Архив доступен 45 896 сообщений С 2019 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Артем Матусевич Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Германияның Дуйсбург қаласында академиялық ескек есуден жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Жарыста қазақстандық спортшы Артем Матусевич қола медаль жеңіп алды. Ол ерлер арасындағы жеңіл салмақтың жекелей сынында мәреге үшінші болып жетті. Бұл – Қазақстанның 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы академиялық ескек есуден Әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.

Айта кетейік, спорт додасына 49 мемлекеттен 600-ден астам ескек есу шебері қатысты.

«Союз МС-28» ғарыш кемесі Қазақстанға сәтті қонды

Ғарыш кемесі 2025 жылғы 27 қарашада ұшырылған еді. Экипаж құрамында NASA астронавты Крис Уильямс пен «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков және Сергей Микаев бар. Олар Халықаралық ғарыш станциясында 241 күн жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Жерді 3 856 рет айналып шыққан. Бұл туралы NASA ресми сайтында жарияланды.

Жезқазған қаласының маңына қонған ғарышкерлерге дәрігерлер алғашқы тексеру жүргізді. Кейін олар Қарағандыға жеткізіліп, әрі қарай өз елдеріне аттанды.

Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енді

Корея Республикасында өткен Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-сессиясында Маңғыстаудың жартасты мешіттеріне қатысты оң шешім қабылданды. Атап айтар болсақ, Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жартас мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.

Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Бұған дейін аталған тізімге 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 2004 жылы Таңбалы петроглифтері қосылған еді.

@daulet_karibek

ЭКСКЛЮЗИВ! Қырғыз Республикасындағы «Бішкек Аренаны» алғаш болып «Qazaqstan» телеарнасы түсірді

51 мың адамға арналған жаңа нысан киіз үй пішініне ұқсайды. Күн батқанда жанатын жарығы көздің жауын алады. Қырғыз Республикасындағы ең үлкен аренаны алғаш болып «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Ғабит Бөкенбай түсірді.

Жобаның идея авторы – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров. Нысанның сәулетшісі – Махамад Рахманали уулу. Аренаның диаметрі 280, ал биіктігі 70 метрді құрайды.

Қазір құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспар бойынша VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты дәл осы «Бішкек Аренада» өтеді.

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы Azertag агенттігі хабарлады.

Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, 26 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 03:04-те Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 балдық жер сілкінісі тіркелген.

Жер асты дүмпуінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

ЭКСКЛЮЗИВ! Қырғыстандағы «Бішкек Аренаны» ең бірінші болып «Qazaqstan» телеарнасы түсірді

51 мың адамға арналған жаңа нысан киіз үй формасына ұқсайды. Күн батқанда жанатын жарығы көздің жауын алады. Қырғызстандағы ең үлкен аренаны алғашқы болып «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Ғабит Бөкенбай түсірді.

Жобаның идея авторы – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жаппаров. Нысанның сәулетшісі – Махамад Рахманалиұлы. Аренаның диаметрі - 280, ал биіктігі 70 метрді құрайды. Қазір құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспар бойынша VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты дәл осы «Бішкек Аренада» өтеді.

Қытайда тропикалық дауыл салдарынан 800 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Ноул тайфуны Қытайдың оңтүстігінде соғып, кейін тропикалық дауылға айналды. Табиғи апаттан кейін Гуандун провинциясынан 800 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан 350-ге жуық әуе рейсі тоқтатылып, 2 мыңға жуық жолаушы әуежайда қалып қойды. Кемінде 21 адам жарақат алған.

Үстірт иесі – арқар

Биік жартастар мен құз-қияларды аша тұяғымен еркін бағындыратын арқар Үстірттің сайларын мекендейді. Табиғаттың қатал жағдайына бейімделген бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Арқардың аталығы мен аналығы қалай аталады? Оның жасын қалай анықтауға болады? Үстірт табиғаты үшін бұл жануардың маңызы қандай?

Сирек кездесетін жануардың тіршілігі жайлы бүгін 20:00-де «Үстірт иесі» деректі фильмін көріңіз.

Phygital dance деген не?

«Болашақ ойындары» турниріндегі би жарысы Phygital dance деп аталады. Бұл - дәстүрлі би мен цифрлық технологияның үйлесімі.

Мұнда бишінің әр қимылы арнайы жүйе арқылы тіркеліп, дәлдікпен бағаланады.

Айта кетейік, «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі 29 шілдеде басталады. Шараның ашылу салтанатын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Символдық мәні бар сыйлық: Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге қос халықтың ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны тарту етті

аха ок

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың XXII Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінен

Владимир Путин: Омбыда Қазақстанның мемлекеттік университетінің филиалы ашылды

Ресей Президенті Омбыда Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізіп, Өңіраралық форум екіжақты қарым-қатынастың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Ресей Президенті мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайту мәселесіне тоқталды.

«Гуманитарлық байланыстар саласындағы ықпалдастығымыз өте маңызды. Бұл орайда, әлбетте, білім саласы алдыңғы орынға шығады. Қазақстанның мыңдаған азаматы ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Омбыда Қазақстанның мемлекеттік университетінің филиалы ашылғанын атап өткім келеді. Ресейлік студенттерге 100 мемлекеттік стипендия ұсынылғаны үшін алғыс айтамыз. Олар ақысыз негізде білім алып жатыр», - деді Ресей басшысы.

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

«Өзіңізге мәлім, мен әуел бастан мұның мемлекетаралық қақтығыс екенін айтқанмын. Бұл қандай да бір азаматтық соғыс емес. Біз украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне әрдайым құрметпен қараймыз. Аталған қақтығыстың көпшілік үшін, соның ішінде біз үшін түсініксіз тұстары көп. Білуімше, сіз Аляскадағы Анкориджде өткен кездесуде дипломатиялық тұрғыдан барынша икемділік таныттыңыз. Осы орайда өз пікірімді білдіргім келеді. Өйткені маған да өтініштер айтылады. Меніңше, қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстамбұл формуласына оралған дұрыс.

Себебі аталған келіссөз барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілген еді. Содан кейін алпауыт елдердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы көптен күткен бейбітшілікке қадам басуға болады.

Қазақстан – бұл мәселеде сырт қалатын ел емес. Алайда қаншама мәрте ұсыныстар мен үндеулер айтылғанына қарамастан, мен бұл қақтығыста арағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын. Өйткені Ресей – ұлы ел, ал орыс халқы – ұлы халық. Күн тәртібіндегі барлық мәселені делдалсыз-ақ шеше алады. Алайда бүгін өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. Себебі адамдар менің Омбыға жоспарлы сапарымнан, Сізбен кездесуімнен хабардар. Тығырықтан қалай шығу керек екенін ешкім білмейді. Қос тараптың өз ұстанымы бар. Әйтсе де, осы алауыздықты уақытша доғаруға болады.

Бұл – сынақтан өткен халықаралық тәжірибе, амал. Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының келешегі.

Сондықтан мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, қазіргі болып жатқан жағдай Ресей және Украина мемлекеттерінің дұшпандарына ғана тиімді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Омбы төрінде қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы бүгінгі жүздесу Қазақстан-Ресей ықпалдастығының негізгі бағыттарындағы жан-жақты диалогты жалғастырып, алдағы қадамдарды нақтылауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

– Біз – аса ірі сауда серіктестеріміз. Былтыр сауда көлемі шамамен 28 миллиард долларды құрады. Биылғы беталысымыз да өте жақсы. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, биыл бес айда өзара сауда көлемінің қарқыны айтарлықтай арта түсті. Ресей экономикамызға инвестиция салатын елдердің арасында көш бастап тұр. Инвестиция көлемі шамамен 30 миллиард долларға жетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында жалпы құны 53 миллиард доллар болатын 177 перспективті өнеркәсіп жобасының тізімі жасақталды. Оның 122-сі іске асырылды. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайды ескерсек, бұл – көңіл қуантатын жетістік, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы гуманитарлық саладағы ықпалдастық деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалын ашуға қолдау білдіргені үшін Ресей мемлекетінің басшысына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын бірлесе салу жобасының ағымдағы жағдайы туралы пікір білдірді.

– Маған Балқаш көлі маңында нысан орнын дайындау жұмыстары аяқталуға жақындағанын баяндады. Бұл жоба Қазақстан аумағында энергияның жаңа түрін өндіруге ғана қатысты емес. Ол сонымен қатар мемлекеттеріміздің, ең бастысы, халықтарымыздың және өскелең ұрпақтың арасында алтын көпір болады. Өйткені біз Ресей көмегімен техникалық кадрларды, кейін атом индустриясы сияқты аса күрделі салада жұмыс істейтін жергілікті қазақ мамандарын даярлағымыз келеді, – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

Қазақстан Президенті соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті.

Медицина мекемесінде 1941 жылғы шілдеден бастап соғыста жараланған 150 мыңға жуық жауынгер емделген. Олардың арасында Мемлекет басшысының әкесі Кемел Тоқаев та болды. Ол бұл жерде 1945 жылдың ақпанынан шілде айына дейін ем алған.

Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев майдангерлерге арналған Омбы госпиталінің құрылу тарихымен және қызметімен танысты.

Қытайлық Handsome MDMX командасы Астанаға келді

«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі қарсаңында Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен фиджитал және киберспорт командалары келіп жатыр.

Олардың қатарында қытайлық танымал Handsome MDMX командасы да бар. Алдағы күндері Астанаға әлемнің әр елінен 800-ден астам спортшы жиналады.

Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.

Phygital Shooter – дәстүрлі ату спорты мен цифрлық технологияны біріктіретін жаңа буын дисциплинасы

Компьютерде жақсы ойнап қана қоймай, шынайы аренада да мергендігіңді көрсетуге болатын спорт түрі бар. Ол - Phygital Shooter.

Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алдымен қатысушылар виртуалды ортада өздерінің тактикалық шеберліктерін көрсетіп, цифрлық форматта бір-бірімен сайысып, ұпай жинайды.

Одан кейін спортшылар арнайы аренаға шығып, лазерлік қарудың көмегімен нысаналарды көздейді. Бұл кезеңде дәлдік, жылдамдық және қимыл үйлесімділігі шешуші рөл атқарады. Жеңімпаз екі кезеңде жиналған ұпайлардың жалпы нәтижесі бойынша анықталады.

Халықаралық «Болашақ ойындары - 2026» турнирінің ашылу салтанаты 29 шілде күні сағат 16:45-те өтеді.

Тікелей эфирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көріңіз.

Телефон верификациядан өтпесе, не істеу керек?

Егер жаңадан сатып алынған смартфон міндетті верификациядан өтпесе, ол сапасыз тауар ретінде саналады.

Толық ақпаратты видеодан біле аласыз.

Ақпарат пайдалы болса, достарыңызға жіберіңіз!