Қазақстанда су үнемдеу технологиясын енгізуді қолдауға бағытталған кешенді бағдарламасы әзірленеді
Қазақстанда ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиясын енгізуді қолдауға бағытталған кешенді бағдарлама әзірленеді. Құжат суару инфрақұрылымын дамыту, шаруаларды қаржылай қолдау және отандық жабдықтар мен материалдарды пайдалануды ынталандыру шарасын біріктіреді. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин суармалы егіншілікті дамыту мәселесі жөніндегі кеңесте тиісті тапсырма берді.
Бағдарлама заманауи суару жүйелерін енгізудің барлық кезеңін – су көзінен бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің шаруашылығында жабдықты орнатуға дейінгі үдерісті қамтиды. Бағдарлама аясында жаңбырлатып суару машиналарын, суару қондырғылары мен өзге де қажетті инфрақұрылымды сатып алуға жеңілдікпен қаржыландыру тетігі көзделеді. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, өсірілетін дақылдың ерекшелігі мен күтілетін экономикалық тиімділікті ескеретін егіншілік жүргізудің қаржылық моделі әзірленеді. Мемлекеттік қолдау көрсету кезінде отандық өндірістегі техника мен жабдыққа басымдық беру жоспарлануда.
Комплексную программу поддержки внедрения водосберегающих технологий разработают в Казахстане
В Казахстане разработают комплексную программу поддержки внедрения водосберегающих технологий в сельском хозяйстве. Она объединит меры по развитию оросительной инфраструктуры, финансовой поддержке аграриев и стимулированию использования отечественного оборудования и материалов. Соответствующее поручение дал заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин на совещании по вопросам развития орошаемого земледелия.
Программа будет охватывать весь цикл внедрения современных систем орошения – от источника воды до установки оборудования у сельхозтоваропроизводителя. В нее войдут механизмы льготного финансирования приобретения дождевальных машин, оросительных установок и другой необходимой инфраструктуры, а также финансовая модель ведения земледелия с применением водосберегающих технологий, учитывающая выращиваемые культуры и ожидаемый экономический эффект. Приоритет при оказании государственной поддержки планируется отдавать технике и оборудованию отечественного производства.
@KZgovernment