Архив доступен 2 626 сообщений С 2023 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары трансшекаралық табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады

Ресей Федерациясының Орынбор облысының аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрліктері бөлімшелерінің қатысуымен шекара маңындағы аймақта ландшафтық өрттерді сөндіру бойынша бірлескен оқу-жаттығу өтті.

Қазақстан тарапынан оқу-жаттығуға Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары ТЖМ бөлімшелері қатысты. Жалпы саны 30 қызметкер мен арнайы техниканың 6 бірлігі жұмылдырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шекара маңындағы аумақтарда табиғи өрттер туындаған жағдайда оларды жою кезінде екі мемлекеттің күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын пысықтау болды.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңінде қатысушылар жедел ақпарат алмасу, бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру, өрт ошақтарын оқшаулау және сөндіру мәселелерін пысықтады. Сондай-ақ трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға жіберілетін бөлімшелердің, техникалар мен жабдықтардың мемлекеттік шекараны жеңілдетілген әрі жедел тәртіппен кесіп өту тетіктерін іс жүзінде пысықтауға ерекше назар аударылды.

Бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу Қазақстан мен Ресейдің құтқару ведомстволары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлерде табиғи өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Спасатели МЧС Казахстана отработали действия по тушению трансграничных природных пожаров

На территории Оренбургской области Российской Федерации состоялось совместное учение по тушению ландшафтных пожаров в приграничной зоне с участием подразделений Министерств по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан и Российской Федерации.

От казахстанской стороны в учении приняли участие подразделения МЧС из Актюбинской, Западно-Казахстанской и Костанайской областей. Всего было задействовано 30 сотрудников и 6 единиц специальной техники. Основной целью мероприятия стала отработка взаимодействия сил и средств двух государств при возникновении и ликвидации природных пожаров на приграничных территориях.

В ходе практической части учения участники отработали вопросы оперативного обмена информацией, координации совместных действий, локализации и ликвидации очагов возгорания. Особое внимание в ходе учения было уделено практической отработке механизмов упрощённого и оперативного пересечения государственной границы подразделениями, техникой и оборудованием, направляемыми для ликвидации чрезвычайных ситуаций трансграничного характера.

Проведение совместных учений способствует укреплению профессионального сотрудничества между спасательными ведомствами Казахстана и России, совершенствованию механизмов межгосударственного взаимодействия, а также повышению эффективности реагирования на природные пожары и иные чрезвычайные ситуации в приграничных регионах.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Отличники Академии гражданской защиты МЧС Казахстана получили первые офицерские звания

4 июня в День государственных символов Республики Казахстан, в Астане состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага с участием Президента Касым-Жомарта Токаева. В этот день лучшие выпускники военных и специальных высших учебных заведений страны получили первые офицерские погоны.

Специальное звание «старший лейтенант гражданской защиты» Глава государства вручил выпускнику Академии гражданской защиты имени Малика Габдуллина МЧС Казахстана Диасу Талгатулы. В этом году отличникам Академии впервые присвоено звание старшего лейтенанта гражданской защиты сразу после завершения обучения.

Лейтенантские погоны из рук министра по чрезвычайным ситуациям генерал-лейтенанта Чингиса Аринова получили Алиби Рустамулы, Адиль Азимжан, Торекелди Толеш, Рустем Оразбай, Нурали Копесов и Куаныш Абуталип. Разделить этот важный момент с молодыми офицерами приехали их родители и близкие. Они стали свидетелями вручения первых офицерских званий и начала нового этапа в жизни своих родных.

После окончания Академии молодые офицеры продолжат службу в подразделениях органов гражданской защиты в различных регионах страны.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Қазақстанның ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне алғашқы офицерлік шендер табыс етілді

4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Сол күні еліміздің әскери және арнаулы жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне алғашқы офицерлік шендер табыс етілді.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі Диас Талғатұлына «азаматтық қорғау аға лейтенанты» арнайы шенін табыс етті. Биыл Академия тарихында алғаш рет үздік тәмамдаған түлектерге оқуын аяқтағаннан кейін бірден азаматтық қорғау аға лейтенанты арнайы шені берілді.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің қолынан лейтенанттық погондарды Әліби Рүстамұлы, Әділ Әзімжан, Төрекелді Төлеш, Рүстем Оразбай, Нұралы Көпесов және Қуаныш Әбутәліп алды. Жас офицерлер үшін маңызды сәтті бөлісуге олардың ата-аналары мен жақындары арнайы келді. Олар алғашқы офицерлік шендерді табыстау рәсіміне куә болып, туған-туыстарының өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын бірге қарсы алды.

Академияны тәмамдағаннан кейін жас офицерлер еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде қызметтерін жалғастырады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Президент принял участие в церемонии поднятия Государственного флага

Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественной церемонии поднятия Государственного флага в этномемориальном комплексе «Атамекен» в Астане.

Начальник роты почетного караула отдал Президенту рапорт о готовности к церемонии.

Затем прозвучал Государственный гимн и был поднят Государственный флаг Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді.

Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

t.me/aqorda_resmi

Мемлекеттік рәміздер — Тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, елдігіміздің ең қастерлі құндылығы.

Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз — халқымыздың рухын, тарихы мен болашағын бейнелейтін қасиетті нышандар.

Рәміздерді құрметтеу — Отанды құрметтеу.

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Государственные символы — это олицетворение независимости, единства и силы нашей страны.

Флаг, Герб и Гимн Республики Казахстан — священные ценности, отражающие историю, дух и будущее нашего народа.

Уважение к государственным символам — это уважение к Родине.

Поздравляем с День государственных символов Республики Казахстан!

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

С Днем государственных символов – 4 июня!

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

В Казахстане открылось 184-ое добровольное противопожарное формирование «Ауыл құтқарушылары»

Начальник ДЧС области Абай Манарбек Шапагатов и заместитель акима Жанасемейского района Айнур Султанова приняли участие в открытии 184-го добровольного противопожарного формирования «Ауыл құтқарушылары», расположенного в селе Бокенши Жиеналинского сельского округа.

Данный пост построен при поддержке акимата Жанасемейского района за счет средств местного бюджета. В новом объекте предусмотрены диспетчерская, санитарно-бытовые помещения, столовая, комнаты отдыха и спальни, гараж для размещения пожарной техники. На вооружении имеются автоцистерна, обмундирование, средства связи и тушения пожаров.

184-ый пост «Ауыл құтқарушылары» обеспечит безопасность 830 жителей сел Бокенши и Маралды. Этот объект позволит оперативно реагировать на чрезвычайные ситуации, а также усилить работу по предупреждению природных и степных пожаров в сельской местности.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Қазақстанда 184-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов және Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасары Айнур Сұлтанова Жиеналы ауылдық округінің Бөкенші ауылында орналасқан 184-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылуына қатысты.

Осы бекет Жаңасемей ауданы әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды. Жаңадан пайдалануға берілген нысанда диспетчерлік бөлме, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, асхана, демалыс және жатын бөлмелері қарастырылған, өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған гаражбен жабдықталған. Қарулануда автоцистерна, киім-кешек, байланыс және өрт сөндіру құралдары бар.

184-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті Бөкенші және Маралды ауылдарының 830 тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ ауылдық жерлерде табиғи және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

55 шахта мен кен орнына тексеру жүргізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 55 шахта мен кен орны тексерілді. Оның ішіндегі 45 объектіде жаңа қауіпсіздік жүйелері орнатылды. Бүгінгі таңда 14 шахта мен кен орнындағы бейнебақылау және позициялау жүйелері Министрліктің Дағдарыс орталығына қосылған. Бұл жағдайды бақылап, жедел ден қоюды онлайн режимінде жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

Министр өндірістік авариялардың алдын алу үшін қолданбалы ғылымды дамыту және заманауи технологияларды енгізу басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Сейсмология институты «Қазақмыс» нысандарында тау жыныстарының опырылу қаупін бағалау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде. Алдағы уақытта бұл тәжірибе еліміздің басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындарына енгізілетін болады.

Сонымен қатар, білікті мамандар даярлау жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта қызметкерлердің кәсіби стандарттары жетілдіріліп, Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы базасында кадрларды оқыту және қайта даярлау жүргізілуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені қазіргі уақытта инспекторлық құрам тапшылығы сақталуда. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторларының жалақысына 30%-дан 70%-ға дейін үстемеақы белгіленді.

Қабылданған шаралар кадрлық құрамды нығайтуға және осы саладағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан ТЖМ техногендік авариялардың алдын алу және өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Проверено 55 шахт и рудников

По поручению Главы государства были проверено 55 шахт и рудников. На 45-ти объектах уже внедрены современные системы безопасности. На сегодня системы видеонаблюдения и позиционирования 14 шахт и рудников подключены к Ситуационному центру МЧС.

Министр отметил, что одним из приоритетных направлений является развитие прикладной науки внедрение современных технологий для предупреждения производственных аварий. В настоящее время Институтом сейсмологии на объектах Казахмыс проводятся научные исследования по оценке рисков обрушения горных пород. В дальнейшем подобная практика будет распространена и на другие промышленные предприятия страны.

Кроме того, продолжается работа по подготовке квалифицированных специалистов. Для этого совершенствуются профессиональные стандарты работников и проводится обучение и переподготовка кадров на базе Национального центра научных исследований, подготовки и обучения в сфере гражданской защиты.

Отдельное внимание уделяется укреплению кадрового потенциала в сфере промышленной безопасности, поскольку в настоящее время сохраняется дефицит инспекторского состава. При поддержке Главы государства и Правительства с 1 июля текущего года инспекторам промышленной безопасности установлены надбавки к заработной плате в размере от 30 до 70% процентов.

Принятые меры позволят усилить кадровый состав и повысить эффективность государственного контроля в данной сфере. МЧС Казахстана продолжит системную работу по предупреждению техногенных аварий и обеспечению безопасных условий труда на производстве.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

5 айда тексерілген кәсіпорындар саны 2,5 есеге артты

Жыл басынан бері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың барлық кәсіпорындарды толық қамтитын жаңа тетігі енгізілді. Биылғы жылдың 5 айында өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп кәсіпорын тексеріліп, 10 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Әртүрлі деңгейдегі 523 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел заң бұзушылықтар үшін 600-ден астам нысан мен техникалық құрылғының жұмысы тоқтатылды.

Министр қабылданып жатқан шараларға қарамастан, кейбір кәсіпорындардың енгізілген шектеулерді елемей, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Мұндай әрекеттер авариялардың туындау қаупін арттырып, жұмысшылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Осыған байланысты министрлік тарапынан тиісті кәсіпорын иелеріне қатысты қосымша шаралар қабылданатын болады

.

Министрлік өнеркәсіптік қауіпсіздік саласын цифрландыруға да ерекше назар аударып отыр. Қазіргі уақытта ТЖМ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бірыңғай «е-ТЖМ» цифрлық платформасын әзірлеуде. Бұл жүйе қауіпті өндірістік нысандардың есебін жүргізуге, авариялар мен өндірістік жарақаттану бойынша бірыңғай деректер базасын қалыптастыруға, негізгі бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ нысандардағы ықтимал тәуекелдерді болжауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, платформада прокторинг жүйесін пайдалана отырып, қызметкерлердің білімін онлайн тексеру тетігін енгізу жоспарланған. Бұған қоса, өнеркәсіптік нысандарды бақылау мен мониторингтеудің заманауи жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасуда.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

За 5 месяцев проверено в 2,5 раза больше предприятий

С начала года внедрен новый механизмгосударственного контроля и надзора попромышленной безопасности с полным охватом всех предприятий. За 5 месяцев текущего года проверено в 2,5 раза больше предприятий, чем в прошлом году, выявлено свыше 10-ти тысяч нарушений. К административной ответственности привлечено 523 работников различного звена. За грубые нарушения, относящиеся к угрозе жизни и здоровью работников приостановлено свыше 600 объектов и технических устройств.

Министр отметил, что, несмотря на принимаемые меры, отдельные предприятия продолжают игнорировать введённые ограничения и эксплуатировать объекты с нарушением требований промышленной безопасности. Подобные действия создают дополнительные риски возникновения аварий и угрожают безопасности работников. В этой связи Министерством будут приняты дополнительные меры в отношении недобросовестных владельцев предприятий.

Отдельное внимание Министерство уделяет цифровизации сферы промышленной безопасности. В настоящее время МЧС разрабатывает единую цифровую платформу «е-ТЖМ» с использованием технологий искусственного интеллекта. Система позволит вести учет опасных производственных объектов, формировать единую базу данных по авариям и производственному травматизму, автоматизировать ключевые бизнес-процессы, а также прогнозировать потенциальные риски на объектах. Кроме того, на платформе планируется внедрение онлайн-проверки знаний работников с применением системы прокторинга. Параллельно продолжается интеграция современных систем мониторинга и контроля промышленных объектов.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Қазақстан ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздікке бақылауды күшейтуде

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпті өндірістік нысандардағы авариялардың туындау тәуекелдерін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Өз сөзінде ТЖМ басшысы соңғы жылдары өндірістік бақылауға қойылатын талаптар күшейтілгенін, кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау тәртібі жетілдірілгенін, сондай-ақ тозығы жеткен жабдықтарды уақтылы жаңарту жоспарларын міндетті түрде келісу тәртібі енгізілгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта республика бойынша қауіпті өндірістік нысандардағы қызметкерлердің қаза болуы 3 есеге азайып, өндірістік жарақаттану деңгейі 25%-ға төмендегені байқалады. Биылғы бес айда бақылаудағы нысандарда 43 оқыс оқиға мен 12 авария тіркеліп, оның ішінде 10 жағдай бойынша тергеу жүргізілді.

Қызметкерлердің қаза болу жағдайына әкелген «Востокцветмет» шахтасы мен «Казцинк» зауытындағы екі ірі авария бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Востокцветмет» шахтасындағы аварияның себептері тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттаманы бұза отырып жүргізу және өндірістік жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі. Ал «Казцинк» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуынан болған деген болжам бар. Бұған дейін аталған кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталған болатын. Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорындарға қатысты тиісті ықпал ету шаралары қабылданады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

МЧС Казахстана усиливает контроль за промышленной безопасностью

Министр по чрезвычайным ситуациям генерал-лейтенант Чингис Аринов на заседании Правительства доложил о принимаемых мерах по обеспечению промышленной безопасности и снижению рисков возникновения аварий на опасных производственных объектах.

В своем выступлении Глава МЧС отметил, что за последние годы усилены требования к производственному контролю, аттестации профессиональных аварийно-спасательных служб, а также введено обязательное согласование планов по своевременному обновлению изношенного оборудования.

В настоящее время по республике наблюдается снижение гибели работников опасных производственных объектов в 3 раза, травматизма на 25%. За 5 месяцев на подконтрольных объектах зарегистрировано 43 инцидента и 12 аварий, из них по 10-ти проведены расследования.

По двум крупным авариям с гибелью работников на шахте «Востокцветмет» и заводе «Казцинк» расследования продолжаются. Предварительные причины аварии на шахте Востоцветмет, ведение горных работ с нарушением проектной документации

и неудовлетворительная организация производства работ. Взрыв на заводе Казцинка предварительно произошел из-за нарушения технологического процесса. Ранее на указанных объектах были выявлены нарушения требований промышленной безопасности. После завершения расследований в отношении предприятий будут приняты соответствующие меры реагирования.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Қазақстанда шомылу маусымы басталды

ТЖМ қызметкерлері профилактикалық рейдтер жүргізіп, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салуда. Ерекше назар жаппай демалыс орындары мен балалардың қауіпсіздігіне аударылуда.

Құрметті азаматтар, шомылу үшін арнайы жабдықталған орындарды таңдаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Казахстане стартовал купальный сезон

Сотрудники МЧС проводят профилактические рейды и напоминают отдыхающим о правилах безопасности на воде. Особое внимание уделяется местам массового отдыха и детской безопасности.

Уважаемые граждане, выбирайте оборудованные места для купания и не оставляйте детей без присмотра.

В случае происшествия незамедлительно звоните по номеру 112.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы

2 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтілуде.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.

Алматыда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +31...+33°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Прогноз погоды на сегодня

Прогноз погоды на 2 июня: дожди с грозами ожидаются на большей части Казахстана

В Астане переменная облачность, без осадков, ветер 9-14 м/с. Температура воздуха ночью +14...+16°C, днём +27...+29°C.

В Алматы облачно, дождь, гроза, ветер 3-8, порывы до 15 м/с. Температура ночью +21...+23°C, днём +31...+33°C.

В Шымкенте переменная облачность, без осадков, ветер 8-13 м/с. Температура воздуха ночью +19...+21°C, днём +34...+36°C.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Спасатели Костанайской области организовали культурно-познавательное и развлекательное мероприятие для детей.

Основная цель мероприятия – подарить детям хорошее настроение, создать условия для эффективного проведения досуга, а также познакомить их с повседневной работой службы спасения.

В рамках программы были организованы различные игры и веселые конкурсы для детей, в которых участники приняли активное участие. Спасатели вместе с детьми участвовали в играх, создавая дружелюбную и тёплую атмосферу.

Кроме того, детям были вручены сладости и памятные подарки. Одним из самых интересных моментов стало знакомство с пожарно-спасательной техникой. Дети смогли увидеть специальную технику вблизи и узнать о её возможностях.

Спасатели также объяснили детям правила безопасности при чрезвычайных ситуациях, дав важные советы в простой и доступной форме.

Мерекелік іс-шарадан фото суреттер

Қауіпсіз балалық шақ

Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай қала орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тұрғындар мен балалар үшін арнайы техника көрмесі ұйымдастырылып, құтқарушылардың жабдықтары таныстырылды. Балалар өрт сөндіру техникасымен жақын танысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап сайыстары өткізіліп, белсенді балаларға сыйлық ретінде шарлар табысталды.

Мерекелік алаңда балалар асфальтқа сурет салып, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды.

Мерекелік шара балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға да бағытталды.

ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді

Қостанай қаласындағы Жамбыл көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар өртенді.

Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті шағын аумақта сөндіріп, жалынның әрі қарай таралуына жол бермеді.

1959 жылы туған әйел қажетті тексеруден өту үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Кейін ол жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Сотрудники МЧС предотвратили распространение огня

В Костанае на улице Джамбула в квартире, расположенной на пятом этаже многоквартирного жилого дома, произошло возгорание домашних вещей.

Прибывшие на место спасатели оперативно ликвидировали возгорание на малой площади, не допустив дальнейшего распространения огня.

Женщина 1959 года рождения была передана бригаде Центра медицины катастроф МЧС для осмотра и оказания необходимой медицинской помощи. После чего бригадой скорой помощи она была доставлена в больницу.

Причина пожара устанавливается.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Құрметті жас қазақстандықтар!

Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Біз әрбір баланың қауіпсіздік, сүйіспеншілік пен қуанышқа толы ортада өскенін қалаймыз.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Дорогие юные казахстанцы!

Поздравляем вас с Международным днём защиты детей!

Мы хотим, чтобы каждый ребёнок рос в безопасности, любви и радости.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы

Астана қаласында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Алматы, Шымкент қалаларында, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай облыстарында 35–40°С дейін қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында нөсер жауын-шашын түсу қаупі сақталады.

Бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Прогноз погоды на сегодня

В Астане прогнозируются дождь, гроза и град. В Алматы, Шымкенте, Павлодарской, Карагандинской, Жамбылской, Туркестанской, Алматинской, Жетісу, области Абай ожидается сильная жара до 35–40°С.

В Западно-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Актюбинской и Костанайской областях сохраняется угроза обильных осадков.

В ряде регионов сохраняется высокая и чрезвычайная пожарная опасность.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе