Ресей МемДумасының депутаттары Еуропадан өтемақы талап ететінін айтуда. Ресей аймақтары мен Ресей оккупациялап алған аймақтарға Украина ғана емес, Еуропа да орасан шығын әкелуде дейді. Сонымен бірге Ресейдің біраз байлығын Еуропа бұғаттап тастағанын айтуда. Түбі өтемақы төлетеміз деп тістеніп отыр.
paranoiakz
Сообщений: 37 688 с 2021 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Марокко патшасы елдегі ең ұзын автомагистральді Трамптың құрметіне атады. Трамп алғыс айтты.
Al-Modon: Бахрейн мен Кувейт Иранмен ықтимал қақтығысқа дайындалуда. Соғыс болса, Сирия тарапынан әскери көмек жіберуді сұрауы мүмкін. Дамашық бұл ұсынысқа келісетінін аңғартқан. Алайда кез келген келісімді іске асыру үшін халықаралық ұйымдардың қолдауы мен аймақтық державалардың көмегі қажет.
Путин бүй деді: «Көршілес елді қараңдар. Не болып жатыр? Батыстан алған немесе өз халқынан тонаған қаржы үшін өзара қырқысып жатыр. Шетелге қашуда, қайтып келуде және басқа дегендей. Бірлік жоқ. Украинаның батысын қараңдар. Батыс аймақтарын Иосиф Сталин соғыстан кейін Украинаға сыйға тартқан. Қазіргідей жағдай болады деп ойламаса керек. Бірақ Украина ол аймақтарынан айырылатынына сенімдімін. Польшаға, Румыния мен Венгрияға тиесілі аймақтар тарихи тұрғыдан өз отанына қайтады. Ерте ме, кеш пе солай болады. Украина аймақтарының тұтастығына бір ғана ел кепіл еді. Ол – Ресей! Олар Ресейді жау деп жариялады. Ал орыстарды титулды емес ұлт етті. Нағыз сандырақ қой бұл әрекеттері», - дейді.
Axios: Зеленский мен Трамп алдағы сейсенбі күні Уашиңтонда кездеседі. Кездесу алдында Зеленский Трамптың жақтастары және MAGA-ның ықпалды деген мүшелерімен кездесіп, өз позициясын күшейте түсті. Трамптың қолдаушысы, журналист Лора Лумер Зеленскийден сұхбат алды. Сонымен бірге подкаст түсіруші Тим Пул да (Трамптың жақтасы) Украинаны қолдайтынын айтуда. Ол бұрын бұл соғыста Киевке ашық қолдау көрсетпеген.
Украина тарапы президент Тоқаевтың соғысты тоқтату ұсынысын қолдады және Қазақстанға алғыс айтты. “Дер кезінде айтылған ұсыныс” дейді.
Алайда Ресей соғысты тоқтатуды қаламайтынын айтып, Мәскеуге қысымды арттыру қажет деп түйіндеді.
БАҚ: Ресей түнде Киевтегі екі ғимаратқа және Кривой Рогтағы сауда орталығына соққы жасады.
Түмен МӨЗ-іне жасалған кешегі шабуылдан кейін, МӨЗ жұмысын тоқтатты.
кешегі шабуылдың көріністері.
Иранның СІМ-і Украинаны айыптады.
Украина Каспий теңізінде Иранның жүк кемесіне соққы жасады дейді. Салдарынан бір теңізші қаза тауып, кемеде өрт шыққанын айтыпты.
Бүгін Украина Каспийде қару тасыған кемеге соққы жасағанын айтқан еді.
Тегеран бұл әрекетті айыптай отырып, БҰҰ жарғысын өрескел бұзу депті. Қарсы жауапқа құқылымыз дегенді де қоса айтыпты.
Куба әскері күні-түні дайындалып жатыр. АҚШ-пен соғысқа дайынбыз дейді. Видеоны Кубаның қорғаныс министрлігі жариялады.
Песков: Ресейдің жауабы - соғысамыз!
Қазақстан президенті Тоқаевтың соғысты тоқтату туралы ұсынысына Ресей тарабы ресми жауап қайтарды. Песковтың айтуынша, Путин Тоқаевқа жауабын тез берген.
“Ресей тарабы - майдан шебінде ұрысты тоқтату мүмкін емес. Оған Киевтің ұстанымы қайшы. Егер Киев біздің шарттарымызды орындаса, соғысты бір тәулікте тоқтатуға болады. Өйтпесе, біз мақсатымызға әскери жолмен жетеміз деп жауап берді Путин”, - деді Песков.
Солай: Бүкіл әлем соғысты тоқтатуды қалағанымен, жалғыз Ресей соғысты таңдады, тағы да!
БҰҰ Бас Хатшысы араға 14 жыл салып Сирияға барды. Барды да, былай деді
“Голан жоталары Сирияның жері. Заңды жері. Ол солай болған және біз солай деп мойындаймыз. Ал Израильдің Сирия аймағындағы әрекеттерін қатаң айыптауды жалғастырамыз”, - деді.
Ресей Запорождегі “Новая почтаның” жөнелту қоймасына соққы жасады. Бір қойма мен жүк көлігі қоймасы отқа оранған.
Экологиялық айыппұл: Қашаған операторының мүлкі мен көлігіне тыйым салынды
Атырау облысының экология департаменті 21 шілдеде Қашаған операторы NCOC консорциумынан 2,3 трлн теңге көлемінде экологиялық айыппұлды өндіру туралы атқару құжатын шығарды. Осы құжат аясында компанияның мүлкі мен көліктеріне тыйым салынды.
NCOC айыппұлды халықаралық сотта даулап жатыр. Қазақстан әділет министрлігі ақпарат құралдарына шешімді күштеп орындату үшін заңда көрсетілген барлық шараны қолданатынын айтқан.
Қазақстан президенті Тоқаев Омбыда Путинмен кездесіп, Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуды және Ыстамбұл келіссөздеріне қайта оралуды ұсынды.
Президент бұл соғыста екі жақтан тым көп адам қырылып жатқанын айтты.
Жуырда АҚШ-тың беделді «The Hill» басылымы: «Батыс байқамай жатқанда, Украина Үшінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетіп жатқан болуы мүмкін», - деп жазып, сараптама жариялады. Бұл мақала әлемдік саясаттанушылар мен геосаясат мамандарының ызу-қызу талқысын тудыруда.
«THE HILL»: «ЗҰЛЫМДЫҚ ӨСІНДЕГІ» ОДАҚТАСТАР КІМДЕР?
УКРАИНА – СОҒЫСТЫҢ БАСТЫ ҚАҺАРМАНЫ...
ЗЕЛЕНСКИЙ: ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС УКРАИНАДАН БАСТАЛҒАН!
ҚИРАҒАН ЗАУЫТ. ӨРТЕНГЕН ҚОЙМА. КЕЗЕК КҮТКЕН ХАЛЫҚ: РЕСЕЙДІҢ ХӘЛІ НЕШІК?
СЫРТҚЫ МАЙДАНДАҒЫ ШЕГІНІСТЕР: ТАЯУ ШЫҒЫСТАН АФРИКАҒА ДЕЙІН...
Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8596
Қырымда жанармайдың тапшылығына байланысты, жанармай QR кодтар арқылы сатылады. Украина тарапы QR кодтар базасын бұзып, орнына жалған QR кодтар сатқан. Сол арқылы жанармайды шексіз алу мүмкіндігі бар деп сендірген.
Алайда қаржы бензин алуға емес, Украинаның жасақтарына аударылып, көлік пен дрон алуға жұмсалды.
Бұл іс бойынша ресейлік тарап жалған QR кодпен қаржы аударғандарды іздей бастады. Оларға “Украина әскерін қаржыландырды” деген айып тағылуы мүмкін.
Бір күн бұрын оккупациядағы Симферополь қаласындағы (Қырым) Wildberries-ке де шабуыл жасалған еді. Фото-видеосы енді жариялануда. Қойма тұтас өртеніп кетіпті.
Ресейлік БАҚ: Екатеринбургтегі Wildberries қоймасына екі дрон шабуыл жасаған. Дрондар қоймаға 20 метр жетпей, көлік тұрағына құлаған. Қойма аман.
БАҚ: Саудия түнде Йеменнің хуситтер бақылауындағы аймақтарға соққы жасады. Екі портқа және әскери штабқа шабуыл жасалған. 20-дан астам адам қаза тапты.