Текст материала отсутствует.
qogamdyqkelisim
Сообщений: 290 с 2026 года
Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.
Текст материала отсутствует.
Текст материала отсутствует.
26-28 маусым күндері Алматы облысы “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен «Бірлігіміз әралуандықта» жобасы аясында өткен «Жас лидер CAMP» Ассамблея жастарының «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы өз мәресіне жетті.
Үш күн бойы форум аясында мәдени-танымдық іс-шаралар, дәстүрлі «Қымызмұрындық» мерекесі және жастармен ашық пікірталас алаңы ұйымдастырылып, этносаралық келісім, қоғамдық бірлік пен өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Форум өзара тәжірибе алмасуға, жаңа бастамаларды қолдауға және ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Форумның екінші күні, 27 маусымда республикалық форумға қатысушылар Алматы облысының көрікті өңірлерінің бірі – Кеген ауданы, Қарқара ауылындағы Мыңжылқы жайлауына барды.
Сапар аясында ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін «Қымызмұрындық» мәдени шарасына қатысып, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен және қонақжайлық дәстүрімен танысты.
Табиғаты көркем Қарқара жайлауында өткен тағылымды іс-шара ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, мәдени мұраны насихаттауға және этносаралық достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлесін қосты.
Қонаев қаласында «Бірлігіміз әралуандықта» жобасы аясында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы өтті.
Форумның басты мақсаты – Қазақстандағы этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту, этномәдени бірлестіктер, жастар және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен диалогты дамыту, сондай-ақ тұрақты дамудың негізгі құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты қамтамасыз етудегі рөлі талқыланып, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және үздік тәжірибелермен алмасу мәселелері қарастырылды.
Қостанайлықтар Сабантойды атап өтті
Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүр мен достықтың мерекесі – Сабантойда бас қосты. Мерекелік алаңда ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, концерттік бағдарлама мен түрлі этномәдени көріністер ұйымдастырылды. Сабантой – еңбекке құрмет көрсетіп, этностар арасындағы татулық пен бірлікті дәріптейтін ерекше мереке.
Қала тұрғындарын көтеріңкі көңіл-күй, қызықты сайыстар мен ұлттық өнерге толы жарқын күн күтіп тұрды. Мерекеге келген жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер тілеген ұйымдастырушылар “Сабантой - 2026” мерекесіне жиналған барша қатысушылардың татар халқының керемет салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алғанын атап өтті.
Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері «BaiQymyz» гастрофестиваліне қатысты
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған «BaiQymyz» ұлттық тағамдар және қымыз гастрофестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, белсенді жастары, сондай-ақ облыстық Достық үйі жанындағы «Ісмер» қолөнершілер клубының мүшелері қатысты.
Қатысушылар қымыз дайындау дәстүрлерімен терең танысып, алуан түрінен дәм татып, ұлттық сусынның ерекше дәмі мен пайдалы қасиеттеріне жоғары баға берді. Мерекенің тағылымды мазмұны, ұлттық мәдениеттің байлығы мен қазақ халқының қонақжайлық дәстүрлері қонақтарға ерекше әсер сыйлап, олардың бойында ұлттық құндылықтарға, тарихи мұраға және мәдени сабақтастыққа деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қымызды көшпелі өркениеттің басты сусыны ретінде дәріптеу, жылқы шаруашылығын дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және өңірлердің туристік әлеуетін арттыру.
КЕНТАУДА «ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Түркістан облысы Кентау қаласында этносаралық татулықты насихаттау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында «Этносаралық келісім – ел болашағы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Іс-шараға Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдық округтердің тұрғындарынан құралған командалар қатысып, этносаралық келісім, достық, ынтымақ және ел бірлігі тақырыптары бойынша өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.
Интеллектуалды сайыс 4 кезеңді қамтыды
«Таныстыру»
«Білімді мыңды жығады»
«Сөз құрам»
«Капитандар сайысы».
Сайыс қорытындысы бойынша
І орын – «Шаңырақ» тобы
ІІ орын – «Бірлік» тобы
ІІІ орын – «Бейбіт ел жастары» командасы жеңіске жетті.
Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, ұйымшылдықтарын, білім деңгейлері мен тапқырлықтарын көрсетті. Мұндай іс-шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен достықты дамытуға ықпал етеді.
В городе Талдыкорган завершился обучающий семинар-тренинг на тему: «Организация и оценка проектов межэтнической сфере в рамках государственной политики по интеграции этносов», организованный для представителей этнокультурных объединений.
Во второй день семинара директор Акмолинского областного филиала Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан Асет Абжаков представил участникам специализированные обучающие модули. В ходе тренинга он подробно осветил темы «Профилирование конфликтно-ориентированных лиц как инструмент интеграции различных групп населения» и «Медиативные техники переговорного процесса в сложных ситуациях межэтнического взаимодействия», поделившись практическим опытом и кейсами.
По итогам полного курса обучения всем участникам были вручены сертификаты. Организаторы отметили, что полученные знания и навыки позволят повысить качество и эффективность реализуемых в регионе проектов в сфере межэтнического взаимодействия.
Талдықорған қаласында этномәдени бірлестік өкілдеріне арналған «Этностарды интеграциялау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды ұйымдастыру және бағалау» тақырыбындағы оқыту семинар-тренингі аяқталды.
Шараның екінші күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облыстық филиалының директоры Әсет Әбжақов қатысушыларға арнайы дайындалған оқу бағдарламаларын таныстырды. Спикер тренинг барысында «Түрлі этностық топтарды интеграциялау процесінде жанжал ошақтарын тудырушы тұлғаларды алдын ала анықтау тетіктері», сондай-ақ «Этностарды ортақ кеңістікке интеграциялаудың күрделі кезеңдерінде келіссөздер жүргізудің медиативтік тәсілдері» тақырыптарын кеңінен тарқатты. Сонымен қатар өзінің іс-тәжірибесінде кездескен нақты жағдайлармен бөлісіп, өмірлік кейстерді талдап берді.
Оқу курсын толық тәмамдаған қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жиыннан алған білім мен дағдылар өңірлердегі этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған жобалардың сапасы мен нәтижесін жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді.
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОТМЕТИЛИ ПРАЗДНИК САБАНТУЙ
В праздничном мероприятии приняли участие жители области, представители этнокультурных объединений, творческие коллективы, молодежь и гости города.
Сабантуй — народный праздник татарского народа, берущий начало из древних традиций и посвященный завершению весенних полевых работ. В переводе с тюркских языков слово «Сабантуй» означает «праздник плуга». Сегодня этот праздник является ярким символом трудолюбия, благополучия, единства и дружбы этносов.
В рамках праздничной программы творческие коллективы разных этносов представили зрителям яркие вокальные и танцевальные номера. Гости смогли ближе познакомиться с национальной культурой, а также принять участие в различных играх и традиционных состязаниях.
Были организованы соревнования по национальным видам спорта. В частности, состоялись зрелищные состязания по армрестлингу, қазақ күресі (казахской борьбе) и поднятию гири. Победители и призеры соревнований были награждены призами.
Текст материала отсутствует.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдар өкілдері үшін Жетісу облысы, Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды өңірдің тарихымен, мәдениетімен және рухани мұрасымен таныстыру, сондай-ақ тарихи жадыға құрмет пен Қазақстанның мәдени әралуандығына деген сыйластықты қалыптастыру.
Экскурсия барысында қатысушылар музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысып, Қаратал өңірінің тарихи даму кезеңдері, мәдени дәстүрлері мен белгілі тұлғалары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұраны сақтау және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға және ортақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
Сотрудники РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации Республики Казахстан организовали для представителей этнокультурных объединений и общественных структур познавательную экскурсию в Каратальский районный историко-краеведческий музей области Жетісу.
Цель мероприятия – ознакомление участников с историей, культурой и духовным наследием региона, а также воспитание уважительного отношения к исторической памяти и культурному многообразию Казахстана.
В ходе экскурсии участники познакомились с уникальными экспонатами музейного фонда, получили информацию об основных этапах исторического развития Каратальского района, его культурных традициях и выдающихся личностях. Особое внимание было уделено вопросам сохранения культурного наследия, популяризации национальных ценностей и укрепления общественного согласия.
Подобные мероприятия способствуют укреплению межэтнического согласия, повышению интереса граждан к истории родного края и продвижению общих духовно-нравственных ценностей общества.
В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» и в честь Всемирного дня окружающей среды сотрудники РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации Республики Казахстан приняли участие в субботнике на территории зелёного пояса и придорожной полосы города Астаны.
В ходе мероприятия была проведена уборка территории от мусора, а также выполнены работы по поддержанию чистоты и улучшению экологического состояния окружающей среды.
Подобные инициативы объединяют людей вокруг общих ценностей бережного отношения к природе, способствуют сохранению чистоты окружающей среды и делают городское пространство более комфортным и благоустроенным.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері Астана қаласының жасыл белдеуі мен жол жиегі аумағында өткен сенбілікке қатысты.
Іс-шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тазалықты сақтау және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілді.
Осындай бастамалар адамдарды табиғатқа ұқыпты қарау сияқты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етеді әрі қалалық кеңістіктің жайлы әрі көрікті болуына септігін тигізеді.
5 наурыз - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Сегодня сотрудники РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации Республики Казахстан провели встречу в формате интерактивной дискуссии с коллективом КГУ «Қоғамдық келісім» области Жетісу.
В ходе встречи были обсуждены вопросы информационно-разъяснительной работы по политическим реформам, инициированным Главой государства Касым-Жомартом Токаевым, а также информационного сопровождения Конституционного закона «О Қазақстан Халық Кеңесі». Участники отметили, что новый закон направлен на укрепление взаимодействия между государством и обществом, учет общественного мнения и расширение участия граждан в процессах принятия государственных решений.
Также состоялся обмен мнениями по вопросам укрепления общественного согласия и межэтнического единства, совершенствования информационно-разъяснительной работы на региональном уровне и реализации совместных проектов.
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Жетісу облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымымен интерактивті пікірталас форматында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформаларды түсіндіру жұмыстары және Президент қол қойған «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелерін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар жаңа заңның мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, қоғамдық пікірді ескеруге және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, өңірлік деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
В Талдыкоргане стартовал семинар-тренинг для представителей этнокультурных объединений организованный РГУ «Қоғамдық келісім» КРМО МКИ РК на тему: «Организация и оценка проектов межэтнической сфере в рамках государственной политики по интеграции этносов».
С приветственным словом выступили заместитель директора РГУ «Қоғамдық келісім» Комитета по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации РК Руфина Касымовна Усанова и исполняющий обязанности директора КГУ «Қоғамдық келісім» области Жетысу Айдос Назкенулы Игенбай.
Главная цель мероприятия — повышение роли этнокультурных объединений в укреплении национального единства и гармонизации межэтнических отношений посредством государственных программ и реализации инициатив, имеющих общественную ценность.
В рамках программы Дильназ Анварбеккызы, главный менеджер департамента управления проектами НАО «Центр поддержки гражданских инициатив», проведет лекцию о практических механизмах реализации социальных проектов.
По окончании обучающего курса всем участникам будут вручены соответствующие сертификаты.