Архив доступен 23 065 сообщений С 2020 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Новый фильм ТРК Президента Казахстана «Соседство как стратегия» – документальный взгляд на XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Омске, где обе страны подтвердили курс на дальнейшее укрепление стратегического партнерства.

Документальный фильм рассказывает о ключевых итогах встречи президентов Казахстана и России, новых направлениях взаимодействия и новом этапе казахстанско-российского диалога.

Смотрите 27 июля в 20:30 на телеканале Jibek Joly.

@ptrkkz

На базе действующих цифровых платформ предлагается в пилотном формате запустить на одном из наиболее загруженных направлений цифровой транспортный коридор «Казахстан - Россия» – Наш Президент

@ptrkkz

Предлагается разработать совместную Программу развития воздушной доступности приграничных регионов под условным названием «500+» – Глава государства

@ptrkkz

Касым-Жомарт Токаев

«Первый запуск ракеты-носителя «Союз-5» в апреле текущего года вновь показал, что, объединяя научные, инженерные, производственные возможности, Казахстан и Россия способны воплощать в жизнь масштабные проекты в различных сферах»

@ptrkkz

Наш Президент высказал свою позицию по вопросу урегулирования конфликта между Россией и Украиной

@ptrkkz

@ptrkkz

Мемлекет басшысы

«Біздің сан қырлы ынтымақтастығымызда сабақтастық пен серпінді даму өзара үйлесім тапқан. Ортақ тарихымызды ардақтай отырып, болашаққа бірге көз тігеміз»

@ptrkkz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға сапары

@ptrkkz

Тарих пен достықтың символы: Қасым-Жомарт Тоқаеа Владимир Путинге ерекше сыйлық тарту етті

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйға тартты.

Символдық мәні бар туынды екі халықтың рухани байланысы мен тарихи достығын айшықтайды.

@ptrkkz

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының келешегі. Сондықтан мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, қазіргі болып жатқан жағдай Ресей және Украина мемлекеттерінің дұшпандарына ғана тиімді»

@ptrkkz

@ptrkkz

Қазақстан мен Ресей президенттеріне сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды

XXII Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге сауда мен көлік-логистика саласын цифрландыруға бағытталған бірқатар инновациялық жобалар таныстырылды.

Олардың қатарында тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі, Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы және көлік ағынын жасанды интеллект көмегімен талдайтын AI Jol жобасы бар.

@ptrkkz

Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысты

Форум барысында Президентіміз көтерген негізгі бастамалар мен маңызды тұжырымдарды назарларыңызға ұсынамыз

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы барлық бағытта нығайып келе жатыр деп толық сеніммен айтуға болады. Ресей – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Былтыр екіжақты тауар айналымы 28 миллиард долларға жуықтады

Биылғы бірінші тоқсанда Ресейден келген инвестиция ағыны 45 пайызға ұлғайды. Яғни, бес айдағы көлемі 773 миллион долларды құрады

Елдеріміз 177 ірі жобадан тұратын тізім жасақтады. Инвестицияның жалпы көлемі 52 миллиард доллардан асады. Оның 122-і іске асырылып, 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Қазақстан аумағы арқылы транзит тасымалы жандана түсті. Тек соңғы бес жылда Қытай – Ресей – Қытай бағыты бойынша Қазақстан территориясынан өткен контейнерлік тасымалдың көлемі сегіз есе артты. Ресей – Қазақстан – Қытай бағытындағы миллионыншы контейнер елеулі меже болды

Қолданыстағы цифрлық платформалар базасында «Қазақстан – Ресей» цифрлық көлік дәлізін пилоттық режимде іске қосуды ұсынамын

Алуан түрлі табиғи ландшафт, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз да көпшілікті қызықтырады. Ең бастысы, Ресей туристері үшін Қазақстанда тіл және менталдық тұрғыдан ешқандай кедергі жоқ. Мәдениетіміз бен тарихымыз ортақ

Ортақ тарихымызды ардақтай отырып, болашаққа бірге көз тігеміз. Қазақстан ұлы Ресей елімен жасампаз стратегиялық серіктестікті дамытуға әрдайым ниетті

Бүгінгі форумның нәтижесі Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастар жылнамасындағы кезекті жарқын кезеңге жол ашып, мемлекеттеріміздің гүлденуіне және бауырлас халықтардың игілігін арттыруға ықпал етері сөзсіз

@ptrkkz

Біздің Президент Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеудің маңызын атап өтіп, 2.0 Ыстамбұл форматына қайта оралуды ұсынды.

– Өзіңізге мәлім, мен әуел бастан мұның мемлекетаралық қақтығыс екенін айтқанмын. Бұл қандай да бір азаматтық соғыс емес. Біз украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне әрдайым құрметпен қараймыз. Аталған қақтығыстың көпшілік үшін, соның ішінде біз үшін түсініксіз тұстары көп. Білуімше, сіз Аляскадағы Анкориджде өткен кездесуде дипломатиялық тұрғыдан барынша икемділік таныттыңыз. Осы орайда өз пікірімді білдіргім келеді. Өйткені маған да өтініштер айтылады. Меніңше, қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстамбұл формуласына оралған дұрыс.

Себебі аталған келіссөз барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді. Содан кейін алпауыт елдердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы көптен күткен бейбітшілікке қадам басуға болады. Қазақстан – бұл мәселеде сырт қалатын ел емес. Алайда қаншама мәрте ұсыныстар мен үндеулер айтылғанына қарамастан, мен бұл қақтығыста арағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын. Өйткені Ресей – ұлы ел, ал орыс халқы – ұлы халық. Күн тәртібіндегі барлық мәселені делдалсыз-ақ шеше алады. Алайда бүгін өз пікірімді білдіруді жөн көрдім.

Себебі адамдар менің Омбыға жоспарлы сапарымнан, Сізбен кездесуімнен хабардар. Тығырықтан қалай шығу керек екенін ешкім білмейді. Қос тараптың өз ұстанымы бар. Әйтсе де, осы алауыздықты уақытша доғаруға болады. Бұл – сынақтан өткен халықаралық тәжірибе, амал. Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының келешегі. Сондықтан мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, қазіргі болып жатқан жағдай Ресей және Украина мемлекеттерінің дұшпандарына ғана тиімді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президентіміз Қазақстанның Ресеймен стратегиялық серіктестікті және одақтастық қатынастарды дамытуға бейіл екенін тағы бір мәрте растады.

– Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасындағы ұстанымына келер болсақ, біз Ресейді әрдайым ұлы мемлекет деп санаймыз. Бұған еш күмәніңіз болмасын. Мен бұл туралы барлық халықаралық форумдарда айтып жүрмін. Біз қанша қиын болса да, Ресеймен стратегиялық серіктестікті және одақтастық қатынастарды дамытуға бейілміз. Бүгінгі форум – соның айғағы, – деді Мемлекет басшысы.

@ptrkkz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады

– Біз – аса ірі сауда серіктестеріміз. Былтыр сауда көлемі шамамен 28 миллиард долларды құрады. Биылғы беталысымыз да өте жақсы. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, биыл бес айда өзара сауда көлемінің қарқыны айтарлықтай арта түсті. Ресей экономикамызға инвестиция салатын елдердің арасында көш бастап тұр. Инвестиция көлемі шамамен 30 миллиард долларға жетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында жалпы құны 53 миллиард доллар болатын 177 перспективті өнеркәсіп жобасының тізімі жасақталды. Оның 122-сі іске асырылды. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайды ескерсек, бұл – көңіл қуантатын жетістік, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын бірлесе салу жобасының ағымдағы жағдайы туралы пікір білдірді.

– Маған Балқаш көлі маңында нысан орнын дайындау жұмыстары аяқталуға жақындағанын баяндады. Бұл жоба Қазақстан аумағында энергияның жаңа түрін өндіруге ғана қатысты емес. Ол сонымен қатар мемлекеттеріміздің, ең бастысы, халықтарымыздың және өскелең ұрпақтың арасында алтын көпір болады. Өйткені біз Ресей көмегімен техникалық кадрларды, кейін атом индустриясы сияқты аса күрделі салада жұмыс істейтін жергілікті қазақ мамандарын даярлағымыз келеді, – Қасым-Жомарт Тоқаев.

@ptrkkz

@ptrkkz

Мемлекет басшысы Омбыға барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына барады.

Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі жоспарланған.

@ptrkkz

Jibek Joly телеарнасында жаңа жоба – «Елмен бірге»

«Елмен бірге» – өңірлердің бүгінгі тыныс-тіршілігін жергілікті халықтың көзімен танытатын танымдық-саяхаттық жоба.

Бағдарламада аймақтардың даму қарқыны, инфрақұрылымы, өндірісі, кәсіпкерлігі, әлеуметтік нысандары мен тұрғындардың өмірі боямасыз көрсетіледі. Әр өңір – елдің өз көзімен, елдің өз сөзімен.

Бағдарламаны Jibek Joly арнасынан 27 шілде, сағат 19:30-да тамашалай аласыздар!

@ptrkkz

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз»

@ptrkkz

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Жаңа Конституция – Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысының бүгінгі құбылмалы, шиеленістер мен соғыстарға толы жаңа геосаяси жағдайда көрініс тапқан жаңа сипаттағы жалғасы»

@ptrkkz