Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 маусым күні Академик Шөкин көшесінің Абай көшесінен Камзин көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылады. Осыған байланысты №21, №22, №66А және №27 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№21 және №22 автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Н. Назарбаев даңғылы бойымен қозғалған кезде аталған учаскені Н. Назарбаев даңғылы – Ломов көшесі – М. Жүсіп көшесі – Академик Шөкин көшесі арқылы айналып өтіп, әрі қарай өз маршруттары бойынша жүреді.
№66А автобус маршруты батыстан шығысқа қарай Академик Шөкин көшесі бойымен қозғалған кезде аталған учаскені Академик Шөкин көшесі – М. Жүсіп көшесі – Ломов көшесі – Камзин көшесі арқылы айналып өтіп, әрі қарай өз маршруты бойынша жүреді.
№27 автобус маршруты оңтүстіктен солтүстікке қарай Камзин көшесі бойымен қозғалған кезде аталған учаскені Камзин көшесі – Ломов көшесі – Н. Назарбаев даңғылы арқылы айналып өтіп, әрі қарай өз маршруты бойынша жүреді.