бойынша 92 миллион тоннаға жетті. Бұл шамамен 3,4 пайыз өсімді құрайды.
t.me/oskemencitykz
Президент: «Новые технологии не должны стать причиной или источником «цифровых разрывов» между членами Евразийского экономического союза»
«Считаю, что активное и всестороннее применение новых технологий станет важнейшим фактором обеспечения динамичного экономического роста государств – участников ЕАЭС.
При этом новые технологии не должны стать причиной или источником «цифровых разрывов» между членами Евразийского экономического союза.
Напротив, они призваны стать инструментом экономической взаимосвязанности и мощной синергии сотрудничества наших стран.
Сегодня мы принимаем инициированное мною в декабре 2025 года Совместное заявление об ответственном развитии искусственного интеллекта.
Главная цель данного документа – зафиксировать общие подходы участников Союза к цифровизации ключевых отраслей экономики, обеспечить безопасное внедрение технологий искусственного интеллекта с учетом взаимных интересов.
Пользуясь случаем, выражаю благодарность всем главам государств – участников ЕАЭС за поддержку в разработке и принятии этого важного документа.
Текущий этап переустройства миропорядка на основе нового технологического и экономического уклада создает для наших стран уникальное окно возможностей, которые следует эффективно использовать для укрепления позиций в грядущем
новом мире.
Мы обязаны совместно и в полной мере воспользоваться этим историческим шансом».
t.me/oskemencitykz
«Jastar Oskemen» комьюнити орталығында өңір жастарына арналған маңызды кездесу өтті
Кездесуге Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Алмас Ахметбекұлы қатысты.
Іс-шара барысында жастар ақынмен еркін сұхбат құрып, шығармашылық, патриоттық тәрбие және өмірлік тәжірибе жайында ой бөлісті. Кездесу қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, рухани серпіліс берді.
t.me/oskemencitykz
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин ознакомились с рядом торгово-экономических проектов, инициативами по реинтродукции амурских тигров в Казахстане, запуску беспилотного грузового автомаршрута и школы «Сириус»
По итогам переговоров президенты примут Совместное заявление и проведут брифинг для представителей СМИ.
t.me/oskemencitykz
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Ресей Президентінің бортын Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары алып жүрді.
t.me/oskemencitykz
Премьер-лиганың 12-туры «Восток» стадионында!
Құрметті өскемендіктер, 27 мамыр күні баршаңызды елордалық «Астана» командасына қарсы өтетін матчта «Алтай Өскеменге» қолдау көрсетуге шақырамыз
Билет құны — 700 теңге
Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді!
27 мамыр
16:00
«Восток» стадионы
Барша қала тұрғындары мен қонақтарын күтеміз
t.me/oskemencitykz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.
Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең.
Түптеп келгенде, біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына негіз болып отыр.
Бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ. Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі. Сондықтан ел тұтастығын күшейту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекет саясатының аса маңызды бағыты, конституциялық міндеті саналады.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты.
Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
t.me/oskemencitykz
Барша мұсылман үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға амандық, береке, шаңырақтарыңызға шаттық пен тыныштық тілейміз.
t.me/oskemencitykz
ЖАЗДЫҢ ЕҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫ — САМАР ЖАҒАЛАУЫНДА ТУРИСТІК МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫ!
Бағдарламада
түрлі-түсті бояулар шоуы
ашық аспан астындағы көбікті кеш
әуе шары
би, музыка және көтеріңкі көңіл күй КЕШТІҢ ХЕДЛАЙНЕРІ танымал қазақстандық рэп және хип-хоп орындаушысы SAY MO!
Сіздерді әсерге толы, ұмытылмас жазғы кеш күтіп тұр!
Достарыңызды, отбасыңызды ертіп келіп, жаздың алғашқы жарқын мерекесін бірге қарсы алайық!
Сарыбел ауылы
6 маусым
Басталуы: 17:00
Кіру тегін!
t.me/oskemencitykz
Өскеменде республикалық зияткерлік сайыс өтті
Бүгін Өскеменде «Жаңа Конституция және жастар» атты республикалық зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Білім бәйгесіне Қазақстанның әр өңірінен келген 22 команда қатысты.
Зияткерлік сайыста Шымкент, Павлодар, Семей және өзге де қалалардың жастары құқықтық сауаттылық, логикалық ойлау және нақты білім бойынша бақ сынады.
Шараны ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. Қатысушылар Конституция, заң және құқықтық тәртіп тақырыптарындағы сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметті арттыру және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тартысты өткен сайыс барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа достық байланыстар орнатты.
t.me/oskemencitykz
Өскеменде ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды
Алдағы бір ай ішінде қала аумағындағы 19 мың шаршы метр жерге 700 мыңнан астам гүл отырғызу жоспарланып отыр.
«Таза Өскемен» мекемесі өкілдерінің айтуынша, жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі. Алғашқы кезеңде Әуезов даңғылы, Қазақстан көшесі және «Бәйтерек» айналмасы көгалдандырылады.
Қазіргі таңда Арбатта, Республика алаңында және Сағадат Нұрмағамбетов ескерткіші маңында гүл отырғызу жұмыстары аяқталған.
Биыл жазда Өскемен бұрынғыдан да көркейіп, гүлге оранбақ.
t.me/oskemencitykz
В Ашхабаде завершилась 44-я Пленарная неделя ЕАГ с участием стран-членов, FATF и международных организаций
Казахстан представил первый отчет о прогрессе национальной системы ПОД/ФТ. По итогам работы рейтинг страны повышен до уровня «значительного соответствия» сразу по четырем ключевым Рекомендациям FATF.
Международные делегации положительно оценили меры Казахстана по усилению прозрачности, контролю за финансовыми учреждениями и противодействию финансированию терроризма.
Следующая Пленарная неделя ЕАГ пройдет в ноябре 2026 года в Таджикистане.
t.me/oskemencitykz
Астанада өтетін халықаралық Astana AI Film Festival фестиваліне өтінім қабылдау басталды
Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен креаторлар — жеке авторлар мен шығармашылық командалар қатыса алады. Басты талап — туынды толықтай жасанды интеллект көмегімен, яғни full AI форматында әзірленуі тиіс. Мұнда AI тек қосымша құрал емес, фильм өндірісінің негізгі өзегі болуы қажет.
Ұйымдастырушы Алмас Жали фестивальдің басты мақсаты — тың көзқарасы бар таланттарға мүмкіндік беру екенін айтты.
– Біз ерекше ойлайтын, бірақ өз идеясын көпшілікке ұсынуға мүмкіндігі болмаған адамдардың жұмысын көргіміз келеді, – деді ол.
Биылғы басты байқаудың тақырыбы — «The Future Worth Living In» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ»).
Жоба авторларының бірі Айзатулла Хуссейннің айтуынша, ұйымдастырушылар болашақты тек негативті тұрғыда бейнелейтін дүниелерден өзгеше бағыт ұсынуды көздейді.
Фестивальге өтінімдер 15 тамызға дейін қабылданады. Ал финалдық кезеңі 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада өтетін Astana AI Week аясында ұйымдастырылады.
Бағдарламада фильм көрсетілімдері, панельдік пікірталастар және AI-контентке арналған конференциялар жоспарланған.
Astana AI Film Festival кино, технология және цифрлық шығармашылықты тоғыстыратын халықаралық алаң болмақ.
t.me/oskemencitykz
До Рахмановских ключей станет легче добраться уже в этом году
Поездка в одно из самых красивых мест Восточного Казахстана скоро перестанет быть испытанием для водителей. В Катон-Карагайском районе продолжается масштабное обновление дороги к озеру Рахмановские ключи.
Уже в этом году здесь планируют полностью заасфальтировать 13 километров пути. Раньше этот участок доставлял немало проблем туристам - разбитая дорога, ямы и долгие часы в пути становились настоящей проверкой для автомобилей.
Сейчас ситуация постепенно меняется. По дороге уже обновили два моста, а вдоль маршрута строят новые смотровые площадки с живописными видами на вершину Музтау.
Рахмановские ключи ежегодно притягивают тысячи туристов со всего Казахстана. Люди приезжают сюда ради горных озер, лечебных источников, чистого воздуха и уникальной природы Катон-Карагая.
И похоже, совсем скоро путешествие в этот уголок Восточного Казахстана станет не только незабываемым, но и действительно комфортным.
t.me/oskemencitykz
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей толық жаңғыртудан өтеді
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей қабырғасында өткен соңғы қоңырау салтанатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов білім ордасын толық жаңартуға уәде берді.
Аймақ басшысы мектептің қазіргі жағдайымен танысып, алдағы уақытта лицейге кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін айтты. Жаңарту аясында оқу кабинеттері, инфрақұрылым және мектеп аумағы кезең-кезеңімен толық жаңартылады деп жоспарлануда.
Бұл жаңалықты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар ерекше қуанышпен қабылдады. Себебі №44 лицей - Өскемендегі іргелі білім ордаларының бірі әрі көптеген талантты түлектердің алтын ұясына айналған мектеп.
Айта кетейік, соңғы қоңырау шарасы ерекше атмосферада өтіп, түлектер үшін есте қаларлық күндердің біріне айналды.
t.me/oskemencitykz