Архив доступен 463 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

«Баяғы жартас – сол жартас»Тоқаевтың Қонаев қаласының дамуына көңілі толмады

Мемлекет басшысы Қонаев қаласының дамуына қатысты өткір сын айтты. Президенттің сөзінше, облыс орталығы мәртебесін алғанына бірнеше жыл өтсе де, қаладағы инфрақұрылым құрылысы тым баяу жүріп жатыр.

«Баяғы жартас – сол жартас» деген Президент Қонаевтың келбеті әлі күнге дейін айтарлықтай өзгермегенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қалаға шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттар мен жаңа мектептер қажет. Өйткені заманауи инфрақұрылымсыз Алматы облысының толыққанды дамуы мүмкін емес.

Президент облыс басшылығына нақты тапсырма беріп, өңірдің болашағы үшін маңызды жобаларды созбалаңға салмай, жедел іске асыруды талап етті. Қонаев облыс орталығы атағына сай болуы керек деген талап енді жергілікті биліктің жұмысына берілетін басты бағаға айналмақ. Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңеске қатысқан еді.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, тергеу барысында істің мән-жайы толық ескерілмей отыр. Олардың пікірінше, баланы бір ғана адам емес, бірнеше жасөспірім жабылып соққыға жыққан. Соның салдарынан жасөспірім ауыр жарақат алып, көзіне бірнеше ота жасалған.

Зардап шеккен баланың анасының сөзінше, оқиғадан кейін ұлына ешкім көмек көрсетпеген. Қансырап қалған жасөспірім медициналық пунктке өз күшімен жетуге мәжбүр болған.

Қазір отбасы баласының денсаулығына алаңдап қана қоймай, қылмыстық істің әділ тергелуін де талап етіп отыр. Олар кінәлілердің әрекетіне құқықтық баға толық берілуі тиіс деп есептейді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақорда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 дарынды оқушыны қабылдады. Пән олимпиадаларының жеңімпаздары, спортшылар мен шығармашылық байқаулардың лауреаттары Президент резиденциясымен танысып, естелік сыйлықтарға ие болды. Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

Ақорданың кішкентай қонақтары өз әсерімен бөлісті. Абай облысынан келген оқушы Әмірлан Қайрат осы сапарға су жаңа кастюм сатып алып, сымбатты болып келуге тырысқанын айтады. "Ақорданың ішінде өзімді президент сияқты сезіндім"-дейді.

Точка в споре поставлена: контракт с Шайдоровым подписан

Вопрос, широко обсуждавшийся в обществе в связи с Михаилом Шайдоровым, получил своё решение, сообщает вице-министр туризма и спорта Серик Жарасбаев.

По его словам, контракт был направлен команде спортсмена и подписан. Документ оформлен в соответствии с действующим законодательством, а стороны достигли взаимопонимания по всем его пунктам.

В министерстве также сообщили, что все финансовые обязательства, предусмотренные контрактом, будут выполнены в полном объёме.

Кроме того, 5 июня Михаил Шайдоров отправится в США для подготовки к новому сезону. В ближайшие дни спортсмен вместе со своей командой посетит Министерство туризма и спорта, где будут обсуждены планы подготовки к следующим Олимпийским играм, а также вопросы развития фигурного катания в Казахстане.

Өскеменде жас велошабандоздар тобына автокөлік соғылған сәт бейнежазбаға түсіп қалды.

Жол-көлік оқиғасы 27 мамыр күні таңертең Ертіс көпірінде болған.

Полицияның мәліметінше, Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, велосипедшілер тобына соқтығысқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Астанада құтқарушылар 15 жастағы жасөспірім өмірін қауіптен арашалады

ТЖМ мәліметінше, бүгін Б.Майлин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттағы терезе алдында қыздың отырғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері пәтерге кіріп, жасөспірімді қауіпсіз жерге шығарды. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің алдына «өмір кубы» орнатылған.

Ведомствоның хабарлауынша, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 2010 жылы туған қызға дер кезінде көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Астанада тағы бір баланы жүк көлігі қағып кетті

Оқиға Тілендиев даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «КАМАЗ» жүргізушісі жанармай құю бекетіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен өтіп бара жатқан жасөспірімді байқамай қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғыз Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және Арменияның Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.

Кеңес отырысына келген қонақтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Путин Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Ресми мәліметте келіссөздердің басты тақырыптары — экономика, ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық және өңірлік қауіпсіздік екені айтылды.

Алайда сарапшылар бұл сапардың астарында одан да маңызды саяси және экономикалық мүдделер жатқанын айтады.

Батыс санкцияларынан кейін Ресей үшін Қазақстан маңызды логистикалық және сауда серіктесіне айналды. Сонымен қатар Орталық Азиядағы ықпал үшін күрес күшейіп келеді. Бұл ретте Қазақстанның стратегиялық рөлі артып отыр.

Келіссөздер барысында энергетика, мұнай тасымалы, теміржол дәліздері, атом энергетикасы және жаңа логистикалық жобалар талқылануы мүмкін.

Сапардың тағы бір маңызды тұсы — саяси сигнал. Кремль халықаралық байланыстарының сақталғанын көрсеткісі келсе, Астана көпвекторлы саясат ұстанатынын тағы бір мәрте дәлелдеуге тырысады.

Ал жабық форматтағы кездесулерде нақты қандай мәселелер көтерілгені әзірге толық жарияланған жоқ.

Президент России прибыл в Астану.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев лично встретил гостя в аэропорту.

Предыдущий государственный визит Владимира Путина в Казахстан состоялся в мае 2024 года.

Как правило, в мировой дипломатической практике государственный визит совершается лишь один раз в течение одного президентского срока. Однако в этот раз Астана приняла особое решение, вновь предоставив российскому лидеру статус государственного визита. По словам экспертов, это шаг, демонстрирующий высокий уровень отношений между двумя странами.

В рамках государственного визита Владимир Путин примет участие в заседании Высшего Евразийского экономического совета, которое пройдет 28–29 мая.

Товарооборот между Казахстаном и Россией в первом квартале составил 6,46 млрд долларов США, что на 16,1% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

Ресей Президенті Астанаға ат басын тіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонағын әуежайда өзі қарсы алды.

Владимир Путиннің Қазақтанға мемлекеттік сапары 2024 жылдың мамырында болған еді.

Негізі мұндай сапар әлемдік дипломатиялық тәжірибеде бір президенттік мерзімде бір-ақ рет болады. Бірақ бұл жолы Астана ерекше шешім қабылдап, Ресей басшысына тағы да мемлекеттік сапар мәртебесін беріп отыр. Бұл — екі ел арасындағы қарым-қатынастың өте жоғары екенін көрсету үшін жасалған қадам,-дейді сарапшылар.

Путин елімізге мемлекеттік сапары аясында 28-29 күндері өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналым бірінші тоқсанда 6,46 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1% артты.

«Трагедия в небе над Павлодарской областью»: при крушении Ан-2 погиб пилот

В Павлодарская область потерпел крушение самолет Ан-2, выполнявший авиационно-химические работы. В результате авиапроисшествия один из пилотов погиб, второй был спасен сотрудниками ДЧС.

По информации Министерства транспорта, катастрофа произошла 27 мая в районе села Железинка.

Воздушное судно Ан-2 принадлежало организации Эксплуатанты легкой и сверхлегкой авиации и использовалось для проведения сельскохозяйственных авиационных работ.

По предварительным данным, самолет во время полета задел линии электропередачи, после чего потерпел крушение.

На борту находились два члена экипажа. Один пилот погиб на месте происшествия. Второго спасателям удалось извлечь из кабины живым. Сообщается, что он находился в сознании.

В Министерстве транспорта заявили, что расследованием авиапроисшествия займется Департамент по расследованию происшествий и инцидентов на транспорте.

«На место направлены сотрудники департамента. Будут установлены все обстоятельства и причины происшествия», — сообщили в ведомстве.

Ан-2 считается одним из самых известных и массовых самолетов советского производства. Несмотря на возраст конструкции, такие воздушные суда до сих пор активно используются в сельском хозяйстве и малой авиации Казахстана.

Астана полициясы ұлы жазушының ескерткішіне құрметсіздік танытқан қыздың жеке басын анықтады.

Әлеуметтік желілерде қыздың фотосессия үшін Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып, мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқаны бейнеленген видео тарады.

Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, оны «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын және мәдениет пен тарихи мұра нысандарына ұқыпты әрі құрметпен қарау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ ескерткіштерді, мәдениет және тарихи мұра нысандарын қасақана бүлдіру вандализм әрекеті ретінде бағаланатынын және заңда белгіленген жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Сотрудниками полиции Астаны установлена личность девушки, проявившей оскорбительное отношение к памятнику великому писателю.

В социальных сетях распространилось видео о том, как девушка, позируя для фотосъёмки, взабролась на памятник Бейімбета Майлина, тем самым проявив неуважение к объекту культуры и общественному месту.

Сотрудниками полиции установлена 18-летняя жительница Астаны и доставлена в Управление полиции района «Байқоңыр».

Нарушительница привлечена к ответственности за мелкое хулиганство.

Материалы направлены в суд для принятия решения.

Полиция напоминает о недопустимости подобных поступков и необходимости бережного и уважительного отношения к объектам культуры и исторического наследия.

Также напоминаем, что умышленное повреждение памятников, объектов культуры и исторического наследия расценивается как акт вандализма и влечёт установленную законом ответственность, в том числе уголовную.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты.

Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт қабыл болсын!

Әлеуметтік желіде сынып жетекші мен түлектің бірге билеген вальсі жұрттың ерекше ықыласына бөленді. Көпшілік ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластыққа тәнті болды.

Кейіннен сынып жетекшісі Жұлдызай Таңатқановна желіде әсерлі жазба жариялап, түлегі Максим Цойдың жетістіктері туралы айтты.

«Менің аты-жөнім — Жұлдызай Таңатқановна. Мен Цой Максимнің сынып жетекшісімін. Осы биді бірге билегенімді мақтан тұтамын. Бұл — дарынды шәкіртім әрі мектебіміздің түлегі.

Максим — “Алтын белгіге” үміткер. ҰБТ сынақтарынан 130–133 балл жинап жүр. Сонымен қатар, ол 18-республикалық Президенттік олимпиаданың III дәрежелі диплом иегері.

Денсаулығындағы қиындықтарға қарамастан, Максим білімге деген ұмтылыспен бәріне үлгі бола білді. Оны қолдағандарыңыз — болашағына берілген үлкен мотивация деп ойлаймын», — деп жазды ұстаз.

Әлеуметтік желіде Қаламгерлер аллеясында түсірілген видео қызу талқыға түсті. Видео авторының айтуынша, жастар аллеядағы тұлғалардың мүсініне құрметсіздік танытқан.

Оқиға куәгері жастарға ескерту жасап, мүсіндердің кімге арналғанын сұрағанын айтқан. Алайда жастар нақты жауап бермеген.

Желі қолданушылары аталған жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп, мәдени орындар мен тарихи тұлғаларға құрметпен қарау қажеттігін жазуда. Кейбірі жауаптыларға шара қолдануды талап етсе, енді бірі жастар тәрбиесіне назар аудару керектігін жазған.

Биылғы мектеп бітіру кештері қоғамда қызу талқыға түсті. Түлектерге 101 раушан гүл сыйлау, қымбат телефон, ноутбук, тіпті автокөлік тарту ету сәнге айналғандай. Әлеуметтік желіде ерекше көйлек, мобилограф, қымбат сыйлықтармен көзге түскен түлектердің видеолары таралып, көпшілік арасында “соңғы қоңырау – мереке ме, даңғаза ма?” деген сауал туғызды. Осыған қатысты Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек пікірін біле отырыңыз.

ІІМ қазақстандықтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды

ІІМ мәліметінше, соңғы уақытта кәмелетке толмағандар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды тіркеп, кейін оларды басқа адамдарға беретін жағдайлар жиілеген. Ведомствоның айтуынша, алаяқтар мұндай аккаунттарды азаматтарға жалған қоңырау шалу және басқа да заңсыз әрекеттер үшін пайдаланады.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды бөтен адамдарға беру — алаяқтық жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде бағаланады», — деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бейбіт Біржанов.

ІІМ азаматтарға

күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға

жеке аккаунттарды өзге адамдарға пайдалануға бермеуге

балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге

тіркелген нөмірлерді бөгде адамдарға табыстамауға

күдікті жағдайлар туралы полицияға хабарлауға кеңес берді.

Тоқаевтың шақыруымен Путин Астанаға келеді

27–29 мамыр аралығында Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Сапар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады,-деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың бүгінгі ахуалы мен оны одан әрі дамыту бағыттарын талқылайды.

28 мамыр күні Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтіп, оған ЕАЭО-ға мүше елдердің басшылары қатысады.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады