Архив доступен 8 480 сообщений С 2024 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстан ұлттық құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастады

Талғат Байсуфинов шәкірттері маусым айындағы жолдастық кездесулерге дайындықты Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда жүргізіп жатыр. Жиын 5 маусымға дейін жалғасады. Одан кейін команда Арменияға аттанып, дайындықтың келесі кезеңін өткізеді.

@kff_team

@penalty_kz

Финал алдындағы ерекше болжам: Венгриялық пингвиндер өз фаворитін атады

Венгриядағы хайуанаттар бағындағы пингвиндер Чемпиондар лигасының финалына қатысты өз болжамдарын жасады.

sportsru

@yelclasico

ПСЖ мен «Арсенал» финалы: екі испандық бапкер текетіресі

Чемпиондар лигасының финалында екі испандық бапкер кездеседі! «Арсеналдың» тізгінін ұстаған Артета ПСЖ-ны тоқтата ала ма, әлде трофей тағы да Луис Энрикенің еншісіне бұйыра ма?

@yelclasico

«Пари Сен-Жермен» — «Арсенал»: Чемпиондар лигасының финалы

Бүгін 30 мамыр Будапешттегі «Пушкаш Аренада» Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Трофей үшін ПСЖ мен «Арсенал» таласады.

Париждік клуб турнирде 44 гол соқса,лондондықтар бірде-бір матчта жеңілмей, 9 ойында қақпасын голдан аман сақтады. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. Трансляцияны Qazsport, Freedom Media және «Кинопоиск» көрсетеді.

@penalty_kz

Жекпе-жек алдындағы ең әсерлі сәт: Биволдың ұлдары жанкүйерлерді тәнті етті

Екатеринбургте Дмитрий Бивол мен Михаэль Айферт арасындағы титулдық жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті. Көпшіліктің назарын Биволдың ұлдары аударды — олар әкелерінің чемпиондық белбеулерін сахнаға алып шықты.

Жекпе-жек бүгін 30 мамырда «УГМК-Аренада» өтеді. Айферт үшін бұл алғашқы чемпиондық мүмкіндік. Бивол WBA, IBF және WBO белбеулерінің иегері. Оның еншісінде 24 жеңіс пен 1 жеңіліс болса, Айферт 13 рет жеңіп, 1 рет жеңілген.

@bivol_d

@penalty_kz

Мадонна «Челсидің» әлі таныстырылмаған жаңа жейдесін көрсетті

Мадонна стрим кезінде әлі ресми таныстырылмаған «Челсидің» жаңа маусымға арналған жейдесін көрсетті — 67 жастағы әнші оны киіп, блогер Gymskin-мен бірге би биледі.

kick

@yelclasico

Футболшылар арасында подиумды бағындырған алғашқылар қатарында Пеп Гвардиола болған

90-жылдардың ортасында «Барселона» ойыншылары арасында алғашқылардың бірі болып подиумға шыққан Пеп Гвардиола үлкен сән бумын тудырған. Оның қатысуымен көрсетілген киімдердің бәрі бірнеше күнде сатылып кеткен. Алайда Йохан Кройф мұны құптамай, Пепті «кәсібилікке сай емес әрекеті» үшін жазалаған. Қызығы, кейін Гвардиоланың өзі де Жерар Пикеге Давид Миро ұйымдастырған сән көрсетіліміне қатысуға тыйым салған.

idman.biz.ru

@yelclasico

Финалда Өзбекстанды тоқтатты: Қазақ балуаны Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Мирас Махамбет Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 65 келіге дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Сардор Махмудовты 3:2 есебімен жеңді. Бұған дейін қазақстандық спортшы Қытай мен Иран өкілдерін жарыс жолынан шығарған еді.

@unitedworldwrestling

@penalty_kz

Баходир Джалолов Ислам Махачевпен “күресіп” көрді

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов UFC жұлдызы Ислам Махачевпен әзіл-шыны аралас жаттығу кезінде күш сынасты. Желіде тараған видеода спортшылар күрес элементтерін көрсеткенімен, бұл ресми айқас емес. Ауыр салмақтағы Джалолов пен UFC чемпионы Махачевтің дене бітіміндегі айырмашылық та көзге түсті. Жаттығу достық жағдайда аяқталып, жеңімпаз анықталған жоқ. Джалолов мамырда Агрон Смакичті нокаутпен жеңсе, Махачев UFC-ге тамызда оралуды жоспарлап отыр.

@abdurahmon_fazilov @tulkin_kilichev

@penalty_kz

“Үздік армагеддоным”: Бибісара Асаубаева әлем чемпионын тізе бүктірді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 турнирінің төртінші турында әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңді. Классикалық партия тең аяқталғанымен, отандасымыз «армагеддонда» басым түсті. Жеңістен кейін Асаубаева бұл ойынды турнирдегі ең үздік «армагеддондарының» бірі деп атады. Қазір оның еншісінде 7 ұпай бар және ол турнирдегі көшбасшылар қатарында келеді.

@norway_chess

@penalty_kz

Жаңа жұлдыз өсіп келеді: Роналдудың ұлы

шеберлігін көрсетті

Криштиану Роналдудың ұлы Маттео көпшіліктің назарын аударды. Жеті жастағы футболшы «Әл-Наср» академиясындағы жаттығуда дәл соққысымен көзге түсіп, жанкүйерлер оның әкесінің жолын қуып келе жатқан жаңа буынның жұлдызы өсіп келе жатыр.

@georginagio

@yelclasico

Иван Дычко оралды. Англияда айқас өткізеді

Қазақстандық суперауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко келесі жекпе-жегін 6 маусымда Англияның Борнмут қаласында өткізеді. Ол Zuffa Boxing 7 турнирінде жергілікті былғары қолғап шебері Харви Дайкспен (7-0-1) қолғап түйістіреді.

Дычко соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде америкалық Джермейн Франклиннен есе жіберіп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы сәтсіздігіне ұшыраған еді. Қазір оның еншісінде 15 жеңіс (14 нокаут) және 1 жеңіліс бар.

@ivandychko

@penalty_kz

Гласнер командасы 119 жыл күткен үш трофейді бір жылда жеңіп алды

«Кристал Пэлас» бір жыл ішінде Англиядағы ең табысты клуб атанды. Оливер Гласнер командасы Конференциялар лигасының финалында жеңіске жетіп, соңғы 12 айдағы үшінші трофейін иеленді. Бұған дейін лондондықтар Англия кубогы мен Суперкубокты ұтқан болатын. Бір қызығы, клуб 119 жылдық тарихында алғаш рет осындай табысқа қол жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша «Пэлас» «Манчестер Сити» мен басқа да ағылшын грандтарын артта қалдырды.

sportsru

@yelclasico

Шотландиядан Шымкентке: «Ордабасы» Чесноковты елге қайтармақ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Қазақстанға оралуы мүмкін. Bad Football мәліметінше, шотландиялық «Хартс» ойыншысына қызығушылық танытып отырған клубтардың ішінде трансфер бойынша нақты жұмыс жүргізіп жатқан жалғыз команда — «Ордабасы».

Чесноков «Хартс» сапында 11 матч өткізіп, 1 гол соқты және Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Әзірге тараптар келіссөздерге қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

@heartofmidlothianfc

@penalty_kz

Рафаэль Оразбахтин:«Жігіттер мінез көрсете алмады»

Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында «Қайрат» сырт алаңда «Ордабасыдан» 1:2 есебімен жеңілді. Матчтан кейін алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин ойыншыларын сынға алды.

«Жігіттер мінез көрсете алмады», — деді маман журналистерге.

Алғаш болып «Қайрат» сапынан Жоржиньо гол соққанымен, кейін Килама мен Астанов мергендік танытып, шымкенттіктерге жеңіс сыйлады. Осылайша алматылықтардың 18 матчтық жеңіліссіз сериясы үзілді.

@penalty_kz

Абдукодир Хусанов АҚШ-қа жетіп, Өзбекстан құрамасына қосылды

«Манчестер Сити» қорғаушысы Абдуқодир Хусанов Өзбекстан құрамасының АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қосылды. Ол Нью-Йоркке келіп, әуежайда ұлттық құраманың маскоты — сұр қасқырды сыйға алды. Кейін полицияның сүйемелдеуімен команда базасына жеткізілді. Өзбекстан құрамасы 1 маусымда Канадамен, 8 маусымда Нидерландпен жолдастық матч өткізеді. Әлем чемпионаты 11 маусымда басталады.

@uzbekistanfa

@penalty_kz

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекке дайындықты бастады

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке оралуға дайындықты бастады. Боксшы Instagram-да жаттығу залынан видео жариялап, “Бастадық” деп жазды. Әлімханұлы желтоқсанда титулын қорғауы мүмкін. Бұған дейін ол допинг дауына ілігіп, бір жылға шеттетілген еді. WBO чемпиондық белбеуін сақтап қалса, IBF оны титулынан айырған.

sportkzsport

@penalty_kz

«Тед Лассо» жұлдызы Гвардиоланы «Ричмондқа» шақырды

«Тед Лассо» сериалындағы актер Джейсон Судейкис Гвардиолаға әсерлі үндеу жасап, испан маманын өз командасына шақырды

— Сен менің бапкерлік музамсың, бапкерлік қарсыласымсың және, әрине, сән иконасысың. Алда не істейтініңді асыға күтемін, бірақ «Ричмондқа» тағы бір ассистент керек болып тұр!

@yelclasico

ӘЧ-2026 билеттеріне қатысты дау: ФИФА өкілдері прокуратураның назарына ілікті

2026 жылғы әлем чемпионаты билеттеріне қатысты дау АҚШ прокуратурасының назарын аударды. Нью-Йорк пен Нью-Джерси билік өкілдері ФИФА-дан билет бағасы мен сату жүйесіне қатысты құжаттарды сұратты. Наразылыққа билеттердің қымбаттауы және сұранысқа қарай өзгеретін динамикалық баға жүйесі себеп болған. ӘЧ-2026 АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

@yelclasico

“Астана” “Алтайға” қарсы ойында жеңісті уысынан шығарып алды

Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында “Алтай” өз алаңында “Астанамен” 1:1 есебімен тең түсті. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Рамазан Кәрімов “Астананы” алға шығарды. Алайда матч соңында Дмитрий Шмидт таразы басын теңестірді. Осы нәтижеден кейін “Астана” 19 ұпаймен 4-орында қалса, “Алтай” 10 ұпаймен 13-сатыда тұр.

@pflkaz

@penalty_kz