Архив доступен 69 446 сообщений С 2021 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

ТЖМ құтқарушылары Алматы облысында таудан екі турист қызды эвакуациялады

Алматы облысы Талғар ауданындағы Букреев шыңының 3010 метр биіктігінде 2003 және 2006 жылы туған екі турист қызға құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Қыздар 10 адамнан тұратын туристік топ құрамында тауға көтерілген. Көтерілу барысында олардың аяқтары жарақаттанып, өздігінен төмен түсе алмады. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына «Бұтақты» бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары жедел аттанды.

ТЖМ қызметкерлері турист қыздарды тауып, тау бағытынан эвакуациялады және оларды аман-есен «Бұтақты» бақылау-құтқару бекетіне жеткізді. Сол жерде олар ата-аналарына тапсырылды. Қыздар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ тауға шығар алдында өз мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалауды, дайындық деңгейіне сай бағыт таңдауды, өзіңізбен бірге байланыс құралдарын алып жүруді және жоспарланған маршрут туралы жақындарыңызға хабарлауды ескертеді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Спасатели МЧС эвакуировали с гор двух туристок в Алматинской области

В Талгарском районе Алматинской области, в районе пика Букреева на высоте 3010 метров, помощь спасателей потребовалась двум туристкам 2003 и 2006 годов рождения.

Девушки совершали восхождение в составе туристической группы из 10 человек. Во время подъема они подвернули ноги и не смогли самостоятельно продолжить спуск. После поступления сообщения к месту незамедлительно выдвинулись спасатели контрольно-спасательного поста «Бутакты».

Сотрудники МЧС обнаружили туристок, эвакуировали их с горного маршрута и благополучно доставили на контрольно-спасательный пост «Бутакты», где передали родителям. В медицинской помощи девушки не нуждались.

МЧС напоминает, что перед выходом в горы необходимо объективно оценивать свои силы, выбирать маршрут с учетом уровня подготовки, иметь при себе средства связи и сообщать близким о планируемом маршруте.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында Ташенов көшесінде уақытша құрылыс пен шаруашылық нысанында өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жіберілді. Өрт сөндірушілер жалпы көлемі 80 шаршы метр аумақтағы жануды толықтай жойды. Өрт салдарынан жақын орналасқан супермаркеттің сыртқы қаптамасына оттың ішінара таралуы орын алды.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, өртке әкелуі мүмкін себептерді уақтылы жоюды және от көздерін қараусыз қалдырмауды ескертеді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Сотрудники МЧС ликвидировали пожар

В Аль-Фарабийском районе города Шымкента по улице Ташенова произошло возгорание временного строения и хозяйственной постройки.

На место происшествия были направлены подразделения МЧС. Пожарные ликвидировали горение на общей площади 80 квадратных метров. В результате пожара произошло частичное распространение огня на обшивку рядом расположенного супермаркета.

Пострадавших нет.

МЧС напоминает гражданам о необходимости соблюдать требования пожарной безопасности, своевременно устранять причины, которые могут привести к возгоранию, и не оставлять источники огня без присмотра.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Құтқарушылар Астанадағы саяжай үйіндегі өртті сөндірді

Сарайшык ауданында Бейбарыс Сұлтан көшесінде орналасқан саяжай үйінде өрт болды.

Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Өрт сөндірушілер дереу сөндіру жұмыстарына кірісіп, 30 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды, от көздерін қараусыз қалдырмауды және электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыруды ескертеді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Спасатели ликвидировали возгорание дачного дома в Астане

В районе Сарайшык по улице Бейбарыс Султан произошло возгорание дачного дома.

На место происшествия были направлены подразделения МЧС. Пожарные оперативно приступили к тушению и ликвидировали возгорание на площади 30 квадратных метров.

Пострадавших нет.

МЧС напоминает гражданам о необходимости соблюдать требования пожарной безопасности, не оставлять без присмотра источники огня и следить за исправностью электропроводки.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

ТЖМ басшысы Алматы гарнизонына заманауи биіктік өрт сөндіру-құтқару техникасын табыстады

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қала гарнизонына заманауи биіктік өрт сөндіру-құтқару техникасын табыстады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтық қорғау органдарын жүйелі жаңғырту аясында және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТЖД бөлімшелері Volvo шассиіндегі АКП-75 және АПК-90 автокөтергіштерімен толықтырылды. Жаңа техника кәдімгі автосатыларды қолдану мүмкіндігі шектеулі биік ғимараттарда өрттерді сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.

АКП-75 автокөтергіші 75 метрге дейінгі биіктікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол құтқару себетімен және су мен көбік беруге арналған қашықтан басқарылатын лафеттік оқпанмен жабдықталған. АПК-90 автокөтергіші 90 метрге дейінгі биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Құтқару себетінің жүк көтергіштігінің жоғары болуы және қуатты өрт сөндіру жүйесі құтқарушылардың биік ғимараттардағы адамдарды эвакуациялау және өрттерді сөндіру кезіндегі мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Бұл техниканың пайдалануға берілуі Алматы гарнизонының материалдық-техникалық базасын нығайтудағы маңызды қадам болды. Ол жедел ден қою мүмкіндігін арттыруға, құтқару жұмыстарын тиімді жүргізуге және мегаполис тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Алматы облысында құтқарушылар Карнизный шыңынан зардап шеккен туристі эвакуациялады

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Карнизный шыңы маңында турист 4500 метр биіктікте тауға шығу кезінде тас көшкініне тап болып, аяғы мен бетінен жарақат алған. Оқиғадан кейін оның орналасқан жері белгісіз болып, таулы аймақтан өздігінен шыға алмаған.

Іздеу жұмыстарына Конаев қаласының жедел-құтқару жасағының, ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары және Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің күштері шұғыл түрде кірісті. Әріптестермен бірлесіп іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, оның барысында зардап шеккен адамның орналасқан жері анықталды.

Жедел эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Зардап шеккен адам Боралдай әуежайына жеткізіліп, ол жерде оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қарсы алды. Кейін ол Алматы қаласының қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

В Алматинской области спасатели эвакуировали пострадавшего туриста с пика Карнизный

В Карасайском районе Алматинской области, в районе пика Карнизный, во время восхождения турист на высоте 4500 м пострадал в результате камнепада, получив травмы ноги и лица. После происшествия его местонахождение оставалось неизвестным, самостоятельно выбраться из горной местности он не мог.

На поиски незамедлительно выдвинулись силы Оперативно-спасательного отряда города Конаев спасатели Республиканской спасательной службы «Барыс» МЧС РК, Служба спасения ДЧС г. Алматы. Совместно с коллегами были организованы поисково-спасательные работы, в ходе которых удалось установить местонахождение пострадавшего.

Для оперативной эвакуации был задействован вертолет «Казавиаспас». Пострадавшего доставили в аэропорт Боралдай, где его встретила бригада Центра медицины катастроф. После этого его госпитализировали в городскую клиническую больницу города Алматы.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Дайджест новостей прошедшей недели

Авиация МЧС Казахстана оказала экстренную помощь более 280 пациентам

В МЧС проведен брифинг по пожароопасному периоду

Профилактика вместо ликвидации: как МЧС снижает риск схода селей

Центр медицины катастроф МЧС Казахстана оказал экстренную помощь более 1,8 тысячи пострадавшим

В Казахстане открылось 219-ое добровольное противопожарное формирование «Ауыл құтқарушылары»

Глава МЧС открыл новый пожарный пост в селе Шенгелды

В селе Жібек-Жолы Алматинской области открылось новое пожарное депо

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Алакөл жағалауында судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейдтер жалғасуда

«Қауіпсіздікке бағыт» республикалық үгіт-насихат және профилактикалық акциясы аясында Абай облысының құтқарушылары Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Алакөл көлінің жағалауында профилактикалық рейдтер өткізуде.

Іс-шара барысында шағын көлемді жүзу құралдарын пайдалану қағидаларының сақталуы тексерілуде. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 19 шағын көлемді кеме жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Демалушылар мен шағын көлемді жүзу құралдарының иелеріне судағы қауіпсіздік қағидалары туралы 1000-нан астам жадынама таратылып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күн сайын жағалау аумағында патрульдеу ұйымдастырылып, дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескертулер тұрақты түрде хабарлануда.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

На побережье Алаколя продолжаются профилактические рейды по безопасности на воде

В рамках республиканской агитационно-профилактической акции «Азимут на безопасность» на побережье озера Алаколь спасатели области Абай совместно с Департаментом полиции проводят профилактические рейды.

В ходе мероприятий проверяется соблюдение правил эксплуатации маломерных судов. За выявленные нарушения к административной ответственности привлечены 19 судоводителей.

Отдыхающим и владельцам плавательных средств вручено более 1000 памяток, проведены профилактические беседы по вопросам безопасности на воде. Ежедневно осуществляется патрулирование береговой линии и через громкоговорящую связь транслируются предупреждения о мерах безопасности.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

В селе Жібек-Жолы Алматинской области открылось новое пожарное депо

Глава МЧС генерал-лейтенант Чингис Аринов открыл новое пожарное депо в селе Жібек-Жолы Карасайского района Алматинской области. Ранее в селе отсутствовало собственное пожарное подразделение. Теперь новое депо обеспечивает оперативное реагирование и противопожарную защиту 14 населенных пунктов Карасайского района, где проживают более 83 тысяч человек.

Выступая на церемонии открытия, министр отметил, что укрепление системы гражданской защиты, развитие современной пожарно-спасательной инфраструктуры и повышение уровня безопасности населения остаются одними из приоритетных направлений, реализуемых по поручению Главы государства.

Пожарное депо построено за счёт средств местного бюджета и соответствует современным требованиям. В здании предусмотрены диспетчерская с современными средствами связи, гаражные боксы для пожарной техники, административно-бытовые помещения, пост газодымозащитной службы, а также все необходимые инженерные коммуникации для несения круглосуточного дежурства. Для поддержания физической подготовки личного состава оборудован тренировочный зал Batyr Team, оснащенный современными спортивными тренажёрами.

На территории депо также обустроено футбольное поле для занятий спортом и поддержания физической формы сотрудников.

В завершение мероприятия Чингис Аринов передал подразделению ключи от нового пожарного депо и новой пожарной автоцистерны. Также за добросовестную службу и вклад в развитие системы гражданской защиты ведомственными наградами МЧС и акима Алматинской области были отмечены сотрудники органов гражданской защиты, представители местных исполнительных органов и других организаций.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Алматы облысындағы Жібек жолы ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

ТЖМ басшысы генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жібек жолы ауылында жаңа өрт сөндіру депосын ашты. Бұған дейін ауылда жеке өрт сөндіру бөлімшесі болған жоқ. Енді жаңа депо Қарасай ауданындағы 83 мыңнан астам адам тұратын 14 елді мекенге жедел ден қоюды және өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтық қорғау жүйесін нығайту, заманауи өрт сөндіру және құтқару инфрақұрылымын дамыту, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Өрт сөндіру депосы жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынып, заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Ғимаратта заманауи байланыс құралдарымен жабдықталған диспетчерлік бөлме, өрт сөндіру техникасына арналған гараж бокстары, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті және тәулік бойы кезекшілік атқаруға қажетті барлық инженерлік коммуникациялар қарастырылған. Жеке құрамның дене даярлығын жетілдіру мақсатында заманауи спорттық жаттығу құралдарымен жабдықталған Batyr Team жаттығу залы да жасақталған. Депо аумағында қызметкерлердің спортпен шұғылданып, дене дайындығын қалыпта ұстауы үшін футбол алаңы да жабдықталған.

Іс-шара соңында Шыңғыс Әрінов бөлімшеге жаңа өрт сөндіру депосының және жаңа өрт сөндіру автоцистернасының кілттерін табыстады. Сонымен қатар адал қызметі мен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өзге де ұйымдардың қызметкерлері ТЖМ-нің ведомстволық наградаларымен және Алматы облысы әкімінің марапаттарымен марапатталды.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

25 шілде - Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні.

Бұл күн - судағы қауіпсіздік ережелерін тағы бір мәрте еске салып, әрбір адамның өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына үндейтін маңызды дата.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек рұқсат етілген жағажайларда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеуге және қарапайым қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Судағы қауіпсіздік - әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

25 июля - Всемирный день предотвращения утоплений.

Этот день призван еще раз напомнить о правилах безопасности на воде и призвать каждого ответственно относиться к собственной жизни и безопасности своих близких.

Департамент по чрезвычайным ситуациям Костанайской области призывает жителей купаться только на официально разрешенных пляжах, не оставлять детей без присмотра, не заходить в воду в состоянии алкогольного опьянения и неукоснительно соблюдать элементарные правила безопасности.

Безопасность на воде - общая ответственность каждого из нас. Берегите себя и своих близких!

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

25 шілде - Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, полиция, прокуратура, білім басқармасы, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының өкілдері, әскери қызметшілер мен еріктілер қатысты.

Шара барысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және тек арнайы жабдықталған орындарда шомылу қажеттігі ескертілді.

Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігінен басталады.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

25 июля отмечается Всемирный день предотвращения утоплений

По поручению МЧС Республики Казахстан Департамент по чрезвычайным ситуациям Кызылординской области провел профилактическую акцию, направленную на повышение безопасности на водоемах.

В мероприятии приняли участие представители местных исполнительных органов, полиции, прокуратуры, управления образования, военнослужащие, сотрудники управления спорта и туризма, а также волонтеры.

Жителям напомнили основные правила безопасности на воде, раздали памятки и призвали родителей не оставлять детей без присмотра, допускать купание только в оборудованных местах.

Безопасность на воде начинается с ответственности каждого.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

25 шілде - Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні

Бұл күннің негізгі мақсаты - халықтың назарын судағы қауіпсіздік мәселесіне аудару, жазатайым оқиғалардың алдын алу және адам өмірін сақтаудың маңыздылығын насихаттау.

Суға бату - алдын алуға болатын қайғылы жағдайлардың бірі. Оның негізгі себептері - рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, қауіпсіздік талаптарын сақтамау, балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде суға түсу.

ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады

тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылыңыз

балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз

мас күйінде суға түспеңіз

жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз

қауіп төнген жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Суда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

25 июля - Всемирный день предотвращения утоплений

Эта дата призвана привлечь внимание общества к проблеме гибели людей на воде, повысить уровень культуры безопасного поведения и напомнить о том, что большинство случаев утопления можно предотвратить.

МЧС призывает жителей и гостей столицы неукоснительно соблюдать правила безопасности на водоемах.

Во избежание несчастных случаев необходимо

купаться только в специально оборудованных и разрешенных для этого местах

не оставлять детей без присмотра у воды ни на минуту

не заходить в воду в состоянии алкогольного опьянения

не заплывать за буйки и не переоценивать свои силы

использовать спасательные жилеты при катании на лодках и других маломерных судах

при возникновении чрезвычайной ситуации незамедлительно сообщить по номеру 112.

Помните, что соблюдение элементарных правил безопасности помогает сохранить самое ценное - человеческую жизнь.

Берегите себя и своих близких! Безопасность на воде - ответственность каждого.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

25 шілде - Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні

Бұл күннің басты мақсаты - судағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және адам өмірін сақтаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару.

Абай облысы ТЖД тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, тек рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылыңыздар және қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

25 июля - Всемирный день предотвращения утоплений

Этот день призван привлечь внимание к вопросам безопасности на воде и напомнить о важности профилактики несчастных случаев.

ДЧС области Абай призывает жителей и гостей региона соблюдать правила безопасности на водоёмах. Не оставляйте детей без присмотра, купайтесь только в разрешённых местах и соблюдайте элементарные меры предосторожности.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Бүгінгі ауа райы болжамы. Қазақстанның батысында 40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Еліміздің оңтүстігі мен шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Прогноз погоды на сегодня. 40-градусная жара ожидается на западе Казахстана

Местами на юге и востоке продут дожди с грозами и шквальным ветром.

В Астане переменная облачность, без осадков, ветер 7-12 м/с. Температура воздуха ночью +13...+15°C, днём +29...+31°C.

В Алматы облачно, дождь, гроза, ветер 3-8, порывы до 13 м/с. Температура ночью +18...+20°C, днём +30...+32°C.

В Шымкенте переменная облачность, без осадков, температура ночью +20–22 °C, днём +36–38 °C.

Алматы облысында құтқарушылар мен «Ауыл құтқарушылары» еріктілері салынып жатқан үйдегі өртті сөндірді

112 қызметіне Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Нұр-Атакент саяжай алабында орналасқан екі қабатты салынып жатқан тұрғын емес жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ Түймебай ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының мүшелері жұмылдырылды. Барлау барысында екі қабатты аяқталмаған тұрғын емес жеке үйдің жанып жатқаны анықталды.

Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан көлемі 27 литр болатын газ баллонын алып шықты. Қызметкерлердің жедел әрекетінің арқасында жағдайдың күрделенуіне жол берілген жоқ.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Газ баллондарын сақтау және пайдалану белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Бұл өрттің алдын алуға, адам өмірі мен мүлкін сақтауға көмектеседі.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Алматинской области спасатели и добровольцы «Ауыл құтқарушылары» ликвидировали возгорание строящегося дома

На пульт 112 поступило сообщение о пожаре в двухэтажном строящемся нежилом частном доме, расположенном в дачном массиве Нур-Атакент Ашибулакского сельского округа Илийского района.

Для ликвидации пожара были задействованы силы и средства МЧС, а также добровольного противопожарного формирования «Ауыл құтқарушылары» села Туймебай. После проведения разведки было установлено, что огнем охвачен недостроенный двухэтажный дом.

Во время тушения пожарные вынесли из опасной зоны газовый баллон объемом 27 литров. Своевременные действия сотрудников позволили исключить угрозу осложнения обстановки.

Пожар был полностью ликвидирован. Пострадавших нет. Причина возгорания устанавливается.

МЧС призывает граждан соблюдать требования пожарной безопасности во время строительных работ. Газовые баллоны следует хранить и использовать в строгом соответствии с установленными правилами. Это поможет снизить риск возникновения пожара и сохранить жизнь и имущество.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Жамбыл облысында жоғалған малшы табылды

Жамбыл облысында 2007 жылы туған азаматты іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Жас жігіт Үшбас ауылы маңындағы Көкбастау жайылымына мал жаюға шығып, үйіне оралмаған.

Хабарлама келіп түскен бойда іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оған ТЖМ, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары жұмылдырылды.

Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинологиялық есептоп, спутниктік байланыс терминалдары және Starlink жүйесі қолданылды. Заманауи жабдықтардың көмегімен шалғай аумақта байланыс тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, барлық қатысушылардың іс-қимылдары тиімді үйлестірілді.

Бүгін таңертең іздестіру тобы жоғалған азаматты Көкбастау жайылымынан шамамен 15 шақырым жерде тапты. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ жайылымдарға және басқа да шалғай аумақтарға шығар алдында жақындарыңызға баратын бағытыңыз бен шамамен қайту уақытыңызды алдын ала хабарлауды ұсынады. Зарядталған ұялы телефон мен байланыс құралдарының болуы төтенше жағдайда іздестіру жұмыстарын едәуір жеңілдетеді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

В Жамбылской области найден пропавший пастух

В Жамбылской области завершилась поисково спасательная операция по поиску жителя 2007 года рождения. Молодой человек ушел пасти скот в районе села Ушбас на пастбище Кокбастау и не вернулся домой.

Сразу после получения сообщения были организованы поиски. К работе привлекли сотрудников МЧС, ДП, МИО и жителей близлежащих населенных пунктов.

Во время поисков использовались беспилотные летательные аппараты, кинологический расчет, спутниковые терминалы связи и система Starlink. Современное оборудование помогло поддерживать устойчивую связь и координировать действия всех участников даже на значительном удалении от населенных пунктов.

Сегодня утром поисковая группа обнаружила молодого человека примерно в 15 километрах от пастбища Кокбастау. Его состояние оценивалось как удовлетворительное. Медицинская помощь не потребовалась.

МЧС рекомендует перед выходом на пастбища и в другие удаленные места заранее сообщать родным свой маршрут и примерное время возвращения. Заряженный мобильный телефон и средства связи могут значительно ускорить поиск при возникновении непредвиденной ситуации.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

ТЖМ тікұшағы кезекті шұғыл санитариялық тасымалдауды жүзеге асырды

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп науқасты шұғыл түрде тасымалдады. Тікұшақ 1973 жылы туған әйел адамды Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылынан жедел медициналық көмек көрсету үшін Атырау қаласына жеткізді.

Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында науқас аман-есен облыс орталығына жеткізіліп, мамандарға тапсырылды.

112 - әрдайым жаныңнан табылады!

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Вертолёт МЧС выполнил очередную экстренную санитарную транспортировку

Вертолет АО «Казавиаспас» совместно с врачами санитарной авиации экстренно транспортировали пациентку. Вертолёт доставил женщину 1973 года рождения из села Бирлик Курмангазинского района Атырауской области в город Атырау для оказания срочной медицинской помощи.

Благодаря слаженным и оперативным действиям экипажа и медицинской бригады пациентка была благополучно доставлена и передана специалистам.

112 - всегда рядом.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Глава МЧС открыл новый пожарный пост в селе Шенгелды

Министр по чрезвычайным ситуациям, генерал-лейтенант Чингис Аринов торжественно открыл новый пожарный пост в селе Шенгелды города Конаева Алматинской области. Новый пожарный пост обеспечивает противопожарную защиту пяти населённых пунктов с общей численностью населения более 8 тысяч человек.

В своем выступлении Чингис Аринов отметил, что укрепление материально-технической базы подразделений гражданской защиты, а также развитие пожарно-спасательной инфраструктуры являются приоритетными направлениями в обеспечении безопасности населения.

Новый пожарный пост полностью оснащен всем необходимым для круглосуточного несения службы. Здесь предусмотрены теплый бокс для пожарной техники, помещения для дежурной смены, связи, отдыха и приёма пищи, санитарно-бытовые помещения, а также пост газодымозащитной службы. Дополнительно оборудован тренировочный зал «Batyr Team» для физической подготовки личного состава.

Объект построен за счет спонсорских средств.

В ходе церемонии Глава ведомства вручил ключи от нового пожарного поста и передал подразделению новую технику пожарную автоцистерну и катер. В рамках мероприятия ведомственными наградами МЧС и акима области были отмечены спасатели, представители местных исполнительных органов и организаций.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

ТЖМ басшысы Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетін ашты

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 8 мыңнан астам тұрғыны бар бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шара барысында сөз сөйлеген Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен өрт сөндіру-құтқару инфрақұрылымын дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Жаңа өрт сөндіру бекеті тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда өрт сөндіру техникасына арналған жылы бокс, кезекші ауысымға арналған бөлмелер, байланыс, демалыс және тамақтану орындары, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті қарастырылған. Бұдан бөлек, жеке құрамның дене даярлығына арналған «Batyr Team» жаттығу залы жабдықталған.

Нысан демеушілердің қаражаты есебінен салынды.

Салтанатты рәсім барысында ведомство басшысы жаңа өрт сөндіру бекетінің кілтін табыстап, бөлімшеге жаңа өрт сөндіру автоцистернасы мен катердің кілттерін тапсырды. Сонымен қатар іс-шара аясында ТЖМ-нің ведомстволық наградаларымен және облыс әкімінің марапаттарымен құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен ұйым қызметкерлері марапатталды.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Ұлытау облысында құтқарушылар балкондағы өртті сөндірді

112 қызметіне Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер балконында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері бірден өртті сөндіруге кірісті. Өрттің жалпы аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өрт қысқа уақытта толық сөндіріліп, жалынның көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Балкондарда тез тұтанатын заттарды сақтамаңыз, электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеріп, ашық от көздерін қараусыз қалдырмаңыз.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Спасатели ликвидировали возгорание балкона в области Улытау

На пульт 112 поступило сообщение о возгорании балкона в квартире, расположенной на третьем этаже пятиэтажного жилого дома по улице Алашахана города Жезказган.

После прибытия на место сотрудники МЧС оперативно приступили к тушению. Площадь пожара составила 4 квадратных метра. Возгорание было быстро ликвидировано, распространения огня на соседние помещения не допущено.

Пострадавших нет. Причина пожара устанавливается.

МЧС напоминает гражданам о необходимости соблюдать требования пожарной безопасности. Не храните на балконах легковоспламеняющиеся материалы, следите за исправностью электропроводки и не оставляйте без присмотра источники открытого огня.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube