Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында Украинадағы соғысты «тоқтату» мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Тоқаевтың айтуынша, «бұл қақтығыстың табиғаты көпшілік үшін толық түсінікті емес», ал одан шығудың жолын табу тараптардың ұстанымдарының қарама-қайшылығы салдарынан күрделеніп отыр.
Бұл мәлімдеме бүгін Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды. Өз кезегінде Путин Тоқаевтың ұсынысына «Украина бағытындағы» жағдай жөнінде жақын арада толық ақпарат беретінін хабарлап, қысқа жауабпен ғана шектелді.