Алтайдың биігінде қызу жұмыс
Рахман қайнарларына апаратын жол салынып жатыр.
Дереккөз: Біздің Өскемен
Сообщений: 1 646 с 2022 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Алтайдың биігінде қызу жұмыс
Рахман қайнарларына апаратын жол салынып жатыр.
Дереккөз: Біздің Өскемен
Атырау облысында республикалық маңызы бар «Мұқыр – Құлсары» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде
QAJ
В Атырауской области продолжаются работы по среднему ремонту автомобильной дороги республиканского значения «Мукур – Кульсары»
Жолшылар жүргізушіге жедел көмек көрсетті
Жамбыл облысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері жолда көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмек көрсетті.
23 шілде күні 1403 байланыс орталығына республикалық маңызы бар «Тараз – Қайнар» автомобиль жолының Ақыртөбе ауылдық округі маңында көлігі істен шығып, жолда қалған жүргізушіден хабарлама келіп түсті. Оқиға туралы ақпарат алған жолшылар жүргізушінің нақты орналасқан жерін жедел анықтап, оқиға орнына жетті.
Мамандар бұзылған автокөлікті сүйреп, қауіпсіз әрі жөндеуге ыңғайлы жерге жеткізіп берді.
Жедел қолдау көрсеткені үшін жүргізуші жол қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.
Мұндай жағдайлар жолда жиі кездеседі. Сондықтан «ҚазАвтоЖол» мамандары тәулік бойы жол пайдаланушыларына көмек көрсетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрдайым дайын.
Жолға шығар алдында жүргізушілерден автокөліктің техникалық жағдайын мұқият тексеріп, қажетті құрал-жабдықтардың толық екеніне көз жеткізуді сұраймыз. Бұл күтпеген жағдайлардың алдын алып, сапардың қауіпсіз өтуіне ықпал етеді.
Дорожники оказали помощь водителю
В Жамбылской области сотрудники Национальной компании «ҚазАвтоЖол» оперативно оказали помощь водителю, автомобиль которого вышел из строя на республиканской автомобильной дороге.
23 июля в контакт-центр 1403 поступило обращение от водителя, автомобиль которого сломался на автодороге «Тараз – Кайнар» в районе сельского округа Акыртобе. Из-за технической неисправности мужчина не смог продолжить движение и обратился за помощью.
После получения обращения специалисты дорожной службы незамедлительно определили местонахождение автомобиля и выехали на место. Неисправное транспортное средство было отбуксировано в безопасное место, после чего водитель смог решить вопрос с дальнейшим ремонтом автомобиля.
Водитель поблагодарил сотрудников «КазАвтоЖол» за оперативность и своевременно оказанную помощь.
Подобные ситуации на дорогах происходят регулярно, и дорожные службы всегда готовы прийти на помощь пользователям автодорог.
Призываем водителей перед каждой поездкой уделять внимание техническому состоянию своих транспортных средств. Своевременная проверка автомобиля позволит избежать непредвиденных поломок в пути и сделает поездку более безопасной.
Телеграм Инстаграм QazAvtoJol
Жаңаарқада Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы ірі жол жобаларының іске асырылу барысы талқыланды
2026 жылғы 22 шілдеде Жаңаарқада «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың төрағалығымен Ұлытау және Қарағанды облыстарындағы жол жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов, «ҚазАвтоЖол» компаниясының облыстық филиалдарының басшылары, мердігер ұйымдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жолдарды салу және жөндеу қарқыны, техника мен еңбек ресурстарын жұмылдыру, құрылыс нысандарын қажетті материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел шешуді қажет ететін мәселелер қаралды.
Ұлытау облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 989 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта оның 571 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен, 135 шақырымы орташа жөндеумен, тағы 40 шақырымы ағымдағы жөндеумен қамтылған.
Кеңесте «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының 208 шақырымын қайта жаңарту жобасына ерекше назар аударылды. Нысанда 1 100-ге жуық маман мен 600 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Бүгінде жер жұмыстарының 97 пайызы орындалды. 164 шақырымға құм-қиыршықтас қоспасы, 153 шақырымға жол негізінің төменгі қабаты, 133 шақырымға жоғарғы қабаты төселді. 95 шақырымға асфальтбетон жабынының төменгі қабаты, 27 шақырымға жоғарғы қабаты төселген.
Екі көпірдің құрылысы аяқталды, тағы екі нысанда жұмыстар жалғасуда. Жобада қарастырылған 96 су өткізу құбырының 80-і толық дайын. Биыл жаңартылып жатқан учаскенің барлық бойында асфальтбетон жабыны арқылы көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«Мұндай ауқымды жобаларды іске асыру ұлттық компанияның, әкімдіктердің және мердігер ұйымдардың нақты әрі үйлесімді жұмысын талап етеді. Жұмыс қарқынына әсер ететін барлық мәселе жедел шешілуі тиіс. Бұл ретте құрылыс сапасы, белгіленген мерзімдерді сақтау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі талап болып қала береді», – деді Дархан Иманашев.
Сонымен қатар «Жезқазған – Қарағанды» автомобиль жолын қайта жаңарту жобасының орындалу барысы жеке қаралды. Ұлытау облысының аумағында жоба 335 шақырым жолды қамтиды және үш лотқа бөлінген. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар өндірістік базаларды орналастырып, техника мен жұмыс күшін жұмылдыруда, сондай-ақ жобалау және дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жоба аясында 20 көпір, 17 жол өтпесі, екі көлік айрығы және 245 су өткізу құбыры салынады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026–2029 жылдар.
Сондай-ақ «Қаражал – Атасу», «Жезқазған – Арқалық» және «Жәйрем – Қаражал – Атасу» бағыттарындағы жұмыстар талқыланды. Облыста жалпы 135 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылған.
Ұзындығы 74 шақырым болатын «Жезқазған – Арқалық» учаскесіндегі жұмыстардың 67 пайызы орындалды. «Жәйрем – Қаражал – Атасу» жолында 32 шақырымға ресайклинг жұмыстары жүргізіліп, 25 шақырым асфальтбетон жабыны төселді.
Кездесу барысында бірлесіп шешуді қажет ететін бірқатар мәселе белгіленді. Олардың қатарында өндірістік базалар мен асфальтбетон зауыттарына жер телімдерін бөлу, карьерлерді рәсімдеу, техникалық шарттарды алу, нысандарды инженерлік желілерге қосу және құрылыс материалдарын теміржол арқылы жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бар.
Кеңес қорытындысы бойынша «ҚазАвтоЖол» филиалдары мен мердігер ұйымдарға көтерілген мәселелердің шешілуін жеделдетіп, бекітілген жұмыс кестелерінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Телеграм Инстаграм QazAvtoJol
Атырау облысында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар KAZ11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты» автомобиль жолының 3 - 69 шақырым аралығында кешенді күтіп-ұстау жұмыстары аясында жол жамылғысындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар жолдың сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жолдың пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталған.
Жол қозғалысына қатысушылардан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын сақтап, жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануды сұраймыз.
QAJ
В Атырауской области проводятся дорожные ремонтные работы
В целях обеспечения безопасности дорожного движения на участкеавтомобильной дороге республиканского значения KAZ11 «Доссор – Кульсары – Бейнеу – Сай-Утес – Шетпе – Жетыбай – Порт Актау» км 3 - 69 проводятся работы по ямочному ремонту в рамках комплексного содержания автомобильной дороги.
Проводимые работы направлены на улучшение эксплуатационного состояния дорожного покрытия, повышение безопасности дорожного движения и продление срока службы дороги.
Просим участников дорожного движения с пониманием отнестись к временным неудобствам, соблюдать требования временных дорожных знаков, снижать скорость и быть предельно внимательными при проезде ремонтируемых участков.
Телеграм Инстаграм QazAvtoJol
Кептеліс азая ма? Алматы – Бішкек автожолында үлкен жоба басталды | Jol Live
Алматыға кіреберістегі ең қарқынды бағыттардың бірі – Алматы–Бішкек халықаралық автожолының 19-27 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
JOL LIVE бағдарламасының бұл шығарылымында ауқымды жобаның басталу рәсімінен арнайы репортаж ұсынып, қандай өзгерістер жүзеге асырылатынын және оның Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымына қалай әсер ететінін көрсетеміз. Сондай-ақ жүргізушілер мен жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдап, сала мамандарының сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.
JOL LIVE – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жоба. Әр шығарылымда жол құрылысы мен оны күтіп ұстау, инженерлік шешімдер және сала мамандарының еңбегі көрініс табады.
Дереккөз: 24КЗ
Дорога за 108 миллиардов. На что уходят эти деньги? | Jol live
Почему строительство одного километра дороги обходится в сотни миллионов, а порой и больше миллиарда тенге? Неужели всё дело только в асфальте?
Мы отправились на трассу Кызылорда–Жезказган, чтобы шаг за шагом показать, из чего складывается реальная стоимость дороги. Лаборатории, мосты, битум, щебень, контроль качества, техника, логистика, площадки отдыха и сотни специалистов – весь путь строительства вы увидите своими глазами в совместном проекте с АО «НК «ҚазАвтоЖол».
Источник: 24КЗ
0
Апат санаулы секундта болды, ал салдарын жоюға бірнеше сағат кетті: жүргізушілер нені ескеруі керек?
Бүгін, 10 шілде күні шамамен сағат 16:30-да Астана – Қарағанды автомобиль жолының 42-шақырымында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жүк көлігі жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Соның салдарынан аталған учаскеде қозғалыс қиындап, көлік кептелісі пайда болды.
Жол қызметтері оқиға орнына жедел жетті. Жүру бөлігін тазарту, апат салдарын жою және қозғалысты қауіпсіз қайта ашу үшін тиісті жұмыстар атқарылды. Сағат 20:30-да көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді.
Бұл жағдай жол-көлік оқиғасынан кейін пайда болған кептелісте жүргізушілер сақтауы тиіс бірнеше маңызды қағиданы еске салады.
Кептелісті жол жиегімен айналып өтуге тырыспаңыз.
Мұндай маневр қосымша қауіп тудырып, арнайы және жол техникасының қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін.
Жылдамдықты алдын ала төмендетіңіз.
Кептелістің соңында тоқтап тұрған көліктерді кеш байқау салдарынан ілеспе соқтығысу қаупі жоғары болады.
Қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.
Тығыз көлік ағынында күрт тежеу мен кенеттен жолақ ауыстыру жаңа жол-көлік оқиғасына әкелуі ықтимал.
Арнайы және жол қызметтері қозғалатын жолақты бос ұстаңыз.
Қозғалыстың қаншалықты жылдам қалпына келуі олардың оқиға орнына жедел жетіп, кедергісіз жұмыс істеуіне байланысты.
Уақытша жол белгілері мен мамандардың нұсқауларын орындаңыз.
Оқиға орнындағы қозғалыс сызбасы уақытша өзгеруі мүмкін.
бейне түсіру үшін тоқтамаңыз.
Түсірілім жасау мақсатында жылдамдықты азайту қосымша кептеліс туғызып, қайталама апат қаупін арттырады.
Есте сақтаңыз: жол-көлік оқиғасынан кейінгі қауіпсіздік пен қозғалысты қалпына келтіру жылдамдығы тек жедел және жол қызметтерінің жұмысына ғана емес, әрбір жүргізушінің әрекетіне де байланысты.
Сабыр сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану және оқиға орнындағы талаптарды орындау жаңа апаттардың алдын алып, жолды тезірек босатуға көмектеседі.
Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Түркістан облысындағы цементбетон жолдарға мониторинг күшейтілді
Түркістан облысында ауа температурасының +35–36 °C-қа дейін көтерілуіне байланысты жол қызметтері цементбетон жабынының жай-күйіне жүргізілетін мониторингті күшейтті.
Республикалық маңызы бар KAZ 06 автомобиль жолының Шымкент қаласы бағыты бойынша 2244-шақырымында жол жабынының ықтимал температуралық деформациясының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар басталды.
Мамандар аптап ыстық кезінде цементбетон плиталарындағы ішкі кернеуді төмендету мақсатында технологиялық жіктерді кесу және өзге де қажетті шараларды жүргізуде.
Жұмыстарға 7 маман және 4 бірлік жол техникасы жұмылдырылған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскеде уақытша жол белгілері орнатылды. Жол қызметтері өңірдегі цементбетон жабындысы бар автожол учаскелерін патрульдеу мен олардың жай-күйіне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Из-за высокой температуры усилен мониторинг бетонных дорог Туркестанской области
В Туркестанской области дорожные службы усилили мониторинг состояния цементобетонного покрытия в связи с повышением температуры воздуха до +35–36 °С.
На 2244-м километре автомобильной дороги республиканского значения KAZ 06 в направлении города Шымкент начаты профилактические работы, направленные на предупреждение возможных температурных деформаций покрытия.
Специалисты проводят нарезку технологических швов и другие необходимые мероприятия, позволяющие снизить напряжение в цементобетонных плитах в условиях жаркой погоды.
В работах задействованы 7 специалистов и 4 единицы дорожной техники: погрузчик, самосвал, дорожная ремонтная машина и швонарезчик.
Для обеспечения безопасности движения на участке установлены временные дорожные знаки. Дорожные службы продолжают патрулирование и мониторинг цементобетонных участков автодорог региона.
Шымкент – Өзбекстан шекарасы автожолының учаскесінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Түркістан облысында республикалық маңызы бар KZ13-03 «Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолында ауа температурасының жоғарылауына байланысты цементбетон жабынының тұрақты жай-күйін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
«Қазгидромет» РМК-ның ауа температурасының +40 °C-қа дейін көтерілуі жөніндегі дауылды ескертуіне байланысты жол қызметтері өңірдегі автомобиль жолдарын патрульдеу мен олардың техникалық жай-күйіне жүргізілетін мониторинг жұмыстарын күшейтті.
10 шілдеде кезекті патрульдеу барысында жол қызметінің мамандары автожолдың 750-шақырымында цементбетон жабынының жергілікті ақауын анықтады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскеге жедел түрде уақытша жол белгілері орнатылып, қажетті жөндеу-профилактикалық жұмыстар басталды.
Жұмыстарға 6 маман және 5 бірлік жол техникасы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта анықталған ақауды жою және жол жабынын қалпына келтіру шаралары атқарылуда.
Цементбетон жабындысы бар автожол учаскелерінің жай-күйіне мониторинг күшейтілген режимде жалғасуда. Ықтимал ақауларды дер кезінде анықтап, қажетті алдын алу шараларын қабылдау үшін жол қызметтері тұрақты бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, сондай-ақ жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерден өткен кезде аса мұқият болуды сұраймыз.
Телеграм Инстаграм QazAvtoJol
На участке автодороги Шымкент – граница Узбекистана проводятся профилактические работы
В Туркестанской области на автомобильной дороге республиканского значения KZ13-03 «Шымкент – граница Республики Узбекистан» проводятся профилактические работы по обеспечению стабильного состояния цементобетонного покрытия в условиях высокой температуры воздуха.
В связи со штормовым предупреждением Казгидромета о повышении температуры воздуха до +40 °С дорожные службы усилили патрулирование и мониторинг состояния автомобильных дорог региона.
10 июля в ходе очередного обследования на 750-м километре автодороги специалисты дорожной службы выявили локальный дефект цементобетонного покрытия. Участок был оперативно обозначен временными дорожными знаками, после чего специалисты приступили к проведению необходимых ремонтно-профилактических работ.
Для выполнения работ задействованы 6 специалистов и 5 единиц дорожной техники. На участке проводятся мероприятия по устранению выявленного дефекта и восстановлению покрытия.
Мониторинг состояния цементобетонных участков автомобильных дорог продолжается в усиленном режиме. Дорожные службы осуществляют регулярное патрулирование для своевременного выявления потенциальных дефектов и проведения необходимых профилактических мероприятий.
Просим водителей соблюдать скоростной режим, требования временных дорожных знаков и проявлять повышенное внимание при проезде участков проведения дорожных работ.
Телеграм Инстаграм QazAvtoJol
Ақмола облысында жол бойындағы сервис сапасы жақсарды
Ақмола облысында жол бойындағы сервис сапасы жақсарды. Қызмет көрсететін нысан да көбейді. Жанармай құю бекеті мен дәмханалар тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Дегенмен жаз маусымында демалушылар көбейіп, кей жерлерде кезек те болады. Сондықтан тасжолдың бойында бизнес ашамын дегендерге қолдау бар,- дейді жауапты мамандар. Қазір 2 нысанның құрылысы жүріп жатыр.
Өңірде демалыс маусымының қызған шағы. Әсіресе, Зеренді мен көрікті Бурабайды көргісі келетіндер көп. Демалуға келетін туристер «Көкшетау-Астана» бағытындағы жолмен қатынайды. Соңғы жылдары осы жолдың бойындағы сервис сапасы жақсара бастады. Қызмет көрсететін ондаған нысан ашылды.
Дәулет Кереев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ филиалы бөлім басшысының м.а.
Жол пайдалану бөлімдері үздіксіз қызмет атқарады. Яғни осы нысандарға олар толықтай қоқыстан тазартуды, сумен қамтамасыз етуді және лас суларды уақытында шығаруды тәулік бойы жұмыс істейді. Бізде енді әр нысанда өзінің жауапты кезекшілері кемінде екі адам тәулік бойы қызмет атқарады.
Дереккөз: Хабар
Вдоль трасс Акмолинской области функционируют 159 объектов придорожного сервиса
Больше 150 объектов придорожного сервиса функционируют вдоль трасс Акмолинской области. Многие из них расположены на туристических маршрутах, ведущих к курортным зонам Бурабай и Зеренда. Там водители и пассажиры могут отдохнуть, заправить автомобили и воспользоваться необходимыми услугами, передает «24KZ». Достаточно ли сегодня таких пунктов с учётом растущего потока туристов? И меняется ли качество дорожного сервиса в регионе в лучшую сторону?
Трасса Астана–Петропавловск – один из ключевых туристических маршрутов страны. Ежегодно тысячи туристов направляются по ней в Бурабай и Зеренду. Поэтому развитие придорожного сервиса здесь имеет особое значение. Зоны отдыха, автозаправочные станции, кафе и санитарные пункты призваны обеспечить комфорт и удобство водителей и пассажиров.
Сегодня вдоль автодорог Акмолинской области насчитывается 159 объектов, где туристы могут отдохнуть, заправить автомобиль и воспользоваться необходимыми услугами. По словам ответственных специалистов, в этом году построят ещё 2 новых сервисных пункта.
Источник: 24КЗ
На четырех платных трассах Казахстана с 10 июля начнут контролировать среднюю скорость
На четырех платных трассах Казахстана с десятого июля начнут контролировать среднюю скорость движения. Новую меру вводит национальная компания «КазАвтоЖол» для снижения аварийности и профилактики нарушений.
Источник: Астана ТВ
Ақтөбе – Қандыағаш тасжолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылады
10 шілдеден бастап еліміздегі тағы төрт ақылы автожолда көлік құралдарының орташа жылдамдығын автоматты түрде бақылау жүйесі іске қосылады. Соның бірі – республикалық маңызы бар Ақтөбе – Қандыағаш автожолы. Енді аталған учаскеде жүргізушілердің орташа жылдамдығы автоматты түрде есептеліп, жол қозғалысы ережесінің сақталуы бақылауға алынады.
Жаңа жүйе жүргізушінің екі бақылау нүктесінің арасын қанша уақытта жүріп өткенін есептеп, сол арқылы көліктің орташа жылдамдығын анықтайды. Егер белгіленген жылдамдық шегі асып кеткен жағдайда, заңбұзушылық туралы ақпарат автоматты түрде уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.
Бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін жақсартуға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жүргізушілердің жолдың белгілі бір бөлігінде ғана емес, бүкіл бағыт бойында жылдамдық режимін сақтауына ықпал етеді.
Осыған байланысты жүргізушілерден жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтап, белгіленген жылдамдық шегінен аспауын сұраймыз. Мұндай бақылау жүйесі жолдағы қауіпсіздікті күшейтіп, апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.
QAJ
На трассе Актобе – Кандыагаш введут контроль средней скорости движения
С 10 июля в Казахстане на четырех платных автомобильных дорогах начнет работать система автоматического контроля средней скорости движения транспортных средств. Одним из таких участков станет автомобильная дорога республиканского значения Актобе – Кандыагаш. Здесь будет введена в эксплуатацию система автоматической фиксации средней скорости, которая позволит контролировать соблюдение водителями установленного скоростного режима.
Принцип работы системы основан на автоматическом расчете средней скорости автомобиля между контрольными точками. Если средняя скорость превысит установленный лимит, информация о нарушении будет автоматически передана в уполномоченные органы.
Внедрение новой системы направлено на повышение безопасности дорожного движения, снижение аварийности и профилактику нарушений скоростного режима.
В связи с этим водителей призывают соблюдать требования дорожных знаков и придерживаться установленного скоростного режима на протяжении всего маршрута, а не только в местах установки камер контроля.
Телеграм Инстаграм QazAvtoJol
Цифровой контроль на трассах
Спикер: Бакыт Маратов, директор Департамента стратегического планирования и развития «ҚазАвтоЖол».
Источник: 24КЗ
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдарда кешенді бағдарлама аясында күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жол таңбалары мен белгілері жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау – жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті жұмыс.
Жолдарды патрульдеу, жол инфрақұрылымын күтіп-ұстау және анықталған ақауларды жою – қауіпсіз сапардың кепілі.
QAJ
В Карагандинской области в рамках комплексной целевой программы ведутся работы по содержанию автодорог республиканского значения
Обновляются дорожные знаки и разметка, проводится текущий ремонт.
Содержание автомобильных дорог республиканского значения — это ежедневная работа по обеспечению безопасного и комфортного движения.
Патрулирование дорог, обслуживание дорожной инфраструктуры и устранение выявленных дефектов — залог безопасной поездки.
Телеграм Инстаграм QazAvtoJol
Контроль средней скорости введут на четырех платных трассах
На четырех платных трассах Казахстана начнут контролировать среднюю скорость движения. Новые правила вступят в силу уже 10 июля. Система появится на участках Актобе – Кандыагаш, Алматы – Хоргос, Кокшетау – Петропавловск, а также на трассе Астана – Темиртау от Аршалы до Ошаганды. В нацкомпании «ҚазАвтоЖол» пояснили: камеры будут фиксировать не быстроту движения авто в одной точке, а рассчитывать среднюю скорость машины на всем участке. Это позволит выявлять водителей, которые снижают скорость только перед камерами, а затем снова превышают допустимый лимит. По данным нацкомпании, нововведение направлено на снижение аварийности и профилактику нарушений скоростного режима.
Источник: Хабар