Архив доступен 1 354 сообщений С 2023 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Павлодар облысында ТЖМ қызметкерлері Ертіс өзенінде ер адамды құтқарды

Павлодар қаласында Ертіс өзенінің бойындағы «Куба» жағажайы маңында ТЖМ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында ағысы қатты аймақта қалқымалы белгілерден асып кеткен ер адамды анықтады.

Күшті ағыс оны жағалау бойымен жағаға шығу мүмкіндігі жоқ жерге қарай алып кеткен.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, оны жағаға жеткізді. Көмек дер кезінде көрсетілгендіктен, жағдай сәтті аяқталды, медициналық тексеруден бас тартты.

Алдын алу шаралары жүргізілгеннен кейін азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ТЖМ суға түсуге рұқсат етілген аймақтан тыс жерлерде шомылу қауіпті екенін ескертеді. Тіпті жақсы жүзетін адамдар үшін де күшті ағыс өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Павлодарской области сотрудники МЧС спасли мужчину на реке Иртыш

В Павлодаре на реке Иртыш в районе пляжа «Куба» сотрудники МЧС в ходе рейдовых мероприятий обнаружили мужчину, который заплыл за буйки в месте с сильным течением.

Поток воды постепенно относил его вдоль берега к участку, где выбраться на сушу было практически невозможно.

Спасатели сразу направились к нему и доставили на берег. Помощь подоспела вовремя, поэтому происшествие обошлось без серьезных последствий, от осмотра медиков мужчина отказался.

После проведения профилактической беседы в отношении гражданина был составлен административный протокол по статье 412 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.

МЧС напоминает, что купание за пределами обозначенной зоны может быть опасным. Даже при хорошей физической подготовке сильное течение способно создать угрозу для жизни.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Павлодар облысында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық рейдтер күшейтілді

Шомылу маусымында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп өңірдің су айдындарында күшейтілген профилактикалық рейдтер өткізуде.

Іс-шаралар барысында мамандар акваторияны патрульдеп, демалушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, судағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Сонымен қатар, жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын және балаларды қараусыз қалдырудың қауіпті екенін еске салуда.

Ерекше назар шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтау, құтқару кеудешелерін қолдану және су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерін анықтауға аударылуда. Рейдтер барысында ТЖД мен полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуда. Демалушыларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары көрсетілген жадынамалар да таратылуда.

ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеуден орын алады. Осыған байланысты профилактикалық рейдтер мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау шомылу маусымы бойы тұрақты және күшейтілген режимде жүргізілетін болады.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тек рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және өз өмірі мен жақындарының өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.

В Павлодарской области усилены профилактические рейды по обеспечению безопасности на воде

В целях предупреждения несчастных случаев на водоёмах в период купального сезона сотрудники Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области совместно с сотрудниками Департамента полиции проводят усиленные профилактические рейды на водных объектах региона.

В ходе мероприятий специалисты осуществляют патрулирование акватории, проводят профилактические беседы с отдыхающими, разъясняют основные требования безопасности на воде, а также напоминают о недопустимости купания в необорудованных местах и оставления детей без присмотра взрослых.

Особое внимание уделяется соблюдению правил эксплуатации маломерных судов, использованию спасательных жилетов и выявлению нарушений правил безопасности на водоёмах. В ходе рейдов сотрудники ДЧС и полиции выявляют нарушителей, которые привлекаются к административной ответственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан. Отдыхающим также вручаются памятки с рекомендациями по безопасному поведению на воде.

Сотрудники ДЧС отмечают, что большинство трагических случаев на воде происходит из-за пренебрежения элементарными мерами безопасности. В связи с этим профилактические рейды и контроль за соблюдением требований безопасности будут проводиться на постоянной основе и в усиленном режиме на протяжении всего купального сезона.

Департамент по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области призывает жителей и гостей региона соблюдать правила безопасности, отдыхать только в разрешённых местах, не оставлять детей без присмотра и не подвергать риску свою жизнь и жизнь близких.

«Ауыл құтқарушылары» бекетінің еріктілері Тереңкөл ауданында өрттің тұрғын үйге таралуына жол бермеді

11 маусым күні Тереңкөл ауданының Жаңа-Құрлыс ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.

Оқиға орнына алғаш болып Қоржынкөл ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» бекетінің қызметкерлері Валерий Лукьянченков пен Есентай Арынов жетті. Оқиға орнында үй жиһаздары, тұрмыстық заттар және саманнан салынған қосалқы құрылыстың шатырындағы ағаш конструкциялар жанып жатқан.

Негізгі күштер келгенге дейін олар өртпен күресті өз қолдарына алып, жалынның таралуына тосқауыл қойып, оның бүкіл тұрғын үйді шарпуына жол бермеді.

Олардың жедел әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, оттың одан әрі таралуы тежелді.

Тереңкөл ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінің жасағы келгеннен кейін күштер біріктіріліп, өртті толық сөндіру және жасырын жану ошақтарын жою жұмыстары бірлесіп жалғастырылды.

«Ауыл құтқарушылары» бекетінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт толығымен сөндіріліп, жалынның тұрғын үйге таралуына жол берілген жоқ.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қоржынкөл ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» бекетінде оның жұмысын одан әрі жетілдіруге және жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды және өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарлауды ескертеді.

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

Добровольцы пункта «Ауыл құтқарушылары» предотвратили распространение пожара на жилой дом в районе Теренколь

11 июня в селе Жана-Курлус района Тереңкөл произошёл пожар в двухквартирном жилом доме.

Первыми на место происшествия прибыли работники пункта «Ауыл құтқарушылары» села Қоржынкөл Валерий Лукьянченков и Есентай Арынов. На месте вызова происходило горение домашних вещей, мебели и деревянных конструкций кровли саманной пристройки. До прибытия основных сил они приняли на себя борьбу с огнём и удерживали его распространение, не позволив пламени охватить весь жилой дом.

Благодаря их оперативным и профессиональным действиям удалось локализовать пожар и сдержать дальнейшее распространение огня.

По прибытии подразделения пожарной части №8 района Теренколь силы были объединены, после чего совместными усилиями продолжены работы по тушению пожара и ликвидации скрытых очагов горения.

Благодаря слаженным действиям работников пункта «Ауыл құтқарушылары» и пожарных удалось полностью ликвидировать возгорание и не допустить распространения огня на жилой дом.

Стоит отметить, что в настоящее время в пункте «Ауыл құтқарушылары» села Қоржынкөл проводится реновация, направленная на дальнейшее совершенствование его работы и обеспечение круглогодичного функционирования.

ДЧС Павлодарской области напоминает жителям о необходимости строго соблюдать правила пожарной безопасности и незамедлительно сообщать о возгорании по телефонам 101 или 112.

Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 6 адам құтқарылды

Ледовский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы 6 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

Өрт шыққан пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды. Медициналық тексеруден кейін ол ауруханаға жеткізілді.

Өрт 2 шаршы метр аумақта сөндірілді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Павлодаре при пожаре в пятиэтажном доме спасены 6 человек

По улице Ледовского в одной из квартир на четвертом этаже пятиэтажного жилого дома произошел пожар.

На место происшествия оперативно прибыли подразделения ДЧС. В ходе проведения работ по лестничному маршу были спасены 6 человек, среди которых один ребенок.

Из квартиры спасен мужчина с ограниченными возможностями. После осмотра сотрудниками скорой медицинской помощи он был доставлен в больницу.

Пожар ликвидирован на площади 2 квадратных метра.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Павлодар облысының ТЖД-де шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Zoom» платформасы арқылы бейнеконференция форматында аумақтық бөлімшелердің, жергілікті атқарушы органдардың және облыс жағажайлары иелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық және жекеменшік жағажайлардың дайындығы, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау, сондай-ақ қоғамдық құтқарушылардың кезекшілігін ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жағажайларды құтқару бекеттерімен, құтқару құралдарымен, ақпараттық стендтермен, ескерту белгілерімен және балаларға арналған шомылу аймақтарымен жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, акватория түбін тексеру және тазарту, буй орнату, халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды.

ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптарын және оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын жеткізді. Жағажай иелеріне демалушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауын күшейту және құтқару қызметтерінің тұрақты дайындығын қамтамасыз ету ұсынылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жазғы демалыс кезеңінде су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар айқындалды.

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

В ДЧС Павлодарской области обсудили вопросы безопасности в купальный период

Департаментом по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области проведен круглый стол в формате видеоконференцсвязи посредством платформы «Zoom» с участием территориальных подразделений, местных исполнительных органов и владельцев пляжей области.

В ходе мероприятия рассмотрены вопросы обеспечения безопасности населения в период купального сезона, готовности коммунальных и частных пляжей, соблюдения требований правил безопасности на водоемах, а также организации дежурства общественных спасателей.

Особое внимание уделено оснащению пляжей спасательными постами, наличию спасательных средств, информационных стендов, предупреждающих знаков и детских зон для купания. Кроме того, обсуждены вопросы обследования и очистки дна акваторий, установки буйков, а также проведения профилактической работы среди населения.

Сотрудниками ДЧС доведены основные требования правил безопасности на водоемах и меры административной ответственности за их нарушение. Владельцам пляжей рекомендовано усилить контроль за соблюдением мер безопасности отдыхающими и обеспечить постоянную готовность спасательных служб.

По итогам круглого стола определены дальнейшие совместные мероприятия, направленные на повышение уровня безопасности граждан и предупреждение несчастных случаев на водоемах в период летнего отдыха.

Қауіпсіз жаз: құтқарушылар Тереңкөл ауданындағы балалар лагеріне барды!

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттық-насихат тобы полиция бөлімімен бірлесіп, Тереңкөл ауданы Томарлы ауылындағы балалар лагеріне маңызды алдын алу іс-шарасымен барды.

Негізгі мақсат — балаларға өмірді сақтайтын ережелерді еске салу. Мамандар балалармен жазғы кезеңдегі өзекті тақырыптар бойынша пайдалы әңгімелер өткізді

*Су айдындарындағы қауіпсіздік:* суда өзін қалай ұстау керек және ересектердің қарауынсыз шомылуға неге болмайтыны.

*Өрт қауіпсіздігі:* өрттің шығуына жол бермеу және түтін байқалған жағдайда не істеу керек.

*Балалар қауіпсіздігі:* терезедегі масаға қарсы торлардың алдамшы екендігі және биіктіктен құлап кетудің алдын алу.

Кездесудің ең жарқын бөлігі — практикалық сабақ болды! Балаларға көрсетілім түрінде

*Өрт сөндірудің алғашқы құралдары* және өрт сөндіргішті қолдану ережелері түсіндірілді.

*Арнайы құрал-жабдықтар* және заманауи өрт сөндіру техникасының мүмкіндіктері таныстырылды.

Осындай интерактивті сабақтар балалардың өзін-өзі сақтаудың негізгі дағдыларын бекітуге көмектеседі және жазғы демалысты шынымен қауіпсіз етеді!

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

Безопасное лето: спасатели навестили детский лагерь в районе Теренколь!

Информационно-пропагандистская группа ДЧС совместно с отделом полиции провели важный профилактический выезд в детский лагерь села Томарлы района Теренколь.

Главная цель — напомнить ребятам о правилах, которые спасают жизни. Специалисты провели с детьми полезные беседы на самые актуальные летние темы

Безопасность на водоёмах: как правильно вести себя у воды и почему нельзя купаться без присмотра взрослых.

Пожарная безопасность: как не допустить возгорания и что делать в случае задымления.

Детская безопасность: почему москитные сетки на окнах обманчивы и как избежать падения с высоты.

Самой яркой частью встречи стала практика! Ребятам наглядно продемонстрировали

Первичные средства пожаротушения и правила работы с огнетушителем.

Специализированный инвентарь и возможности современной пожарной техники.Такие интерактивные уроки помогают детям закрепить базовые навыки самосохранения и сделать летние каникулы по-настоящему безопасными!

Дауылды ескерту

12 маусымда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысын-да, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соға-ды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар қ.: 12 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Штормовое предупреждение

12 июня ночью на западе, севере, востоке Павлодарской области ожи-даются дождь, гроза, днем дождь, гроза, на западе, севере, юге области град, шквал. Ветер южный на западе, севере, юге области порывы 15-20 м/с.

По области сохраняется высокая пожарная опасность, на западе, юго-востоке области сохраняется чрезвычайная пожарная опасность.

г. Павлодар: 12 июня ожидаются дождь, гроза, днем град. Ветер южный порывы 15-20 м/с.

Сохраняется высокая пожарная опасность.

QR қауіпсіздік кодтары-алдын алудың заманауи құралы

Жазғы кезеңде халық қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қауіпсіздік QR-кодтарын пайдалана отырып, жаңа профилактикалық жобаны іске асырды.

Департамент мамандары суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, өрт қауіпсіздігі, Балалардың терезеден құлауының алдын алу, сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша өзекті ақпаратты қамтитын QR-кодтар әзірледі.

Халықты барынша қамту үшін QR-кодтар күн сайын облыстың мыңдаған тұрғындары алатын "Балалар әлемі" дүкендер желісінің қолөнер пакеттерінде орналастырылған. Сонымен қатар, QR қауіпсіздік кодтары бар ұялы телефондарға арналған арнайы жапсырмалар-магниттер жасалды. Ыңғайлы форматтың арқасында пайдаланушылар кез-келген уақытта телефон камерасымен кодты сканерлеу арқылы қажетті ақпаратқа тез қол жеткізе алады.

Бұл жұмыс азаматтардың хабардарлығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалар мен ересектер арасындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану профилактикалық жұмысты қол жетімді, ыңғайлы және тиімді етуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, профилактиканың жаңа нысандарын енгізуді жалғастыруда

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

QR-коды безопасности – современный инструмент профилактики

В целях повышения культуры безопасности населения и предупреждения чрезвычайных ситуаций в летний период Департаментом по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области реализован новый профилактический проект с использованием QR-кодов безопасности.

Специалистами Департамента разработаны QR-коды, содержащие актуальную информацию по правилам безопасного поведения на воде, пожарной безопасности, предупреждению выпадения детей из окон, а также действиям в различных чрезвычайных ситуациях.

Для максимального охвата населения QR-коды размещены на крафтовых пакетах сети магазинов «Детский мир», которые ежедневно получают тысячи жителей области. Кроме того, изготовлены специальные стикеры-магниты для мобильных телефонов с QR-кодами безопасности. Благодаря удобному формату пользователи могут в любое время быстро получить доступ к необходимой информации, просто отсканировав код камерой телефона.

Данная работа направлена на повышение информированности граждан, формирование навыков безопасного поведения и профилактику несчастных случаев среди детей и взрослых. Использование современных цифровых технологий позволяет сделать профилактическую работу более доступной, удобной и эффективной.

Департамент по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области продолжает внедрять новые формы профилактики, уделяя особое внимание вопросам безопасности детей в период летних каникул

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

Павлодарда құтқарушылар азық түлік дүкеніндегі өртті сөндірді

Таңертең Олжабай батыр көшесінде жеке тұрған бір қабатты азық түлік дүкені ғимаратында өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ күштері мен құралдары үш сауда орнының отқа оранғаны және жалынның шатырдың ағаш құрылымдарына тарағаны анықталды.

Өртті сөндіру үшін бес өрт оқпаны берілді. Қою түтін жағдайында газ түтінінен қорғау қызметінің үш буыны жұмыс істеді. Суды үздіксіз беру үшін автоцистерналар өрт гидрантына орнатылды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында жалын дер кезінде сөндіріліп, оттың әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады. Өрт белгілері байқалған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Павлодаре пожарные ликвидировали возгорание в продуктовом магазине

Ранним утром на улице Олжабай батыра произошел пожар в отдельно стоящем одноэтажном здании продуктового магазина.

Прибывшие силы и средства МЧС установили, что огнем охвачены три торговых помещения. Пламя распространилось и на деревянные конструкции кровли.

Для тушения пожара были поданы пять пожарных стволов. В условиях плотного задымления работали три звена газодымозащитной службы. Для обеспечения бесперебойной подачи воды автоцистерны подключили к пожарному гидранту.

Пожар удалось оперативно ликвидировать, дальнейшее распространение огня не допущено.

Пострадавших нет. Причина пожара устанавливается.

МЧС напоминает о необходимости соблюдать правила пожарной безопасности. При обнаружении возгорания незамедлительно сообщайте по номеру 112.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Дауылды ескерту 2026 жылғы 10 маусымнан 2026 ж. 10 маусымның 20 сағ. 2026 ж. 11 маусымның 20 сағ. аралығы

11 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар қ.: 11 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Штормовое предупреждение от 10 июня 2026 года с 20 ч. 10 июня 2026 г. до 20 ч. 11 июня 2026 г.

11 июня на западе, севере, востоке Павлодарской области ожидаются дождь, гроза, днем град, шквал. Ветер юго-западный, западный на западе, севере, востоке области порывы 15-20 м/с.

По области сохраняетсявысокая пожарная опасность, на западе, юго-востоке области сохраняется чрезвычайная пожарная опасность.

г. Павлодар: 11 июня ожидаются дождь, гроза, днем град. Ветер юго-западный, западный порывы 18 м/с.

Сохраняется высокая пожарная опасность.

10 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар қ.: 10 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

10 июня на западе, севере, юге, в центреПавлодарской области ожидаются дождь, гроза, днем град, шквал. Ветер юго-западный на западе, севере, юге, в центре области порывы 15-20 м/с. Днем сохраняется сильная жара 35 градусов.

По области сохраняется высокая пожарная опасность, на западе, юго-востоке области сохраняется чрезвычайная пожарная опасность.

г. Павлодар: 10 июня ожидаются дождь, гроза, днем град, шквал. Ветер юго-западный порывы 15-20 м/с.

Сохраняется высокая пожарная опасность.

Терек мамығы — жоғары өрт қаупі!

Терек мамығының жиналған жерлері сөндірілмеген темекі тұқылынан, сіріңкеден немесе кез келген ұшқыннан санаулы секундтар ішінде тұтанып кетуі мүмкін. Терек мамығын өртеуге жол бермеңіз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

Тополиный пух — повышенная пожарная опасность!

Скопления тополиного пуха могут вспыхнуть за считанные секунды от непотушенного окурка, спички или другой искры. Не допускайте поджигания пуха и соблюдайте правила пожарной безопасности.

В случае пожара немедленно звоните 101 или 112.

Успенкада спорт ардагері және қоғам қайраткері Ардақ Төлебаевты еске алуға арналған турнир өтті

Успен ауданының орталығы – Успенка ауылында спорт ардагері әрі қоғам қайраткері Ардақ Қасымұлы Төлебаевты еске алуға арналған турнир өтті.

Жарысқа Павлодар облысының әртүрлі аудандарынан келген алты ардагерлер командасы қатысты. Олардың қатарында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлерінің командасы мен «Қазақстан темір жолы» ардагерлерінің командасы болды.

Турнирдің ашылу рәсіміне Ардақ Қасымұлының отбасы мүшелері қатысты. Достары, әріптестері мен замандастары оны спортқа және туған өлкесінің дамуына шын жүректен жанашырлық танытқан азамат ретінде жылы лебізбен еске алды. Ардақ Төлебаевтың бос уақытында Успенка ауылының жас спортшыларын жаттықтырғаны, заманауи стадион мен балалар спорт мектебінің салынуына елеулі үлес қосқаны, сондай-ақ спорттық іс-шаралар мен турнирлерге бірнеше рет демеушілік көрсеткені атап өтілді.

Турнир достық, өзара құрмет және әділ бәсеке рухында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлерінің командасы иеленді. Екінші орын турнир қожайындары – Успен ауданы ардагерлерінің командасына бұйырды. Үшінші орынды Щербақты ауданының ардагерлер командасы жеңіп алды.

Бұл турнир тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар өмірін спортты дамытуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамға қызмет етуге арнаған азаматтың жарқын рухына тағзым ету шарасына айналды.

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

В Успенке состоялся турнир памяти ветерана спорта и общественного деятеля Ардака Тулебаева

В районном центре Успенского района — селе Успенка — состоялся турнир посвящённый памяти безвременно ушедшего из жизни ветерана спорта и общественного деятеля Ардака Касымовича Тулебаева.

В соревнованиях приняли участие шесть команд ветеранов из различных районов Павлодарской области, в том числе команда ветеранов Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области и команда ветеранов КТЖ.

На церемонии открытия присутствовали члены семьи Ардака Касымовича. Друзья, коллеги и единомышленники тепло вспоминали его как человека, искренне преданного спорту и развитию родного края. Отмечалось, что в свободное время Ардак Тулебаев занимался подготовкой юных спортсменов села Успенка, внёс значительный вклад в строительство современного стадиона и детской спортивной школы, а также неоднократно выступал меценатом спортивных мероприятий и турниров.

Турнир прошёл в атмосфере дружбы, уважения и честной спортивной борьбы. По итогам соревнований первое место завоевала команда ветеранов Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области. Второе место заняла команда хозяев турнира — ветеранов Успенского района. Третье место досталось команде ветеранов Щербактинского района.

Турнир стал не только спортивным событием, но и данью памяти человеку, посвятившему свою жизнь развитию спорта, воспитанию молодёжи и служению обществу.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері шағын көлемді кемені мас күйінде басқару фактісін анықтады

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы барысында Ертіс өзенінде шағын көлемді кемені алкогольдік масаң күйде басқару фактісі анықталды.

1977 жылы туған азамат ұсталды. Оған медициналық куәландыру жүргізілді. Аталған факті бойынша Солтүстік полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 358-бабының 1-бөлігі «Алкогольдік масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен немесе шағын көлемді кемені басқаруы» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Павлодар облысының ТЖД алкогольдік немесе өзге де масаң күйде шағын көлемді кемені басқару кеме жүргізушінің өзінің де, айналасындағылардың да өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады.

Өңірдегі су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді. Тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау ұсынылады.

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

Сотрудники ДЧС Павлодарской области выявили факт управления маломерным судном в состоянии алкогольного опьянения

В ходе совместного рейдового мероприятия сотрудников Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области и Инспекции транспортного контроля на реке Иртыш был выявлен факт управления маломерным судном в состоянии алкогольного опьянения.

Был задержан гражданин 1977 года рождения. Было проведено медицинское освидетельствование. По данному факту Северным отделом полиции зарегистрировано уголовное дело по части 1 статьи 358 Уголовного кодекса Республики Казахстан «Управление воздушным, морским, речным или маломерным судном лицом, находящимся в состоянии алкогольного опьянения».

ДЧС Павлодарской области напоминает, что управление маломерным судном средствами в состоянии любого вида опьянения представляет серьёзную угрозу жизни и здоровью как самого судоводителя, так и окружающих.

В целях обеспечения безопасности на водоёмах региона сотрудники ДЧС совместно с инспекцией транспортного контроля на постоянной основе проводят профилактические и рейдовые мероприятия. Населению рекомендуется строго соблюдать правила безопасности на воде.

@emergovkz / t.me / insta / TikTok

Дауылды ескерту

08 маусымда Павлодар облысының батысында, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар қ.: 08 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Штормовое предупреждение

08 июня на западе, востоке Павлодарской области ожидаются небольшой дождь, гроза. Днем сохраняется сильная жара 35 градусов.

По области ожидается высокая пожарная опасность.

г. Павлодар: 08 июня днем сохраняется сильная жара 35 градусов.

Сохраняется высокая пожарная опасность.

Жасыбай көлінде құтқарушылар әйелге жағаға оралуға көмектесті

Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде профилактикалық рейд барысында ТЖМ қызметкерлеріне демалушылар көмек сұрап жүгінді. Белгілі болғандай, Павлодар облысының 52 жастағы тұрғыны резеңке қайықпен аралға өткен, алайда кері қайтуға батылы жетпей, сол жерде қалып қойған.

Құтқарушылар жедел түрде жетіп, моторлы қайықпен әйелді жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауға шақырады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

На озере Жасыбай спасатели помогли женщине вернуться на берег

Во время профилактического рейда на озере Жасыбай Баянаульского района к сотрудникам МЧС обратились отдыхающие. Выяснилось, что 52-летняя жительница Павлодарской области переправилась на остров на резиновой лодке, однако обратно плыть не решилась и осталась на месте.

Спасатели оперативно прибыли на место и на моторной лодке доставили её на берег. Медицинская помощь не потребовалась.

МЧС напоминает: во время отдыха на воде соблюдайте меры безопасности и объективно оценивайте свои силы.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

ТЖМ тікұшағы шұғыл көмек көрсетті

Павлодар облысы Железинка ауылынан 1972 ж.т азаматтың денсаулық жағдайыны байланысты облыс орталығына шұғыл жеткізу қажеттілігі туындады.

Жедел түрде ТЖМ тікұшағы экипажбен әуеге көтеріліп, медициналық қызметкерлердің сүйемелдеуімен науқасты Павлодар қаласына жеткізді.

Мамандардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында нәрестеге қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілді.

112 - әрдайым қасыңызда.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Вертолёт МЧС оказал экстренную помощь

В связи с ухудшением состояния здоровья жителя села Железинка Павлодарской области 1972 года рождения возникла необходимость его срочной транспортировки в областной центр.

Экипаж вертолёта МЧС оперативно поднялся в воздух и в сопровождении медицинских работников доставил пациента в город Павлодар.

Слаженными и оперативными действиями специалистов мужчине своевременно была оказана необходимая медицинская помощь.

112 - всегда рядом.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары! Қазгидромет мәліметінше

06 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады.

Төтенше жағдайлар департаменті, барлық сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.

Уважаемые жители и гости Павлодарской области, по сообщению Казгидромет 06 июня днем на западе, юге Павлодарской области ожидаются дождь, гроза. Ветер западный, порывы 15-20 м/с. Днем ожидается сильная жара 35 градусов и сохраняется высокая пожарная опасность.

Департамент по чрезвычайным ситуациям просит соблюдать все меры предосторожности.

Берегети себя и своих близких.

Павлодарда тұрғын үйдегі өрт кезінде ер адам құтқарылды

Павлодар қаласындағы Бұқар Жырау көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шықты.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттарының жанып жатқанын анықтады. Барлау жұмыстары барысында көрші пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды.

Өрт жедел оқшауланып, толық сөндірілді. Жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Павлодаре спасён мужчина при возгорании в жилом доме

В Павлодаре по улице Бухар Жырау произошло возгорание в квартире пятиэтажного жилого дома.

Прибывшие сотрудники МЧС установили, что на первом этаже горят мебель и домашние вещи. В ходе разведки из соседней квартиры был спасён мужчина с инвалидностью.

Возгорание было оперативно локализовано и полностью ликвидировано. Распространения огня на другие помещения не допущено.

Пострадавших нет. Причина происшествия устанавливается.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған форумға қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде өткен «Біздің тарихымыздың рәміздері – болашағымыздың кепілі» атты форумға қатысты.

Іс-шара мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, оқытушыларды, студенттер мен өңір жастарын бір алаңға біріктірді. Форум барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы, патриоттық тәрбиені нығайтудағы және азаматтық бірлікті бекітудегі маңызын талқылады.

ТЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Елтаңбасына және Әнұранына құрметпен қарау қоғамға қызмет етудің маңызды бөлігі әрі құтқарушылардың кәсіби борышының ажырамас құрамдасы екенін атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді күн сайын атқара отырып, ведомство қызметкерлері жауапкершілік, Отанға адалдық және мемлекеттік құндылықтарға беріктік қағидаттарын басшылыққа алады.

Осындай іс-шараларға қатысу патриоттық рухты нығайтуға, тарихи жадымызды сақтауға және жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сотрудники ДЧС Павлодарской области принял участие в форуме ко Дню государственных символов

В рамках празднования Дня государственных символов Республики Казахстан сотрудники Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской области приняли участие в форуме «Біздің тарихымыздың рәміздері – болашағымыздың кепілі», который состоялся на базе Павлодарского педагогического университета имени Әлкей Марғұлан.

Мероприятие объединило представителей государственных органов, общественных организаций, преподавателей, студентов и молодёжь региона. В ходе форума участники обсудили значение государственных символов как основы национальной идентичности, патриотического воспитания и укрепления гражданского единства.

Сотрудники ДЧС подчеркнули, что уважение к Государственному Флагу, Гербу и Гимну Республики Казахстан является важной частью служения обществу и неотъемлемой составляющей профессионального долга спасателей. Ежедневно выполняя задачи по обеспечению безопасности граждан, сотрудники ведомства руководствуются принципами ответственности, преданности Родине и верности государственным ценностям.

Участие в подобных мероприятиях способствует укреплению патриотического духа, сохранению исторической памяти и формированию уважительного отношения к государственным символам среди молодого поколения.