Архив доступен 508 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Түркістан қаласында 512 отбасы, яғни 3 мыңнан астам адам баспаналы болды. Ал, былтыр облыс көлемінде 3564 азаматқа пәтер кілті табысталды. Түркістандық тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

Баршаңызды бүгінгі жүректі тебірентер қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жүздеген отбасының көптен күткен арманы орындалған ерекше мереке. Қазақ халқы «Үйі бардың – күйі бар» дейді. Расында, баспана – әр отбасының бақыты мен берекесінің, тұрақтылығы мен тыныштығының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуді үнемі басты міндет ретінде белгілейді.

Осы міндеттерді жүйелі жүзеге асырудың нәтижесінде өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, мыңдаған азаматтың тұрғын үй мәселесі шешімін табуда. Былтыр тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 3564 пәтер берілсе, осы жылы 2292 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Бүгін тағы да 512 отбасының қуанышы еселеніп отыр. Бұл үйлердің жайлы әрі көрікті болуы тұрғындардың өздеріне байланысты. Сондықтан баршаңызды ауланың тазалығын сақтауға, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамын.

Өйткені дәл осы аулада өз балаларыңыз өсіп, тәрбиеленіп, алаңсыз ойнайды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдап, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз үлес қосуымыз қажет. Шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке кетпесін! Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Қаладағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде қоныс тойын тойлап жатқан отбасылардың қатарында әлеуметтік осал топ және көпбалалы отбасылар бар.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап күшіне енген тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезектілігін жүргізу және тұрғын үйлерді бөлу функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Бүгін баспана кілтін алған тұрғындар – жаңа тәртіп бойынша «Отбасы банк» арқылы іріктеліп, жолдама алған алғашқы азаматтар.

Атыраудағы бір отбасының өлімі: Сотта үй иелерінің мәйіті табылған видео көрсетілді

Бүгінгі сот отырысында Сұлтан Сәрсемәлиевтің үй иелері Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері қазып алынған жер көрсетілді.

Айта кетейік, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс қаралып жатыр.

Массажные кресла CASA&MORE. Из Германии

Массажные кресла с 4D массажем, растяжкой спины, массажем ног и стоп. Самый большой выбор в Казахстане. Шоурумы по всему Казахстану. Приезжайте и пробуйте.

Тест в 8 городах Казахстана

С рассрочкой 0-0-24

Гарантия 5 лет

Бесплатная доставка и сборка

Узнать цену

реклама

casa-more.kz

Көкшетауда алып Көк Ту жайылып, Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Көкшетауда Мемлекеттік рәміздер күні ерекше форматта аталып өтті. «Kokshe Arena» спорт кешенінде өткен салтанатты шара барысында Азаматтық қорғау академиясының курсанттары көлемі 10х20 метр болатын алып Мемлекеттік Туды жайып, көпшілік назарына ұсынды. Ал қолдарына Көк Ту ұстаған жастардың сап түзеуі мерекенің патриоттық рухын айшықтай түсті.

Мерекелік шара «Томирис» патриоттық клубының барабаншы қыздарының әсерлі өнерімен басталды. Азаматтық қорғау академиясының курсанттары аренаға көлемі 10х20 метр болатын алып Мемлекеттік Туды салтанатты түрде жайып шықты. Ал кешеннің айналасына қолдарына Көк Ту ұстаған жастар сап түзеп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Елдік рухты асқақтатқан бұл көрініс мерекенің басты символына айналды.

Салтанатты жиынға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Марат Ахметжанов мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі маңызына тоқталды.

«Бұл күн — әрбір қазақстандықтың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін оятатын күн. Біздің рәміздер тек қана ресми белгілер емес, болашағымыздың темірқазығы. Біз елдік пен ерліктің символы саналатын туымызды әрқашанда биік ұстаған елміз. Көкбайрағымыз әлемнің ең беделді биіктерінде, дүбірлі спорт ареналарында желбіреді, ғарышқа сапар шекті, бүкіл әлемді айналып шығып, әлемнің ең биік шыңдарында қадалды. Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!» – деді облыс әкімі.

Шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғам өміріне елеулі үлес қосқан бірқатар ақмолалықтар мемлекеттік наградалармен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиында Ақмола облысы Волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Дидар Хамзин де сөз сөйлеп, жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап өтті.

«Біздің мемлекетіміздегі рәміздерді ұлықтау, патриоттық сезімді кернеу — әрбір волонтердің ерен еңбегі, негізгі атқарып отырған жұмыстары. Алдағы уақыттарда көптеген бағыттарда жұмыстар жасап, өзіміздің өмірімізді тек қана мемлекеттің ішінде ғана емес, халықаралық аренада туымызды желбіретіп, елтаңбамызды көтере отырып, әнұранымызды шырқаймыз деген сенімдеміз», – деді Дидар Хамзин.

Мерекелік жиында жас буын атынан сөз сөйлеген «Тіл – тәуелсіздік символы» республикалық қазақ тілі олимпиадасының және «Абай оқулары» қалалық байқауының жеңімпазы, Көкшетау қаласындағы №11 мектептің оқушысы Екатерина Фот мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы өз ойын білдірді.

«Мемлекеттік рәміздер — бұл жай ғана белгілер мен атрибуттар емес, бұл біздің тарихымыз және біздің бүгінгі жарқын болашағымыз. Әлемдік ареналарда біздің көк байрағымыз көтеріліп, бүкіл дүниежүзіне еңселі Әнұранымыз шырқалған сәтте, әрбір қазақстандықтың жүрегін ерекше мақтаныш сезімі кернейді», – деді Екатерина Фот.

Іс-шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Патриоттық әндер шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Заңсыз жұмыстан шығарды»: Ордабасыдағы сотта 24 жыл еңбек еткен мұғалім өзін-өзі өлтірмек болды

Түркістан облысының Ордабасы ауданында сот шешімінен кейін ашынған мұғалім өз ішіне өзі пышақ сұғып алды. 24 жылдық еңбек өтілі бар педагог Хасен Ерімбетов жұмыстан заңсыз босатылғанын айтып, бірнеше айдан бері түрлі мемлекеттік органдардан әділдік іздеп жүрген. Алайда сот оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындағаннан кейін ол сот залында өзіне қол жұмсауға әрекеттенді.

Оқиға 3 маусым күні Ордабасы аудандық сотында болған. Бейнежазбада іші жараланған Хасен Ерімбетов сот шешіміне қарсылығын білдіріп, көпшілікке және мемлекет басшысына үндеу жасады. Ол ішіндегі пышақ жарақатын басып тұрып, ышқына сөйледі.

«Құрметті қазақ елі! Алаш жұрты! Мен осы Ордабасы ауданындағы сотқа әділеттілік іздеп келгенмін. Ал мына сатылған соттар мені 5 күнге қамап жатыр! Менің құқығымды шектеп жатыр. Судья — Мырзабеков. ҚР президентіне үндеу жасаймын», — дейді Хасен Ерімбетов.

Мұғалім сөзін жалғастырып, соттың шешімімен келіспейтінін айтты.

Мәселенің мән-жайы: https://qaz365.kz/incidents/18560-ordabasydagy-sotta-mug-alim-ozin-ozi-oltirmek-boldy-24-zhyl-enbek-etken-pedagogtyn-zhanaikaiy/

ИИ-анализ переписки

Проверьте совместимость с партнёром. Бот найдёт красные флаги и определит стиль привязанности.

Узнать больше

реклама 16+

«Бір үйден екі бала суға кетті»: Түркістандағы қайғылы оқиғадан кейін тұрғындар арналарды қоршауды талап етті

Кейде бір отбасының басына түскен қайғы тұтас қоғамның шешілмей келе жатқан мәселесін айна-қатесіз көрсетіп береді. Түркістан облысы Келес ауданында болған соңғы оқиға сондай мәселені қайта көтерді. Ошақты арнасына батып кеткен 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диастың қазасы тек бір әулеттің емес, бүкіл ауылдың қабырғасын қайыстырды. Енді тұрғындар балалардың өмірін жалмап жатқан қауіпті арналардың жағасын қоршауды талап етіп отыр.

Qaz365.kz редакциясының тілшілері қайғылы жағдай болған өңірге барып, марқұмдардың жақындарымен тілдесті.

Жеті баланы тәрбиелеп отырған Айгүл Тамашева үшін сол күн әдеттегі жұмыс күні еді. Таңғы бесте нәпақа табу үшін үйден шыққан ана кешке қарай екі бірдей ұлынан айырылатынын білген жоқ.

«Мен таңғы бесте жұмысқа кеткенмін. Балаларым ұйықтап жатқан. Жұмысқа кеткенмін. Кешкі сағат төрт жарымда қызым хабар берді. "Мама, Диас шөгіп кетті" деді. Зыр жүгіріп іздедік. Кейін айырылып қалғанымызды жеткізді. Екі ұлым да кетіп қалыпты. Ағасы інісін құтқарамын деп ойлаған. Інісін сол күні, ағасын келесі күні таптық. Солай екеуі де кеткен. Менің қояр талабым сол: Мына арнаны жапсын. Менің әлі 5 балам бар. Екі нәрестем бар. Олар кейін шомылуға бармайды деп ешкім айта алмайды. Олар да барады. Бір үйден екі баладан айырылған маған қиын.

Біреу болғанда көнер ме едім, көнбес пе едім. Біреуі 8, біреу 13 жасар. Маған қиын. таңертең кетем, кешкі 6-7 лерде келем, 5 жылдан бері ондай болмаған еді», — дейді Айгүл Тамашева.

https://qaz365.kz/incidents/18557-bir-uiden-eki-bala-suga-ketti-turkistandagy-kaigyly-okigadan-keiin-turgyndar-arnalardy-korshaudy-talap-etti/

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

1992 жылдың 4 маусымында еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітіліп, тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары дүниеге келді.

Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігі мен тәуелсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының белгісі. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Көк байрағымыз көкте желбіреп, Елтаңбамыз төрімізден түспей, Әнұранымыз әрдайым мақтанышпен шырқала берсін!

Telegram-канал BestChange: полезно о крипте и не только!

BestChange — канал о том, как найти выгодный курс обмена электронных валют. Новости, мемы, полезное о криптовалютах, блокчейне, монетах, токенах и не только.

Присоединятесь!

Узнать больше

реклама 16+

Кванттық компьютер және заманауи аудитория: ҚазҰУ түлектері университет базасын нығайтуға үлес қосты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Түлектер күнінде ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде жаңа оқу аудиториясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аудитория факультет түлегі, «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының магистранты Ислам Әбдімәжиттің қолдауымен жабдықталды. Жобаға M9 Projects & Investments компаниясы демеушілік көрсетіп, заманауи талаптарға сай оқу кеңістігін қалыптастыруға үлес қосты.

Салтанатты рәсім барысында ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің басшылығы түлектердің университет өміріне белсенді араласуының маңыздылығын атап өтті. Түлектердің қолдауымен жүзеге асқан әрбір жоба білім сапасын арттыруға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған

Бизнес-класс, который доступен. ЖК ISMA в г.Астана.

Хочется тишины, света и статуса — без компромиссов?

В ISMA — потолки 3.2–4.0 м, окна 2.4–3.7 м, лобби 6 м, закрытые дворы и детские пространства. Умные Face/Touch-ID замки и продуманная безопасность.

Метро, школы, сады и магазины — в 5–10 минутах пешком. Рядом — Нацмузей, Хазрет Султан, Президентский парк и Аллея Тысячелетия.

Оцените планировки и виды на месте. Запишитесь на просмотр — расскажем про ипотеку/рассрочку и актуальные скидки.

Перейти на сайт

реклама

ismainvest.kz

Доллар сатып алу тиімді ме? Сарапшы теңге бағамының алдағы бағыты жайлы сөз сөйледі

Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта ұлттық валютаны күшейткен факторлар әлсіреп, нарық біртіндеп тепе-теңдік деңгейіне қайта оралған. Алдағы айларда доллар бағамында ауытқу байқалғанымен, күрт өзгеріс бола қоймайды. Жүз құбылатын бағамға қарамай, доллар сатып алған адам ұтыла ма? Қай жағдайда асығыстық танытпау қажет? Теңгенің бағамы қандай болмақ?

Qaz365.kz редакциясы қаржы сарапшысы Айбар Олжайға хабарласып, валюта нарығындағы жағдайға қатысты пікірін сұрады.

Сарапшының айтуынша, теңгенің соңғы күшеюі негізінен сыртқы жағдай мен нарықтағы факторларға байланысты болған.

«Соңғы уақытта теңгеге күш беретін факторлар ақырындап азайды. Теңге белгілі бір дәрежеде қатты күшейіп кеткен еді. Белгілі бір фундаменталды негізсіз ол Ирандағы жағдайда мұнай қатты көтеріліп кете ме дегендей спекуляциялық қорқыныштар болды. Сол кезде теңге күшейе бастады. Енді теңге қазір орнына қайта келіп жатыр және оған қоса Қазақстандағы салық аптасы аяқталды», — дейді ол.

BestChange Bot

Ищете актуальные курсы криптовалют и фиата?

BestChange поможет быстро и удобно найти нужную информацию.

Как это работает?

Откройте бот BestChange.

Выберите направление обмена.

Ознакомьтесь с отзывами.

Совершите обмен по выгодному курсу.

Попробуйте BestChange и получите лучшие курсы криптовалют.

Узнать больше

реклама 16+

Несие алу қиындайды: 1 шілдеде қандай талаптар енгізіледі?

Несие алу енді бұрынғыдай оңай болмайды. 1 шілдеден бастап банктер мен қаржы ұйымдары қарыз беру талаптарын қатаңдатады. Қаржы сарапшысы Айбар Олжай несие нарығын алдағы кезеңде ауқымды өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы баяндады.

Qaz365.kz редакциясы сарапшыға хабарласып, осы мәселе турасында турасында сауалдарын қойды.

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап реттеуші органдар тарапынан бірқатар қатаңдатылған талаптар күшіне енеді.

Толығырақ: оқу үшін https://qaz365.kz/business-society/18542-nesie-kiyndaidy-1-shildede-kandai-talaptar-engiziledi/

«Мәлімдеме қате болды»: Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Штрафстан» деген сөзінен бас тартты

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бұған дейін қоғамда қызу талқыға түскен «Штрафстан» туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, бұл сөздің орынсыз айтылғанын мойындады.

Журналистердің сұрағына жауап берген депутат былтыр да осы мәселеге байланысты сын айтылғанын еске салып, өзінің қателігін түсінетінін жеткізді.

«Былтырғы жылы да осындай сөз шыққан кезде бұл сөздің дұрыс емес екенін мойындадым. Расында да парламент дөрекі сөйлемей, мәдениетті сөйлеуіміз қажет. Президент тек өзіме ғана емес, басқаларды да сынға алды. Бұл жұмыс, тіршілік. Президенттің сөзін сынақ ретінде қабылдап, ары қарай жұмыс істеуіміз қажет», — деді Азат Перуашев.

Оның айтуынша, айтылған пікір Қазақстанды кемсіту мақсатында емес, елдің өркениетті мемлекет ретінде дамуы туралы ойды жеткізу үшін айтылған.

«Мен өзімнің сөзімде де: "Біз Штрафстан емес, өркениетті мемлекетпіз" деп айттым», — деді мәжілісмен.

Астанада полиция капитаны 10-қабаттың балконынан секірмек болған ер адамның өмірін сақтап қалды

Айғайлаған дауысты естіген арнайы мақсаттағы жасақтың (СОБР) қызметкері дереу көмекке жүгіріп шыққан. Оқиға орнына жеткенде ол ер адамның жұбайы күйеуін құлап кетуден әрең ұстап тұрғанын көрген. Полицей дер кезінде әрекет етіп, ер адамды ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарған.

Құтқару операциясынан кейін ер адам дәрігерлердің қарауына тапсырылды. Капитанның жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

Полиция департаменті

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды. Прокуратура таратқан ресми мәліметтерге сәйкес, лауазымды тұлға ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша негізгі тергеу амалдарын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері жүргізуде.

Тергеу нұсқасы бойынша, білім бөлімінің лауазымды тұлғалары басқа да сыбайлас қатысушылармен алдын ала сөз байласып, қала мектептеріне мақсатты түрде бөлінген бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін. Қылмыстық іс аясында күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты үйлерінде шұғыл тінту шаралары жүргізілді. Тінту амалдары өткен күні білім бөлімінің басшысы ресми түрде тұтқындалды.

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы лауазымынан кетті

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы лауазымынан кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы танымал спортшы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Лория федерациядағы қызметін аяқтау туралы шешімді бүгін, 2 маусымда қабылдаған. Оның айтуынша, ұйым басшылығы тарапынан басқа қызметке ауысу туралы ұсыныс түскен, алайда ол бұл қадамға бармауды жөн көрген.

Қайтыс болғандар мен шетелдіктерге миллиардтаған зейнетақы аударылған: Еңбек министрі түсініктеме берді

Қазақстанда қате аударылған зейнетақы төлемдерінің 6 миллиард теңгесі әлі күнге дейін мемлекет бюджетіне қайтарылмаған. Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Мұндай ірі заңбұзушылықтарды Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс жұмыстары анықтаған. Аудит нәтижесі көрсеткендей, мемлекеттік қаражат қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе Қазақстан аумағынан біржола көшіп кеткен азаматтардың шоттарына заңсыз аударылып келген. Министр Асқарбек Ертаевтың сөзінше, бұл тексеріс 2020 және 2024 жылдар аралығындағы кезеңді қамтыған.

Семейный тариф от activ

Интернет и связь для всей семьи — от 1430 тг на человека

Переходи в activ со своим номером и подключай до 7 близких в один тариф

Что входит

— Безлимитный интернет для всей семьи

— Домашний интернет

— Безлимитные звонки на activ/Kcell

— До 700 минут на другие операторы

— До 300 SMS

— До 3 номеров для смарт-часов, сигнализации и других устройств

Роутер или смартфон в подарок

Первые 6 месяцев — всего 9845 тенге за всю семью

7–9 месяц — 14 770 тенге

Далее — 19 690 тенге за всю семью и домашний интернет

Только для новых абонентов при переходе в activ.

Узнать больше

реклама

activ.kz