Архив доступен 412 сообщений С 2023 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Құрметті қазақстандықтар! Астана күнімен құттықтаймыз!

Ару Астанамыз бірліктің, татулықтың, өркендеудің символына айналып, көркейіп, өркендей берсін. Әрқайсыңызға денсаулық, бақыт және амандық тілейміз! Әрбір күн қуаныш пен шабыт әкелсін, Астанамыз өзінің сұлулығымен және мүмкіндіктерімен таң қалдыра берсін!

Дорогие казахстанцы! Поздравляем Вас с Днем Столицы!

Пусть наша прекрасная Астана процветает и растет, становясь символом единства, мира и прогресса. Желаем каждому из вас здоровья, счастья и благополучия! Пусть каждый день приносит радость и вдохновение, а наша столица продолжает удивлять своей красотой и возможностями!

Құрметті талапкерлер!

Сіздерге ыңғайлы болуы үшін негізгі ақпаратты карточкаларға жинақтадық. Жарияланымды сақтап қойыңыздар — қажет кезде әрдайым қолжетімді болады.

Еске саламыз, бұл ақпарат 2026 жылы жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге арналған.

Білім беру грантына ауылдық елді мекендер, шағын және моноқалалар мектептерінің 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) түлектері төмендегі санаттардың біріне жататын жағдайда үміткер бола алады

жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

мүгедектігі бар адамдар

мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

Бағдарлама аясында Қор

бір академиялық жыл үшін оқу ақысын 1 млн теңгеге дейін төлейді

оқу жылының 10 айы бойы ай сайын 60 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы төлейді

_

Уважаемые абитуриенты!

Для вашего удобства мы собрали основную информацию в карточках. Сохраняйте публикацию, чтобы она всегда была под рукой

Напоминаем, что информация предназначена для абитуриентов, поступающих в 2026 году.

Претендовать на образовательный грант могут выпускники школ сельских населённых пунктов, малых и моногородов в возрасте до 25 лет включительно, относящиеся к одной из следующих категорий

дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей до достижения совершеннолетия

лица с инвалидностью

дети из семей, воспитывающих детей с инвалидностью.

В рамках программы Фонд

оплачивает обучение в размере до 1 млн тенге за один академический год

выплачивает ежемесячную стипендию в размере 60 000 тенге в течение 10 месяцев учебного года

Фонд «Қазақстан халқына» выделяет 350 образовательных грантов для выпускников сельских школ, малых и моногородов и увеличивает стипендии до 60 000 тенге

Общественный фонд «Қазақстан халқына» утвердил новую Концепцию предоставления образовательных грантов, усилив поддержку молодежи из сельских населенных пунктов, малых и моногородов.

В 2026 году Фонд выделяет 350 образовательных грантов, включающих оплату обучения и ежемесячную стипендию.

Претендовать на грант могут выпускники школ сельских населенных пунктов, малых и моногородов в возрасте до 25 лет включительно, относящиеся к следующим категориям

дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей до достижения совершеннолетия

лица с инвалидностью

дети из семей, воспитывающих детей с инвалидностью.

Фонд оплачивает обучение в размере до 1 млн тенге за один академический год, а также выплачивает ежемесячную стипендию в размере 60 тысяч тенге в течение 10 месяцев учебного года. По сравнению с предыдущими годами размер стипендии увеличен в 1,5 раза - с 40 до 60 тысяч тенге.

Поддержка предоставляется на весь период обучения и направлена на расширение доступа к высшему образованию для молодых людей, нуждающихся в социальной поддержке.

В 2026 году сохраняется действующая модель отбора через приемные комиссии вузов-партнеров. Прием документов от абитуриентов будет осуществляться ими с 1 по 17 августа 2026 года. После проверки документов список обладателей образовательных грантов «Қазақстан халқына» будет опубликован на официальном сайте Фонда до 11 сентября 2026 года.

«Қазақстан халқына» қоры ауыл мектептерінің, шағын және моноқалалардың түлектері үшін 350 білім беру грантын бөліп, шәкіртақы мөлшерін 60 000 теңгеге дейін көтерді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры білім беру гранттарын ұсынудың жаңа тұжырымдамасын бекітіп, ауылдық елді мекендерден, шағын және моноқалалардан шыққан жастарды қолдауды күшейтті.

2026 жылы Қор оқу ақысын төлеуді және ай сайынғы шәкіртақыны қамтитын 350 білім беру грантын бөледі.

Грантқа ауылдық елді мекендердегі, шағын және моноқалалардағы мектептердің 25 жасқа дейінгі (қоса алғанда) түлектері келесі санаттар бойынша үміткер бола алады

жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

мүгедектігі бар адамдар

мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары.

Қор бір академиялық жыл үшін оқу ақысын 1 миллион теңгеге дейін төлейді, сондай-ақ оқу жылының 10 айы бойы ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындайды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері 1,5 есеге өсіп, 40 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтерілді.

Қолдау оқу мерзімінің толық кезеңіне беріледі және әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастардың жоғары білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған

2026 жылы серіктес жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы іріктеу жүргізудің моделі сақталады. Талапкерлерден құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 1–17 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Құжаттар тексерілгеннен кейін «Қазақстан халқына» білім беру гранттарының иегерлері тізімі Қордың ресми сайтында 2026 жылғы 11 қыркүйекке дейін жарияланады.

Барлығы 44 жоғары оқу орны қатысуда, серіктес жоғары оқу орындары және қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат Қордың ресми интернет-ресурсында жарияланған.

Qazaqstanhalqyna.kz сайтында Қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілген «Қазақстан халқына» қорының 2025 жылға арналған жылдық есебі жарияланды.

Құжатта Қор қызметінің аналитикалық және қаржылық қорытындылары, сондай-ақ есепті кезеңде көрсетілген қайырымдылық көмектің нәтижелері ұсынылған.

_

На сайте qazaqstanhalqyna.kz опубликован Годовой отчет Фонда «Қазақстан халқына» за 2025 год, утвержденный решением Попечительского совета

В документе представлена аналитическая и финансовая информация о деятельности Фонда, а также результаты оказанной благотворительной помощи за отчетный период.

«Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бағдарламасы аясында Жақсы ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектепті жаңғырту туралы Kokshe TV телеарнасының репортажы.

Қордың қолдауының арқасында мектептегі 20-дан астам оқу кабинеті заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталды. Жобаны іске асыруға 250 миллион теңгеден астам қаражат бағытталды.

Жаңа мүмкіндіктер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, олардың әлеуетін ашуға және 600-ден астам мектеп оқушысы үшін заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етуде.

Толығырақ репортаждан көре аласыздар

Бүгін бүкіл әлемде балаларды қорғау күні атап өтіледі.

Біз балалардың денсаулығы, білімі, дамуы және қорғалуы үшін ең жақсы жағдай жасауға тырысамыз. Біздің бағдарламаларымыз бен жобаларымыз балалардың инклюзивті қоғамда бақытты, дені сау болып өсуіне, өздерінің таланттары мен қабілеттерін толықтай дамытуына бағытталған. Балалар – біздің болашағымыз!

Барлық балаларға мықты денсаулық пен әр күндері күлкіге, шаттыққа және ұмытылмас сәттерге толы болуын тілейміз!

_

Сегодня, во всех уголках нашей планеты отмечается важный праздник - День защиты детей.

Мы стремимся создать лучшие условия для здоровья, образования, развития, и защиты наших детей. Наши программы и проекты направлены на то, чтобы дети росли здоровыми, счастливыми в инклюзивном обществе и имели все возможности для полноценного развития своих талантов и способностей. Дети - наше будущее!

Желаем всем детям на земле крепкого здоровья и чтобы каждый их день был наполнен улыбками, смехом и незабываемыми моментами!

«Қазақстан халқына» қоры сіздерді шын жүректен Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!

Бүгін – қуаныш пен ізгі тілектерге толы, достық, ынтымақтастық және жомарттыққа толы мейрам.

Мереке шаңырақтарыңызға шаттық, үйлесімділік пен жарқындық әкелсін. Әрқайсыңызға зор денсаулық, бақыт және бейбітшілік тілейміз.

_

Фонд «Қазақстан Халқына» от всей души поздравляет вас с праздником Құрбан Айт!

Сегодня праздник, полный радости и добрых пожеланий, дружбы, сотрудничества и щедрости.

Пусть этот праздник принесет радость, гармонию и свет в ваши дома. Желаем вам крепкого здоровья, счастья и мира.

Сегодня на базе КГУ «Станция юных техников» отдела образования Аягозского района состоялась презентация благотворительного проекта «QH «Жасампаз ұрпақ»: развитие дополнительного образования в области Абай», реализуемого фондом «Қазақстан халқына».

В мероприятии приняли участие аким области Абай Берик Уали, председатель правления ОФ «Қазақстан халқына» Лаззат Чинкисбаева, а также учащиеся и гости мероприятия.

Проект направлен на создание современной образовательной среды для развития инженерных, цифровых и творческих компетенций детей в организациях дополнительного образования Аягозского, Бескарагайского, Жанасемейского и Маканчинского районов области Абай.

В рамках проекта 4 организации дополнительного образования оснащены современным оборудованием. Общий бюджет проекта составляет более 521 млн тенге. Реализация инициативы позволила создать современные образовательные пространства по востребованным направлениям: робототехника, программирование и киберспорт, 3D-моделирование и печать, авиамоделирование, ракетостроение, БПЛА, автомоделирование, техническое творчество, гончарное дело, театральное, прикладное и изобразительное искусство.

Одним из ключевых событий дня стало торжественное открытие обновленного здания КГУ «Станция юных техников» в Аягозе. Участники мероприятия ознакомились с творческими работами воспитанников учреждения и новыми возможностями современной образовательной инфраструктуры.

В рамках проекта полностью модернизированы 9 кабинетов учреждения площадью 614 кв. м. Проектом охвачено 14 кружков: модернизированы действующие направления и открыты новые — от 3D-моделирования и цифровых технологий до гончарного дела, вокала, фото- и видеомонтажа, ракетостроения и БПЛА. Всего кружки смогут посещать 372 ребенка, из них 212 — по новым направлениям.

В этот же день состоялся масштабный региональный турнир Digital Urpaq: Ayagoz 2026 среди школьников области Абай. Участниками соревнований стали команды организаций дополнительного образования из Аягозского, Бескарагайского, Жанасемейского и Маканчинскогорайонов, а также учащиеся школ городов Семей и Аягоз.

Программа турнира включала соревнования по робототехнике FLL Challenge и FTC по международным стандартам FIRST, гонки микро-дронов Tiny Whoop и соревнования на DCL simulator. В течение дня проходили квалификационные, официальные и плей-офф матчи с последующим награждением победителей

Тарихымыздың ұлы да жарқын мерекесі – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Бұл жарқын күн бейбітшілік пен бостандықты қорғағандардың ерлігі мен қаһармандығын еске салады. Ата-бабаларымыздың ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталсын.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

_

Поздравляем вас с Днём Победы — великим и светлым праздником нашей истории!

Этот светлый день напоминает нам о мужестве и героизме тех, кто отстоял мир и свободу. Пусть память о подвиге наших предков всегда будет жива в наших сердцах.

С праздником Великой Победы!

Теміртау қаласында «Қазақстан халқына» қоры кубогы үшін мектеп оқушылары арасында баскетбол турнирі өтті

4–5 мамыр аралығында Теміртау қаласында мектеп оқушылары арасында «Қазақстан халқына» қорының кубогы үшін қалалық баскетбол турнирі ұйымдастырылды.

5 мамыр күні жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Рәсімге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма мүшесі Елшібеков Серікбек Кеңесбекұлы қатысты.

Жарыстар Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы білім беру ұйымдары оқушыларының дене шынықтыруын дамытуға бағытталған қайырымдылық бағдарлама аясында салынған заманауи спорт алаңдарында өтті.

Жоба «Қазақстан халқына» қоры мен «Батыр боламын» қорының серіктестігімен жүзеге асырылды.

Жоба аясында қалада жаңа спорттық инфрақұрылым қалыптасты: 30 футбол алаңы, баскетбол мен волейболға арналған 28 әмбебап алаң, 29 воркаут-аймақ, 5 хоккей корты, 30 секіру аймағы, стритбол алаңы, кедергілер жолағы және балалар ойын алаңдары салынды.

Барлық нысандар балалардың қажеттіліктерін, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды ескере отырып бейімделген.

В городе Темиртау прошёл баскетбольный турнир среди школьников на Кубок фонда «Қазақстан халқына»

В период с 4 по 5 мая в городе Темиртау был организован городской баскетбольный турнир среди школьников на Кубок фонда «Қазақстан халқына».

5 мая состоялась церемония награждения победителей и призёров. В мероприятии принял участие член Правления общественного фонда «Қазақстан халқына» Серикбек Елшибеков.

Соревнования прошли на современных спортивных площадках, построенных в рамках благотворительной программы, направленной на развитие физической культуры обучающихся организаций образования города Темиртау Карагандинской области.

Проект реализован фондом «Қазақстан халқына» в партнёрстве с фондом «Батыр боламын».

В рамках проекта в городе сформирована новая спортивная инфраструктура: 30 футбольных полей, 28 универсальных площадок для баскетбола и волейбола, 29 воркаут-зон, 5 хоккейных кортов, 30 зон для прыжков, площадка для стритбола, полоса препятствий и детские игровые площадки.

Все объекты адаптированы с учётом потребностей детей, включая учащихся с особыми образовательными потребностями.

Теміртау қаласында «Қазақстан халқына» қоры кубогы атты мектеп оқушылары арасындағы футбол турнирін өткізу

21–24 сәуір аралығында Теміртау қаласында мектеп оқушылары арасында «Қазақстан халқына» қоры кубогы атты қалалық футбол турнирі өтті. Бүгін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма мүшесі Серікбек Елшибеков қатысты.

Жарыстар Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы білім беру ұйымдары оқушыларының дене шынықтыруын дамытуға бағытталған қайырымдылық бағдарлама аясында салынған заманауи спорт алаңдарында өтті. Жоба «Қазақстан халқына» қоры мен «Батыр боламын» қорының серіктестігімен жүзеге асырылды.

Жоба аясында қалада жаңа спорттық инфрақұрылым құрылды. Оның құрамына 30 футбол алаңы, баскетбол мен волейболға арналған 28 әмбебап алаң, 29 воркаут-аймақ, 5 хоккей корты, 30 секіру аймағы, стритбол алаңы, кедергілер жолағы және балалар ойын алаңы кіреді. Барлық нысандар балалардың қажеттіліктерін, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды ескере отырып бейімделген.

_

Проведение школьного футбольного турнира «Кубок фонда Қазақстан халқына» в Темиртау

В период с 21 по 24 апреля в городе Темиртау проходил городской турнир по футболу среди школьников — «Кубок фонда «Қазақстан халқына». Сегодня состоялась церемония награждения победителей и призеров. В церемонии принял участие Член Правления ОФ «Қазақстан халқына» Серикбек Елшибеков

Соревнования прошли на современных спортивных площадках, построенных в рамках благотворительной программы по развитию физической культуры обучающихся организаций образования города Темиртау Карагандинской области. Проект реализован фондом «Қазақстан халқына» в партнерстве с фондом «Батыр боламын».

В рамках проекта в городе была создана новая спортивная инфраструктура, включающая 30 футбольных полей, 28 комбинированных площадок для баскетбола и волейбола, 29 воркаут-зон, 5 хоккейных кортов, 30 прыжковых зон, площадку для стритбола, полосу препятствий и детскую игровую площадку. Все объекты адаптированы с учетом потребностей детей, включая обучающихся с особыми образовательными потребностями.

Бүгін, 23 сәуірде, Қазақстанда Ұлттық кітап күні атап өтіледі.

Бұл күнді белгілеу идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтай отырысында ұсынылған болатын. Мемлекет басшысы қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, кітапқа деген сүйіспеншілікті ерте жастан бастап қалыптастыру қажеттігін айтты.

Осы бастаманың жалғасы ретінде «Қазақстан халқына» қоры Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық кітапханаларды жаңғыртуға бағытталған «Jaña club» пилоттық жобасын іске асырды.

Бүгінде кітапханалар тек оқу орны ғана емес, заманауи комьюнити-орталықтарға айналды: мұнда жаңа кітаптармен қатар білім беру үйірмелері ашылып, қарым-қатынас жасауға, кездесулер өткізуге және дамуға арналған жайлы кеңістіктер қалыптасты.

Жоба 25 ауылдық кітапхананы қамтыды.

Тұрғындарға заманауи технологияларға қолжетімділік беріліп, мәдени және білім беру іс-шараларын өткізуге арналған алаңдар құрылды.

Сондай-ақ жаңа жоба бекітілді — «QH Абай облысындағы ауылдық кітапханалар базасында “Жаңа клуб / Jaña klub” комьюнити-орталықтарын құру» (15 кітапхана). Жоба ауылдық кітапханалар негізінде заманауи қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және тұрғындардың мәдени әрі білім беру бағытындағы бос уақыт мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

_

Сегодня, 23 апреля, в Казахстане отмечается Национальный день книги.

Идея учреждения этой даты была озвучена Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым на заседании третьего Национального курултая. Глава государства подчеркнул важность формирования культуры чтения в обществе и необходимость прививать любовь к книгам с раннего возраста.

В продолжение этой инициативы реализован пилотный проект Фонда «Қазақстан халқына» — «Jaña club», направленный на модернизацию сельских библиотек в Западно-Казахстанской области.

Сегодня библиотеки стали не просто местом для чтения, а современными комьюнити-центрами: здесь появились новые книги, образовательные кружки, а также комфортные пространства для общения, встреч и развития.

Проект охватил 25 сельских библиотек.

Жителям открыт доступ к современным технологиям, а также созданы площадки для проведения культурных и образовательных мероприятий.

Также утвержден новый проект — «QH Создание на базе сельских библиотек комьюнити-центров «Жаңа клуб / Jaña klub» в области Абай» (15 библиотек), направленный на развитие современных общественных пространств на базе сельских библиотек и расширение возможностей для культурного и образовательного досуга жителей.

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асқан өзгерістер тарихы

«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранттарын ұсыну жобасы аясында

Бүгін Қарағанды медицина университетінің 5-курс студенті Александраның алғыс сөздерімен бөлісеміз.

Александраның айтуынша, өтеусіз білім беру грантын алу – оның мамандық жолындағы маңызды қолдау болған. Әсіресе ай сайынғы шәкіртақының маңызы зор, себебі ол студенттерге қосымша жұмысқа алаңдамай, оқуына толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Оның сөзінше, бұл тек қаржылай көмек емес, білім алып, жан-жақты дамуға толықтай мүмкіндік.

Александра «Қазақстан халқына» қорына тегін білім алу мүмкіндігін сыйлағаны және студенттерге көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын білдіреді.

_

Истории изменений, реализованных при поддержке фонда «Қазақстан халқына»

В рамках проекта Фонда «Қазақстан халқына» по предоставлению образовательных грантов

Сегодня делимся словами благодарности Александры - студентки 5 курса Карагандинского медицинского университета.

Как отмечает Александра, получение безвозмездного образовательного гранта стало для неё значимой поддержкой на пути к профессии. Особенно важна ежемесячная стипендия, она позволяет студентам сосредоточиться на учёбе, не отвлекаясь на подработку.

По её словам, это не просто финансовая помощь, а возможность полностью посвятить себя обучению и развитию.

Александра выражает искреннюю благодарность Фонду «Қазақстан халқына» за предоставленную возможность бесплатного обучения и поддержку студентов

Глава государства принял председателя правления общественного фонда «Қазақстан халқына» Лаззат Чинкисбаеву

14 апреля 2026 года Президенту была представлена информация об итогах деятельности фонда «Қазақстан халқына» и реализуемых благотворительных инициативах.

Как сообщила Лаззат Чинкисбаева, попечительский совет фонда утвердил 134 благотворительные программы и проекта, ориентированные на решение приоритетных социальных задач.

Касым-Жомарту Токаеву было доложено, что фонд реализует масштабные проекты в сферах образования, здравоохранения, спорта и культуры.

В частности, осуществляется поддержка онкологической службы, оснащение медицинских организаций современным оборудованием, включая линейные ускорители для лучевой терапии, обновляется инфраструктура реабилитации и оказания специализированной помощи населению в регионах.

Значительное внимание уделяется образовательным инициативам: предоставляются образовательные гранты, реализуются проекты по развитию сельских и малокомплектных школ, внедряются современные образовательные программы, включая STEM-обучение и цифровые решения. Расширяется доступ детей и молодежи к дополнительному образованию и передовым знаниям, в том числе в сфере искусственного интеллекта. При этом акцент делается на повышение доступности образования в регионах.

Кроме того, реализуются проекты по развитию спортивной инфраструктуры, включая создание центров инклюзивного спорта.

Глава государства отметил важность системной, адресной и прозрачной реализации благотворительных проектов, высоко оценив их вклад в повышение качества жизни и улучшение социального самочувствия граждан.

Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады

2026 жылғы 14 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан халқына» қоры қызметінің нәтижелері және іске асырып жатқан қайырымдылық бастамалары туралы мәлімет берілді.

Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, қордың қамқоршылық кеңесі әлеуметтік маңызы зор міндеттерді шешуге бағытталған 134 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны бекіткен.

Мемлекет басшысына қордың білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында ауқымды шаралар атқарып жатқаны жөнінде баяндалды.

Атап айтқанда, онкологиялық қызметке қолдау көрсетіліп, медициналық ұйымдар заманауи құрылғылармен, соның ішінде сәулелік терапияға арналған қондырғылармен жабдықталды. Сондай-ақ өңірлерде оңалту инфрақұрылымы жаңғыртылып, мамандандырылған көмек көрсету жолға қойылды.

Білім беру бастамаларына ерекше назар аударылып отыр. Гранттар тағайындалып, ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. STEM-білім беру мен цифрлық шешімдер секілді заманауи оқу бағдарламалары енгізілуде. Балалар мен жастардың қосымша және озық біліммен қамтылуына, жасанды интеллект саласын игеруіне баса мән берілген. Осы орайда аймақтарда білімнің қолжетімді болуына ден қойылған. Бұдан бөлек, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, инклюзивті спорт орталықтарын құру жобалары қолға алынған.

Мемлекет басшысы қайырымдылық шараларын ашық, жүйелі әрі мақсатты түрде іске асырудың маңызына тоқталып, бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып отырғанын жоғары бағалады.

Бүгін, 2 сәуірде, бүкіл әлемде Аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату дүниежүзілік күні атап өтіледі.

Бұл күн аутизмі бар адамдарды қолдау мәселелеріне назар аударуға, қоғамның хабардарлығын арттыруға және олардың өмір сапасын жақсартуға жағдай жасауға бағытталған.

«Қазақстан халқына» қоры ерекше балаларды қолдауға бағытталған бірқатар жобалар мен бағдарламаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Соның ішінде — Қазақстанның 10 өңірінде аутизмі бар балаларға арналған орталықтарды материалдық-техникалық жабдықтау бар.

Бүгінгі таңда Қордың «Аутизмі және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталықтарды жабдықтау» жобасы аясында Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Тараз, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды қалаларында 9 орталық ашылды.

Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар «Тұсау кесер» қайырымдылық жобасы, сондай-ақ арнайы мектептерді жабдықтау бағдарламалары аясында қолдау алуда.

Бірге біз әрбір балаға дамуға, білім алуға және өз ойын жеткізуге мүмкіндік беретін, барынша инклюзивті әрі қамқор қоғам қалыптастырып келеміз

_

Сегодня, 2 апреля, во всём мире отмечается Всемирный день распространения информации о проблеме аутизма.

Этот день призван привлечь внимание к вопросам поддержки людей с аутизмом, повысить уровень осведомлённости общества и создать условия для улучшения качества их жизни.

Фонд «Қазақстан халқына» последовательно реализует ряд проектов и программ, направленных на поддержку особенных детей. В их числе — материально-техническое оснащение центров для детей с аутизмом в 10 областях Казахстана.

На сегодняшний день в рамках проекта Фонда «Оснащение центров для детей с аутизмом и другими ментальными нарушениями» открыты 9 центров в городах Талдыкорган, Усть-Каменогорск, Павлодар, Тараз, Шымкент, Костанай, Актобе, Туркестан и Караганда.

Кроме того, дети с особыми потребностями получают поддержку в рамках благотворительных проектов «Тусау кесер», а также программ по оснащению специальных школ.

Вместе мы создаём более инклюзивное и заботливое общество, в котором у каждого ребёнка есть возможность развиваться, учиться и быть услышанным

В студии программы «Сұхбат» телеканала 24KZ гость Лаззат Чинкисбаева — Председатель Правления фонда «Қазақстан халқына».

Полная версия программы доступна по ссылке

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқарма төрағасы Лаззат Шыңғысбаева мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталды. Жоғары награданы оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.

Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 17 наурызда Ақордада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған салтанатты іс-шара аясында өтті. Іс-шараға ел басшылығы, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Бұған дейін Лаззат Шыңғысбаева қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2024 жыл) марапатталған болатын.

Лаззат Шыңғысбаеваны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер және қоғам мен ел игілігі жолындағы жемісті еңбектер тілейміз

Председатель правления общественного фонда «Қазақстан халқына» Лаззат Чинкисбаева удостоена государственной награды — ордена «Құрмет». Высокую награду ей вручил Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев.

Церемония награждения состоялась 17 марта 2026 года в Акорде в рамках торжественного мероприятия, посвященного принятию новой Конституции Республики Казахстан. В мероприятии приняли участие руководство страны, члены Правительства, депутаты Парламента, а также представители государственных органов и общественности.

Ранее Лаззат Чинкисбаева также была отмечена государственной наградой — медалью «Ерен еңбегі үшін» (2024 год) за значительный вклад в развитие общества и активную общественную деятельность.

Поздравляем Лаззат Чинкисбаеву с заслуженным признанием и высокой государственной наградой! Желаем дальнейших успехов, новых достижений и плодотворной работы на благо общества и страны.

"Қазақстан халқына" қоры Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Осы тамаша көктем мерекесінде барша әйелдер қауымына жадыраңқы күлкі, керемет мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт, амандық пен денсаулық тілейміз! Ізгі тілектер орындалып, шаңырақтарыңыз бақ-береке мен бақытқа кенелсін.

Фонд «Қазақстан халқына» от всей души поздравляет с Международным женским днем!

В этот прекрасный весенний праздник мы желаем всем женщинам улыбок, замечательного праздничного настроения, семейного счастья, благополучия и здоровья! Пусть сбываются желания, а в семьях будут счастье и мир.