ОНЫНШЫ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАЙМЫЗ
Қазақстан Республикасы Президенттік Іс басқармасының Президенттік орталығы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «X Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауын жариялайды.
Президент Қ.К. Тоқаев Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде «Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды», – деп атап көрсетті.
Президенттік орталық Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, Қазақстан жастарының оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру мақсатындағы «Абай оқулары» жобасын 2017 жылдан бері өткізіп келе жатыр.
Әдебиет байқауының шарттары
Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде)
Түсірілген бейнероликті Instagram немесе TikTok әлеуметтік желісінде хэштегімен жариялау
Бір қатысушы (немесе команда) бір ғана шығарма ұсына алады
+77052965396 WhatsApp нөміріне жарияланымның сілтемесін жіберу
Байқауға өтініш 2026 жылғы 15 маусым – 30 қыркүйек аралығында қабылданады
Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау – 2026 жылғы 12-16 қазан аралығында.
Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдар, алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысып, ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер!
ОБЪЯВЛЯЕМ СТАРТ ДЕСЯТЫХ «АБАЕВСКИХ ЧТЕНИЙ»
Президентский центр Управления делами Президента Республики Казахстан объявляет ежегодный литературный конкурс «X Абаевские чтения», посвященный творчеству великого казахского поэта, мыслителя, основоположника казахской классической письменной литературы Абая Кунанбаева.
«Богатое наследие Хакима Абая стало духовным ориентиром не только для казахского народа, но и для всего человечества. Его мысли и заповеди никогда не утратят своей актуальности. Поэтому очень важно исследовать и популяризировать творчество Абая, постигая глубокий смысл его произведений», – отметил Президент К. К. Токаев в своем приветствии участникам торжественных мероприятий, посвященных 180-летию Абая Кунанбайулы.
Проект «Абаевские чтения», нацеленный популяризацию литературного наследия Абая, формирование культуры чтения и литературного вкуса у казахстанской молодежи, реализуется Президентским центром с 2017 года.
Условия литературного конкурса
Снять на видео выразительное чтение любого из произведений Абая (на казахском, русском, английском и других языках)
Опубликовать видеоролик в социальнях сетях Instagram или TikTok с хэштегом
Один участник (или команда) может представить только одно произведение
На номер WhatsApp +77052965396 скинуть ссылку на пуцбликацию
Заявки на участие в конкурсе будут приниматься с 15 июня по 30 сентября 2026 года
Подведение итогов и награждение победителей – с 12 по 16 октября 2026 года.
По итогам конкурса лучшие участники будут награждены специальными дипломами, благодарственными письмами и призами.
Участвуйте в конкурсе и делитесь информацией в социальных сетях!